Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Ынтымағы жарасқан ырысты елміз

Тақырыбы: Ынтымағы жарасқан ырысты елміз

Мақсаты: 1 мамыр - ынтымақтастық пен бауырластық мейрамын, ұлттар
достығы
мен бірлігі күнін атап өту; біздің еліміздегі көп ұлт
өкілдерімен туысқан,
көрші мемлекеттермен бауырластық, ынтымақтастық,
бейбітшілік, ауыз-
біршілік қарым – қатынас орната отырып, бақыт және
жарқын болашақ
үшін күресте бәрінің басын біріктіру маңызды екенін
түсіндіру.

Көрнекілігі: 1 мамырға арналған шумақтар, шарлар, гүлдер

БАРЫСЫ:

1 – жүргізуші: Көзді ашып –жұмғанша көлбең ете көктемнің соңғы айы
мамыра-
жай мамыр да маңғаз басып маңымызға жетіп қалды.
Алғашқы күні-
нен бірлік пен берекеге бастайтын бұл
айдың барша адамзат
үшін асқақ абыройы бар. Дүниежүзілік
Ынтымақ, Еңбек, Бейбіт-
шілік күні біздің елімізде де «Қазақстан
Халықтарының бірлігі»
күні аталып өтіледі.

2 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді татулық пен
келісімнің
нұрына малынған 1 мамыр –Қазақстан
халықтарының бірлігі күні
мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі «Ынтымағы жарасқан ырысты елміз»
атты кешіміз осы
мерекеге байланысты өткелі отыр.

(құттықтау сөз)

1 – жүргізуші: Ендігі кезекте осы мереке қалай пайда болды, қандай
елдерде
атап өтіледі, осыған тоқталып өтелік.
1889 жылы Парижде ІІ Интернационал конгресінің
шешімімен 1886
жылы Чикагода болған америкалық
еңбекшілердің сегіз сағаттық
жұмыс күнін талап етіп, капиталистер мен
қанаушыларға қарсы
жанқиярлық күресінің құрметіне 1 мамыр бүкіл
дүние жүзі жұмыс
-шыларының бауырластық ынтымақ күні, яғни
халықаралық мереке
ретінде атап өтейік деген ұсыныс қызу
қуатталды. Бұл мереке
тұңғыш рет 1890 жылы атап өтілді.
Алғаш айтулы мейрамды
Аустро, Мажарстан, Бельгия, Алмания, Дания,
Испания, Италия,
АҚШ, Норвегия, Франция, Швеция сияқты
мемлекеттер атап өтті.

2 – жүргізуші: Содан бері аумалы – төкпелі заман өтіп, саяси жүйелер
жаңғырса да,
қазіргі таңда 1 мамыр мерекесін әртүрлі
мазмұнда әлемнің 66 мемле
- кеті тойлайды.

1 – жүргізуші: Украинада 1 мамыр күні халық алаңда мереке
ұйымдастырып,
орманда серуен құрып, кәуап дайындайды.

2 – жүргізуші: Оңтүстік Африка республикасында халықтық өнер
туындылары -
ның көрмесін ұйымдастырып, төмен
бағамен жалпы халыққа
арналған тұрмыстық бұйымдар сатылады.

1 – жүргізуші: Сицилияда – жергілікті халықтың сенімі бойынша бұл
күні дала
дан түймедақ (ромашка) теру бақыт әкеледі
– міс.

2 – жүргізуші: ТМД елдері ішінде Ресей мен Молдавия бұл
мейрамда 5 күн
демалады.

1 – жүргізуші: Ал Әзірбайжан, Грузия, Түрікменстан және Өзбекстанда 1
мамыр
–жұмыс күні, бірақ өзбек, түрікмен жұрты бұл
күні ұлттық тағам
дайындап, өзбекше, түрікменше тойлайды.

1 – жүргізуші: Ал бізде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі
күні.
Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің
елімізде 130 – дан астам
ұлт өкілдері тұрады және басқа шет
мемлекеттен келген ұлттар
біздің елімізде тіршілік етуде.

1 – оқушы: Сары, ақпыз, қарамыз
Бәріміз де баламыз.
Бір қалада тұрамыз,
Бір мектепке барамыз.

2 – оқушы: Ақ, қара деп бөлмейміз,
Бір жыл туған төлдейміз.
Туысқанбыз, татумыз
Биіктерге өрлейміз.

3 – оқушы: Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан
Тілейміз – бейбіт күн
Ашық болсын кең аспан.

4 – оқушы: Дос, бауыр көп,
Тосқауыл жоқ,
Айқара ашық есігің.

5 – оқушы: Тілегі бір, жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз.

Хормен: Достық - ұлттық туымыз,
Бауырласпыз бәріміз,
Дос болайық бәріміз.

6 – оқушы: Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос – бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.

7 – оқушы: Ақ, қара деп алдымен,
Бөлу болмас адамды.
Дәстүр, өнер, салтымен,
Таң қалдырған ғаламды

Хормен: Мықты болса іргеміз,
Бәріміз де біргеміз.

8 – оқушы: Жүз отыз ұлттың өкілі,
Жүзге де бөлмей бауыр қып.
Қазақстан халқының
Арта берсін бірлігі.

9 – оқушы: Сәулесі мен жарқынын,
Төксін ләйім күн нұры.
Қазақстан халқының,
Арта берсін бірлігі

Хормен: Қазақстан – ортақ Отанымыз.

Ән «Жаса, Қазақстан»

2 – жүргізуші: Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр
кезеңдерде еліміз-
ден пана іздеп келген «жат жұрттардың»
бәрін бауырына басып,
төрінен орын беріп, қандай қиын
кезеңдердің өзінде бір үзім
нанды бөліп жеді.

Көрініс «Қазақ жеріне қоныс аудару»

1 – жүргізуші: Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал жая, қазы – қарта, құрт пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Келіңіз ұсынамын төрден орын,
«Досым» деген адамға міне қолым.
Әр қазақтың жүрегінде осы тілек,
Адамзат, оң сапарда болсын жолың.

2 – жүргізуші: Қазақ жері талайға болған мекен
Дүниеде дәл мұндай ел бар ма екен?
Кім тұрады мұнда? – деп сұрай қалсаң,
Қазақстандықтар – дейді бұл елде кілең.

1 – жүргізуші: Қазақ жері – достықтың гүлстаны,
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы.
Күрестерде, еңбекте, мерекеде,
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

(өзге ұлт тілерінде мерекемен құттықтау)

Хор «Атамекен»

2 – жүргізуші: 1 мамыр. Бұл күн – халқымызды етене жақындастыра
түсетін
тағылымды мереке. Халқымызда туған жер–алтын
бесік деген сөз
бар. Баршамыздың ортақ Отанымыз – тәуелсіз
Қазақстан біздің
бірлігіміздің алтын бесігі. Қазақстанның
бүгінгі қарыштап дамып
отырғаны – еліміздегі жүрегі бір, тілегі
ортақ түрлі этнос өкілде -
рінің жарасымды өмір сүруінің арқасы, яғни
ұлттар достығы.
1 – жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
Келесі кезекті жыр
шумақтарына берсек.

«Туысқан жұрттар туралы»
«Ұлы достық»

1 – жүргізуші: 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып
отырған
ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың –
феномені – Қазақстан
халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл
ешбір елде болмаған
ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

2 – жүргізуші: Ассамблея 365 мүшесі, 471 – ден астам республикалық,
өңірлік,
облыстық, қалалық ұлттық – мәдени
бірлестіктері 500 – ге жуық
кіші ассамблея мүшелерінің бастарын
біріктіріп, біздің ортақ
үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты
қамтамасыз етіп келеді.

1 – жүргізуші: Бүгінде әрбір ұлтқа дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті
мен әде
- биетін дамытуға, тілінің жетілуіне
қамқорлық көрсетілуде.

2 – жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

1 – жүргізуші: Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен – бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр.
Алатау, Кавказ ұласып,
Баурайы бұйрат кең жатыр
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа дауысы кеп жатыр.

2 – жүргізуші: Бүгінгі кешімізде оқушылар Қазақстанда тұратын және
көршілес
ұлт өкілдерінің өнерімен таныстырмақшы,
ендеше сөз кезегін
осы оқушыларға берейік.

1 – жүргізуші: Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым орыс халқым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқың, менің даңқым.

(орыс халқының өнері)

2 – жүргізуші: Қадірменді бір досымыз - өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің.
Дәм тұзымыз араласпыз әріден,
Дастархандар жайылады сәнімен.
Палауың мен бесбармағым сыбайлас,
Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен.

(өзбек халқының өнері)

1 – жүргізуші: Жолым түсіп, тағдыр талап,
Грузин дос болдым қонақ.
Қазағымдай кең пейілің,
Дастарханды жайдың мол – ақ.

(грузин халқының өнері)

2 – жүргізуші: Тарихы мен мәдениеті өте тереңде жатқан, әлемде
танымал ұлт-
тардың бірі – үнді халқы. Қазақстанда
тұрақты диаспорасы бол –
мағанымен, елімізде білім алып және түрлі
салада жұмыс жасап
жүрген үнділер бар.

(үнді халқының өнері)

1 – жүргізуші: Белоруссия – жайқалған жасыл орман,
Жасыл орман – мәңгі жасыл арман.
Шетінен ойшыл келер армандары –
Қойнында сан ұрпақтың қаны қалған.

(белорус халқының өнері)

2 – жүргізуші: Кім сүймейді ет жақынын, туысын,
Украина туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын.

(украин халқының өнері)

1 – жүргізуші: Онша үлкен болмаса да көлемі,
Қазағымдай дарқан көңіл пейілі.
Әзірбайжан, Әзірбайжан ағайын,
Тағы сені құшып сүйгім келеді.

(әзірбайжан халқының өнері)

2 – жүргізуші: Қазақ, қырғыз бір сананың егізі,
Екі жұрттың бірге екен негізі.
Қазақ озса – ол қырғыздың мерейі,
Қырғыз озса – ол қазақтың жеңісі.
Қазақ – қырғыз туыссыңдар, доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.
Дос – туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.

(қырғыз халқының өнері)

1 – жүргізуші: Түрік, қазақ тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазағымдай ер елден.
Достығымыз ғасырларға жарасқан,
Туған елім шарықтай бер кемелден.

(түрік халқының өнері)

2 – жүргізуші: Ата – бабам ежелден – ақ дос қылған,
Кәріс, қазақ болашақты тосты алдан.
Сол достығын тағы міне дәріптеп,
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.

(корей халқының өнері)

1 – жүргізуші: Дән ексем жерге достық егер едім.
Бұлт болсам оған тамшы себер едім.
Жайнаған гүлден гөрі ыстық құмға,
Дос үшін жылда айналып келер едім.

2 – жүргізуші: Бір ата, бір ананың баласымыз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
«Бірлік барда – тірлік бар» деген бабам,
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.

Ән: «Я, ты, он, она»
(қазақ және орыс тілдерінде)

1 – жүргізуші: Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көзімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн.

Көрініс: «Бақыт деген не?»

2 – жүргізуші: Бейбітшілік деп салған,
Халықтардың ұраны.
Қара күшке жұмсалған,
Ең жеңімпаз құралы.
Таң шапағы атқанда,
Серпілмейтін түн бар ма?
Әділеттік қашан да,
Жеңбей қалған күн бар ма?

1 – жүргізуші: Достық, тату өмірге,
Дүниежүзі сенеді.
Соғыс өртін өшіре,
Бейбітшілік жеңеді.
Жеңген ұран – жеңісі,
Рахаттанар адамзат.
Ел мен елдер келісіп,
Бейбіт өмір салтанат.

ӘН: «Ақ көгершін»

2 – жүргізуші: Ұлы Абайдың «Азаматтың бәрін сүй, бауырым» деп
айтқан
өсиетін, кемеңгер, ойшыл Пифагордың «Жердің
жемісін жылына
бір көрсек, достың жемісін күнде көреміз»
деген сөзін басшы –
лыққа алған елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Көп
ұлтты болуымыз –
біздің байлығымыз, мақтанышымыз» деп атап
өтті.

1 – жүргізуші: «Ел бірлігі –ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ,
сабырлылық пен
парасаттылық, ең алдымен өзімізге –
қазақтарға керек» деп көре-
гендікпен Елбасы айтқандай, біз сияқты көп
ұлтты мемлекеттің
даму болашағының бір көзі – Қазақстан
халықтарының бірлігі.

2 – жүргізуші: Ендеше, бүгінгі мереке тағы да баршаңызға құтты
болсын.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы мекен еткен әр ұлт өкілдерінің дәстүрі,ұлттық киімі және өнері жайлы мағлұмат беру
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Құтты болсын бүгінгі мереке күн
Жайнаған қазақ еліміз
Менің отаным Қазақстан ( Бастауыш сынып )
Өлеңдер жинағы
Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ
Біріккен сөз
Білім мен парасат сыны
Қазақстан халқы ассамблеясы және елбасы
Пәндер