Ашық сынып сағаты: Денсаулық - зор байлық (8-сыныптар арасындағы топтық Толағай сайысы)

Ашық сынып сағаты

Тақырыбы: «Денсаулық- зор байлық»

Мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға шақыру, ең бірінші байлық- денсаулық екендігін түсіндіру

Сынып сағатының түрі: топтық сайыс

Көрнекілігі: «Денсаулық- зор байлық» сөзі, шарлар,

Жүрісі:

1-ші жүргізуші: Құрметті мұғалімдер мен окушылар !

"Денсаулыктың құпияларының бірі-спорт" дегендей бүгінгі «Денсаулық- зор байлық» атты Толағай сайысына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Толағай сайысы тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай ойын бүгін біздің 8 «Г» Және 8 «Д» сыныптар аралығында өткелі тұр.

Олай болса, қатысушы топтарды ортаға шақырайық.

Ойыншылар шығып өздерін таныстырады.

8 «Г» сыныбы -«Сұңқар» тобы, 8 «Д» сыныбы- «Бірлік» тобы

Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1. Закарина Маншук Тасмұратқызы- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

2. Апуажанов Жақсылық - 10 «ә» сынып оқушысы

3. Оразов Елмұрат- 10 «ә» сынып оқушысы

1-жүргізуші: Бүгінгі спорттық сайыс 5 кезеңнен тұрады

1. "Мұртты кенгуру" сайысы.

Қатысушы қарындашты мұрнына қысып, отырып жүгіреді. Қайтарда жүгіріп келіп, келесі ойыншының алақанынан ұрып аяқтайды. Келесі ойыншы жалғастырады.

1-ж: Ал енді "Мұртты кенгуру" сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділқазылар өздеріңізде.

2. "Пингвин" сайысы

Допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндеп жүрісімен жүріп, қайтарда жүгіріп келеді де келесі ойыншы ойынды жалғастырады.

Ал енді "Пингвин" сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділқазылар өздерінізде.

3. "Қанбақ шар" сайысы

Шарды баспен ұрып мәре сызығына жетіп, қайтарды жүгіріп келеді. Алдымен ұлдар бастайды, сонан соң қыздар.

Ал енді "Қаңбақ шар" сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділқазылар өздерінізде.

4. "Кім көп секіреді?"

Алдымен сайысты ұл балалар скакалкамен секіріп барады да, қыздарға береді. Содан соң қыздар скакалкамен секіріп мәре сызығына жеткеннен соң, кері жүгіріп келеді.

Ал енді " Кім көп секіреді?" сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділқазылар өздерінізде.

6. "Желаяқтар" сайысы

Ойыншылар желаяқтар жылдамдығымен жүгіріп барып, мәредегі есептерді бірінің шешуін жазып, қайтар жолда жүгіріп келеді.

Ал енді "Желаяқтар" сайысының қорытынды бағаларын білейік. Жалпы ұпай санын білейік. Сөз кезегі әділқазылар өздерінізде.

Мұғалім: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі-салауаттылық. "Толағай"сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып қатысқан оқушылар үшін көп рахмет!

2-жургізуші: Ал енді, бәріміз ортаға шығып, "Толағай" әнін орындайық!

Толағай әнімен аяқталады.


Ұқсас жұмыстар
Денсаулық - зор байлық: балаларға арналған ашық тәрбие сағаты
Денсаулық - зор байлық: бастауыш сыныптарға арналған тәрбие сағаты жоспары
Денсаулық - зор байлық: салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты: Денсаулық - зор байлық (салауатты өмір салты мен жеке гигиенаға тәрбиелеу)
Денсаулық - зор байлық: балаларға арналған спорттық сауықтандыру іс-шарасының сценарийі
Сабақ: Денсаулық - зор байлық (жеке бас гигиенасы мен денешынықтыру)
Бірінші байлық - денсаулық: 8-сыныпқа арналған тәрбие сағаты
Денсаулық - зор байлық: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің интерактивті сабағы
7-сынып қазақ тілі пәнінің орта мерзімдік жоспары: Денсаулық - зор байлық (Г. А. Байгужина, Қостанай қаласы А.М. Горький атындағы гимназия)
Толағай отбасылық сайысы: салауатты өмір салтын насихаттауға арналған мектептік спорттық бағдарлама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz