А. Құнанбайұлының Адамның кейбір кездері және Әбіш туралы өлеңдерін талдауға арналған сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы : А. Құнанбайұлы «Адамның кейбір кездері», «Әбіш туралы» өлеңдері

Сабақтың мақсаты: Бүгінгі өскелең ұрпаққа ақынның кім екендігін, оның шығармаларының тақырыбын, өлеңдерінің идеялық мазмұнын ашу .

Мақсатқа байланысты қойылатын міндеттер:

  1. Мазмұнды игеруге байланысты міндет:ақынды жаңа қырынан таныту, өлеңге талдау жасатуға үйрету; өмірге, тарихқа жаңаша көзқарас қалыптастыру; ақын өміріндегі ұлтжандықты ұғындыру . Абай мен Әбіш туралы мәлімет алу.
  2. Сын тұрғысынан ойлауға немесе дамытуға байланысты міндет:шығармашылық ойлау сұрақтарына жауап береді; берілген сұраққа ой қорыта жауап береді; сауатты талдауға үйренеді.
  3. Топтық жұмыс және тәрбиеге байланысты міндет:бірлесіп, ұжыммен жұмыс жасай біледі; топтық ережелерді сақтай отырып жұмыс жасайды; бір-бірінің пікірін, ойын тыңдау арқылы сөйлеге дағдыланады.

- топтағы оқушылар бірін-бірі тыңдап, пікір алмасады;

- даму аймағына бір-бірінің жұмысы арқылы қол жеткізеді;

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі : ізденіс-зерттеу сабағы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер : топпен жұмыс, сатылай талдау, ой шақыру, шығармашылық жұмыстар, мәнерлеп оқу,

Қажетті құрал-жабдықтар : интерактивті тақта, тақырыпқа арналған слайд, талдау кестелері, бес жолды өлең.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, тарих

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

● Оқушыларды түгелдеу;

● Топтарға бөлу( топ ережесін сақтау туралы айту, топбасшы сайлау) ;

● Микроклимат орнату. Ойқозғау «Сәттілік»;

2. «Абай әлеміне » саяхат

Сабақ эпиграфы «Абай-қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, ел болуына ұлан-ғайыр еңбекк еткен дана» Н. Назарбаев

Мағынанаы ажырату. Жаңа сабақты меңгерту.

А) «Рөлдік »ойын ( 10 ұпай)

1. Баяндаушы (Абай мен Әбіш туралы баяндау) ;

2. Сілтеме табушы ( Өлеңдерді оқып, ең қызық жерін табады. Дәлелдейді) ;

3. Ізденуші (Абай мен Әбіш туралы қосымша дерек) ;

4. Із қуушы (Кейіпкердің іс-әрекетін, мінезін бағалайды) ;

5. Сөзтапқыш (Бейнелі сөздерді теру, құрылысына қарай талдау) ;

6. Дәнекер (Шығарманы өмірмен салыстыру) .

Ә) Сергіту сәті

1. «Сезім»бұрқасыны

2. Поэзия минуты

Б) Шығармашылық жұмыс

1. «Ғасырмен сырласу» ойтолғау жазу;

2. Бес жолды өлең құру

В) Сабақты қорытындылау

1. Ойын «Ақиқат пен Жалған»

2. Сұрақ-жауап

Г) Бағалау

1. Топбасшылардың бағалауы

Д) Рефлекция

1. «Бағдаршам»

*Жасыл түс-мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын, менің көңіл-күйім көтеріңкі;

*Қызыл түс-мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ;

*Сары түс-мен бүгін кей тапсырмаларды орындай алмадым, бірақ көңіл -күйім жақсы.

2. Абай рухы-туған тілдің тірегі,

Абай рухы-қазағымның жүрегі

Жыр маржан жүрегіңде толқытып,

Намысыңды қамшыласын үнемі


Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбайұлының жиырма тоғызыншы қарасөзін талдауға арналған сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Ж. Жабаевтың Алғадай туралы әрбір ой және Атаның әлдиі өлеңдерін талдау
Сабақ жоспары: А. Құнанбайұлының Жазғытұры өлеңі - табиғат пен ауыл өмірін бейнелеудегі лириканы тану
6-сыныпқа арналған Абай Құнанбайұлының Отыз бірінші қара сөзі бойынша сабақ жоспары
Абай Құнанбайұлының Қыс өлеңі бойынша 5-сыныпқа арналған аралас сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған Әбіш Кекілбаевтың Тасбақаның шөбі әңгімесі бойынша сабақ жоспары
Мағжан Жұмабаевтың Сен сұлу өлеңін әдеби теориялық талдауға арналған сабақ жоспары
3-сынып Ана тілі сабағы: Әбіш Кекілбаевтың Тасбақаның шөбі әңгімесіне арналған сабақ жоспары
5-сынып қазақ әдебиеті: Абай Құнанбайұлының Қыс өлеңіне арналған сабақ жоспары
Оқу-әдістемелік сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz