Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Тренингтің тақырыбы Жарасымды қарым-қатынас

Тренингтің тақырыбы: «Жарасымды қарым-қатынас»

Тренингтің мақсаты: Оқушылардың арасындағы қарым-қатынасын анықтау.
Оқушылар бойындағы жағымды қасиеттерді ашып, жағымсыз қасиеттерден арылуға
жағдай жасау.
Көрнекіліктер: А3-А4 қағаз беттері, фломастер, қарындаш, қобдиша,
үнтаспа, жүрек, майшам.

1.     «Сәлемдеме хат» жаттығуы

Мақсаты: жағымды көңіл-күй, топ ұйымшылдығын арттыру, симпатия сезімін
дамыту.

Нұсқау: Мен сіздерден өз сәлемдемелеріңізді параққа жазып, мына
тақташаның үстіне қоюларыңызды сұраймын. Ал енді бұларды
араластырамын.Сіздер оны қайтадан алып, өзіңізге келген сәлемдемені
оқисыздар.

2.      Кіріспе.

Қарым-қатынас – тұлғаның сыртқы обьектіге, адамға, рухани байлыққа,
әлеуметтік ортаға қатынасын білдіретін экзопсихикалық ұғым. Қарым-
қатынаста адам өзін еркін, сенімді, өзін тыңдатып, өзгені де тыңдай білуі
қажет.

Миға шабуыл

1-топ: Қарым-қатынас түрлері.
2-топ: Әр елдің сәлемдесуі.

3.      «Менің кеңістігім» әдістемесі (музыка)

Қатысушылар А4 бетіне дөңгелек және одан басқа дөңгелектерге шапақ
шашылып тұрған суретті салу. Ортадағы дөңгелекке «Мен» деп жазу керек, ал
басқа планетадағы дөңгелектерге сөйлемдердің соңын жазу керек. Мысалы:

Менің сүйікті сабағым...

Менің сүйікті тамағым...

Менің сүйікті түсім...

Менің сүйікті жыл мезгілім...

Менің ең жақсы досым...

4.      «Поезд»жаттығуы

Ойын ортада жүргізіледі. 1, 2-ге саналып шығуымыз керек. 1-номердегілер
қолдарын 1-рет соғып, аяқтарымен еденді  2 рет тарсылдатады, ал 2-
номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылтады.
Қозғалыс, қимылдар осылай қайталана береді, яғни поезд жүру дыбысы
естіледі.

5. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы

Қатысушыларға сиқырлы қобдишаның ішінде не бар деп ойлайсыздар деген
сұрақ қойылады?

6.     «Мейірімділік»
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды.

7. «Өтінемін» жаттығуы

8.    «Біздің топтың жүрегі» жаттығуы

Мақсаты: эмпатия сезімін, сенімділікті, ұйымшылдықты дамыту.

Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар. Ол тірі емес дүрсілдемейді.
Біз қазір оған жан береміз.Ол үшін кішкене жүрекшелерге осы топ
қатысушыларына арналған тілек жазамыз.

Қараңыздаршы, ол біздің көз алдымызда  тіріліп келеді. Бұл біздің
тренингтің жүрегі үнемі дүрсілдеп тұрады.

9. «Майшам»жаттығуы (музыка)

Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын қалды. Мен сіздердің барлығыңызға
қатысқандарыңыз үшін ризамын.

Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс
жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға
майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық,
жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренинігімізді аяқтаймыз.  

 Адамдарға қарап жиі күлімдеңіз және олармен әңгімелесіңіз. Бұл
қарапайым ғана нәрсе, солай емес пе? Ашуланғанда беттің 72 бұлшық еті, ал
күлімдегенде беттегі 14 бұлшық ет жұмыс істейді екен.
Еске түсіріңіз: күлімдеу, бұл сіздің басқалардан байқайтын бірінші
нәрсеңіз.

Көксу ауданы
Кеңарал ауылы
С.Қырықбаева атындағы мектепке дейінгі
шағын орталығы бар орта мектеп
Педагог-психолог: Ш.Н.Нұртаева

Ұқсас жұмыстар
Бастауыш буындағы педагогикалық тренингтердің тиімділігі
Тренинг тақырыбы
"мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас" тренинг-сабақ
Псиологиялық тренинг, оның мақсаты, ережелері мен заңы
<< Табыс жетістікке жеткізеді>>
Тренинг барысы
Бүгінгі мектеп түлегі-ертеңгі елдің тірегі сабақ-тренинг
"мен және менің ортам " тренинг сабақ 9-10-11 сынып
Сен отбасында кімсің
"үштік одақ" дөңгелек үстел
Пәндер