3-сынып математика: Периметрді табуда көбейтудің үлестірімділік қасиетін қайталау

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Досжанова Гүлдәрі Бақытжанқызы

Математика
3 «ә» сынып

Күні:

Математика: Сабақтың тақырыбы
3 «ә» сынып: Қайталау. Амалдардың қасиеті
Математика: Сілтеме
3 «ә» сынып: Жоспар. Математика 3класс «Атамұра» 2014
Математика: Жалпы мақсаты
3 «ә» сынып: Фигуралардың периметрін табуда көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдану жолдары жайлы оқушылардың білімдері бекиді, кестелік көбейту мен бөлу біліктері бекіп, үлестің шығарылуы, аталуы және жазылуын қайталайды.
Математика: Күтілетін нәтиже
3 «ә» сынып: Геометриялық фигуралардың периметрін табуда көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданады, «үлес» ұғымын қайталайды
Математика: Негізгі идеялар
3 «ә» сынып: Амалдардың қасиеті
Математика: Тапсырмалар
3 «ә» сынып:

«Кім жылдам?» ойыны. Тездет, бірақ қателесп е. Сәйкестендір

Тест тапсырм асы. Қызығушылығын ояту. Топтық жұмыс «Ойлан, жұптас, есепте»

Математика:

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Шаттық шеңбері»

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,

Сәлемдестік бәріңе әдеппенен біз.

Қуансаңыз сіз, қуанамыз біз.

Сізге де, сізге де, сізге де,

Саулық тілейміз біз - деп бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.

Үш фигура бойынша оқушылар 3 топқа бөлінеді

І топ Алғырлар

ІІ топ Тапқырлар

ІІІ топ Зеректер

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Қызығушылығын ояту

«Сен мұны білесің!»

«Не ұқтым?» кубизм әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау

ІV. Мағынаны тану

21 ғасырды елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев білім кезеңі деп белгілеген. Білімге көп назар аударылған. Өйткені еліміздің даму деңгейі біліммен өлшенеді. Мемелекеттің негізгі тірегі - білімді, білікті, дарынды адамдар. Олай болса, еліміздің экономикасын көтеруге бар күшімізді жұмсайық! Болашаққа қадам жасау күнделікті сабақ үстінде алған білімдеріңнен басталады.

- Бүгінгі сабағымызда “Білім шыңына” көтерілуіміз керек. Оған көтерілу үшін тапсырмаларды орындау керекпіз. Ол үшін білімімізді шыңдап, көрсету үшін баспалдақтармен көтерілуіміз керек.

Мұғалім: Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына!

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізеді сіздерді

Математика сырына!

V. Топтық жұмыс

І топ

Қабырғасы 3 см шаршының периметрін әр түрлі тәсілмен тап. Сол тәсілдерді салыстыр. Қайсысы тиімді? Неліктен? Шаршының периметрін табу үшін көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдануға бола ма? Соны жазып көрсет.

Р= 3+3+3+3=12 (см) Р= 3*4=12 (см) Р= (3+3) *2=12 (см)

ІІ топ

ED кесіндісінің ұзындығын әр түрлі тәсілмен тап. Сол тәсілдерді салыстыр. Қайсысы тиімді? Неліктен? Кесіндінің ұзындығын табу үшін көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдануға бола ма? Соны жазып көрсет.

(2+3) *2=10 (см) 2*2+3*2=10 (см)

ІІІ топ

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып, ұзындығы 5 см, ал ені 2 см тік төртбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен тап.

Р= (5+2) · 2 = 14 см Р= 5 · 2+2 · 2 = 14 см Р= 5+2+5+2 = 14 см

Топтар бір - бірін бармақ арқылы бағалайды

VI. Оқулықпен жұмыс

№3

Суреттегі төртбұрыштардың қайсысының периметрін көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдану арқылы табуға болады? Сол төртбұрыштардың периметрлерін тап.

Р= (2+4) *2=12 (см) Р= (2+2) *2=8 (см) Р= (2+3) *2=10 (см)

VII. «Ойлан, жұптас, есепте»

Жұптық жұмыс Сендер оны орындай алатындарыңа мен сенімдімін. Жұптық жұмыстың тапсырмалары

Тап:

40 - тың ― бөлігін

36 - ның ― бөлігін

36 - ның - бөлігін

72 - нің ― бөлігін

21 - дің ― бөлігін

Тап:

42 - нің ― бөлігін

27 - нің ― бөлігін

35 - тің ― бөлігін

90 - ның ― бөлігін

18 - дің ― бөлігін

Тап:

60 - тың ― бөлігін

32 - нің ― бөлігін

45 - тің ― бөлігін

54 - тің ― бөлігін

15 - тің ― бөлігін

Смайликтер арқылы оқушылар бірін -бірі бағалайды

№ 5

Жолаушы 10 км жолдың жартысын салт атпен, бестен бірін жаяу, ал қалған жолды велосипедпен жүріп өтті. Жолаушы велосипедпен неше километр жол жүрді?

Ш: 10км:2=5км 10:5=2 км 10 - (5+2) = 3 км Ж: 3 км велосипедпен жүрді

VIII. Сергіту сәті:

Ойы жүйріктер ойланады

Анам қырыққабат тұздады. Әрбір 2 қырыққабатқа 4 қасықтан тұз салды. Егер анам 20 қасық тұз жұмсаса, неше қырыққабат тұздада?

10 қырыққабат

Жұлдызқұрт биіктігі 14 м ағашты бойлай күні бойы 4 м көтерілді, ал түнде 3 м төмен түсті. Жұлдызқұрт ағаш басына неше күнде өрмелеп шығады?

14 күн

Үстел үстінде 5 майшам жанып тұр еді. Еркін оның 4 - еуін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше майшам қалды?

5 майшам

8 8 8 8 =1 8 8 8 8 =2

8 : 8 + 8 - 8 =1 (8 : 8) + (8 : 8) =2

XI. « Тездет, бірақ қателеспе»

Тақтамен жұмыс

Теңдеулерді шеш:

№6

С*6=540 540:а=60 х:6=90

С=540:6 а=540:60 х=90*6

С=90 а=9 х= 540

90*6=540 540:9=60 540:6=90

540=540 60=60 90=90

Х*8=480 180:х=90 х:5=40

Х=480:8 х=180:90 х= 40*5

Х= 60 х= 2 х= 200

60*8=480 180:2=90 200:5=40

480=480 90=90 40=40

X. Топтық жұмыс

Кім жылдам?" ойыны

”Алғырлар” тобына - сөз есепті қолайлы тәсілмен шығар.

Мерекеге әрқайсысы 7 теңгеден тұратын 20 қызыл шар және 30 көк


Ұқсас жұмыстар
6-сынып математикасы: көбейтудің үлестірімділік қасиеті және ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
3-сынып математика сабағы: Қосындыны санға көбейту (көбейтудің үлестірімділік қасиеті) - саяхат сабақ (Ақкөзова Алтынгүл Қосбармаққызы, Қалдығараев орта мектебі, Бейнеу)
Қосындыны санға көбейту (көбейтудің үлестірімділік қасиеті): бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
3-сынып математикасы: Көбейтудің қасиеттерін қолдану (ашық сабақ)
5-сынып математикасы: натурал сандарға амалдар, өрнектер және қосу мен көбейтудің қасиеттерін қайталау мен меңгерту сабақ жоспарлары
3-сынып математикасы: Қосындыны санға бөлу және көбейтудің қасиеттерін қолдану сайыс сабағы
4-сынып математика сабақ жоспары: 25-ке көбейтудің тиімді тәсілдері мен логикалық есептер
Қысқа мерзімді сабақ жоспары: 4-сынып математика - сандарды көбейтіндіге көбейту және көбейтудің қасиеттері
Сабақ жоспары: Көбейтудің қасиеттерін қолдану
3-сынып математика сабағының жоспары: Массаны өлшеу және масса бірліктерінің арақатынасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz