Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Мектепішілік Жас ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер Республикалық қоғамдық бірлестігінің Тәуелсіз елдің ұландары атты Тәуелсіздік күніне арналған концерті және ұйымға қабылдау салтанатының өтілу барысы
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-
лицейдің тәлімгері Елікбаева Гүлфайруз Мырзаханқызы
Мектепішілік «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер Республикалық
қоғамдық бірлестігінің «Тәуелсіз елдің ұландары» атты Тәуелсіздік күніне
арналған концерті және ұйымға қабылдау салтанатының өтілу барысы
Мақсаты: Оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары
екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып,
ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу. «Жас ұлан» ұйымының
қатарына мектеп оқушыларын қабылдау.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, қанатты сөздер, гүл
шоғырлары, шарлар т.б.
1-жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі
Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіз елдің ұландары» атты
мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт
түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті
мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін
қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз. Осы кезеңде
Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай
деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен
еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
2-жүргізуші:Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін және
мектебіміздің оқушылары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау
жүрекжарды қуанышқа толы күні мектебіміз жаңа ғимаратқа кірді.Қазіргі күні
осындай жаңа ғимаратта оқу әр жас ұрпақтың арманы десе де болады.
1-Жүргізуші: Ия, дұрыс айтасың Құралай. Біздің Темірбек Жүргенов атындағы
мектеп-лицейдің «Жас ұлан» ұйымының мүшелері қатары осы мереке күндері тағы
да жаңа толқындармен толықпақшы.Олай болса мерекеге толы күндер көп болсын
деп жас ұландар концертін бастаймыз.
Би. «Өрнек» 7 «а» сынып биші қыздары
1-Жүргізуші: Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерген,
Ертеңімін Егеменді елімнің.
2-Жүргізуші: Менің елім - Қазақстан Отаным!
Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.
Мәңгілікке қымбаттысың туған ел.
Арта берсін, абыройың, атағың
Ортаға Тәуелсіздікке арнау жырларымен бір топ жас ұландарды шақырамыз.
1-Жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
2-Жүргізуші:Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Ән: «Жаса қазақ елі» орындайтын Қуанышбай Гүлсезім
Күй: «---------------------------------------» Бекет Ерсұлтан
Ән: Жақсылық Жаннұрдың орындауында «Қазақ елі»әнін қабыл алыңыздар!
1-Жүргізуші:Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата - баба рухына
2-Жүргізуші:Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
24жылдығына арналған мерекелік кешімізді «Жас ұлан» ұйымына қабылдау
салтанатымен жалғастырамыз.
1-Жүргізуші: 2011 жылдың 6 шілдесінде еліміздің «Нұр Отан» ХДП қолдауымен
тұңғыш рет біртұтас «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы
республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Жасөспірімдер мен балалардың
бірыңғай «Жас ұлан» ұйымына қабылдануды ерікті түрде жүргізіледі және
оларды Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін ортақ мақсат
біріктіреді.
2-Жүргізуші: Бұл күнде өзіндік символикасы мен атрибутикасы бар «Жас ұлан»
ұйымы туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз құттықтау сөзінде «Жас ұлан» бүкіл
Қазақстанға таралып, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге, оқудың және
тәртіптің үлгісін көрсетуге, Қазақстанның Тәуелсіздігінің нығайтуға, еліміз
үшін қызмет етуге, патриот болуға бәріңізді баулитын болсын!»- деп атап
көрсетті.
Еліміздің осындай салмақты сөзінен туындайтын міндетті бүгін сезіне отырып,
Тәуелсіз ел аясында, бейбіт өмірдің, қамқор Отан - ананың құшағында бақытты
балалық күндерін кешіп жүрген жас достарымызды «Жас ұлан» ұйымының қатарына
қабылдау салтанатына куә болыңыздар!
- Бүгінгі «Тәуелсіз елдің ұландары» атты салтанатты жиынымызды ашық деп
жариялаймыз!
Бүгінгі жиынымызға мектебіміздің озат, үлгілі, шәкірті ретінде 2-4 сыныптар
арасынан «Жас қыран» ұйымына 30 оқушы, 5-10 сыныптар арасынан «Жас ұлан»
ұйымына 2 оқушы қабылданбақшы.
Бүгінгі «Жас ұлан» ұйымына қабылданатын бір топ оқушыларды ортаға шақырамыз
/Қабылданатын оқушылар ортаға келіп тұрады/
Ұланбасы: Ұйым түзел, тік тұр!
Назар аударыңыздар!
«Жас ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігінің
Туы енгізілсін!
1-Жүргізуші: «Жас ұлан» ұйымының туын әкелу құрметіне мектебіміздің жас
ұландары 9 «а» сынып оқушысы, республикалық «Абай Шәкәрім»оқуларының
жүлдегері Ахет Нұрбақыт, 10 «б» сынып оқушысы,республикалық «Тіл -тұнық
ойдың кәусары»байқауының жеңімпазы, «Алтын белгіге»үміткер Әбдісаттар
Перизат және 10 «а» сынып оқушысы «Алтын белгіге» үміткер ЖақсылықДинара ие
болды.
/ Жас ұлан ұйымының туы кіргізіледі./
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні шырқалсын!
№123 мектеп-лицейінің ұланбасы рапорт береді
Жас ұлан, жас қыран түзел тік тұр!
Құрметті аға тәлімгер!
«Жас ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігі
бүгінгі салтанатты жиынға дайын!
Рапорт тапсырушы «Жас ұлан»ұйымының ұланбасы 9 сынып оқушысы Садық Ақниет
2-жүргізуші: Ел басымыз өз сөзінде, «Мен сендерге еліміздің тұғырлы ұрпағы,
тамаша кәсіп иесі, патриоты болады деп үміт артамын. Туған Отанымызды
мақтаныш етумен бірге, мақтан тұтар ұландар болуға ұмтылу сіздердің
перзенттік парыздарыңыз. Сендерді мақтан ететіндей болайық Жас
достар!»деген екен. Олай болса жас достар! «Жас ұлан» ұйымының мақсат,
міндет, ережелерімен танысуға дайынсыңдар ма?
Оқушылар; Дайынбыз!
«Жас ұлан»ұйымының әрбір мүшесі қоғамдық өмірде, тұрмыста қазақ халқының
салт-дәстүрін әдет-ғұрпын сақтауға және Республикамыздың мемлекеттік
нышандарын құрметтеп, мемлекеттік гимнді жатқа білу керек.
1-жүргізуші:»Жас ұлан» мүшесі Отанының адал азаматы, елінің бостандығы үшін
күресуші
2-жүргізуші: Жас ұлан» ұйымының мүшесі шыншыл, адал жолдас, әрқашанда
шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.
Олар кеуделеріне Қазақстан республикасының туының түсіндей галстук пен «
Алтын адам» , «Қыран» бейнесі бар төсбелгі тағады және «Жас ұлан» әнұраны
мен антын жатқа айтуға міндетті.
Ұланбасы:
Жас ұлан, жас қыран түзел тік тұр!
Құрметті Ләйла Шәріпқаниқызы
«Жас ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігіне
оқушыларды қабылдауға рұқсат етіңіз!
Рұқсат!
2-жүргізуші:Жас ұлан ұйымының қатарына кіруге дайынсыңдар ма?
Оқушылар: Дайынбыз!
1-жүргізуші:Ұйымға қабылданатын оқушыларымызға галстук тағу құрметіне
мектебіміздің оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, класс
жетекшілеріне және мектеп жас ұландарына беріледі
2-жүргізуші:»Ұйым мүшелері сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушылар: Рахмет!
Ұланбасы:
Жас ұлан, жас қыран түзел тік тұр!
«Біздің Ұранымыз!»
Оқушылар: « Қазақстан! Нұрсұлтан! Жас ұлан!» 3 рет айтады.
1-жүргізуші:Отанының ер ұланы,
Жер қайысқан қалың қол.
Тәуелсіз ел ұланы
Ант беруге дайын бол!
Салтанатты түрде ант беру рәсімі.
Мен – 6 «б» сынып оқушысы Манасқызы Гаухар
Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына кіре
отырып:
Өз Отаным –Қазақстан Республикасының патриоты болуға.
Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге туған елім, жерім, Отанымды
мақтан етуге, ата-анамды қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге,
білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстауға, табиғатты
аялауға «Жас ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан
талап етуге ант етемін!
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге
және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін, ант етемін,
ант етемін.
1-жүргізуші: Жас ұлан әнұраны шырқалсын!
Құттықтау сөз мектеп-лицей директоры Ләйла Шәріпқаниқызына беріледі

Туы шығарылсын! (Ту әкетіледі).
1-жүргізуші: Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орманы, тауы, өзені көлі бар,
Қазағымның жерін, елін қорғайтын.
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
2-жүргізуші: Міне осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз,
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз , еріміз.
Хор: «Ұландар әні»
2-жүргізуші: Біз Тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландары өз жерімізді, өз
елімізді, өз Отанымызды қадірлеп, қастерлеуге мәңгі сүюге әрқашан қолдап -
қорғауға уәде етеміз.
1-жүргізуші: Бүгінгі «Жас ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер
қоғамдық бірлестігінің салтанатты қабылдау рәсімі аяқталды.
Бүгінгі салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
Бақытты күндер аясында кездескенше сау болыңыздар!
Соңы.
Дайындаған: Мектеп тәлімгері, «Жас ұлан» Республикалық балалар мен
жасөспірімдер қоғамдық ұйымының жетекшісі Елікбаева Гүлфайруз
Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей
«Жас ұлан»бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы

арналған концерті және ұйымға қабылдау салтанатының сценарийі
2015-2016 оқу жылы.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz