Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Электронды пошта

ҚММ <<Бастомар орта мектебі>>

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Ибраева А. Ш.

2016-2017 оқу жылы

Cабақтың тақырыбы: Электронды пошта
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: <<Электронды пошта>> тақырыбы бойынша мәлімет беру. Оқушыларға сабақтың барысында электронды пошта қызметімен таныстыру, пайдалануды үйрету.
Дамытушылық: деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, іскерлікке баулу.
Тәрбиелік: жаңа заманға сай білікті, білімді азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, смайликтер, тест
Сабақ барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу. Оқушылардың зейінің сабаққа аударамын.
- Қазір қай сабақ?
- Нешінші сабақ?
- Қай жыл мезгілі?
2) Қызығушылықты ояту.
Сабақ үш бөлімнен тұрады: <<білемін>>. <<білгім келеді>>, <<білдім>>.
3) Ι. <<Білемін>>
1) <<Интернет>> атты сөзжұмбағын шешу.
1. - Мынау не? (компьютердің суреті)
2. Компьютердің атасы кім? (Джон)
3. Қазақшаға аудар: сеть - торап
4. Қазақшаға аудар: связь - желі
5. Қазақшаға аудар: мышка - тышқан
6. - Мынау не? (принтердің суреті)
7. - Мынау не? (сканердің суреті)
8. Қазақшаға аудар: вред - зиян
2) Миға шабуыл.
- Сан есім деген не?
- Сұрақтары қандай?
-Сан есімнің тұлғасына қарай қандай түрлері бар?
- Сан есімнің құрамына қарай қандай түрлері бар?
3) Сан есімнің мағыналық түрлері бойынша тест тапсырмасын орындаңдар. (әр оқушыға 5сұрақтан)
1-нұсқа 2-нұсқа 3-нұсқа
1-1 1-2 1-3
2-2 2-5 2-1
3-4 3-1 3-5
4-3 4-5 4-1
5-6 5-4 5-1
ΙΙ. <<Білгім келеді>> бөлімі
1) Мұғалімнің сөзі.
Пошта - екі абоненттің хат арқылы дәстүрлі байланыс түрі.
Алғашқы пошта жәшіктері 1848 жылы пайда болған. Әр елдің мынадай пошта жәшіктері бар.
oo Ал электронды пошта деген не?
Электронды пошта (e-mail) - Интернет сервисі, жеке адамдар арасындағы қарым- қатынас түрі.
РЭЙ ТОМЛИНСОН ресми түрде Интернетке электронды пошта ойлап тапты деп танылды.
Электронды поштаны пайдалану үшін мынадай @ қызметтік белгісі керек.
@ Символдың шығу тарихы
орыс тілінде - <<собачка>>
украин тілінде - <<улитка>> или <<обезьянка>>
казак тілінде - <<ухо луны>>
Финляндияда - <<кошачий хвост>>
Грекияда - <<уточка>>.
Мына слайдта электронды хаттарды жөнелту және қабылдауы көрсетілген.
2) Мәтінмен жұмыс. Оқулық: 1- тапсырма 246-бет.
<<Электронды пошта>> мәтіні бойынша <<Бірін-бірі үйрету>> оқыта үйрету ойыны.
Ойынның шарты: Ойын жұптық жұмыс түрінде өтеді. Әр жұпқа 2 тапсырма беріледі. Бірінші номірлі оқушылар <<Электронды пошта>> мәтіннің 1,2 абзацының мазмұнын дайындайды, екінші номірлі оқушылар <<Электронды пошта>> мәтіннің 3,4 абзацының мазмұнын дайындайды. Тапсырмаларға дайындалуға 3-5 минут уақыт беріледі. 1- тапсырма бойынша 1 оқушы мұғалім болып сол мәтінді айтып береді, 2- оқушы сол мәтінді түсініп, есте сақтауға тырысады. 2- тапсырмада орындарын алмастырады. Содан соң әр оқушы 1 сұрақтан дайындайды.
Кейін олардың жауабы дауысқа салынады: жауап берген оқушының аты аталады, егер аталған оқушы сұрақтарға жауап бере алса, сұрақ қойған оқушы бас бармағын жоғары көтереді, жауап бере алмаса, төмен түсіреді.
4) Сергету сәті
ΙΙΙ. <<Білдім>> бөлімі.
1) Жұптастыру
А) электронды 1) жазу
В) танымал 2) болған
С) хабарлама 3) пошта
Д) пайда 4) бағдарлама
А- 3, В-4, С-1, Д -2

2) Деңгейлік тапсырмалар
А
Мәтін бойынша берілген сөйлемдерді аяқтаңдар.
Электронды пошта 1965 жылы ... .
Электронды поштаның ең елеулі ерекшелігі ... .
Электронды пошта хаттан басқа ... .
Электронды поштамен жұмыс істеуге арналған танымал бағдармалар ... .
В
Мәтінде берілген сан есімдерді көшіріп алыңдар. Біреуіне морфологиялық талдау жасаңдар.
С
Түрлі смайликтерді пайдаланып сәнді хат әзірлеңдер.

Бақылау тест
1. Электронды пошта қашан пайда болды?
А) 1964 жылы
В) 1933 жылы
С) 1965 жылы

2. Дұрысын көрсет.
А)klass@yandex.ru
В) www. Mail.ru
С) klass&yandex.ru

3. Электронды пошта арқылы нелерді жіберуге болады?
А) хат
В) сурет
С) бейнелік мәлімет
Д) жоғарыда жазылған бәрін де

4. Сан есім сұрақтарын көрсет.
А) қандай?
В) кімге?
С) қанша?

5. Сан есім түрін көрсет.
А) сұрау
В) реттік
С) жіктеу

5) Қорытындылау
1. Сабақтың тақырыбы қандай болды?
2. Электронды пошта қашан пайда болды?
3. Электронды пошта арқылы нелерді жіберуге болады?
4. Сан есім сұрақтары қандай?
5. Сан есімнің түрлерін айтып бер.
6) Рефлексия

- сабақты түсіндім, белсенді жұмыс істедім.

- сабақты жартылай түсіндім, нашар жұмыс істедім. ?

- сабақты түсінбедім, сабақта шаршадым.

7) Бағалау парағы
Жұмыс түрі
Жоғары балл
Орташа балл
Төмен балл
Алған балл
1. Тест
Бәрі дұрыс -3 балл
1 қате - 2 балл
2 қате - 1 балл

2. Жұптастыру
Бәрі дұрыс - 3 балл
1 қате - 2балл
2 қате - 1 балл

3. Деңгейлік тапсырмалар
С - 5 балл
В - 4 балл
А - 3 балл

<<5>>-10-11балл
<<4>> - 6-8 балл
<<3>> - 4-5 балл

8) Үй тапсырмасы: 4 - тапсырма 249-бет Хабарламаға жауап қайыру.

Ұқсас жұмыстар
Поштаны үстеу терезесі
Менің электронды поштам
Синоним сөздерді ажырата білу
Желі және жергілікті желі түсінктерімен танысу
Электронды пошта. Сабақтың тақырыбы
Интернетпен қатынас құру
Іздеу жүйелері
Internet желісінде электрондық жәшік ашып, хабар алмасу
Электрондық пошта туралы түсінік
Чаттар, Форумдар, ICQ, E-mail электронды поштасы
Пәндер