Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік
Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!
Мақсаты: -Оқушыларға жолда жүру ережесін үйрете отырып олардың алған
білімдерін пысықтау;
- өз ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру;
- оқушыларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеп,сақтыққа үйрету.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта,бағдаршам, жол белгілері т.б.
Барысы: - Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар,оқушылар!
Бүгінгі «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» атты ашық тәрбие
сағатымызға қош келдіңіздер!
Қазір техниканың жетілген заманы,заман талабына сай көшелерімізде
транспорт түрлері де көбейді.Осыған орай,қала,ауыл көшелерімізде балалар
өмірін кездейсоқ жол-көлік оқиғаларынан қорғау,бүгінгі күні мәні зор
мәселелердің бірі болып отыр.Біздің бүгінгі бастамамызда балалардың жолда
жүру ережелерінен алған білімдерін тиянақтай отырып,жол белгілерімен
олардың атқарушы қызметтері жайында өз білгендерін айту.
Сонымен қатар,бүгінгі тәрбие сағатымызға қалалық жол полициясынан арнайы
мамандар және мектебіміздің инспекторы қатысып отыр. (таныстырып өту)
Ал,ендеше балалар білгендерімізді ортаға салайық.
1-оқушы: Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
2-оқушы: Қай көше, қай қалаға барсаңызда,
Қай ақыл өлшеміне салсаңызда,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп -
Ол ортақ
Үлкен, кіші баршамызға!
[pic]
-Енді балалар, жолда жүру ережелеріне қатысты не білеміз?Соларға
тоқталайық.
3-оқушы: -Көшеде автокөлік жүрісіне және жаяулардың өтуіне бақылау жасап,
жол тәртібін реттеп отыру үшін жол полициясы қызметкерінің арнайы көмегі
қажет.Реттеушінің негізгі жұмыс құралы – алатаяқ (жезл) пен ысқырық.
Алатаяқ автокөлікті тоқтатуға белгі беру үшін керек. Ал ысқырық кейбір
жүргізушілер белгіні байқамай қалған жағдайда, дыбысты естірту үшін
қолданылады.Реттеуші қолындағы ала таяқпен көше қилысында автокөліктердің,
жаяу жүргіншілердің өту кезегін реттейді.
[pic]
4-оқушы: Кейде тентек болмай ма,
Жолды кесіп балалар.
Ақыл айтып ондайда
Инспектор ағалар.
Кеп жүреді мектепке,
«Қайсысың кіммен доссың ?»деп.
Қатал болар тентекке,
Тәртіпті боп өссін деп.
5-оқушы: Ирек-ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.
6-оқушы: Арманға алда күткен асығармыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз!
7-оқушы: Басталар әр қадамың аттауменен,
Өмірге қол созады әрбір көше
Жол жүру ережесін сақтауменен.
8-оқушы: Жұмысына таң қалған
Көшеде бар « Бағдаршам»
Қалып жүрме алданып.
Қызыл шам жанса «Жол жабық!»
Сонда болсын ойың бар,
Сары шам жанса «Дайындал!»
Шатасады білмеген,
Жасыл жанса «Жүр!» деген.
[pic]
9-оқушы: -Реттелетін көшелерге бағдаршам орнатылады.Ол – көше қиылыстарында
автокөліктер мен жаяу жүргіншілердің жүрісін реттеу үшін орнатылатын үш
жарық көзі бар құрал.
-Бағдаршамның шығу тарихына тоқталу.
Ән: «Бағдаршам» хор.
Ойын: « Бағдаршамға бағынайық!»
- Интербелсенді тақтадағы тапсырманы орындау.Онда көшедегі жағдайларға
байланысты бағдаршамның көздерін сәйкестендіру.
[pic]
10-оқушы: «Бағдаршам»
Тұрамын көшенің қилысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
11- оқушы: «Ескерту белгісі»
Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікте ешқашанда қалмаған.
12-оқушы: «Тыйым салу белгісі»
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
13-оқушы: «Көрсеткіш белгісі»
Баратын сапардың қашығын,тұрағын,
Үн-түнсіз жөн сілтеп көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым.
14-оқушы: Бес топтан құралған белгілер туыстай,
Жол сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай.
Кіршіксіз зор міндет атқарып жүрміз біз,
Келіп жүр біздерге,балалар ұмытпай.
-Енді балалар, жол белгілеріне тоқталайық. Жол белгілері екі түспен
беріледі.Қызыл түс қауіп туралы, ал көк түс рұқсат етілетінін
білдіретінінжадыңда сақта! Жол белгілері бірнеше топтарға бөлінеді,біз
соның төрт тобын білеміз,қане атап өтейік.
-Экраннан көрсетілген белгілерге қарап топтарға ажырату.
1.Ескертуші белгілер.
2.Тыйым салушы белгілер.
3.Сілтеуші белгілер.
4.Рұқсат беруші белгілер.
-Белгілер жайында оқушылар өз білгендерін айту.
[pic]
Ойын: «Жол белгілерін тап»
- Көшеге жол белгілерін дұрыс орналастыру керек.
[pic]
15-оқушы: Жолда жүру әліппесін,
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап.
16-оқушы: Асықпаңдар балалар,
Үлкен жолға келгенде,
Жан-жағыңа қарап ал!
Деме:Бізді кім елер,
Машина жоқ па?Жүре бер!
17-оқушы: Жол тәртібін білеміз,
Сол жағымен жүреміз.
Қарсы келе жатқан көп,
Машинаны көреміз.
18-оқушы: Жол көліктің жүрегі,
Машина көп жүреді.
«Қауіп жоқ»,-деп ойлама,
Жолда футбол ойнама!
19-оқушы: Алға ұмтылма ентелеп,
Машинадан қаш, мына!
Түсіп кетпе асығып,
Дөңгелектің астына.
- Енді балалар,экрандағы бейнелер жайында өз ойларыңды білдіріңдер.Көше
ережесі мына бейнелерде дұрыс сақталған ба?(балалардың өй-пікірлерін
тыңдау)
[pic]
-Бірнеше бейнелерді мысалға келтіру.
- Ойын: «Жол ережесі»
-Суреттерден жолда жүру ережесін бұзбай ойнап жүрген балалар салынған
суреттерді жасыл түспен, ереже сақтамағандарды қызыл түспен белгілеу
.[pic]
20-оқушы: Айнала қауіп бар,ойла,
Жан-жағыңа қарайла!
Сырғанасаң көшеде,
Машина жолын абайла!
21-оқушы: Үйрен таппай тыным бір,
Белгілердің тілін біл.
Егер оны білмесең,
Тартар жолың бұлыңғыр.
Ойын: «Реттеуші қимылын тап»
- Реттеушінің қандай қимылдарына бағдаршам көздері сәйкес келеді.
(интербелсенді тақтаға белгілерді бояп орындау)
[pic]
22-оқушы: Ата-ананың сенімін,
Еске ұстап,ақтай біл,
Жолдан өтер жаяудың,
Ережесін сақтай біл!
23-оқушы: Бос болмаса алайда
Сақтық жаса абайла.
Қалмас үшін соқтығып,
Ол өткенше тос тұрып.
24-оқушы: Жыламасын аналар,
Жас ұландар өсе бер.
Сақ болыңдар,балалар!
Сақ жүріңдер көшеде!
-Жарайсыңдар балалар, сендер өз білгендеріңізді айттыңдар.Осылайша жол
ережесін есте сақтап,өз өмірімізді қорғай білейік.Болашағымыз жарқын
білімді азаматтар болып өсейік!Аспанымыз әрқашанда ашық болсын!-деп келесі
кезекті «Әрқашан күн сөнбесін» әніне береміз.
-Ендігі сөз кезекті жол полициясы инспекторларына береміз.Балаларға жол
ережесі жайында өз ойларын айтып толықтырулары сұралады.
-Ата-аналарға,ұстаздарға сөз беру.
Қорытындылау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz