2-сынып қазақ тілі: Сөйлемдегі сөздердің байланысы тақырыбы бойынша сабақ жоспары (217-221 жаттығулар)

Маңғыстау облысы. Жаңаөзен қаласы.

Теңге ауылы. №17 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі: Индибаева Н. Ж

Қазақ тілі пәні 2-сынып

Тақырыбы: « Сөйлемдегі сөздердің байланысы» 217-221-жаттығулар.

Сабақтың мақсаты: - Сөйлемдегі сөздердің байланысы тақырыбын қайталата отырып, сөйлемдегі сөздерге сұрақ қоя білуге жаттықтыру.
- Балалардың сөздік қорын байыту, ой - өрісін дамыту. Ойлай білуге, ойын толық жеткізе алуға үйрету.

- Адамгершілік қағидаларын ұстана білуге, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, сызба, суреттер

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, әңгімелеу, талдау.

Сабақтың барысы: - Ұйымдастыру

- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

- Қазір балалар жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінің айларын ата.

- Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?

- Біз бүгінгі сабағымызды еліміздің Тәуелсіздік күніне арнаймыз. Біз әрбір тапсырманы орындай отырып, тәуелсіздік тарихына шолу жасаймыз.

1-тапсырма: - Өткен тақырыпты пысықтау. Ереже сұрау арқылы келесі слайдпен Тәуелсіздіктің алғашқы көрінісімен танысу.

2-тапсырма: Жаңа сабақ: - Олай болса, балалар біз осы тақырыпты тереңірек ұғу үшін « Сөйлемдегі сөздердің байланысы» атты тақырыпта 217-221-жаттығуларды орындап білімімізді тереңдете түсеміз.

217- жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөйлемнің байланысын табу. Тақтамен жұмыс жүргізу. Тапсырманы орындай отырып, келесі бейнені ашу.

3-тапсырма: 218-жаттығу. Екі сөзден тұратын сөйлемдерді сұрақ қою арқылы үш сөзді сөйлем етіп жазу. Мысалы:

Асыл ауылдан келді. Ол тамақ пісірді. Мал өрістен қайтты. Апам сиыр сауды.

Сергіту сәті: бейнекөрініс арқылы жасау.

4-тапсырма: 219-жаттығу. Жұптық жұмыс: Берілген тапсырмадағы орындары ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастыру. Сөйлем соңына тыныс белгісін қою. Сөздердің байланысын анықтау. Алдарындағы қағазға жұптасып берілген тапсырманы орындау. Мысалы:

1-топ: Ағам жылқы бағады.

2-топ: Мен досыма көмектестім.

3-топ: Біз құстарға жем дайындаймыз.

5-тапсырма: 220-жаттығу. Сәйкестендіру. Берілген сөйлемдерді сызбаға түсіріп сәйкестендіру. Және сөйлемдегі сөздердің байланысын сызып көрсету. Тақтада орындату. Мысалы:

1. Мәлік доппен ойнады. .

2. Мал жайылды. .

3. Әсия төсекті әдемілеп жинады. .

Шығармашылық тапсырма:

- Сабақты сұрақ-жауап арқылы бекіту.

- Үйге 221-жаттығу. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Қысқы ойын» тақырыбына әңгіме құрау.

- Бағалау. Қорытындылау.


Ұқсас жұмыстар
Сөйлемдегі сөздердің байланысы: қазақ тілі сабағының жоспары
2-сынып қазақ тілі сабағы: Су тіршілік көзі және сөйлемдегі сөздердің байланысы - сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Сөйлемдегі сөздердің байланысы (255-261 жаттығу)
4-сынып қазақ тілі: қыстырма сөздердің сөйлемдегі мағыналық реңктерін тиянақтау
2-сынып қазақ тілі сабағы: Етістік тақырыбы бойынша жыл бойы өткенді қайталау (465-470 жаттығулар)
2-сынып Ұйғыр тілі сабақ жоспары: Сөйлем бойынша қайталау (317-321 жаттығулар)
2-сынып қазақ тілі: Етістік тақырыбы бойынша қорытынды сабақ жоспары
2-сынып қазақ тілі пәні: Жұрнақ тақырыбы бойынша саяхат сабақ жоспары
3-сынып қазақ тілі - Бастауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары
4-сынып қазақ тілі: Шылау тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz