Климаты.Солтүстік Америка солтүстік жарты шарда Еуразиямен қатар орналасқандықтан, климаттық жағдайлары ұқсас болып келеді

Сыныбы: 7
Күні: 21. 02. 17
Тақырыбы: Климаты
Білімділік Оқушыларды Солтүстік Американың климат жағдайына түсінік бере отырып, олардың маңызы мен ерекшеліктеріне тоқталу.
2. Дамытушылық Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік Оқушыларды басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, өз елінің, жерінің баға жетпес байлығын айта отырып, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке мтәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Оқыту әдісі: карточка; геоминутка; түсіндіру; ойлан, жұптас, бөліс; елші; полиглот; кесте толтыру.
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Солтүстік Американың климат картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі .
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту. 3 топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасы
1. Тақтаға 3 қатардан 2 оқушы шығарып " Карточка " көмегімен оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.
2. "Геоминутка" оқушыны картаға шығарып географиялық обьектілерді сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Солтүстік Америка солтүстік жарты шарда Еуразиямен қатар орналасқандықтан, климаттық жағдайлары ұқсас болып келеді. Материк солтүстік жарты шардағы экваторлық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерді кесіп өтеді.
Материк ауданының Еуразияға қарағанда шағын болуы; солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасуы; оңтүстігіне қарай сүйірленуі; батысы биік баулы, ал шығысының аласа болуы; ендік бағыттағы таулардың болмауы - міне осының барлығы климаттың өзіндік ерекшеліктерін қалыптастырады.
Материктің солтүстігіндегі мәңгі мұз құрсап, қар жамылғысы қалың жататын аудандарда күн сәулесінің кері шағылысуы күшейеді. Сондықтан ауа температурасы төмен болады, осында қалыптасқан суық ауа массалары еш кедергісіз оңтүстігіндегі Мексика шығанағына дейін өтіп кетеді. Оның нәтижесінде субтропиктік белдеуде де қар жауады. Солтүстік Американың шығысындағы Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды ауа массалары Арктикадан келетін суық ауа массаларының әсерін шектеп отырады. Материктің батысында орналасқан Кордильераның биік жоталары Тынық мұхиттан келетін ауа массаларының құрлыққа тереңдеп енуіне кедергі келтіреді. Сондықтан оңтүстікте Мексика шығанағы үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массалары солтүстікке қарай емін-еркін өте алады.
Сондықтан күшті желдер мен құйын тәрізді қозғалатын дауылдар - торнадо жиі байқалады. Жылдамдығы сағатына 800 км-ге жететін кенеттен пайда болатын торнадо көп апат әкеледі: жүріп өткен жолында алып ағаштарды тамырымен қопарып, үйлерді қиратып, ірі заттарды да көтеріп әкетеді. Орталық жазықта аңызақтар мен құрғақшылық, топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкететін шаңды дауылдар жиі байқалады. Ал Атлант мұхиты жағалауындағы тропиктік ендіктерде жаздың аяғы мен күздің басында мұхиттан соғатын өте күшті, апатты дауылдар - ураган жиі болып тұрады. «Ураган» майя тілінде «дауыл құдайы» дегенді білдіреді.
Солтүстік Американың климаты алуан түрлі. Канаданың Арктикалық архипелагында, Гренландия қаңтардың орташа температурасы -40єС, ал материктің оңтүстігінде +20єС болады. Шілденің орташа температурасы солтүстік жағалық бөліктерінде +8єС-қа әрең жетсе, оңтүстігіндегі кейбір жерлерде +30єС-тан асады.
Жауын-шашынның жылдық мөлшері де әркелкі. Материктің оңтүстік-шығысы мен Кариб теңізінің аралдарында жауын-шашын көп түседі, солтүстікке және батысқа қарай жауын-шашын біртіндеп кемиді. Тек Кордильераның солтүстік-батыс жағалауындағы тау беткейлерінде жауын-шашын мөлшері қайта артады. Оған батыс желдері ықпал етеді.
IV. Жаңа сабақты бекіту:
"Ойлан, жұптас, бөліс" төмендегі критерий бойынша жасалады.
Жауын- шашын мөлшері
(мм)
Ньюфаундленд
түбегі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz