Сақтар

Сақтар
Сыныбы: 5
Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Ежелгі Қазакстан аумағын мекендеген сақ тайпаларының мекендеген аймағы, өмір тіршілігі мен шаруашылығы туралы деректермен және ержүрек сақ тайпалары, олардың жорықтары, сақ патшасы Тұмардың елін, жерін қорғаудағы ерлік істерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өз ойын еркін жеткізуге, кестелер мен сызбалар жасауға үйрету, өздігінен білім алуға дағдыландыру
Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, патриотизммен өз тарихын құрметтеп, қадірлеуге үйрету, тарихи деректер жалпы адамзаттық мұра екеніне оқушылардың түсінігін жеткізіп, дерек көздерін болашақта қорғай білуге дағдылау.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ жауап түрінде өткізу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: археология, этнология, антропология, дүние жүзі тарихы
Қолданылған әдебиеттер: Қазақстан тарихының очеркі. Алматы; 1993 ж.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
А) Оқушылармен амандасу.
В) Оқушыларды түгелдеу
С) Оқушыларды сабаққа бейімдеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тапсырманы мұғалім сыныпты 4 нұсқаға бөліп, әр нұсқаға үй тапсырмасы бойынша бір-бір тапсырманы жазбаша түрде береді.
1-нұска. Қола дәуірінің кезеңдері, қола қалай алынды? Мыстан артықшылығы қандай?
2-нұсқа. Қола дәуірінің негізгі үш ерекшелігін атап жазып шығыңдар.
3-нұсқа. «Андрон мәдениеті» деп неге аталады? Ол кезеңде Қазақстан аумағын қандай тайпалар мекендеген?
4-нұсқа. Қола дәуірінің ең ірі ескерткіштерін тізіп шығыңдар.
Оқушылардың жауап парағын жинап алып, олардың есте сактау қабілетін, тарихи дәуірлердің айырмашылығы мен ортақ белгілерін таба білу дағдыларын дамыту үшін төмендегі диаграмманы сынып болып бірлесе толтырып шығады. Тақтада ілінген диаграмманы толтыруға койылатын талап: оқушылар «Тас дәуірі» және «Қола дәуірі» деген екі шеңбердің ішіне өзіндік ерекшеліктерін барынша көбірек тауып толтырып шығуы тиіс, ал ортадағы төрт бұрыштың ішіне екі дәуірге тән ортақ белгілерін жазып шығады.
Осылайша өткен сабақтарды бір-бірімен байланыстыра отырып үй тапсырмасын тексеріп шығып, жаңа тақырыпқа көшемін
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
Жаңа сабақ жоспары:
- Сақтар - ежелгі Қазақстан тұрғындары.
- Сақ одағына кірген тайпалар.
- Сақтар туралы көне деректер.
- Сақтардың материалдык және рухани медениеті.
- Сақтардың шаруашылығы.
Сақ тайпалық одағының кұрылуы, географиялық, хронологиялық кеңістігі, саяси жағдайы, шаруашылығы, жер иелену ерекшеліктері туралы жүйелі баяндау қажет. Мысалы: б. з. б. I мыңжылдыкта Жетісудан жөне Түркістаннан Қара теңіз бойына, Алтай тауларынан Хорезмге дейінгі аймақты «сақ» атауына ие болған көптеген тайпалар мекендеген. Оқушыларға сақ тайпаларының жайлаған аумағын картадан көрсетемін. Бұл дәуір тарихи әдебиеттерде «ерте темір дәуірі», «ерте көшпелілер дәуірі», «сақ дәуірі» деп аталады. Сақтардың кұрамына көптеген тайпалар кірді. Олардың нақты санын айту мүмкін емес. Сақтар тарихта көптеген атаулармен белгілі болғандығын айтып, төмендегі кестенің көмегімен түсіндіріп шығамын.
Сақтар туралы бізге көптеген деректер жеткен. Оны нақты мысал ретінде қосымша әдебиеттерден кызықты мәліметтер келтіре отырып, оқушылар жаксы есте сактау үшін төмендегі сызбаны пайдаланады.
Сактар туралы
- Грек тарихшысы Геродоттың
- Грек саяхатшысы Аристейдің
- Парсының Бехистун жартасында
- Накши Рустемдегі тасқа кашалған жазуларда
- Персепольдегі таска қашалған жазуларда
- Грек авторы Фукидидтің зерттеулерінд
Сақтар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz