Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Шығыстың қос жұлдызы-Мәншүк пен Әлия

Шығыстың қос жұлдызы-Мәншүк пен Әлия.
Оңтүстік қазақстан облысы
Мақтарал ауданы
№8 Н. Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Айбекова Ақмарал

Мақсаты:Ұлы Жеңісті дәріптеу.Өз Отанын,туған жерін,елін сүюге деген сүйіспеншілігін арттыру.Қазақтың батыр әрі қайсар қыздары Мәншүк пен Алияның ерліктерімен таныстырып,оқушыларды адамгершілікке,отансүйгіштікке баулу.Үлкендерді сыйлап оларды құрметтеуге тәрбиелеу,патриоттық сезімін қалыптастыру.
Барысы:Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау.
Жүргізуші;Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болсадағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз.Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған,ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп,бір минут үнсіздік пен еске алайық.
Слайд. <<Соғыс жылдарындағы Қыздардың ерлігі>>
1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат төртте таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына опасыздықпен басып кірді.
Отаным еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлты төнген кезде.
Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді.Осы жылдары республикамыздан 1 миллион 196мың 164 адам қару асынып майданға аттанды.Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді.Сонда Қазақстан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 миллион 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
Отан ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.
<<Қара бұлтты қақ жарайық!>>-деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.
Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ бүкіл халық жан тәнімен өз Отанын қорғауға аттанды.Солардың арасында,Шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк те бар.
Шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүктің аз ғана өмірінде адам таң қалатындай ұқсастықтар көп екен.Атап айтсақ,екеуі де анадан жетім қалған,екеуі де соғысқа сұранып барған,екеуі де батыр.
1943 жылы жау әскері Невель қаласына шабуылға шықты.Бірақ өжет қыз "Максим>> пулеметімен жау аяғын ілгері бастырмады.Ызаланған жау Мәншүкті зеңбірекпен атқылады.Дәл жанында жарылған снарядтың сынығы батыр қыздың желкесіне қадалды.Осыны пайдаланып,жау әскері тағы да ілгерілей бастады.Мұны көргенде Мәншүк те ызалана түсті.Самайынан көзіне құйылған жылы қанға қарамай,майдандас серігі <<Максимге>> қайта ұмтылды.Бар күшін жиып,жаудың жолын шашқан оқпен қарсы алды. Осы айқаста Мәншүк Отаныт, елі үшін асқан батырлық үстінде қаза тапты. Мәншүк Мәметованың ерлігін үкімет аса жоғары бағалап, оған Кеңес одағының Батыры атағы берілді.
Ән: <<Мәншүк>>
Псков облысындағы Невель қаласының тұрғындары оның есімін мәнгі есте сақтау үшін қаладағы бір көшеге Мәншүктің атын қойды.

1.оқушы:Жау еңсесін жаншып төмен,
Қуған оның жатыр ізі.
Есіңде ме Мәншүк деген,
Қазақтың жас Батыр қызы.

Қыр қызы орындады берген антты,
Халқына адал болу ердің салты.
Елі үшін қасық қанын аямаған,
Жүректе мәнгі өшпейді Мәншүк аты.

2-оқушы:Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл-балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.

Мәңгі жасап жерде енді,
Биік бол деп таулардан.
Сенің балғын бейнеңді,
Жасап қойдық мәрмәрдан.

3-оқушы:Бірге соқсын дүрсілдеп,
Туған жермен жүрегің.
Ауасында жүрсің сен,
Әнге қосып жүр елің.

Қош айтып оқу-ойынға,
Әжесін тастап қария.
Қол бұлғап туған Отанға,
Майданға кетті Әлия.
4-оқушы:Өлімге басын байлаған.
Он сегіз жасар жас бала,
Қырғынға кірді қайнаған,
Тар окоп болып баспана
Қатер болып қауіп қысқанда,
Жасыған емес қиыннан
Жасын боп тиді дұшпанға,
Қыран боп шүйді қиырдан.

Қатер болып қауіп қысқанда,
Жасыған емес қиыннан.
Жасын боп тиді дұшпанға,
Қыран боп шүйді қиырдан.
Жүргізуші:Қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы,Қобда ауданында дүниеге келген.1941 жылы Әлия 15 жаста еді.1942 жылы өз еркімен снайпер мектебіне оқуға түсіп,оны жақсы бітіріп шықты.
1943 жылы шілдеде Әлия Солтүстік Батыс майданға жіберілді.Әлияға22-армияның 97-корпусына қарасты 54-ерекше атқыштар бригадасына жолдама береді.Сөйтіп Әлияның арманы орындалады.Әлияның қайсарлығы бүкіл соғыс алабына аңыз болып тарады.
Көрініс: <<Әлияның Сапураға жазған хаты>>
<<Әлияның Сапураға 1943 жыл 28 июлбдегі жазған хаты.
Сәлем!
Қайырлы таң қымбатты Сапура!
Менің хатымның саған қашан жететінін білмеймін,бірақ сонда да өзімнің жауынгерлік өмірімдегі соңғы жәйтті хабарлауға асығамын.Қазір мен жол үстіндемін,алдыңғы күні аттанғанбыз,бүгін,сірә,көздеген жерге кетіп қалармыз деп ойлаймын,бірақ бұл аса анық емес.Қайда бет алғанымды өзің былайша да түсінесің ғой деп ойлаймын.Бірақ,сенен бұл жөнінде қынжылмауды өтінемін,неге десең мектепте әлде де болса бір-қатар уақыт оқуға қалдырса да,өзім сұранып аттандым.Өміріме өкінішім жоқ.Бірақ жүректі билеген бір қалтқы ой бар.жоқ,ол-өзім туралы емес сенімен,сәбилермен,жеңгеммен,жалпы туыстарыммен кездесе алмағаным.Жеңешеме мені майданға аттанды,көңіл хошы тамаша,хал-ақуалы өте жақсы,тек қобалжымасын деп тілек айтады деп жаз.Ол кісіге Әлия сәбилерге мейірімді қарауды өтінеді деп жазуды өте сұраймын.Жеңешем балаларды адал ниетті ,батыл,халық ісіне берілген,әсіресе ата-аналары мен жақындарын сыйлайтын адам болатындай етіп тәрбиелесін.Өмірде барлық жақсылыққа жет деген өзіңе дара ізгі тілекпен Әлия>>
Қымбатты менің Сапурам,амансың ба!Қазір біз алғы шептеміз,терең окопта хат жазып отырмын.Немістермен бетпе-бет келіп жүрміз.Менің басымда каска,белімде граната,қолымда винтовка.Солдаттар таң қалады.Таңертең командиріміз былай деді:Мерген Ә.Молдағүлова 3 күннің ішінде 14 фашист өлтірді.Ия,Сапура командир алғыс жариялады.Көріскенше жеңіспен қауышайық.Сүйдім Алияң.1943жыл13 желтоқсан.
Жүргізуші:
Әлия 1944 ж.17 қарашада 19 жасында Казачиха станциясын азат етуде мерт болып,мәңгілікке көз жұмды.
Ән <<Әлия>>
Жерленген жерінде батырға ескерткіш қойылды.Бауыржан атамыздың <<Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң,жауды күйрете алмайсың>>деген сөзінің дәлеліндей Әлия Отаны үшін өмірін қиды.
Ару қыздар алаулап от кешкендер,
Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескендер.
Қаласыңдар мәңгілікке ел есінде
Ару қыздар алаулап от кешкендер.
Әрқашан әділдік жеңеді.Соғысты бастаған фашистер 1945 жылы 9 мамырда Берлинде тізе бүкті.Соғыс бітті.Ауыр жылдар артта қалды.Жер бетінде бейбітшілік орнады.
Хор: <<Жойылсын соғыс>>
5-оқушы.Айтып болды дүние талай әнді,
Аспан жүзін таң алды арай алды.
Жетсек деген арманға жетті дағы
Жеңіс деген бір сөзден ел оянды.
6-оқушы:Төрт жыл бойы жел соғып,дауыл келді,
Қала көрді қиындық,ауыл көрді.
Жеңіс!Жеңіс!Әке мен оның ұлын,
Кездестірмей қойғаның ауыр болды.
7-оқушы:Бақ іздеп алға қарай жүгірсең де,
Кітаптың беттеріне үңілсең де,
Бұл мектеп Жеңіс деген ұлы мектеп,
Құрметте осы күнді ұлан сен де.
8-оқушы:Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Ән: <<День победы>>
Жүргізуші.Саған құрмет-бейбітшілік сақшысы.
Сен тұрғанда қуырылар жау апшысы.
Саған миллион жүректердің салюті
Саған сөздің шұрайлысы,жақсысы.
Осымен бүгінгі <<Шығыстың қос жұлдызы-Мәншүк пен Әлия>> атты салтанатты кешіміз аяқталды.

Ұқсас жұмыстар
Қазақтың қос жұлдызы (Әлия мен Мәншүк)
Батыр қыздар
Мәншүк туған облыс
Қалайша соғысқа
Қазақстандық батыр қыздардың ерліктері
Қара көз қазақ қызы Әлия батыр, Орнатқан дұшпанына заман ақыр
Ешкімде ешқашан ұмытылмайды
Әлияның жүрегі
Әлия туралы бейнематериал
Соғыс ұғымы
Пәндер