Қарттарым – асыл қазынам

Нурмуханова Ултуар Бекарысқызы
Ш. Уалиханов атындағы орта мектеп
Тәрбие сағат тақырыбы: Қарттарым - асыл қазынам
Тәрбие сағат мақсаты:
Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата - бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер «Қарттарын қадірлеген ел ардақты», «Қартайғанның бәрі қария емес, өзеннің бәрі дария емес», «Қарты бар үйдің - қазынасы бар»
Жаннұр:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.
Замира:
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі - соқпақ, сөзі - нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Салауат:
Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде
қарттар
ға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы
қарттар
ымыздың арқасы деп есептейміз.
Жанел :
Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын! Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры М. М. Туғанбаев ағайға береміз.
Аяулым:
Қарттар
үйі - жасы ұлғайып, қараусыз қалған
қарттар
ымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме.
Қартаю - биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.
Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар.
Эльдана:
Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала - шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары,
Қайта - қайта қарағың кеп тұрады,
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап. . . . .
Аяулым:
Ұрпағына жол ашқан, мұқалмаған қаншама қиындықтан,
Жасымаған қарттарым, өмірінің сан-сала сырын ұққан.
Табиғаты керемет, таудай мүсін байсалды қариялар,
Шежірелі жүрегі, баталы ауыз жаралған жылылықтан.
Асқарындай таулардың, күмістей боп ақ кірсе де басыңа,
Заңғар ойлы қарттарым, мұқалмағын, қартайсаң да жасыма.
Ұлы көштің сынығысың із тастаған, қарттығыңды ұмытып,
Бір жасарып қалғандай бір шөбереңіз келген кезде қасыңа.
Ернар:
Ақылыңа ақ саусақпен жас кекілді сипап қана айтатын,
Арға балар, алтынменен сатып алмас байлығымдай байқадым.
Болашағың өскен сайын қауанасың, шүкірлікпен жас алып,
Көкірегіңде қуаныш бар көздеріңнен көрсем дағы қанша мұң.
Елжан:
Құзы терең, кең құлашты шалқардай,
Ғасырлардан сырлар шертіп, айтардай,
Отырады үй төрінде қомданып,
Бұрынғының аңқылдаған қарттары-ай!
Кең даланың қоңыр лебі-үнінде,
Дархан елдің даналығы- тілінде.
Тамылжыған табиғаттай табиғи,
Тозбай келген кешегі мен бүгінде
Алтынай:
Әкелер!
Мәңгі өшпейтін атақ-даңқың,
Жүрегімнің лаулатып отын жақты.
Ерлігіңді жалғастырам, бақыттымын,
Сендер ғой маған берген осы бақты.
Аналар!
Қарыздармын өзіңе мен,
Қайыспай қиындыққа төзе білген.
Жүздеріңді әжімдер басқанымен
Баяғы бәз жүзіңдерің өзгермеген.
Ерсін:
Не деген атам қазақ-ойшыл адам!
Бұлбұлдай құйқылжытып күй шығарған.
Ауылдың алты ауызын өзі шырқап,
Мейманнан дүние емес, ән сұраған.
Қастерлеймін әке даңқын, ана салтын,
Ұмытпайды ұрпағың дархан халқың.
Қабыл ал, ұрпағыңнын аманатын
Жыр боп келді, саған деген махаббатым!
Ясмина:
Арқасына нардың жүгін артқандай,
Батырлығы-арғы атаға тартқандай.
Мойымаған қиындыққа төзімді
Бұрынғының қыран қабақ қарттары-ай
Мадина:
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
Ән: «Мама» орындайтын Амангелді Ақерке
Ортаға «Аман болшы, қарттарым» атты баяндамасымен Сайлаубай Жанелді шақырамыз
Мағжан:
Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
Ешкімге жасамайтын қиянат
Жайлап қана ақылменен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір сағат
Алтынай:
Жадыраймын, жадырайын,
Көңілденіп күлемін.
Жанар ма деп талабым,
Ата ақылын тыңдаймын.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz