Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
Құрманғалиева З.Қ.
6 сынып.
Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жұрт алдында сөйлеуге дағдыландыру.
Мәдениетті сөйлеуге үйренудің жолдарын меңгерту.
Міндеттері:
1.Жұрт алдында мәдениетті сөйлей білуге дағдыланады.
2. Теориялық білімді практикада қолданады. Білім, білік, дағдыны
қалыптастыру.
3.Топтық жұмыс кезінде бір-бірімен пікірлеседі,алған білімдерін
бекітеді.
Бағалау:
1. Сұраққа жауап беру арқылы.
2. Шығарма кестесін толтыру, эссе жазу, мәтіннен қатты әсер еткен
тұстарды, үзінділерді жазу мен сол үзінділер жайлы өз пікірін білдіру.
3. Өзара пікір алысқан кезінде оқушыларды мұғалімнің бақылауы арқылы.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: “Негізгі идеяны суреттеу”, эссе жазу.
Көрнекіліктер: Жұрт алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын
кеңестер жазылған плакат, ақ парақтар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
І. Қызығушылықты ояту
Жұрт алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын кеңестерге тоқталу.
Психологиялық жаттығу жұмысы. РЕЛАКСА ЦИЯ.
Релаксация
(Психологиялық жаттығу)
Балалар, әрқайсымыз өзімізге ыңғайлы, жайлы жер тауып отырайық.
Басымызды сәл бұрып, қолымызды тіземізге, бар зейінімізді маған аударып,
көзімізді жұмайық. Қол аяғымызға жайлы, жағымды энергия берілуде.
Денемізден ток жүріп өткендей, аздап ысып келеді. Рахаттану сезімін
басымыздан кешкендейміз. Осы қалпымызда 10 секунттай отырамыз. Мен кері
санағанда ойымызды жинақтап, көзімізді ашуға даярланамыз. 10, 9, 8, 7,
6, 5, 4, 3, 2, 1, 0. Енді бәріміз бастапқы қалпымызға келеміз. Көзімізді
ашамыз.
Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдарын оқушылармен бірлесе отырып
айқындау.
1. Психологиялық дайындық.
2. Ақпараттар жинау.
3. Сөйлеу техникасына төселу.
4. Жазбаша мәтін құрастыру. Бірақ мүмкіндігінше қағазға қарамай
сөйлеуге дағдылану.
5. Шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді орынды қолдана білу.
ІІ. Мағынаны тану.
“НЕГІЗГІ ИДЕЯНЫ СУРЕТТЕУ” СТРАТЕГИЯСЫ.
356-жаттығу
5-6 оқушыдан бірігіп, өздеріңді толғандыратын бір мәселе
төңірегінде “Негізгі идеяны суреттеу” стратегиясы бойынша жұмыс
жасайды.
Әр топ өзіне тақырып таңдайды.
1. Сыйлы оқушы деген кім?
2. Егер мұғалім болсам…
3. Қай оқулық ұнайды?
4. Мектеп өмірі қайтсе қызықты болады?
Жеке, көршісімен ой бөліседі, топқа салады.
Спикер шығып қорғайды. 1 ұсыныс, 1 пікір.
ТАПСЫРМА:
Топ мүшелерінің өз тақырыптарын қорғау кезінде қолданған 1 мақал-
мәтел немесе қанатты сөзін тақтаға жаздырып, сөз таптарына талдау
жасату.
Ойашар.
Түрлі түстер тесті
Авторы М.Лютер
Оқушыларға алдын ала дайындалған түрлі түстегі кеспе қағаздар
таратылады. Әрбір оқушы өзіне ұнаған түсті таңдайды.
Қазіргі сәтте қандай көңіл – күйде отырғандарын анықтау.
Негізгі түстер:
Көк – тыныштық, қанағаттанарлық.
Жасыл - өзіне сенімділік, табандылық.
Қызыл – күштілік, агрессия, қозу.
Сары – белсенділік, көңілділік, қарым-қатынасқа ұмытылу.
Көмекші түстер:
Қара, Қоңыр, Күлгін, Қызғылт – қорқыныш, қорқынышты бастан өткізу,
дабыл, негізінен адам бойындағы негативті (жағымсыз) жағдайларды
көрсетеді.
ІІІ.Ой толғаныс.
354-жаттығу
Оқушылар, сендерге бір күнге ғана жетерлік уақыт ішінде бір сиқырлы
күш бітсе, мәселені неден бастар едің?
Эссе жаздыру.
“Бүкіл әлем тек сенің иелігіңде болса…”
Қорытынды:
Сабақты қорытындылау.
Бағалау.
Бағалау парағы.
|Топтағы |Бағалау критерийлері |
|оқушының | |
|аты | |
| |356-ж |356-ж |356-ж |356-ж |354-ж |Қосымша |Қорытынды |
| |спикер |тақтамен |толықтыру |топта өз| | |баға |
| | |жұмыс |(ұсыныс, |ойын | | | |
| | | |пікір) |ортаға | | | |
| | | | |салу | | | |
|1.Әділ |* |5 |5 |5 |5 |* |5 |
|2. Аян |- |4 |3 |3 |4 |- |3 |
|3. Назым |- |3 |4 |4 |4 |* |4 |
|4. Қуаныш |- |5 |5 |5 |5 |* |5 |
|5. Дана |* |- |4 |4 |3 |* |4 |
Үйге тапсырма:
200 бет. 355-жаттығу
1. Өздерің ұнататын өнер түрі туралы шағын шығарма жазыңдар.
2. Мәтіндегі сөздердің мағыналы, жүйелі, әсерлі болуына көңіл
бөліңдер.
3. Биылғы өткен грамматикалық тақырыптардың пайдасы тиді ме? Өзіңе
есеп бер.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz