С.Мұратбековтың Қылау әңгімесі

ОҚО, Сайрам ауданы, № 41 М. Оразалиев атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ортаева Нағима
7 сынып, қазақ әдебиеті Қысқа мерзімді жоспар
Ресурстар
Көрнекі құралдар
Сабақтың тұсаукесер кезеңі.
1Кіріспе
2 мин
Психология-лық дайындық
2 мин
Түрлі түсті қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлу
Қызыл түс - 1 топ
Сары түс - 2 топ
Жасыл түс- 3 топ өздері қалаған түсті таңдау арқылы топқа бөлінеді.
5 мин
Автор орындығы әдісі.
Сұрақтарды бір- біріне доп лақтыра отырып қояды. С. Мұратбековтың өмір жолы, шығармасы туралы өз ойларын айтады. «Менің қарындасым», «Ауыл оты», «Дос іздеп жүрмін», «Қылау» сияқты әңгіме повестерін білетіндіктерін айтып пікірлеседі.
Формативті жиынтық бағалау, топтық бағалау.
А-4парағы
Дәптер
Негізгі кезең.
Жаңа сабақ
13мин
ДЖИГСО әдісі
«Қылау » әңгімесін екі үш топ бөлім- бөлімге бөліп оқйды. 1. Таңғы тәтті ұйқы.
2. Сатайдың қорқынышы.
3. Тастөбенің көшесінде Рабиғамен кездесуі.
4. Сатайдың әңгімесі.
5. Сатайдың Рабиғаға алаңдауы.
6. Сатай Рабиғаға деген алғашқы балауса сезімін қалай білдірді? Әңгіменің мазмұнынан түсінгендерін әр топтан бір бір оқушы барып сол топқа түсіндіреді.
Топтағы бір- бір оқушы басқа топтағы оқушыларға өздері оқыған бөлімнің мазмұнын түсіндіреді.
Әңгіменің мазмұнынан түсінгендерін суретке салу арқылы көрсетеді, постер қорғайды.
Оқулық,
флипчарт,
маркер.
15 мин
Дәптермен жұмыс
«Қылау» әңгімесі бойынша кестелерді толықтыру.
Кейіпкерлер Сатай, Рабиғаның портреті, мінезі, іс-әрекеті туралы жазады.
Сатайдың іс-әрекеттерін бағалау.
Мына іс-әрекеттерді қолдаймын.
Бұл іс-әрекеттерді қолдамаймын, деп кестені толтыру.
Толтырған кестелерін оқып шығады.
Формативті жиынтық бағалау.
Топтық, жұптық жұмыс.
Дәптер
Ноутбук
Стикер, мар-кер.
5 мин
Синквеин стратегиясы
- Зат есім: Не ? Қылау.
- Сын есім: Қандай? Суық.
- Етістік: Не істейді?Жауратады.
4. Синоним: Қар.
5. Сөйлем:Қылаулаған жұп- жұмсақ қар ерекше үлпілдейді.
Формативті жиынтық бағалау. Топтық бағалау.
2 мин
Кері байланыс:
Екі жұлдыз бір тілек.
7 сынып. Пәні:қазақ әдебиеті. Пән мұғалімі: Ортаева Н
Сабақтың жағымды жағы: оқушылар өз ойларын жеткізе алды.
Сабақта жіберілген кемшіліктер: уақыт жетіспеушіліктен.
Сабақтың қорытындысы:сөйлеу мәнерлері қалыптасты.
№41 М. Оразалиев атындағы жалпы орта мектепте С. Мұратбековтың «Қылау» әңгімесі бойынша 7сынып оқушыларына өтілген үлгілі ашық сабақ туралы талдау.
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесі жаңа заман талабына сай жаңару үстінде. Күн өткен сайын білім берудің деңгейі мен сапасы жақсарып, оның тиімділігі білім мазмұны арнайы критерийлермен бағалануда. Жаңа ғасыр талабы-оқушылардың мектепте табысты оқу ғана емес, өмірде де табысты болуын талап етуде. Бұл талаптың орындалуы мұғалімнің қабілеті мен оның құзіреттілігіне тікелей байланысты. Қоғамның және мәдениеттің даму өзгерістеріне сай әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз сипатын ашатын заңдылықтарды білуі керек. «Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс», -дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ. Бітібаева.
Оқытушы және оқушының оқу әрекетіндегі бірлестіктер мен дербестік сипаттарын ұйымдастыру барысында, сындарлы оқыту технологиясының түрлі әдіс- тәсілдерін тиімді пайдалану арқылы әңгіменің мазмұнын және қорытындылау кезеңінде түрлі тәсілдерді қолданып, оқушылардың өздеріне сабақты қорытындылау өте тиімді. 7сынып оқулығындағы С. Мұратбековтың «Қылау» әңгімесінің мазмұнын оқушыларға түсіндіру барысында тиімді әдіс- тәсілдерді пайдаландым. «Қылау» әңгімесінде балалардың мінез - құлқы мен іс- әрекеттеріндегі адалдық, сезімталдық, бауырмалдық, қайырымдылық қасиеттер суреттеледі. Әңгіменің негізгі мазмұны - адамгершілік, жан дүниеcінің сұлулығы.
Кеспе қағаздарымен жұмыс жасауда, оқушылар әрбір кейіпкерлерге жеке- жеке мінез- құлықтарына талдау жасап бір- біріне пікірлерін білдіреді. Алдын ала дайындалған кестелерді толтыру арқылы кеіпкерлердің портреті, мінезі, іс- әрекеті туралы топтық жұмыстар орындалады. Топтық жұмыс кезеңінде ойларын білдіріп, өзтұжырымдарын айтады. Сатайдың іс әректін бағалау кестесін келесі топ толтырады. Сатайдың сезімталдығы мен жайдарылығы, қайырымдылығы қандай әрекеттерінен байқалатынын, орынсыз мақтанды сүймейтіндігіне Сатайдың қай әрекеті дәлел екендігі, өлім мен өмір туралы Сатайдың ойлауына не болғаны, оны ненің белгісі деуге болатындығы туралы өз ішкі ойларын айтып кестені толтырады.
Сабақтың тұсаукесер кезеңінде, Оқушыларды ұйымдастыру, сабаққа деген ынтасын аудару үшін « ынтымақтастық атмосферасы» орнатылды. Оқушылар бүгінгі алғашқы естіген жылы сөздері туралы бір- біріне айтады. Түрлі түсті қағаздарды таңдап алу арқылы толпқа бөлінеді. Үй тапсырмасын «автор орындығы «әдісі арқылы үйден дайындап келген сұрақтарын бір - біріне қояды.
Сабақтың Негізгі бөлімі кезеңінде, «ДЖИГСО» әдісі бойынша оқулықтағы С. Мұратбековтың «Қылау»әңгімесін үш топтағы оқушыларға оқуға бөліп беріледі. Оқылған әңгіменің мазмұнын әр топтан бір- бір оқушы шығып басқа топтағы оқушыларға барып түсіндіреді. Келесі кезекте, топтағы басқа оқушылар топтарына барып әңгіменің мазмұнын түсіндірген оқушыға өз оқыған бөлімдерінің мазмұнымен таныстырады. Бұл әдіс арқылы оқушылар әңгіменің мазмұнын бір-бірінің көмегі арқылы жылдам әрі уақытты үнемдеуге болады. Сонымен бірге әңгімеден түсінгендерін айту барысында бейнелі ойлау мен шығармашылық қиялдауды, көркем шығарманың мазмұнын анықтай алуын, ауызша түрде өз түсініктерін жеткізе біліп, қазақ әдеби тілін, сөздік қор мен сөз байлығын сауатты пайдалануға, сөздің құдіретін сезіндіруге болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz