Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Ризамын саған Әліппе



ОҚО,Сайрам ауданы
№41 М.Оразалиев атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

Ережепова Салтанат Жолшыбайқызы

Әліппемен қоштасу" ертеңгілігі

"Ризамын саған Әліппе!"

Мақсаты:Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Ата-аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету.Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру;
Оқушылардың ата-ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» оқулықтарының мұқабасы, шарлар.

Барысы:
Мұғалімнің құттықтау сөзі:
Музыка қосылып тұрады.
-Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, ата-аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! "Әліппе бітіру " мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Армандасаң да,қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені биік асуға беттеген аяулы ғұмыр,ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған,білім нәрімен сусындатқан өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарыңа, ата-аналарына өз өнерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық.
Залда салтанатты музыка ойналады
1 жүргізуші:
«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Оқу білім бастауы
Ілім, ғылым арқауы
Бүлдіршінге тіл ашқан
Көкірекке нұр шашқан
«Әліппе» тойы басталды» -

2 жүргізуші:
Бала шаққа болашақты жырлатып
Шәкірттерге ой түзеген сымбатты
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым қымбатты
1 жүргізуші:
Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар
Бүгін міне әліппемен қоштасады
Азамат боп кешегі сәби еркелер
Мұғалім:
Шашу,шашу шашыңдар,
Ақ сандықты ашыңдар.
Бұл мереке,бұл тойдың,
Бастаңғысын жасаңдар,
Шашу шашу шашылсын.!
(шашу шашылады)
2 жүргізуші:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрмет етіп, сендерді,
Бүлдіршіндер шақырамын ортаға
Ендігі кезекті кішкентай бүлдіршіндеріміздің жүрек жарды жыр шумақтарына береміз.

Жеңіс 1-оқушы:Ассалаумағалейкум, халқым менің,
Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.
Мереке - басы болсын берекенің
Игі еңбектін жемісін бәрін көргің.
Нұрай 2-оқушы:Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай қүұлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар!
Назым 3-оқушы:Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жаЯ қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
Нұрәділ 4-оқушы: Ән құрайды үнімен,
Сән құрайды гүлімен.
Құттықтаймыз бәріңізді
Бүгінгі мереке күнімен.

Ернар 5-оқушы: Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не бюілдік,
Қане ортаға салайық.
Қыдыр ата мен ақ әженің батасы.
Қыдыр ата: Адам болар баланың,
Қайтармайық талабын.
Мектепті алғаш аттаған,
Құтты болсын қадамың.
Сәбиліктен марқайып,
Өскендігі сананың.
Әріптерден сөз құрап,
Жоғарласын қадамың.
Үміттерін ақтай біл,
Әкең менен анаңның.
Жүрегіңе сақтай біл,
Жақсы сөзін дананың.
Ақ Әже: Осындай тойға жеткізсін,
Әрбір үйдің адамын.
Жастар өсіп қалқан боп,
Болса деймін қамалың.
Қой үстінде бозторғай,
Жұмыртқалар заманың.
Сол замандай болса екен,
Егеменді қазағым.
Бастарыңа бермесін,
Қиыншылық азабын.
Жастарыма қонса екен,
Даналығы бабамның.
Асима 6-оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Анель 7-оқушы:Бітті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат
Басқа оқулық басталмақ,
Әліппемен қоштассақ.
1-жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.-дей келе алдарыңызда «Айгөлек »ән-биімен кішкентай балапан қыздарыңыздың өнерін тамашалаңыздар
1-Жүргізуші: Балалар,бүгін бізге дүниетану қонаққа келіпті. Төрлетіңіз тұңғиық сырлы дүниетану!
Дүниетану: Амансыңдарма балалар, мерекелерің құтты болсын)!
Хор: Рахмет,тұңғиық сырлы дүниетану.
Дүниетану: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын сенің әрбір күнің,әр айың,
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын.
Біреу елін басқармақ,
Біреу кетер аспандап.
Арманыңа жол ашар,
Әліппеден басталмақ.
Сондықтан балалар сендерден мына сұрақтардан жауап алсам деп тұрмын.
1) Қазақ алфавитінде неше дыбыс,неше әріп бар?
Хор: Әліппені білдік біз,
Онда жүйе қалып бар,
Біздің қазақ тілінде,
40 дыбыс,42 әріп бар
2)Дыбыстың түрлерін атаңдаршы?
Дауысты, дауыссыз.
3)Ал мынау не? (жер шары)
4)Мұнда не бейнеленген?
-Жер көлемі кішірейтіліп берілген.

Дүниетану: Ризамын барлығыңа. Айтқанды ұғып алыпсыңдар. Ал енді мына бір жұмбақтың шешімін табыңдаршы.
Іші толған әріпке,
Білімдіге жарық нек?
Хор: Ол сүйікті әліппе.
Дүниетану: Олай болса әліппені ортаға шақырайық!
Хор: Әліппе,әліппе, әліппе!

Әліппе: Армысыздар, ата-ана,ұстаздар,
Армысыздар жас достар.
Болашаққа жол бастар,
Менің атым-әліппе!
Мені анаңдай дәріпте,
Мені оқып ер жеткен,
Бауыржан да, Мәлік те!
2-жүргізуші: Әліппе,сіз біздің құрметті қорнағымыз болыңыз. Балалар сіздерге арнап жыр – тақпақтарын айтпақ. Тыңдаңыз.

Бағдәулет 8-оқушы: Әліппе деген-алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Тырысып бақ намысқа.
Мирамбек 9-оқушы: Ашыла берді алдымнан,
Кең дүние есігі.
Соғылған сандар алтыннан,
«Әліппе» білім бесігі.
Аяжан 10-оқушы; Әліппем менің әліппем,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштам мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Ақбала 11-оқушы: Біз жазамыз ана деп,
Біз жазамыз дана деп.
Біз жазамыз бала деп,
Біз жазамыз қала деп,
Биік-биік таулар деп,
Қызыл-жасыл баулар деп.
Қашарман ел қазақ деп,
Болашағы ғажап деп.
Арсен 12-оқушы: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Ернұр 13-оқушы: Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық,тойладық.
Бекнұр 14-оқушы; Барлық әріп бағалы,
Айттың әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам әрбір әріпті,
Ардақтайды қолдайды.
Ән: Хор. Әліппе
Нұрасыл 15-оқушы: Ата зейін салдың ба?
Бар әріптің алдында.
Неліктен А тұрады?
Деп бір күні сұрадым.
Атам менің сауатты,
Былай берді жауапты,
Ата, ана,ар , адам
Бәрі А дан басталған
Содан шығар құлыным,
Алдында А ның тұрғаны.
Мағжан 16-оқушы: Алфавиттің сыры
Алфавиттің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадыңба «Б» тұрады үшінші,
Ал,осының сыры неде түсінші.
А дегенің аналар ғой ардақты,
Ә дегенің әкелер ғой салмақты.
Б дегенің балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында,.
Ән-би «Қылыш биі »
Нұрмұхамед 17-оқушы: Көше айналған бұлақтың,
Қайнар көзін көріп пе ең
Тоң-тоң қалың кітаптың
Басы болмақ әліппең.
Еркебұлан 18-оқушы: Өзім оқып кітапты,
Жалынбадым ағама.
Қуанда анам оқудан,
Алған бестік бағама.
Сұңғат 19-оқушы; Қош бол құтты әліппе,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Әліппе: 42 әріпті игердіңдер
Әріппен буындап сөз тердіңдер.
Ризамын балаларым мен сендерге
Рахмет айтам қоштасар кез келгенде
Балалар,мені оқып бітірдіңдер,
Ендігі кезек ана тілінде!
Қуыршағым «Ән биімен»
Мұғалім: Балалар,бүгін бізге математика өзәінің ойындарын ала келіпті. Сендердің өзін қаншалықты жақсы оқығандарыңды көргісі келеді.

Математика:Қане,балалар, математикадан алған білімдеріңді көрсетіңдер.
Мына тақ сандарды ата?
1,3,5,7,9
2.Жұп сандарды ата?
2,4,6,8,10
3.Кім жылдам есепші ойыны.
Қанша ара?
Алмаға кеп күн ара, Ертіп кепті бұл ара.
Қонушы еді бір ара. Сонда бүгін алмаға,
Бүгін тоғыз туысын Келіп қонды қанша ара.

Өнерші балалар.
Қанат, Марат екеуі Ахат,Махат екеуі
Қамшы өре алады. Біледі көп ертегі.
Таңат, Талап екеуі Жанат,Омат екеуі,
Тамаша ән салады. Киім кешек тігеді.
Самат, Сағат екеуі Балалардың өнерлі,
Төгілтіп күй шертеді Есептеп көр сен енді.

Жұмбақтар
1.Бір-бірімен жарысқан,
Төрт аю,бір арыстан.
Екі қоян,бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді?
2.Бір бесікте елу бала ұйықтайды
Өздігінен далаға олар шықпайды.
Жарайсыңдар балалар рахмет.
«Өзбек биі» Қамшы бас
1-жүргізуші: Ана білем,алаңдайсың мен үшін
Ұйқы көрмей өтетінсің түн ішін.
Сәл мұңайып қалсаң егер жабығам,
Ана,менде алаңдаймын сен үшін.
Бұл өмірде сенен артық таппаймын,
Ақылыңды жүрегімде сақтаймын.
Ана саған қарыздармын мәңгілік
Қайтсемде мен ақ сүтіңді ақтаймын.-демекші,ендігі кезекті оқушыларымыздың аналарына арналған жыр-шумақтарына береміз.
Руслан 20-оқушы: Сөздердің ең аяулы
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білбдім оларды,
Кімнің ойлап тапқанын.
«Ана» деген сөзді де
«Аға» деген сөзді де
«Әке» деген сөзді де
«Тәте » деген сөзді де
«Ата»деген сөзді де
«Апа» деген сөзді
Ойлап тапқан балалар!
Рауан 21-оқушы: «Күнім,жаным» дегенді
«Құлыншағым» дегенді.
«Ботақаным » дегенді,
«Қошақаным »дегенді
«Айналайын» дегенді
«Толғанайым» дегенді
Ойлап тапқан аналар
Айбек 22-оқушы: Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген-тіршіліктің тірегі,
Армысыздар қасиетті аналар.
Қайсар 23-оқушы: Баланың да тірегі,
Ананың да тірегі
Шаншымасын ешқешан
Аналардың жүрегі
Әділет 24-оқушы: Дүниенің жарық күні анамыз,
Дана болсаң,анаменен данамыз
Алдыменен тыңдаңыздар ағайын,
Аналарға арнап бір ән саламыз
Ән: «Ана»
Ойын: Ата-аналармен (Сұрақ жауап)
Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда әнмен,бимен өтейді.
2-жүргізуші: Әкедей тірек табылмас,
Әкесіз жүрек қағылмас.
Асқар тауың тұрмаса,
Жаныңның шамы жағылмас,-деп Т. Молдағалиев жырлағандай ендігі кезекті бүлдіршіндеріміз әкелеріне арнайды.
Нұрәділ 25-оқушы;Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған
Ал,әкелер,өздеріңе арналмақ
Біз айтатын келесі бір асқақ ән.

ӘН: «әке»
1-жүргізуші; Біріншіде оқиды,
Ойға білім тоқиды.
Бұлар біздің жалындар,
Ертеңі ірі ғалымдар.
Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман-есен болыңдар!

Жеңіс 26-оқушы:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін! ...
2-жүргізуші: Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5 - тіктер тарату)
Хормен: Қош бол, қош бол, құтты Әліппе!
Нурила 27-оқушы:Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Жеңіскүл 28-оқушы: Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқаң оқи,жаза білемін,
Сауатты адам санатына кіремін.
Әмина 29-оқушы: : Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған
Барлығы хормен:
Рахмет, ұстаз алғашқы!
«Өзбек биі»
Қорытынды сөз
Қымбатты шәкірттерім! Білім әлемінің беташары Әліппені табысты аяқтауларыңызбен құттықтап, білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын демекпін, Мектебіміздің мақтанышы болыңдар
Әнұран орындалады.
№41 М.Оразалиев атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Ережепова Салтанат Жолшыбайқызы

Ұқсас жұмыстар
Білім патшасы
Әліппеге рахмет
Қош бол, сүйікті Әліппем
Мақта қыз
Іші толған әріпке
"Әліппе, саған мың алғыс!
<<Әліппемен қоштасу>> мерекесі
Бар білімнің бастауы әліппеден
Аяулы анам болып сен
Тақырып Әліппе, саған мың алғыс
Пәндер