2-сынып математика: жақшалы өрнектерді шығару тәртібі мен білімді тиянақтау

Пән: математика

Сынып: 2 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Жақшалы өрнектердің шығарылу тәртібін пысықтау, жақшалы өрнектер алдымен орындалады.

Дамытушылық. Ойын арқылы оқушылардың жылдам және ауызша есептеу қабілеттерін, ойлау қабілеттерін дамыту, танымдық қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік . Оқушыларды адамгершілікке, тапқырлыққа, жылдам ойлауға, өз ойын қорыта айта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Пәнаралық байланыс : ана тілі,

Көрнекіліктер: таратпа материалдар, интерактивті тақта (слайд), ойын тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Психологиялық дайындық.

Менің ойым мейірімді

Менің жүрегім мейірімді

Мұғалімнің сөзі:

«5»-тік болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз

Өнер-білім көп тоқып

Өсе берсін санамыз.

Қане, достым, тексерші,
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма, бүтін бе,
Дәптер, қалам, кітабың?
Тұрма күнделік алдыңда,
Қолыңда ма қаламың?

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

«Еліміздің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет» Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтің халқына жолдауынан

Ал, енді бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Біз келген қонақтарға алған білімімізді көрсету керекпіз, сондықтан біздің математика сабағына ертегілер елінен кейіпкерлер тапсырмаларын алып келіпті

Бірінші ертегі кейіпкеріміз

Алдар көсе. Алдар көсенің тапсырмасы:

Ауызша жылдам есепте (қызығушылықты ояту)

45 + 5 = 50 78 - 18 = 60 3 + 9 = 12

67 + 3 = 70 98 + 2 = 100 21 - 11 = 10

52 - 2 = 50 10 + 9 = 19 34 + 6 = 40

2. «Бауырсақтың» тапсырмасы. Логикалық есептер

  • Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? 5
  • Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады? 2 кг
  • Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты? 4 күн
  • Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды? 1 адам
  • Мараттың кілең 1 теңгеліктен тұратын барлығы 100 теңге ақшасы бар еді. Құрал - жабдық сатып алған ол дүкенге 97 теңге төлеуі тиіс еді. Қалай тез есептеп беруге болады? 3 теңге

Дәптермен жұмыс

Ақпанның 7 - сі

Сынып жұмысы

Білімді тиянақтау

Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып, көркем жазу жолын толтырайық.

Көркем жазу 69

Осы цифрды сипатта

Математикалық диктант

10 және 60 сандарының қосындысына 8-ді қос

70-ке 12 мен 6 сандарының айырмасын қос

65 пен 5 -тің айырмасы

11 мен 9-дың қосындысы

«Кенжекейдің» тапсырмасы Ертөстік ертегісінің кейіпкері

1. Өрнек түрлерін ата

2. Теңдеу дегеніміз не?

3. Қосындының компоненттерін ата?

4. Айрманың компоненттерін ата?

3. Бір таңбалы сандарды ата?

4. Толық ондықтарды ата?

5. 1 сағатта неше минут бар?

6. 1 тәулікте неше сағат бар?

«Шалқанның» тапсырмасы Балық аула ойыны

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл!»

Ойлан, шығар, есепте,

Түсіндірші кезекпен!

Сендерге кезек берейік

Айтыңдаршы ретпен!

«Құйыршықтың» тапсырмасы Есептеп, дұрыстығын тексер

60 + 28 = 88 59 - 30 = 29 50 + 27 = 77 (дәптерімізге жазамыз)

«Қызыл Телпектің тапсырмасы» Жасырынған санды тап

32 + 23 = 55 + 40 = 95

28 + 32 = 60 - 20 = 40 95 - 40 - 10 = 45

12 + 8 = 20 - 10 = 10

Сергіту сәті:

Добым, добым домалақ

Тоқтамайсың домалап,

Үстел үстін бүлдірдің

Тәрелкені сындырдың

Тентек болып кеттің деп

Тұрмын саған өкпелеп

«Қалқаңқұлақтың» тапсырмасы Топ - топ ойыны

Оқушылар қатармен тапсырманы орындайды

  • Тіктөртбұрыш деген не?Шаршы деген не?Үшбұрыш деген не?Периметр деген не?Дәптерлеріне әр қатар өз тапсырмасын формуланы пайдаланып жазып түсіндіріп береді«Түймеқыздың» тапсырмасы Теңдеуді шешх + 16 = 56 28 - х = 18х = 56 - 16 х = 28 - 18х = 40 х = 1040 + 16 = 56 28 - 10 = 1856 = 56 18 = 18Есеп шығара білеміз бе? тақтаға орындайдыМектепте 14 мұғалім және одан 4-еуі кем тәрбиеші бар. Мектеп ұжымында барлығы неше адам жұмыс істейді?Мұғалім - 14 ?Тәрбиеші - ? 4 - еуі кемШешуі: (14 - 4) + 14 = 24Жауабы: барлығы 24 адам істейді

Есептейік, талдайық,

Ешбіріміз қалмайық

Артық, кемін анықтап,

Жауабын тез табайық!

  • Салыстыр, дәптерлеріңе жазыңдар1 тәулік > 23 сағат5 тәулік 16 сағат < 5 тәулік 20 сағат5 онд 6 бірл = 561 дм = 10 см«Қоянның» тапсырмасыӨрнектерді атап, дәлелдейді63 + 37 = 100 100 - 37 = 63 100 - 63 = 3745 +55 = 100 100 - 55 = 45 100 - 45 = 55

Есептейік, талдайық,

Ешбіріміз қалмайық

Артық, кемін анықтап,

Жауабын тез табайық!

Математикалық жұмбақтар

11 түйе, 5 жылқы

2 сиыр, 5 ешкі

2 қоян, 3 түлкі

Таба алмасаң бол күлкі ( 28 )

ІV. Сабақты қорытындылау.

  • Бүгінгі сабақ қызық болды ма ? Сабақ несімен саған ұнады?

Бағалау.

  • Ал, әр кім қанша жүрек алды санап беріңдер, сол бойынша бағалауды жүргіземін

Үйге тапсырма

Күнделіктеріңді ашып үй тапсырмасын жазып алыңдар


Ұқсас жұмыстар
2 А сыныпқа арналған математика сабағы: Білімді тиянақтау (Өткенді пысықтау) сабақ жоспары
Жақшалы өрнектерді шешу және ондықты аттап қосу мен азайтуды пысықтау
5-сынып математика: Жай бөлшектерге амалдар бойынша білімді тиянақтау сабағы
2-сынып математика: амалдарды орындау тәртібі және жақшалар
2-сынып математика: 7 санын қосу және азайту тәсілдерін тиянақтау
Ашық сабақ: 2-сынып математика - Теңдеуді шығару
4-сынып математикасы. Білімді тиянақтау: біртаңбалы сандарға көбейту және бөлу
4-сынып математикасы: қозғалысқа қатысты есептерді қайталау және білімді тиянақтау
4-сынып математикасы: Білімді тиянақтау - әдістемелік сабақ жоспары және бағалау тапсырмалары
2-сынып математика: Кестелік қосу мен азайтуды қайталау - 100-ге дейінгі сандар мен өрнектерді меңгерту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz