Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Абзацтар, шегіністер мен аралықтар

Сыныбы: 6 а информатика Күні _________________
Мұғалімі: Сайлыбаева С.М
Тақырыбы: Абзацтар, шегіністер мен аралықтар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтін немесе оның үзінділерін ерекшелеу
тәсілдерін, негізгі форматтау режімдерін қолдануды үйрету
Білімділік: Символдарды форматтау; мәтінді туралау, жоларалық интервал,
тасымалды орналастыру сияқты мәтіндік құжаттарды форматтаудың жолдарын
үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың
ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс
істету шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақтан алған білімдерін
пайдалана білуге ықпал жасау.
Тәрбиелік: Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
Әдіс – тәсілдері: Көрсете түсіндіру, АКТ.
Оқыту құралдары: Оқулық, дәптер, компьютер, интерактивті тақта, үлестірмелі
қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
• Оқушылармен амандасу
• Оларды түгелдеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
[pic]
Өзіңді тексер (оқушылар бір бірін тексереді)
Дұрыс Жауаптары:
1.В 2.А 3.С 4.Д 5.В 6.Д 7.С 8.А 9.В
10 .Д

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Пішімдеу – деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі
әрекеттерді айтады. Құжатқа пішімдеуді құжат құрғанға дейін де, сол сияқты
одан кейінде жүргізуге болады.
[pic]
Пішімдеу әдістерін орындай отырып:
➢ Әр түрлі қаріптерді пайдалануға;
➢ Жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге;
➢ сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрістерін айқындауға;
➢ Беттегі мәтінді туралауға;
➢ Жоларалық интервалдарды орнатуға және өзгертуге;
➢ мәтіндерді бағандарға бөлуге;
➢ мәтінді жиектеудің әр түрлі типтерін қолдануға болады.
[pic]
[pic]
[pic] [pic]

[pic]
ІV. Практикалық жұмыс
А деңгейі
1. «Вирус» құжатын ашыңдар.
2. Оны толықтырыңдар және төмендегі мысалда көрсетілгендей етіп
өзгертіңдер.
3. Мәтінді төменде ұсынылган түрде теріңдер. Түзеуге, азат жол
шегіністперіне және әріптперге назар аударыцдар.
Компьютерлік вирустар
«Компьютерлік вирус» термині 1984 жылы АҚШ-та өткен ақпараттык қауіпсіздік
бойынша 7-ші конференцияда пайда болды.
1995 жылғы тамызда Windows 95 операциялық жүйесімен бірге алғашқы
макровирус пайда болды. Ол 1996 жылы «Concept» атауын алып, өзінің планета
бойымен жеңісті шеруін жалғастырды. Ең алдымен Microsoft фирмасының
бөлімшелерінің бірінде пайда болған «Concept» көзді ашып, жұмғанша мыңдаған
(миллиондаған да болуы мүмкін) компьютерлерді зақымдап үлгерді.
Бұл таңғаларлық іс емес, себебі MS Word пішімінде мәтіндерді жөнелту
стандарттардың біріне айналды, ал вируспен залалдану үшін тек зақымданған
құжатты ашу жеткілікті және вирус жұққан Word-та түзетілген басқа барлық
құжаттар да бүлінеді.
Сондықтан, Internet жылдамдығына көбейтілген MS Word-тың зақымдану
мүмкіндігі вирустар пайда болған кезеңнен бергі ең маңызды мәселеге
айналды.
В деңгейі
1. Мәтінді үлгі бойынша теріңдер.
a) х, х2 + х, х3 + х2 х3;
b) mg cos a;
c) 2R;
d) b2 - 4ac;
g) I2R;
2. Экраннан сызғышты алып тастаңдар.
3. Абзацтар арасындагы интервалды 6 пунктке тең етіп орналастыр.
Сабақты бекіту:
[pic]
[pic]

Бағалау парақтары арқылы бағалау.
|Тапсырмалар |Ұпай |Алған ұпайы |
|Тест |0-10 |  |
|Техникалық диктант |0-6 |  |
|А деңгейі |0-5 |  |
|В деңгейі |0-10 |  |
|Сиқырлы шарлар |0-4 |  |
|Асқабақтарды жина |0-5 |  |
|Қорытынды |55 |  |

Үйге тапсырма § 18 103 бет. Өзіңді тексер 109 бет
Рефлексия: Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді стикирлерге жазып
білдірулеріңізге болады

Ұқсас жұмыстар
Мәтіндік процессорлар арқылы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. құжаттарды құру және сақтау. мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері
Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. құжатты құру және сақтау. мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар
Оқушыларды тексеру
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Абзац сұхбаттық терезесі
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Теңсіздіктерді аралықтар тәсілімен шешу
Сабақтың кезеңі уақыты
Оқушыларға мәтіндік құжатты редакциялау дағдыларын қалыптастыру
Математикалық биржа Квадрат теңсіздіктер
Пәндер