Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының бастауыш сынып оқушысының танымдық ойлау, өзіндік дағыдыларын жетілдіру барысында тиімділігі

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы
Арқалық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Блялова Бакытжамал Батталовна

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының бастауыш сынып оқушысының танымдық
ойлау, өзіндік дағыдыларын жетілдіру барысында тиімділігі

«Білім-басы бастауышта» дегендей, өскелең ұрпақтың өз атын, бабасының
тарихын еркін оқып, ойын ашық жеткізе алуына бірден бір негіз болатын білім
ол –бастауыш буындағы білім. Ой мен ісі қалыптаспаған. Өздігінен әрекет
етуге талпынатын бастауыш сынып оқушыларының ауызша, жазбаша дағдыларын
қалыптастыруда мұғалімдер түрлі тәсілдерді қолданып, өз атын жазуға
дағдыландырып жатады. Жазу мен оқуды үйргенген бала өздігінен өз пікірін
айтуға қалыптаса бастайды. Осындай деңгейде түрлі әдістерді арасынан сын
тұрғысынан ойлау технологиясын ерекшелеп айтуға болады. Онда оқушының
ізденімпаздығы, пәнге деген құлшынысы оянып, ойында салыстыру реакциялары
жүреді. Ненің дұрыс, ненің бұрыстығын айқындай бастайды.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы – тақырыпты жүйелі меңгеруіне, өз
бетімен ізденуіне көп көмегін тигізеді. Осы орайда сіздерге сын тұрғысынан
ойлау технологиясының түрлі стратегияларын ұсынбақпын.
Сын тұрғысынан ойлау- бұл ақпарат пен ойдың бірігіп алудың шынайы тәсілі.
Ақпаратты алу ғана емес, сонымен қатар алған ақпаратты сыни тұрғыдан
бағалап, ой елегінен өткізу арқылы қолдану.
Сын тұрғысынан ойлау – бұл қиын тапсырманың шешімін табу үшін жасалатын
дұрыс шешім. Сол шешімге сенудің бірден бір жолы.
Сын тұрғысынан ойлау-оқушының дұрыс ойлануына жасалатын ой моделі және ой
әрекетінің қызметі.
Сын тұрғысынан ойлау- шығармашылық ойлауын дамытатын ең маңызды бағыт.
Сын тұрғысынан ойлауды дамтыу құралы деп айтуға келмейтін зияткерліктің
түрлері:
• Есте сақтау;
• Қарапайым және қиын ойларды түсінуін;
Шығармашылықта: спортшының, суретшінің, музыканттың интуитивтік ойлауы; [1]
Д. Клустердің ойынша сын тұрғысынан ойлаудың 5 қыры бар:
• Бірінші-бұл өз бетімен ойлау;
• Екінші-бұл ойын қорыту;
• Үшінші-бұл проблемалық және сол ойын бағалай білуі;
• Төртінші-бұл ойын дәлелдеуі;
Бесінші-сын тұрғысынан ойлаудың өзі әлеуметтік ойлау болып табылады
(өмірмен байланысты). [2]
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы анықтағандай 6 компоненттен тұрады.
Сыни ойлаушы:
• Өз ойын қалыптастыра біледі;
• Әртүрлі ойлармен санасып, өз ойын дәлелдеуге тырысады;
• Тақырып бойынша мәселені шеше біледі;
• Дәлелді пікірталас құра алады;
• Бірлескен жұмыстан түбегейлі шешім шығаруды толықтай құптайды;
Кезкелген сұрақтың шешімін табу үшін адамның қабылдауының өзі көптеген
факторлардың әсерінен болатынына түсінеді және бағалай біледі. [3]
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі белгілері:
• Осы технологияның мақсаты-оқушылардың ойлау дағдыларын, оқуда ғана
емес тұрмыстық өмірде де(толық түбегейлі шешім қабылдауға, түрлі
жағдайттардың қыр-сырын білуге, ақпаратпен жұмыс жасауға және оны
талдай алуына) дамыту;
Сын тұрғысынан ойлау технолгиясының негізі- сабақтың үшбағыттық
құрылымында:
• Ой шақыру;
• Ойлау ;
• Кері байланыс;
Ой шақыру тапсырмалары:
• Өтілетін (оқытылатын) материал бойынша оқушылардың білімдерін жаңарту,
не болмаса естеріне түсіру;
• Өтілетін материалға деген оқушылардың қызығушылығын ояту;
• Өтілетін тақырыпты оқушылардың өздері анықтауға мүмкіндік беру;
Ойды жүзеге асыру үшін берілетін тапсырмалар-
• Өтілетін тақырыпты белсенді меңгеруіне жағдай жасау;
• Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыра білуге жағадай жасау;
Кері байланыстың тапсырмалары-
• Өтілген тақырып бойынша өз ойын қорытуға көмек беру;
• Келесі тақырыпты өзбетімен анықтауға көмек беру;
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың түрі мен құралдары:
• Тақырып бойынша жинақ;
• Мәтіндер талдауы;
• Түрлі көзқарастағы тапсырмалар құрастыру;
• Ұжымдық пікірталас;
• Топпен және жұппен жұмыстардың әртүрі;
• Дебаттар;
• Пікірталастар;
• Оқушылардың жазба жұмыстарын жариялау;
Сын тұрғысынан ойлаудың жазба жұмыстары (оқушылардың жазған «Эссе», «5
жолды өлең» жинап отыру.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясындағы мұғалім ролі:
• Оқушыларды анықталған бағытқа бағыттау;
• Түрлі пікірлермен бетпе-бет келеді;
• Өз бетімен дұрыс шешім шығаруға жағдай жасайды;
• Оқушыларға өзбеттерімен шешім шығаруға мүмкіндік береді;
• Қалыптасқан танымдық ішкі жағдаяттарды дайындайды;
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі тәсілдері; [4]
Сұрақтарды дұрыс құру дағдысын дамытуға арналған тәселдер.
«Жуан» және «жіңішке» сұрақтар кестесі [5]
|? |? |
|Неліктен, үш түсінік бер.....? |Кім .....? |
|Неліктен, түсіндір ......? |Не...? |
|Неліктен, сіз солай ойлайсыз.....? |Қашан...? |
|Неліктен, сіз солай ойлайсыз......? |Мүмкін...? |
|Қандай айырмашылығы бар.....? |Болар...? |
|Не боларын, болжап көр....? |Алар ме еді....? |
|Әйтпесе, не .......? |Қалай аталады....? |

Блум сұрақтарының түймедағы: [6]
Қарапайым сұрақтар- Бұл сұрақтарға жауап берген кезде нақты фактілерді атау
керек, мәтіннен белгілі бір мәліметті еске түсіріп, оны айтып беру керек.
Дәлелдеуші сұрақтар- «Егер мен дұрыс түсінсем, онда …?»
Интерпретациялық (түсіндірме) сұрақтар- Әдетте неге? деген сөзден
басталады.
• Кейбір жағдайларда олар ақталуға мәжбүр етушілік сияқты негативті
қабылдануы мүмкін.
• Басқа жағдайларда олар дәлелдемелік байланыстарды анықтауға
бағытталған.
Бағалау сұрақтары- Неге … жақсы, ал … жаман?»
• «… … айырмашылығы неде?»
• Бұл сұрақтар осы немесе басқа да оқиғалар, құбылыстар мен
айғақтардың бағалау критерийлерін анықтауға бағытталған .
Шығармашылық сұрақтар (жорамал)- «Қалай ойлайсыздар, ... кейін (егер) …
қалай болады?
• Шығармашылық сұрақтарда «егер» деген қыстырма сөз қолданылады. Ол
алдын ала болжайтын, жорамалдайтын шарттылық элемент .
Практикалық сұрақтар- «Әңгіме кейіпкерінің орнында болсаңыз сіз не істер
едіңіз?»
Сұрақ теория мен тәжірибе арасындағы өзара байланысты анықтауға
бағытталған.
Кластерлар (ұяшықтары)
Өтілген материал автор өмірбаянын не мәтін бойынша алуға болады. [7]
Өтілетін материалдың көру айғақтарын ұйымдастыру формалары:
Сын тұрғысынан ойлау:
• Тірек сызбалар;
• Кестелер;
• Логикалық-ойлау кескіндері;
Инсерт (шартты белгілері) [15]
|V |+ |- |? |
|Егер, сіз |(қосу) егер, сіз |-"(азайту), егер, |Егер, сіз маған |
|өзіңіздің |өзіңізге бұл |сіз өзіңіздің |түсініксіз |
|ойыңызбен сәйкес |жаңалық десеңіз;) |білгеніңізбен |десеңіз, осы сұрақ|
|келеді десеңіз, не| |сәйкес келеді |бойынша толық |
|болмаса білемін | |десеңіз, не болмаса|мәлімет алғыңыз |
|десеңіз; | |осы туралы |келсе |
| | |білсеңіз; | |
| | | | |

Ойлану мен оқуға арналған өзіндік белсенділік жүйесінің белгісі:   [16]
" V " – білдім
    " + " –жаңа
    " - " – басқаша ойладым
    " ? " – түсінбедім, сұрағым бар.
«Шатастырылған логикалық тізбек» [17]
• Мұғалім оқушыларға дұрыс және дұрыс емес сөздер жазылған ретті
ұсынады.
• Оқушылар жекелей жұмыс жасайды, мәтінді оқиды, шатастырылған тізбекті
белгілейді.
• Өзінің тапқан сөздерін топтағы оқушылармен бөліседі, толықтырады,
қатесін түзейді.
Жорамалдау дағдысын дамытудың тәсілдері:
• Дұрыс немесе дұрыс емес ойлар;
• Сабақтың басында жаңа тақырып бойынша ұғым, соның дұрыс немесе дұрыс
еместігін бағалау және өзінің шешімін дәлелдеу қажеттілігі беріледі.
• Кері байланыс кезінде оқушыларға бекітілген тақырыптың сабақ басындағы
өз шешімінің дұрыстығын бағалауды және өз ойымен алмасуды беру.
Проблеманы шешу дағдысын дамыту бойынша тәсіл [18]
• Миға шабуыл
• Карусель. Топпен жұмыс.
Топтағы оқушылар санына қарай тапсырмалар немесе проблемалы сұрақтар.
Әрқайсысы өз шешімін жазып келесі оқушыға береді, осылай шеңберді
айналып жүре береді.
Пікірталасты жүргізу дағдысын жетілдіру тәсілі:
• Рөлдік ойындар
• Әрлі-берлі пікірталас
• Диалог-талас
• Бұрыштар әдісі (оқушылардың белгілі бір позициялы бұрыштарға тұрады.
Бір топтан шыққан дәлелді ойды-келесі топтың оқушылары жалғастырып
отырады. Оқушылар келесі бұрыштарға ауысып отырады. Қозғалғыш сыныптың
ортасында отырады, кезкелген топтың пікірталасына араласа алады)
• 6 қалпақ (қалпақтардың түстеріне сәйкес ойлау үшін, оқушы өзінің
пікірінің дұрыс немесе бұрысын дәлелдейді)
• Аквариум
Өз ойы және өзгенің ойын тыңдауды ұсыну тәсілі
• Тізбек құру (5 жолды өлең, шеңбер бойынша бір-біріне беретін
суреттер. Әрқайсысы 5 жолды өлең құрып, өз ойын дәлелдеп шығуы)
• Еркін хат, эссе
• Ирек (бірін-бірі оқыту) ауысып отыратын топпен жұмыс.
• ҰБО әдістемесі.
5 жолды өлең
1 қатарға-тақырыпты бір сөзбен жазу (зат есім)
қасқыр
2 қатарға-тақырыпты 2 сөзбен жазу (екі сын есім)
үйрелі, азулы
3 қатарға-3сөзбен жазылады (етістік)
шошытады, қорқытады, жейді
4 қатарға-4 сөзбен жазылады, тақырыпқа жақын сөзбен (сөз тіркесі) жемтігі
үшін күреседі
5 қатар-тақырыпқа қатысты синоним.
итқұс
Қорытынды:
Кез келген жағдаяттан шығу үшін өзіне сыни көзқараспен сұрақтар қоя біліп,
ойдан ой тудырып өз өміріне қажетті білім алып жатса, ұстаз жетістігі осы.
Оқушылардың пәнге деген қызғушылығын, өмірге деген құлшынысын оятып жатса,
ұстаз алдына қойған мақсатқа жеткен болып саналады. Уақыт ағымы бойынша
күннен күнге қарыштап дамып жатқан заман желісіне ере отырып, өз білімін
күнделікті өмірде қолданып, өз ойын еркін айта білетін ұрпақты өсіріп
жеткізсек басты міндеттің орындалғаны осы болмай ма. Қазақстан
Республикасының Президентінің биылғы Жолдауында «ХХІ ғасыр білім мен ғылым
ғасыры болады», деп айтуында үлкен мән-мағына жатыр. Білім мен ғылымға
жетудің бірден бір жолы-базалық білім мазмұнын жүзеге асыру.

Пайдаланылган әдебиеттер:
1. [Мұғалімге арналған нұсқаулық, Екінші (негізгі деңгей), үшінші
басылым, 41-42 бб.]-[1]
2. С. Мирсеитова (1998) -[Сын тұрғысынан ойлау технологиясы]-[2], [11],
[12], [13], [14]
3. Э. Глейзер (1941) – [Сын тұрғысынан ойлауды дамыту эксперименті]-[3]
4. Джон Дьюи (1910) - [Біз қалай ойлаймыз]-[8], [16], [17]
5. Д. Шон (1983) - [Рефлексивті практик]-[4], [15], [18]
6. Б. Блум (1956)- [Блум таксономиясы]-[5], [6]
7. М. М. Жанпейісова (1998) - [Модульдік оқыту технологиясы]-[7], [10]

«Саран қаласы әкімдігінің №16 орта жалпы білім беретін» мектебі КММ

БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының бастауыш сынып оқушысының
танымдық ойлау, өзіндік дағдыларын жетілдіру барысында тиімділігі»
(бастауыш сынып отырысында)

Оқыған: Илимбаева А.Б.

Саран-2014 жыл

Ұқсас жұмыстар
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Экономика пәнінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі
Модульдік оқыту технологиясы негізінде оқу процесін ұйымдастыру
КММ география пәнінің мұғалімі
Екінші сынып оқушыларының ерекшелігі
Технология сабағында тиімді әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы
Педагогикалық құзіреттілік қазіргі уақыттағы білім технологияларының негізі болып табылады
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДАҒЫ МЕНІҢ ПЕЛАГОГИКАЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАМ
Жеке тұлғаға бағдарланған сабақтар жүйесі
Пәндер