Б.момышұлы "жауынгердің тұлғасы"

Құрманғалиева З. Қ.
6 сынып
Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Б. Момышұлы “Жауынгердің тұлғасы”
Сабақтың мақсаты: Оқушылар Ұлы Отан соғысы, Б. Момышұлы туралы білімдерін арттырады.
Міндеттері:
1. Б. Момышұлы туралы, оның шығармашылығы туралы біледі, әңгіменің мазмұнын игереді, көркем тіліне назар аударады.
2. Теориялық білімді практикада қолданады. Білім, білік, дағдыны қалыптастырады.
3. Топтық жұмыс кезінде бір-бірімен пікірлеседі, алған білімдерін бекітеді.
Бағалау:
- Сұраққа жауап беру арқылы.
- “Шығарма кестесін толтыру” кезінде мәтіннен қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазу мен сол үзінділер жайлы өз пікірін білдіру кезінде.
- Өзара пікір алысқан кезде оқушыларды мұғалімнің бақылауы арқылы.
Қолданылған әдіс тәсілдер: “Шығарма кестесін толтыру” стратегиясы, “Екі түрлі түсініктеме күнделігі” стратегиясы, “Дөңгелек стол” стратегиясы, эссе жазу.
Көрнекіліктер: Шығарма кестесі, екі түрлі түсініктеме күнделігі, плакаттар, ақ парақтар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе.
1. Біз өткен сабақта қандай шығармамен таныстық?
2. Әңгімеде қай жерде болған ұрыс жөнінде айтылған?
І. . Қызығушылықты ояту.
“Шығарма кестесін толтыру” стратегиясы.
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. Төтреу түгел болса төбедегіні алады.
Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.
Мың қабат торқаңнан, тоқтышағымның терісі артық.
ІІ. Мағынаны тану.
1. “Екі түрлі түсініктеме күнделігі” стратегиясы.
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділер
Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікірің
Сен полк командирі болдың, ол-полктің ақылы, миы, басы. Өз ұлтыңның “білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады” деген мақалы әр уақытта да есіңде болсын, -деп қайталады әскери ақсақал.
Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қара құрымдай қаптаған күшінен қобалжыған кезде, қуат та, медет те, себеп те болған қазақтың ер намысына тидіре айтқан екі ауыз мақалының күші еді.
Генерал Бауыржан атамызға сенім артып, ақ батасын беріп аттандырды. Ал атамыз бұл сөзерді есінен шығармай өз қармағындағы әскерлерді ақыл-парасатымен басқара біліп, отан алдында борышын адал атқарды.
Бауыржан атамыз айтқан мақал соғыстың қиын-қыстау кезінде жауынгерлерге рух берді. Ата- бабаларымыздың айтқан бір ауыз сөзінің құдірет - күшін көрсетіп берді.
Ойашар.
2. “Дөңгелек үстел” стратегиясы.
Оқулықпен жұмыс.
5-сұрақ .
Жауынгердің тұлғасы сенің ойыңша қандай болуы керек?
Оқушылар алдарына берілген бір бет ақ параққа 1 минут ішінде өз ойларын жазып, дөңгелете отырып алғашқы оқушыға қайтып келген соң, жазғандарын дауыстап оқиды.
3. Ой толғаныс.
Эссе. “Қанмен жазылған кітап…”
Қорытынды:
Сабақты Б. Момышұлының “Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын” деген сөзімен қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
6 сұрақ, 153 бет.
Ұлы Отан соғысы туралы өздіктеріңнен шығармалар оқығандарың бар ма?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz