Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Топырақты қорғау

Дүниетану пәні 3-сынып
Тақырыбы: Топырақты қорғау
Мақсаты: 1. Оқушыларға топырақты қорғау әдістері мен шараларын
таныстыру,топырақты қалай қолдану туралы өзіндік пікірлерін
қалыптастыру.
2. Топырақты күнделікті өмірде қалай қолдануға
болатындығы туралы әңгімелеу,түрлі ақпаратттар арқылы білімдерін
дамыту.
3. Топырақты қорғай білуге,шығармашылық
жұмыстарды өз беттерімен орындай білуге тәрбиелеу.
Пайдаланылатын көрнекіліктер: плакаттар,маркер,суреттер
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі
А ) Амандасу
Ә ) Сабаққа дайындықтарын тексеру
Б ) Психологиялық дайындық
Армысың,аспан әлемі!
Армысың,мейірімді жер ана!
Амансыңдар ма, менің достарым,
Сендерді көрсем қуанам!

ІІ . Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1. Мәтінді мазмұндау.
2. Сұрақтарға жауап беру
А ) Топырақ түсінің қалыптасуы неге байланысты?
Ә ) Топырақты құнарландырудағы жануарлардың рөлі?
Б ) Сор топырақ қалай пайда болады?

ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру
Сөзжұмбақ шешу.
1. Топырақ құрамындағы зат (құм)
2. Топырақ құрамында не көп болса,өнім мол болады? (қарашірік)
3. Топырақтың негізгі қасиеті? (құнарлылығы )
Дәптермен жұмыс
Өсімдіктердің жетілуі үшін қажетті жағдайларды теріп жаз:
тамақ,ауа,сүт,су,қарашірік,тұз, мұз,құм,цемент,саз,күн,ыстық су,
микробтар.

ІҮ . Мақсат қою кезеңі
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Ү . Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Топырақ- су,ауа, жылу,өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен ,тау
жыныстарының үгілу нәтижесінде жер қыртысының беткі қабатында
пайда болған ерекше табиғи құрылым. Осы факторлардың көпжылдық
әсерлерінің нәтижесінде құнарлы топырақ қабаты пайда болады.
Оқулықпен жұмыс
1. Мәтіннің алғашқы бірінші абзацтарын оқиды. Екі жұп бір-біріне сұрақ
қояды.
2. Жұптық жұмыс. Екеуі бірігіп оқушыларға сұрақтар дайындайды.
3. Қорытындылау.Оқушылар тақырып бойынша ой тұжырымдайды.
4. Суретпен жұмыс.

Топырақтың қалыптасуына нелер қатысады ?

Қыналар Ұсақ тірі ағзалар Өсімдіктер Жануарлар

ҮІ. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі

Тапсырма: Оқушыларға «Мектеп немесе өз үйіңнің ауласындағы
топырақта қалайша қорғап,құнарландыруға болады?» деген сұраққа
жауап беру тапсырмасы беріледі.

ҮІІ. Бекіту кезеңі
Берілген суреттер бойынша әңгіме құрастыру.
Топырақтану институтында топырақ эрозиясы бөлімі
ашылып,солтүстік,оңтүстік аймақтарында су эрозияларын
зерттеп,олармен күресу шараларын ұсынды.
1 ) Агротехникалық шаралар: еңсесі үлкен беткейлерге жерді су
ағысының бағытына көлденең жырту,қыста қар тоқтату,топырақты
қайырмасыз соқамен жырту.
2 ) Мелиорация шаралары: жыра мен сай,өзен жағаларына,суару
түрлдері бойынша ағаш және бұта отырғызу.
3 ) Гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік
құрылыстар салу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау кезеңі

Қосымша деректер жинап келу.
«Топырақты қорғау»эссе жазады

Тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлілігі

Мақсаты: 1. Оқушылардың өсімдік пен оның түрлері туралы
түсініктерін молайту.
2.Өсімдіктердің күнделікті өмірде қалайша
қолдануға болатындығы туралы ойланады,шығармашылық жұмыстарды
орындауға баулу.
3 Өсімдіктерді күтіп,баптай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты игеру сабағы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Топырақты қорғау» эсселерін оқиды.
ІІ. Мақсат қою кезеңі.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
Ғарыштан біздің планетамыздағы мұхиттар көгілдір,бұлттар мен
мұз аппақ,таулар қоңыр,ал өсімдіктер жап-жасыл болып көрінеді.
Құрылықтың үлкен бөлігі жасыл өсімдік желегімен жабылған. Бұлар-
орман мен тоғай,шөп басқан жазықтар,егістіктер,жеміс бақтары.
Өсімдіктер көп түрлі.Олардың тіршілік ортасы да алуан түрлі. Тіпті
адам тұра алмайтын жерде де өсімдіктер өседі.Ғалымдардың есептеуі
бойынша әлемде өсімдіктердің 350 мыңнан астам,ал тек біздің
еліміздің өзінде 6 мыңдай түрі бар.

Қосымша жаңа ақпараттар:

Өсімдіктерді қалай ажыратасың?

Өсімдіктердің мүшелері әртүрлі болады. Яғни өсімдіктердің алуан
түрлі екенін олардың мүшелерінің ерекшеліктерінен ажыратуға болады.
Ондай ерекшеліктері мыналар: сабақтары
жуан,жіңішке,қатты,жұмсақ,біреу немесе көп,ал жапырағы
жалпақ,күрделі жапырақты болады.
Өсімдіктер-қоректену тізбегінің бірінші бөлігі

Өсімдіктер-қоректену тізбегінің бірінші бөлігі,оның негізі.
Қоректену тізбегі дегеніміз-барлық тіршілік атаулының бір-бірін
қоректендіргіш заттармен және энергиямен қамтамасыз етуі.
Өсімдіктер көптеген жануарлардың қорегі болып табылады.Жыртқыш
аңдар өсімдік қоректі жануарлармен қоректенеді.Ұсақ жануарлар мен
микроорганизмдерге жануарлардың нәжістері және өлекселері қорек
болады. Шіріген қалдықтар топырақты құнарландырады.Құнарланған
топырақта өсімдік жақсы өседі.Осылайша тізбек қайталана береді.

Өсімдіктің адам үшін қандай пайдасы бар?

Адамзат үшін өсімдік-ең маңызды тамақ.Өсімдіктерден дәрі-дәрмек
алынады,ал ағаштан үй салынып,мүліктер жасалынады. Тұрмысымызға
қажетті көмір мен мұнай да өсімдік қалдықтарынан пайда болған.
Өсімдіктер батпақты жерлерде тіршілігін жойып,су түбіне
шөгіп,жинала береді.Іркілген су ауаны өткізбегендіктен олар
шымтезек қабатын құрайды.Миллиондаған жылдардан соң бірте-бірте тас
көмір мен мұнайға айналады.Мұнай мен көмірдің қандай пайдасы бар
екенін өздерің де білесіңдер.

ІҮ. Жаңа материал бойынша білімдерін тексеру кезеңі.
1-қатар Венн диаграммасы «Өсімдік»
Пайдасы Зияны

2-қатар Өсімдіктің даму кезеңінің ретін көрсет

Тұқым,жеміс салған өсімдік,көктеп келе жатқан өсімдік,гүлдеген
өсімдік,сабағы мен жапырағы дамып келе жатқан өсімдік

3-қатар Бүгінгі тақырыпқа байланысты түйін сөз
Ү. Бекіту кезеңі.
Өсімдіктердің атауларын өз тобы бойынша жаз:
|Ағаштар |Бұталар |Шөптер |
|Шырша |Итмұрын |Жолжелкен |
|Қайың |Таңқурай |Киікоты |
|Үйеңкі |Долана |Рауғаш |
|Қарағай |Сексеуіл |Өгейшөп |

Жасыл өсімдіктерді қорғаңдар!

ҮІ. Үй тапсырмасын беру,оқушылар білімін бағалау.
1. Өсімдіктер туралы жұмбақ жазып келу.
2. Мәтінді оқу
3. Сурет салу

Тақырыбы: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті»
педагогтармен тренинг
Мақсаты: педагогикалық ұжымды жұмылдыру, мұғалімдердің шығармашылық
жұмысқа деген белсенділіктерін арттыру.

Міндеттері: эмоционалдық ауыртпалықтан арылту, шығармашылық жұмысқа
дайындыққа икемдеу,өзінің кәсіби рөлін сезіну, жалпы міндеттерді шешудегі
педагогикалық ұжым мүшелерінің өзара әрекет дағдыларын бекіту.

Барысы:

І. Қызығушылықты ояту

1- жүргізуші: Бүгінгі біздің кездесуіміз әрбіреуіңізге қызықты,
әрі қажет болады деген сенімдеміз. Бүгін біз бір-бірімізді тыңдауға, өз-
өзімізге сенімді болуға, әрі өз ойымызды еркін айтуға атсалысамыз. Слайдқа
назар аударайық .
Слайдтан суреттер көрсетіледі. /Мұғалім бейнесі /Бетховеннің шығармасының
әуенімен/
Енді «Мен үшін «мектеп» сөзі нені ұқтырады?» деген сұраққа жауап
беріп көрейік.
2- жүргізуші. Қазір мен сіздерден көп ойланбастан осы сұраққа жауап
берулеріңізді өтінемін. Ойларыңызға алғаш келген жауапты беріңіздер.
Мысалы: «Мектеп мен үшін-менің кәсіби мүмкіндіктерімнің іске асуы».
ІІ. Мағынаны тану
/Музыка әуенімен көз алдымызға елестетеміз/. «Елестету» стратегиясы.
Енді көздеріңізді жұмып мектепке келген сәттеріңізді, ойларыңызды,
сезімдеріңізді еске түсіруге тырысыңыздар. Жұмысқа алғаш келген күніңізде
журналистер сізді суретке түсіріп алды делік, сол суреттегі өзіңізді
бейнелеуге тырысыңыз .
Ал, сол журналистер сізді қазір суретке түсірсе, сіздің фото суретіңіз
қалай болар еді?

Талқылау: не өзгерді?

2-жүргізуші:
Тіл арқылы байланысу, қарым- қатынас жасау- адамға ғана арналған
байлық, ұлы сыйлық. Бірақ, осы байлықты жақсылыққа ғана емес, жамандыққа да
қолданатынымыз жасырын емес. Кейде «аңдамай сөйлеп, ауырмай өлеміз». «Жақсы
сөз бұлттан шыққан күндей боп, көңілді жадыратады». «Жаман сөз- жаныңа мұң
құйып, қабырғаларыңды бір- бірлеп сөгеді» деген, демек сөзден қорқыңыздар,
оны абайлап орнымен пайдалану керек, ғалымдардың зерттеуінше, былапыт жаман
сөздер хромосомдарды өлтіріп, сол сөз иесіне сәтсіздік, жаманшылық , ауру
шақыратынын анықтаған. Өздеріңізге белгілі, ұстаз мамандығы басқа
мамандықтарға қарағанда стрестік жағдайларға жиі душар болатыны белгілі. Ал
ұстаз өзінің профессионалдық ұстанымын жоғалтпай, қандай жағдай болса да,
эмоцияға берілмеуі тиіс. Әсіресе, көктем мезгілінде ұстаздар өте шаршағыш,
эмоциялық күй- жағдайлары өте төмен болады. Сондықтан қазір біз сіздермен
әр кезде көтеріңкі көңіл- күйде болу үшін, бірнеше жаттығу жасап үйренеміз:
«Көңіл күй жаттығуы»
Жаттығудың мақсаты:
Бұл жаттығу кәсіби жоспарда қандай өзгерістер болды, жұмыс қалай
қабылдануда, шаршау, жалығу жоқ па т.б. сұрақтарды эмоционалдық деңгейде
түсінуге мүмкіндік береді.
Денеңізді бос ұстап отырыңыз. Деміңізді мұрныңызбен ішке тартып,
демді сыртқа шығарар кезде қатты дауысыңызбен «А» дыбысын айтыңыз.
«А»- ол бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.
«Е»- қалқанша без жұмыстарына әсер етеді.
«И»- миыңызға, көзіңізге, құлағыңызға.
«О»- жүрегіңіз бен өкпеңізге.
«У»- қарныңыздың маңындағы дене мүшелеріне.
«Х»- денеңіздің тазаруына
«ХА»- көңіл- күйіңіздің көтерілуіне.
Осы жаттығуды жаттап алып, әркезде орындап отырыңыздар, денсаулығыңыз өз
қолыңызда, эмоционалдық стресске шалдықпаудың алдын аламыз.

«Мен құрметтейтін ұстаз» Біз күнде бір- бірімізді көрсек те, күнделікті
күйбің тірлікпен байқамаймыз, қазір соларға ойша зер салып, ойымызды ашық
ортаға салайық.
«Біреудің жақсы ісін көрсең, оны ардақтай біл, кінәліні кешіре біл...Өзіңе
де, өзгеге де жақсылық тіле»
Музыка ойналады, ұстаздар ойланып, пікірлерін ортаға салады.
«Автор орындығында» стратегиясы /Қалған мұғалімдерге үлестірмелі
қағаздар таратылады/.
1-жүргізуші: Мұғалімдерге түсіндіре отырып қағаздар таратылады.
Аты-жөніңіз:

|Мен құрметтейтін ұстаз /аты- жөні/ |Ол ұстаздың бойындағы жағымды |
| |қасиеттер |
| | |

«Менің жақсы қасиеттерім» жадынама бланкісі

|Менің жақсы қасиеттерім |Менің қабілетім мен |Менің жетістіктерім |
| |талантым | |
| | | |

2-жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,
тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта
бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті
тұлға ретінде ерекшеленеді.
«Күлкі- адам жанының емшісі» күлкітерапия

“Суретші”
Мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады:
- Кеше сабақта сіздің ұлыңыз партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Мен
оны шын екен деп қолымды ұрып алдым.
- Сіз оны айтасыз, - дейді әкесі. Бірде ол ваннаға крокодилдің суретін
салыпты. Зәрем ұшқаны сондай, тұра қашамын деп қабырғадағы есіктің суретіне
соғылдым.

Мұғалім:
- Картадан Ертіс өзенін көрсет.
- Асан:
- ???
- Мұғалім:
- Неге көрсетпейсің, үнсіз қалдың ғой?
Асан:
- Мұғалім, картада ағып жатқан өзен көрінбей тұр.

“Формула”
Мұғалім бір оқушыны тақтаға шығарып:
- Судың формуласын жазып көрсет, - дейді. Ештеңе білмейтін оқушы бір
нәрсені шатпақтап жаза салады.
Мұғалім:
- Сен не жаздың, бұл судың формуласы емес, - дейді.
Оқушы:
- Мен лай судың формуласын жаздым, - дейді.

Мұғалімдер кім болуды армандайды?
Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден
сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:
- Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 30-40
оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында,
- дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп
отырады.
- Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де
өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі,
сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.
- Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап
күнде жазуға отырмас.
- Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері. Сан алуан қосымша мамандықтар
меңгеруде.
Қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс
кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады – ау деймін...

“Жақсы мұғалім мен жаман мұғалім”
Жақсы мұғалім маған әр уақытта қымбат, өйткені, ол- мектептің жүрегі- дейді
мектеп басшылары.
Егер жақсы мұғалім мектептің жүрегі болса онда, жаман мұғалім, меніңше,
мектептің жанға батып ауыратын ішкі құрылыстарының бірі – деп білеміз.
.
Сәби мінездес санагер
Мұғалімдер де бала мінездес емес пе? Екі мұғалім, тышқанның суретіне
таласып қалыпты. Бірі – бастауыштың, бірі жоғары сынып биология пәнінің
мұғалімі екен. Директор бұл мәселені былай шешіпті: тышқан суреті бастауыш
сынып мұғаліміне берілсін. Ал, биология пәнінің мұғалімі кабинетінде тышқан
өсірсін!

ІІІ. Ой толғаныс. «Топтастыру» стратегиясы

кітап Бәйтерек

сағат
күн
жұлдыз Ай

айна
Осы сөздермен Ұстазды байланыстырыңыздар.

МҰҒАЛІМ өлеңі оқылады

Оразақын Асқар
Сөзі бойға ексе білім қуатын,
Көзі зерттеп жан-дүниеңді ұғатын.
Қайда жүрсем бірге ұстаз бейнесі,
Іс-қимылы аңсар арман – мұратым.
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған,
Мұғалімді ардақтамас бар ма жан.
Ол мектептен шықпаса да қысы-жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.
Бала десе ойламайды өз қамын,
Көрсем дейді күнге де қол созғанын.
Шын жүректен жатса-тұрса тілейді,
Шәкіртінің өзінен де озғанын.
Адам бар ма мұғалімнен жаны ізгі,
Аялаймын олар басқан әр ізді.
Арманым не алабына қадірлі,
Өнегелі болсам ұстаз тәрізді
Олар үлес қосар сана- ақылға,
Мың алғыс бір сабағына татыр ма?
Болуды мен санаймын ең зор бақыт,
Мұғалімдер армиясы сапында.
1-жүргізуші: Мінеки ұстаздық еңбектеріңіз, қарым- қатынастарыңыз
табысты, жемісті болуы үшін бүгінгі айтылған кеңестерге көңіл бөліп,
әрқайсысымыз бұл дүниеде тек қонақ екенімізді ұмытпай сыйластықпен, жақсы
қарым- қатынаста болып, кемшіліктерімізді ақылмен түзете біліп, өз
қателіктерімізді көбірек көре білсек, сонда ғана еңбектеріңіздің жемісін
көріп, алға жылжисыздар.
Егер проблемаңыз көбейсе онда жауабын тек өзіңізден іздеңіз.

2-жүргізуші: «Ең түйін сөзді мен айтамын» стратегиясы
- Бүгінгі тренинг Сізге ұнады ма?
- Қандай әсер алдыңыз?
-Ой қосыңыз.
Мультфильм көрсету

«Өміріңе немқұрайлы қарама» туралы ән /қағазға сөзін жазып таратып, хормен
айту/
Өміріңе немқұрайлы қарама
І. Тыңда досым мен айтайын от тілек,
Дүниеден өтті бай да,өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Дәулетіңмен тұрсаңдағы көк тіреп.
ІІ. Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Шақша басың айналса да бақыттан.
Қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Ол да мәңгі тұрмайтын бір шағала.
Кенелсең де досым қанша шаттыққа,
Өміріңе немқұрайлы қарама.
ІІІ. Тұсау салып, бастатқызбай көш дарын,
Көрсе дағы дұшпан күлкі, дос таба
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.
ІҮ. Сын сағаттан сақтау үшін өз басын
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Айдын көлге айналса да көз жасың.
Ү. Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Ол да мәңгі тұрмайтын бір шағала.
Қанша азап көрсеңдағы бауырым,
Өміріңе немқұрайлы қарама!

-----------------------
Ұстаз

Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы топырақ типтері. 8 сынып
Қазақстандағы топырақ типтері жайлы ақпарат ( 8 сынып )
Қазақстандағы топырақ типтері
Топырақ жайлы ақпарат
Топырақ құрамында
Табиғат тарауын қайталау
Қазақстанның топырақ жамылғысы. 8 сынып
Қашау тәрізді наральникті қопсытқыш табандарда ашылуы бұрышы
Мұнаймен ластанған топырақтар
Түркістан қаласының географиялық координатасы
Пәндер