Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Халқы үшін туған қайратты ер атты Т.Жүргеновті еске алуға арналған әдеби- композициялық кештің өтілу барысы
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-
лицейдің тәлімгері Елікбаева Гүлфайруз Мырзаханқызы
«Халқы үшін туған қайратты ер» атты Т.Жүргеновті еске алуға арналған
әдеби- композициялық кештің өтілу барысы
Өтетін орын: Мектеп акт залы
Күні: 01.03.2016. Уақыты:
Сахна тақырыпқа сай безендіріледі. Музыка әуенімен сахнаға Темірбек
Жүргенов бейнесіндегі кейіпкер шығып монолог оқиды.( экраннан слайд
көрсетіліп отырады)
Монологтан кейін музыка күшейтіліп ортаға жүргізуші шығады.
Жүргізуші:
Орда бұзбай отызында қайралған,
Қырық жаста қамал алмай қайран жан
Оқу-білім, мәдениет, өнерді
Гүлдендіріп, тозаққа өзі айналған..
Армысыздар құрметті бүгінгі кешке жиналған қауым!Тәуелсіз бейбіт
елдің ұрпақтары!
Бойынан өмірге құштарлық оты бір сәт бәсеңсімей, еліне деген алаулы сезімі
жүрегімен қоса дүрсілдеп соғып тұрғанда ғұмыры мезгілсіз қиылғаннан аянышты
нәрсе бар ма екен? Темірбек Жүргенов небәрі 39 жыл жасады, үшінші мүшелінен
шыға бергенде өзі керемет үміт еткен мына өмірге соңғы рет дұрыстап қарай
да алмай, не болғанын жөнді ұғып үлгірмей кете барды. Кешегі 37 де орылып
түскендердің баршасының түйінді тағдыры бұл. Олардың барлығы көмбесіне
жетпей құлаған сәйгүлік тәрізді бойындағы барын сарқи алмай кеткендер.
Елім деп еңіреп өткен ер Темірбек Жүргеновтің есімімен аталған
қасиетті қара шаңырақта өткелі отырған «Халқы үшін туған қайратты ер» атты
Т.Жүргеновті еске алуға арналған әдеби- музыкалық кешке қош келдіңіздер!
Халқым деп жанын берген, қамшының сабындай өмірін тек біз үшін сарп
еткен - Темірбек Қараұлы Жүргеновке құрмет көрсетіп, атын ардақтау, ұрпаққа
ұлағаттау бүгінгі біздің міндетіміз.
(музыкалық пауза)
(Т.Жүргеновтің өмірбаяны оқылады)
1-Оқушы:
Қоғам, мәдениет және әдебиет қайраткері - Темірбек Қараұлы Жүргенов
1898 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы Жаңаталап ауылдық
әкімшілігіне қарасты Іздібай өзегі бойындағы Қараның қыстауында дүниеге
келген. Темірбек білімге ерте қол созған азамат. Ауыл молдасынан кейін,
Перовскідегі Суханскии атындағы орыс-қазақ училищесінде бастауыш білім
алған.
1917 жылы Уфа жер шаруашылығы училищесіне оқуға түседі. Осында оқып жүріп
қоғамдық өмірге белсене араласады, студент жастардың әлеуметтік
қозғалыстарына қатысады. 1918 жылы «Қазақ мұңы» газеті редакциялық
алқасының құрамына енді, Торғайдағы кеңестер съезін шақыру бюросының мүшесі
болды.
2-оқушы:
Темірбек Қараұлы Жүргенов есімі тек қана қазаққа ғана емес, иісі түркі
жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті қоғам
және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы-көсемсөз иесі саналады. 1919
жылы Ырғыз уезі Кенжеғара болысы революциялық комитетінің төрағасы
қызметіне тағайындалған. 1920 жылы БК(б)П қатарына өтіп, Ырғыз уездік
революциялық комитетінің, уездік жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары
атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1923 жылы Орынбор жұмысшы
факультетін, 1927 жылы орта Азия мемлекеттік университетін бітірген.
3- оқушы:
Темірбек Жүргенов 1918 жылдан бастап түрлі лауазымды жауапты қызметтер
атқарып, 1926-29 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтының
ректоры болды. Жоғары оқу орындарына арналған саяси экономия және құқықтану
пәндері бойынша оқу құралдарын қазақ тіліне аударды. Қазақ термелерінің
жинағын құрастыруға ат салысты. 1929-1930 жылдары - Тәжікстан үкіметінің
қаржы комиссары. 1930-1933 жылдары - Өзбекстан үкіметінің халық ағарту
комиссары қызметтерін атқарды.
4- оқушы:
1933-1937 жылдары Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары
қызметтерін атқарды. Ол Қазақстанның Халық ағарту комиссариаты жұмысына
С.Аспандияров, Қ.Жұбанов, Ғ.Мүсірепов сияқты қайраткерлерді тартты.
Жүргеновтің тікелей ат салысуымен «Қазақстанда мектеп жүйесін реттеу және
қазақ орта мектептерін көбейту туралы» қаулы қабылданып, қазақ орта
мектептерінің саны артуына негіз қаланды. Ол 1934 жылы Алматыда өткен
Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-слетін, 1936 жылы Мәскеудегі
Қазақстан өнері мен әдебиетінің онкүндігін негізгі ұйымдастырушылардың бірі
болды. Онкүндік кезінде республикамыздың өзге де мәдениет қайраткерлерімен
бірге Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
5- оқушы:
Темірбек Жүргенов - ойы ұшқыр, қаламы қарымды публицист. Оның
«Қазақстандағы мәдениет революциясы», «Қазақстандағы сауатсыздықты жою»
кітаптары, «Саяси экономия» оқулығы, «Орта Азиядағы қазақ халқының
күйлері», «Қазақ педагогикалық институтын құру», «Қазақ халқының ақындары
мен жыршылары», тағы басқа очерктер мен мақалалары бар. Қазақстандағы
мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі,
республиканың көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргенов
өмірінің соңғы күндеріне дейін қазақ халқына, еліне адал қызмет етті, қалың
жұртшылық арасында үлкен құрметке, зор беделге ие болды.
Драмалық қойылым «Т.Жүргеновтің тұтқындалуы»
Жүргізуші:
1937 жылы 3 тамызда «халық жауы» деген жалған айыппен ұсталып, РКФСР
Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10- 11-тармақтары бойынша ату жазасына
кесілді. 1957 жылы КСРО Жоғары сотының әскери коллегиясы Темірбек
Жүргеновті толығымен ақтады.
«Темірбек Жүргенов» документальды фильмінен үзінді көрсетіледі.
Замандастар лебізі 5-7 сынып оқушылары
Жүргізуші:
Темірбек Жүргенов халық ағарту ісін жоғары сатыға көтерумен қатар, өнер
саласында үздік еңбек еткені белгілі. 1926 жылы тұңғыш рет қазақтың драма
театры құрылды.1936 жылғы онкүндікте Мәскеуліктерді қазақтың сазды әндері,
күйлері мен билері ғана емес жалпы қазақ халқының рухани байлығы, талантты
ұл-қыздарының өнері таң қалдырып, бұл қазақ өнерінің жемісті мерекесіне
айналды.Әсіресе күміс көмей әнші Күләш Байсейітова мен мың бұралған биші
Шара Жиенқұлованың,қазақ даласының кеңдігін әнімен жеткізген Әміре
Қашаубаевтардың таланттары аса жоғары бағаланды. Бүгінгі күні мектебімізде
де осындай аға-апаларымыздың ізін жалғайтын өнерлі, талантты өрендер көптеп
саналады.
Би: «Өрнек»орындайтындар 7 «а» класының қыздары
Күй: «Балбырауын» 5 «б» Бекет Ерсұлтан, 6 «а»Қуаныш Бақдәулет
Ән: 5 «б» класы Жақсылық Жаннұр «Қазақстаным алға»
Жүргізуші: Сыр өңіріндегі іргелі аудандардың бірі – Темірбек Қараұлының
туған жері Жалағаш та міне осындай өрендер өсіп келеді. Ағаларымыз
армандаған бұл күнді қуанышпен қарсы алу біз үшін бақыт!
Темірбек атамыздың жарқын бейнесі бүгінгі және болашақ ұрпақтың жадында
мәңгі сақтала бермек. «Қазақтың Луначарскийі», «Темір Нарком», «Театрдың
атасы» атанған кесек тұлғаның артында 7 кітабы, ұлттық әдеби- мәдени, оқу-
ағарту саласына қатысты жазылған 100 ден аса құнды дүниелері бүгінгі
ұрпақтың игілігіне айналуда.
Жақсының аты халқының мерейін асқақтатып қана қоймай, ұрпағының жігерін
қайрап, ұлтының парасатын шыңдайтыны анық. Соның бір дәлелі мектебіміздің
аудан, облыс көлемінде танылып, шыңдалып жүрген жас ақындары Темірбек
аталарына арнау өлеңдерімен келіп отыр.
Арнау өлеңдерімен оқушылар ортаға шығады
8 «ә» Талапбек Нұрсұлтан,
9 «а» Ахет Нұрбақыт,
9 «а» Қанибай Оралбек,
10 «а» Жаңабай Құралай,
Жүргізуші: «Бірде – бір дәуірді оның ұлы адамадарын танымай тұрып дұрыс
түсіну мүмкін емес. Адамзат тағдырлары арқылы біз тарих жүрісін көріп қана
қоймаймыз, сонымен қатар, оның руханиятынан да сусындаймыз»- деп Елбасы
Н.Ә. Назарбаев өзінің әділ бағасын берген болатын. Солардың бірі қайраткер
тұлға – Темірбек Жүргенов болатын.
Сөз беріледі:---------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------
Жүргізуші: Қай заманда болмасын, қай қоғамда болмасын қазақ халқы әруақ
сыйлаған халықпыз.... «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген ата- бабамыз
бүгін Темірбек атамыз орнынан бір аунап түскен болар.
Мерт болғандай еркін ойдың маралы,
Жаным менің сені ойласам жаралы.
Жалағашта ашып өмір есігін,
Жарты әлемді жалт қаратқан Қараұлы
Мына өмірден бір ақ кетер, бір келіп,
Жан-жағына білімменен нұр беріп
Қазағымды қайтсем халық қылсам деп,
Ғұмыр кештің ұлттың ұлы Жүргенов
Хор: «Ағалар армандар»
Соңы.
Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей
Аудандық «Халқы үшін туған қайратты ер» атты онкүндік барысында өткен
Т.Жүргеновті еске алуға арналған әдеби- композициялық кештің сценарииі
2015-2016 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz