Сабақ жоспары :: Физика
Файл қосу
Сұйықтардағы электр тогы
Сабақтың тақырыбы: Сұйықтардағы электр тогы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сұйықтарда электр тогының өтуі, заряд тасымалдаушы бөлшектер,
электролит ерітіндісі, электролиз заңы және электролиздің маңызы туралы
түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Таным
белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, білімге қызығушылыққа, жолдастық қарым-
қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа ұғым беру мен қалыптастыру
Сабақтың түрі: фронтальді, жекелей және топтық.
Пән аралық байланыс:
Химия- электролиттік дисоцация; электролиз; химиялық эквивалент;
электролиттер; мольдік масса;
Математика- математикалық түрлендірулер мен есептеулер;
Информатика- компьютермен жұмыс;
Орыс тілі- аударма жұмысы;
Өндірістік сабақ- электр тогы, кедергі; тоқ жұмысы;
Сабақтың керекті құрал-жабдықтары:
Оқу көрнекілік құралдар: Электролизді көрсетуге арналған құрал-жабдықтар;
эпиграф; электронды плакаттар; электронды оқулық; электронды тест;
сөзжұмбақ, карточкалар, М.Фарадей және Б.С.Якоби портреттері.
Техникалық құрал-жабдық: компьютер;интерактивті тақта;
Әдебиеттер:
1. Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев «Физика» 10 сынып оқулығы;
Алматы
«Мектеп» 2006ж.
2. А.П.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы»
Сабақтың барысы:
Эпиграф:
«Химия физиканың оң қолы болса, ал математика оның көзі ».
М.В.Ломоносов.
І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеп, сабақтың мақсатымен, эпиграфпен таныстыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
( Оқушылардың бір бөлігі тест тапсырмасын орындайды, ал қалған оқушылар
сұрақтарға жауап береді, сөзжұмбақ шешіледі. Тапсырма кезекпен ауысып
орындалады.)
А) Фронталь сұрақтар қою. В) Компьютердегі тест тапсырмасы.
1. Электр тоғы деген не?
2. Жартылай өткізгіштер деп нені айтады?
3. Жартылай өткізгіштерге мысал келтір.
4. Жартылай өткізгіштерде заряд тасымалдаушы бөлшектер нелер?
5. Кемтік деген не?
6. Ж.Ө. өткізгіштігін қалай арттыруға болады?
7. Донарлық қоспа деген не?
8. Донарлық қоспа қосу арқылы қандай типті ж.ө. алынады?
9. n-типті ж.ө. негізгі заряд тасушылар қандай бөлшектер?
10. Акцепторлық қоспа деген не?
11. Акцепторлық қоспа арқылы қандай типті ж.ө. алынады?
12. р-типті ж.ө. негізгі заряд тасушылар қандай бөлшектер?
13. Қандай ж. ө. құралдарды білесіңдер?
14. Ж.Ө. диод не үшін қолданылады?
15. Транзистор қандай қызмет атқарады?
( сұрақтар қысқартылып алынды)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
(Түсіндіру барысында элетронды оқулықтан суреттер көрсетіледі.)
Бүгінгі сабақта электр тоғының сұйықтар арқылы өтуін қарастырамыз.
1. Екі металл пластинаны дистилденген су құйылған ваннаға салып , ток
көзіне қосайық. Таза судың ток өткізбейтінін көреміз.
Суға ас тұзын қосайық, электр тоғы жүре бастайды . Демек ас тұзының
судағы ерітіндісі арқылы ток жүреді.
Енді дистилденген суға қышқыл ерітіндісін қосып көрейік. Қышқылдың
судағы ерітіндісі де өткізгіш екен.
Сендер химия курсынан білесіңдер қышқыл H+ Cl- немесе тұз молекулалары Na+
Cl- оң және тері иондардан тұрады. Судың молекулалары дипольдардан тұрады,
олар тұз немесе қышқыл молекуласын жан-жақтан соққылап, нәтижесінде
иондарға ыдырайды. (сурет №1)
Ал қарама-қарсы заряды бар иондар жақын келгенде бір-біріне тартылып
қайтадан бірігуі де мүмкін. Яғни иондардың бірігіп молекула құруы
рекомбинация деп аталады.
Na+ Cl- ( Na+ + Cl- H+ Cl-
( H+ + Cl-
Молекулалардың еріткіш әсерінен иондарға ыдырауы электролиттік диссоциация
деп аталады. Ал ерітінді электролит деп аталады.
Электролит ерітіндісінде заряд тасымалдаушылар оң және теріс иондар болып
табылады.
2. Ток көзінің оң полюсіне қосылған электрод анод деп, ал теріс полюске
қосылғаны
катод деп аталады. Пайда болған оң иондар өріс әсерінен катодқа қарай, ал
теріс иондар анодқа қарай қозғалады. Нәтижесінде электролит арқылы ток
өтеді.(сурет№2)
Қыздырған кезде иондар саны артады, демек электролит кедергісі кемиді.
Электролит арқылы ток өткенде зат бөліну процесі жүреді, оны электролиз деп
атайды.
Мыс тотыяйынымен жасалатын тәжірибе.
3. Электролиз кезінде бөлініп шығатын заттың массасын анықтауды М.Фарадей
тағайындады.
М.Фарадей өмірімен таныстыру.( Оқушы зерттемесі, М.Фарадей портреті
көрсетіледі.)
Электролиз кезінде бөлініп шығатын заттың массасы ерітінді арқылы өтетін
электр мөлшеріне тура пропорционал.
m= k q Фарадейдің І-заңы деп
аталады
q = I ∆ t ; m= k I ∆ t
Мұндағы k –электрохимиялық эквивалент деп аталады. k= [pic] ;
бірлігі [pic]
Иондардың бір молінің массасы μ = Mr *10-3 кг/моль
Ал [pic] химиялық экивалент деп аталады. Мұндағы n-валенттілік
Фарадей бір химиялық эквивалентті құрайтын барлық иондардың жалпы заряды
Ғ мәніне тең болатынын айтты.
Ғ= 9,65*104 Кл/моль
Фарадей тұрақтысы
[pic]; m=[pic]
k=[pic] Фарадейдің ІІ –заңы.
Фарадей заңының көмегімен электрон зарядын анықтауға болады.
e= [pic]
3. Электролиздің қолданылуы:
✓ Металлургияда кенді балқытқан кезде алынған металды қоспадан
тазарту үшін қолданады.
✓ Балқытылған кеннен сумен реакцияға түсетін және судағы
ерітіндіден өз бетінше бөлінбейтін жеңіл металдарды алуда
пайдаланады.
✓ Электролиз кезінде бөлініп шыққан оттек атомы өте күшті
тотықтырғыш болып табылады. Оны дәрі жасауда пайдаланады.
✓ Гальваностегияда (бір металды ауада тотықпайтын басқа металдың
жұқа қабатымен қаптау, әшекей бұйымдарды алтынмен, күміспен қаптау)
✓ Гальванопластикада ( беті тегіс емес металл заттардың көшірмесін
алуда , баспа дағы әріптерді қалпына келтіру)
Гальванопластика әдісін 1838 жылы орыс ғалымы Борис Семенович Якоби ашты.
Б.С.Якоби өмірімен таныстыру. (Оқушы зерттемесі, Б.С.Якобидің портреті
көрсетіледі)
Электролиздің көмегімен дайындалған бұйымдардың суреттері көрсетіледі.
І V. Жаңа сабақты бекіту.
1. Электронды тренажермен жұмыс.
2. Есеп шығару. (Карточкамен жұмыс беріледі)
1. Есеп № 890.
Мыстың электрохимиялық эквивалентін анықтау үшін жасалған тәжірибеде ток
күші 5А, токтың жүру уақыты 20 мин, катодтың тәжірибеге дейінгі массасы
70,4г, тәжірибеден кейінгі массасы 70,58г болды. Осы нәтижелер бойынша
мыстың электрохимиялық эквивалентін анықта.
Табу керек:
k=? ХБЖ талдау
шешуі
I=5A
∆ t= 20мин 1200с m2 –m1 = k I ∆ t k=[pic]
m1=70,4г 70,4*10-3кг
m2=70,58г 70,58*10-3кг k= [pic] Жауабы: 3*10-
8[pic]
2. Есеп №898
Электролиттік ваннадағы кернеу 0,4В болса, 1т мысты тазалау үшін қанша
энергия жұмсалады?
Табу керек:
A=? ХБЖ талдау шешуі
U=0,4B
m= 1 т 1*103кг A=UI ∆ t
k=0,33*10-6[pic] m= k I ∆ t A=[pic]
I ∆ t=[pic]
A=U[pic]
Жауабы: 330 кВт(сағ.
V. Қорытынды.
1. Сабақты қорытындыланып оқушылар білімін бағалау.
2. Үйге тапсырма беру. §12.3 Физика 10 сынып.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz