Тәуелсіздік тұғырым

Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым!»
Мақсаты: 1. Туған елі, Отаны - Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, тәуелсіздік
туралы түсінік беру.
2. Қазақстан Республикасының рәміздері жөнінде түсініктер беру және
Білімдерін бекіту.
3. Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, мемлекеттік тілді, рәміздерді
құрметтеуге және елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қазақстанның картасы, ҚР - ның рәміздері, дидактикалық ойындарға
атрибуттар.
Сөздік жұмыс: Отаным, тәуелсіз, егеменді, мемлекет, елбасы, рәміздер, көпұлтты.
Ертеңгіліктің жүрісі: Зал мерекеге сай безендірілген. ҚР-ның халық әртісі, композитор
Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің сазымен әдемі киінген
қолдарына жалаушалар ұстаған балалар тізіле кіріп, орындарына
тұрады.
Жүргізуші: - Құрметті қонақтар, сүйікті балалар! Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл болды. Бұл жылдар ішінде елімізде біраз өзгерістер болды.
Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де, білімді болып өсу
талабы туды.
Гүлжайна:
М. . Мақатаев «Отан туралы»
Мен онаң түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған
Бәрі маған « Отан» деп сыбырлаған
Жаным менің, кеудемді жарып шықта,
Боз торғайы бұл оның шырылдаған.
Отан, Отан
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Жүргізуші: М. Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқиды.
Ортада ересектер тобының балалары Жамбыл Дүйсеновтың « Мен -қазақпын»
өлеңін оқиды.
Мейіржан : Мен -қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Мақтанамын анам туған тіліммен.
Дүниеге жар саламын айқайлап,
Сәби жүрек пәк періште үніммен.
Аслан: Мен -қазақпын, ұлылардың көзімін.
Абай, Мұхтар, Баукеңдердің сөзімін.
Жеткіземін жауқазындай жырыммен,
Жұбан, Мағжан, Сәкендердің сезімін.
Ақтілек: Мен - қазақпын, мен ұлтымның ұлымын,
Мұқағали, Мұхтарлардың жырымын.
Басқа жанға бас имейтін Тәңірден,
Мен азатпын, мен елімнің ұлымын.
Әсем: Мен - қазақпын, шындық менің ұраным,
Шындықты мен Алашым деп ұғамын.
Тілім, Жерім, елім дейтін еңіреп,
Ертең менде ата жолын қуамын.
Хор : « Отан біздің әніміз» орындайтын 5 топ балалары.
Жүргізуші : - Біздің Қазақстан егеменді ел, тәуелсіз мемлекет.
- Балалар, сендер « Тәуелсіздік алдық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Балалар : - Өзіміздің жеріміз, еліміз, теңдігіміз, туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз,
теңгеміз бар.
Жүргізуші: - дұрыс айтасыңдар, балалар. Ал тәуелсіздік мерекесіне арналған тақпақтар білесіңдер ме?
№ 4 топ балалары тәуелсіздік туралы өлеңдер оқиды.
Гүлжайна : Тәуелсіздік - таң нұрысың арайлы,
Бабалардың арманымың талайғы.
Ғасырлардың құшағында ержеттің,
Халқым сені өз бақыты санайды.
Сымбат : Тәуелсіздік - рухы күшті ғажап күн,
Артта қалды бодан болған аза күн .
Елім, жерім, қазағым деп тебіренем,
Өйткені мен - тәуелсізбін, азатпын .
Нұрай : Туған жерім, байтақ мекенім,
Сенен ұқтым кеңдіктің не екенін.
Қазақстан деген атты ардақтап,
Мәңгі бақи басымды иіп өтемін.
Жүргізуші: Ересек тобының орындауында «Сұлтан» биі.
Жүргізуші: -Біздің Қазақстанда көп ұлттар тұрады.
Біздің Республикамызда 100- ден астам ұлт өкілдері тұрады . Әр ұлттың өзінің әні,
дәстүрі, ұлттық киімдері және Мемлекеттік рәміздері болады. Сендер біздің елімізде
тұратын ұлттардың қалай тұрады екен? Білесіңдер ме?
Балалар: - Олар бір-бірімен дос, тату тұрады.
Жүргізуші: -Олай болса өз еліміздің қонақтарын қарсы алайық.
Залға музыка әуенімен қазақ ұлты өкілдері кіреді.
Қазақ ұлты :
- Өркениетті ел боламыз келешек
Шет елдерге болмаймыз біз берешек
Екі мың отыз келген кезде бұйырса,
Елім дейтін, халқым дейтін ер өседі .
Аш болмайды, тоқ болады халқымыз,
Ешқашанда бұзылмайды салтымыз,
Президентті әрқашанда қолдаймыз,
Жастарыма, толық сенім артамыз -
Ақмарал: Мен мен едім, мен едім, егемен елдің ұлы едім.
Жиырма жасқа толасың, тәуелсіз елім нұр елім!
Кеудемде сен деп соғады бейкүнә сәби жүрегім
Гүлденіп, жайнап, көркейіп өссе деп жүрген өз елін.
- Армысыңдар балалар, бармысыңдар халайық! Осыдан 20 жыл бұрын қазақ елі егемен ел болды . Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерей тойын тойладық. Келешек ұрпақ, қазақ жерінің иесі - сендерсіңдер . Сондықтан өркениетті ел болуымыз үшін білімді болуымыз керек. Мен сендерге көптеген сұрақтар қоямын . Сендер қазақ елі туралы не біледі екенсіңдер, соны білгім келеді.
- сұрақ :
- Балалар, сендердің ұлттарың кім?
Балалар: біздің ұлтымыз - қазақ.
- Елімізді, жерімізді, жаулардан қорғаған, тәуелсіздік үшін күрескен қазақ батырларын білесіңдер ме?
Әділжан : - Елімізді, жерімізді, жаудан қорғаған, тәуелсіздік үшін күрескен батырларымыз: Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай, Райымбек, Қамбар, Исатай мен Махамбет.
- сұрақ :
- Қ азақстан Республикасының Президенті кім?
Нұрила : - Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- ҚР -ның бас қаласы қалай аталады?
Балалар: Бас қаласы - Астана қаласы.
- сұрақ:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы не білесіңдер?
Естияр топ балалары рәміздер туралы өлеңдер оқиды.
Дамир: Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған
Билігім өз қолымда
Еркіндігім елтаңбам.
Ақберен: Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
Ақтілек: Ақ ниетті алтын күн
Асқақ арман қыраны
Жалау бұл халқымның
Мәртебесі Ту ары.
Хор: « Көк тудың желбірегені»
Жүргізуші:
-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Мемлекетіміздің Рәміздерінің 20 жылдық тойын
тойладық. Сұраққа дұрыс жауап бердіңдер.
Ақмарал : -Балалар сендер Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
Балалар: - Ақтау, Ақтөбе, Астана, Алматы; Көкшетау; Павлодар, Қызылорда.
Ойын: «Біздің қала» (картадан Қазақстан қалаларын көрсетіп, атауын атайды және
Қалалардың эмблемаларын орналастырады)
Жүргізуші:
Біздің әнші «Квартет» балаларымыздың орындауында «Елтаңбасы елімнің» әні.
( орындайтын: Нұршат, Ильяс, Арай, Ернұр)
Д\о: « Әуенін тап»
(
Жүргізуші: - біздің ортамызда басқа ұлт өкілдері де бар екен.
Сіздер қай елден келдіңіздер?
Орыс ұлтының өкілі:
Бала: Мы русские, приехали из России. Нам в Казахстане очень нравится.
Өкіл: Казахский народ - очень гостепримный народ. Дорогие дети, гости.
Виктория: Прекрасен наш мир
Прекрасна страна
Цвети Казахстан
Родная земля
Орыс елінің өкілі:
Я вас поздравляю с днем Независимости. Теперь я вам буду задавать несколько
вопросы.
Өкіл: А вы знаете стихотворение о Родине.
Аянат: Вот земля родная Асылжан: Как повезло тебе и мне
Милые края Мы радовались такой стране
Светлая, большая Где люди все одна семья
Родина моя Куда ни глянь кругом друзья.
Нет страны чудесней
Нет земли милей
В самых лучших песнях
Мы поем о ней.
Назгүл: Казахстан мой, край родной
Нұргүл: Близко олово и медь Радуюсь тебе, горжусь стобой
Под ногами залегли Твои долины, реки поля
В сердце Мангистау нефть Все это ты, любимая земля.
Бьют фонтаном из земли.
Жргізуші: Балалар, сендер балабақшада орыс тілінде, ағылшын тілінде сөйлеп үйреніп жатырмыз. Сендерге ағылшын елінен де қонақ келген екен. Қарсы алайық.
Ағылшын ұлтының өкілі: - балалармен амандасады.
Өкіл : - Балалар, мынау не ?
Балалар: - Бұл глобус.
Өкіл: - Сендер глобустан қазақ мемлекетін көрсете аласыңдар ма?
Наздана: Мынау казақ елі .
Өкіл : - жарайсыңдар, балалар. Ал енді мен сендермен « Өз туыңды таны» дидактикалық ойын ойнатамын . Дайынсыңдар ма? (Әр елдің жалауын атап, өз елінің жалауын тануы керек)
Бала : - Ағылшын тілінде отан, туған жер, әдемі қалалар туралы тақпақтар білесіңдер ме?
- бала: 2 - бала
Mother country Almaty
One among many countries Breathing the mountain verduse
Native land - mother In the silk of solar dream
Native land - universe As good looking as a swan
Native land - Kazakstan Is our fabulous Almaty
3 - бала
The land of Kazakhs
Atirau,
And Altai,
And Arka,
And Semirechye
Are lovable land of all Kazakhs.
Our Motherland forever
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz