Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Каспий теңізі

Тақырыб: Каспий теңізі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Каспий теңізіне сипаттама беру.Каспий балық кәсіпшілігінің халық шаруашылығындағы маңызын түсіндіру.
Тәрбиелік: Каспий теңізінің экологиясы.Көл суларын қорғау оның келешек үшін маңызы зор екенін оқушыларға түсіндіру.
Дамытушылық:Білімге құштарлығын, дүние танымдық көз қарасын, жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып жеке тұлғаны дамыту.
Сабақтың түрі:ізденіс сабақ
Әдісі: саяхат сабақ, үш аялдама, кім жылдам? жеті жұмбақ, «ең, ең, ең,….» ойыны.
Құрал - жабдығы: Дүниежүзінің саяси картасы,мектеп атласы, карточкалар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
Оқушы назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау:
Өткен тақырыпты тексеруге арналған сұрақтар.
Жайық өзенінің ұзындығы?
Сырдария өзені Арал теңізіне қай жылдан бастап құймайды?
Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты қанша мың өзен бар?
XX ғасырда Қазақстанда ең аз сулы кезең болған жылдар?
ІІІ. Жаңа сабақ. «Үш аялдама» әдісі.
Дүниежүзіндегі ең үлкен көл?
1 - аялдама: Каспий теңізі қандай мемлекеттермен шектесіп жатқандығына тоқталу.
2 - аялдама: Теңізде тіршілік ететін жануарлар жайлы мағлұмат беру.
3 - аялдама: Каспий теңізінің шаруашылық маңызына толық түсінік беру.

Мағынаны тану: Каспий теңізі бейнеролик
Өзіндік жұмыс. Оқушылар берілген жоспар бойынша тапсырманы орындайды.
1 Тарихы.
2 Географиялық орны.
3 Климаты.
Топтық жұмыс.

                          
 
№1 Тарихы
 
Каспий теңізі реликті/қалдық /көл.Қалдық көлдер ежелгі Тетис теңізінің геологиялық тарихымен тығыз байланыты екенін түсіндіреді.Неоген дәуірінде күрделі тектоникалық қозғалыстың нәтижесінде,Тетис алдымен Тынық мұхиттан бөлініп,кейіннен Атлант м-ан ажырағанын баяндайды.Неоген дәуірінің аяқ кезінде жер қыртысының шұғыл көтерілуінен Каспий теңізі Қара теңізден бөлініп қалғанын,осы кезенді каспий теңізінің қалыптасу кезеңі деп санауға болады.Аты ХҮІ ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан.Грузияда каспи қаласы қазір де бар.Сонымен бірге Гиркан (І ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. 60-тан астам тарихи атауы бар.Олар соңғы 3 мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.
 
№2 Географиялық орны
 
Каспий теңізінің жалпы ауданы 374мың км.Оның беті теңіз дегейінен 28 м төмен жатыр.Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан.Теңіздің ендірек жері -435 км,ал енсіз жері-193 км.Теңізінің жағалау сызығының ұзындығы -7000 км.Оның су 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр.қазақстан үлесіне-29 % /2340 км/, Ресейге – 16 % ,Әзербайджанға-20 %,Түрікменстанға-21 %, Иран Ислам Республикасына- 14 % тиеді.
Аралдары аз,олардың жалпы аудан-2045 км.ең ірілері-итбалықты архипелағындағы Құлалы 73 км,Теңіз 65 км-ге жетеді.Шығыстан Каспий т Маңғыстау (Тұпқараған және Бозащы) түбегі.Шығыс  жағал-ғы шығанақтар:Маңғыстау және Қазақ..
Сызба
               
«Каспий теңізі қазаншұнқырлардың бедеріне қарай үшке бөлінген.»
                 Каспий теңізінің алабына жататын өзендер.
Жайық өзені   1100 км                Ойыл   800 км              Жем 712 км
Шаған.елек,Ор,
Өлеңті,Бұлдырты,Қалдығайты,
Ойыл,Сағыз

№3 Климаты
Теңіз екі климаттық белдеуде орналасқанн солтүстігі қоңыржай континетті климатта,оңтүстік батыс-құрғақ субтропикттер,шығысы Орта Азия шұғыл континентті климаттар.
    Жазда                                                                                  Қыста
Шілдеде +24-26 С  Қаңтарда -7-11 С
Тамызда +24-28 С                                                    Ең төмен температура-    - 38 С
                                                                                   
                                         Судың тұздылығы
Солтүстік                          Орталық                   Оңтүстік
10-12 ‰                                        13-14 ‰
                Теңіз деңгейі үнемі өзгеріп тұрады.
1830-1929 жылдары 25,5 – 26,6 м
1929 жылдан 1977 жылға      - 29 м
1978 жылдан қайта көтерілді
1995 жыдың басында -26,5 м

Сергіту сәті.
«Кім жылдам» ойыны.
(Географиялық нысандардың аты аталады, сіздер оның не екенін айтасыздар)
1. Сахара (шөл) 11. Скандинавия (түбек)
2. АҚШ ( мемлекет) 12. Мадагаскар (арал)
3. Гималай (тау) 13. Гольфстрим (ағыс)
4. Танганьика (көл) 14. Антарктида ( материк)
5. Амазонка (өзен) 15. Гибралтар (бұғаз)
6. Альмади (мүйіс) 16. Суэц (канал)
7. Отты жер (арал) 17. Орисаба (жанартау)
8. Игуасу (сарқырама) 18. Сомали (түбек)
9. Мыс (металл) 19. Лондон (қала)
10. Гвинея (шығанақ) 20. Аконкагуа (шың)

«Ең, ең, ең,......» ойыны.
1. Ең биік шың (Джомолунгма)
2. Ең үлкен түбек (Арабия)
3. Ең кіші материк (Аустралия)
4. Ең халық көп материк (Еуразия)
5. Ең терең шұңғыма (Мариана)
6. Ең үлкен көл (Каспий)
7. Ең ұзын өзен (Ніл)
8. Ең биік сарқырама (Анхель)
9. Ең суыққа төзімді құс (пингвин)
10. Ең кішкентай мұхит (Солт. Мұзды мұхит)
11. Ең үлкен ойпат (Амазонка)
12. Ең терең көл (Байкал)
13. Ең ірі дүние бөлігі (Азия)
14. Ең үлкен арал (Гренландия)
15. Ең үлкен бұғаз (Дрейк)
16. Ең ұзын тау (Анд)
17. Ең үлкен шөл (Сахара)
18. Ең биік ағаш (Секвойя)
19. Ең кішкентай мемлекет (Ватикан)
20. Ең суы мол өзен (Амазонка)

Келесі кезең «Жеті жұмбақ» - пән аралық байланыс.
1. Қаласы бар, үйі жоқ.
Орманы бар, бүрі жоқ.
Өзені бар, суы жоқ.
Тауы бар да, тасы жоқ,
Ойлаңдаршы, балалар,
Оның қиын түгі жоқ. (географиялық карта)

2. Жан - жағы су болып жатыр,
Ортасы ну болып жатыр. (арал)

3. Теңіз, тауларды, халықты,
Ойлап тап, көтерген алыпты. (жер)

4. Жиналған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді. (қар)

5. Азықсыз, көліксіз,
Сусынсыз, серіксіз
Әлемді шарлайсыз,
Жиһанкез болып сіз. (глобус)

6. Аралдай сауыры,
Мұхиттың алыбы (кит)

7. Мөлдір әрі түссіз, өзі табиғи отын. (газ)

IV. Сабақты бекіту
Сөзжұмбақ шешу

V. Бағалау
Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалау. Оқушыларды топқа бөле отырып бір-бірімен ой бөлісу дәрежелерін көрсету. Топ арқылы әр баланың ойлау мүмкіндігін біліп,пікір айта білуіне жол беремін. Әр бала өз пікірін айта отырып ,топпен жұмыс жасауды үйренеді.

VI. Кері байланыс (рефлексия)

VII. Үйге тапсырма.
Каспий теңізін оқып мазмұндау

VIII. Сабақты қорытындылау

Ұқсас жұмыстар
Каспий теңізі. Сабақтың барысы
Арал теңізі
Жайсан көлі
Ірі көлдер
Қазақстанның табиғат кешендері
Қазақстан Республиксының бас қаласы қай қала
Каспий теңізінің балықтары
Тақырып Теңіздер мен көлдер
Мұхиттың аты
Өзен және көл. 4 сынып
Пәндер