Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Құс. Құстардың қысқы тіршілігі

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Қоршаған дүниемен таныстыру
Тақырыбы: Құс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Қардағы құстардың іздерін бақылау. Қар туралы білімдерін бекіту.
Табиғатқа, еңбекке деген сүйіспеншілігін ояту.
Әдіс-тәсілдер:Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын,серуен
Қажетті көрнекі құралдар: Шана, шаңға
Қос тілділік компонент: Құс-птицы. Қыс-зима

| | | |
|Іс-әрекет |Тәрбиешенің іс-әрекеті |Балалардың іс-әрекеті |
|кезеңдері | | |
| |Ұйымдастыру: | |
|Себепті |-Балалар бізге қонаққа «Саубөбек » келеді.| |
|қызығушылы|Сабөбекпен серуенге баруға әзірміз бе? |Әзірміз |
|ғын ояту |Ендеше қолдарына шаңғының таяғын алыңдар, |Шаңғаның таяғын алып |
|кезеңі |олар саедерге сырғанауға көмектеседі. Сол |тебеді |
| |аяқпен, оң аяқпен тізелерінді | |
| |бүгіпитеріңдер, келе жатырмыз, келе | |
| |жатырмыз... | |
| |Бақылау: | |
| |Жапалақтап ақ қар күнде жауды қайталап |Саяхатқа барады |
| |Далаға шықты балалар шаңғыларын арқалап | |
| |-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? | |
| |-Қыста не жауады? |Қыс мезгілі |
| |-Қардың түсі қандай? |Қар жауады |
| |-Қар тағы қандай болады? |Ақ |
| | |Қатты,жұмсақ,ұлпа, |
| |Жұмбақ жасыру |салқын,жылтыр |
| |Ұлпа, қанаттай ақ? | |
| | |қар |
| |-Балалар, біз қазір тәжірибе жасап | |
| |көрейік.Қар тағы қандай болады екен? Міне,| |
| |мынау ұлпа қар. Оны алақанымызға салып | |
| |кішкене ұстасақ, ол қандай болады? –Міне | |
| |қараңдар, ол дымқыл. Ал егерде |дымқыл |
| |алақанымызда көбірек ұстасақ ше? | |
| |-Ол неге еріп кетті, себебі алақанымыз |еріп кетеді |
| |жылы | |
| |-балалар қыста суыққа төзімді қандай | |
| |құстарды білесіңдер? |торғай, қарға, сауысқан, |
| | |көгершін |
| |«Құстар қалай қыстайды?» ертегісін оқып | |
|Ұйымдастыр|беру. |Ертегіні тыңдап |
|ушылық | |сұрақтарға жауап береді |
|ізденіс |Сергіту сәті | |
|кезеңі |Қар борайды оң жақтан | |
| |Қар борайды сол жақтан |Сергіту сәтін орындайды |
| |Қар атысып ойнасақ | |
| |Су өтпейді қолғаптан | |
| | | |
| |-Балалар қараңдар, мына жерде қардың | |
| |үстімен торғайлар жүріп өтіпті, ал мына | |
| |жермен сауысқан жүріп өтіпті |Құстардың іздерін |
| |-Келіңдер құстардың іздерін бақылайық. |бақылайды |
| |-Балалар біз жазда құстардың ізін жақсы | |
| |көре алмаймыз, ал қыста қар бетінен анық | |
| |көруге болады | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| |Қимылды ойын: «Ұлпа қар» | |
|Іс-әрекетт|Ұлпа қар сияқты ұшамыз, ұшамыз. Ұлпа қар |Ұлпа қарға айналады |
|ің бағалау|ұшып бір жерге жиналып ,үйіліп кесек қарға| |
|кезеңі |айналады. | |
| | | |
| |«Кесек қармен» ойын |Кесек қарларды көк, қызыл|
| |Кесек қарды қыздар қызыл шеңберге, ұлдар |шеңберлерге тасып салады |
| |көк шеңберге тасып салады | |
| | | |
| |Өлең жаттату |Өлеңді жаттап алады |
| |Торғай,торғай, торғайсың | |
| |Жақын келіп қонғайсың | |
| |Жем шашайын тойып ал | |
| |Сонда аязға тоңбайсың | |
| |«Дауысын ажырат» дидактикалық ойыны |Құстардың дауыстарын |
| |Қарға қарқ-қарқ |салып,ажыратады |
| |Торғай шик-шик | |
| |Саубөбекпен қоштасады | |
| | | |
| | | |

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қыстап қалатын құстар туралы біледі,атап айтады

Қандай түсініктерді меңгерді: Қардың түсін және оның қандай болатынын, қар
бетіндегі іздерді бақылауды меңгерді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Серуен жасап, бақылауды, жеке жұмыс
жасай білулері,ойынға қатысулары

Қаратөбе ауданы

Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің
мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Ажимова Райгул Қобланқызы.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Қарапайым математика
Тақырыбы: 6 саны
Мақсаты: Балаларды 6 санымен және цифрымен таныстыру. Тура және кері санай
білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер:Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын
Қажетті көрнекі құралдар: 6 саны, 6 санына байланысты суреттер
Қос тілділік компонент: алты- шесть, сан- цифр

| | | |
|Іс-әрекет |Тәрбиешенің іс-әрекеті |Балалардың іс-әрекеті |
|кезеңдері | | |
| |Жылулық шеңбері | |
|Себепті |Алты қанат ақ Орда | |
|қызығушылы|Әнсіз, күйсіз болар ма?! | |
|ғын ояту |Айттырмайды дауыңды |Өлең жолдарын шеңберге |
|кезеңі |Алты ауызы ауылдың |тұрып айтады |
| |Тебеді ел кеткенше | |
| |Алтыбақан, әткешек | |
| |Алты шекті гитара | |
| |Қала алмайды бейтарап | |
| |Алты аяқты қоңыздар | |
| |Ұшып жүрген қобыздар | |
| |Жұмбақ жасыру | |
| |Бестен кейін келеді | |
| |Тапқыр оны біледі |6 саны |
| |Бұл қай сан? | |
| |«Қонақтар келді» дидактикалық ойыны | |
| |-Майра түскі асқа келетін қонақтарды | |
| |күтеді. Ол сұйық асқа тәрелке, қасықтар | |
| |дайындады. | |
| |-Тәрелке мен қасықтардың саны бірдей |Майра қонақтарға 6 қасық,|
| |ме?Оны қалай білуге болады? Суретке қарап |6 тәрелке дайындады. |
| |, әрбір тәрелкеге бір қасықтан қойыңдар. |Майра 6 қонақ күтті |
| |Майра қателескен жоқ па? Дәлелдеңдер. | |
| |Майра неше қонақты күтеді? | |
| | |1- ден 6-ға дейін тура |
| |Тура және кері санау |және кері санайды |
| |1 2 3 4 5 6 | |
| |6 5 4 3 2 1 | |
| |Логикалық есептер | |
|Ұйымдастыр|1.Жемсауытта 5 торғай жем жеп отыр,оған | |
|ушылық |тағы 1 торғай келіп қосылды. Барлығы неше |6 торғай болды |
|ізденіс |торғай болды? | |
|кезеңі |2.Көлде 8 аққу жүзіп жүр,оның 2 көлден | |
| |ұшып кетті. Көлде неше аққу қалды? |6 аққу қалды |
| |Сандық қатар | |
| |1- ден 10-ға дейінгі сандар арасынан 6 |6 санын тауып қоршайды |
| |санын тауып қорша | |
| |1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 | |
| |Алты саны ұлықпа | |
| |Ұқсас өзі құлыпқа | |
| |-Мына құлыптардың саны нешеу? |6 |
| |-Оларды қай кілт ашады? |Әр құлыптың кілтін табады|
| | | |
| |Сергіту сәті |Сергіту сәтін орындайды |
| |1,2,3- қарлығаш боп ұш | |
| |5,6,7- қарлығаш боп қалқы | |
| |7,8,9,10-өз орнына қон | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
|Іс-әрекетт|Тапсырмалар | |
|ің бағалау|«Көршісін тап» |Сандардың көршісін табады|
|кезеңі |1...3...5..7...9.... | |
| |..2...4...6..8...10 | |
| | |Санын анықтайды |
| |Дидактикалық ойын: «Санын анықта» | |
| |Әр көкөніс пен жемісті,жидекті есептеп | |
| |санын айтады | |
| | | |
| |Есепте: |Есепті орындайды |
| |5+1=6 4+2=6 3+3=6 | |
| |Бояу: Әр топтағы заттарды бір сөзбен ата | |
| | |6 санын жазып үйренеді |
| |6 санын бастырып жазу,штрихтау | |
| | | |
| |Оқуіс-әрекетін қорытындылау | |
| | | |
| | | |
| | | |

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: 1-ден 6-ға дейін тура және кері санауды біледі .

Қандай түсініктерді меңгерді: 6 саны жұп сан екенін, көршілес сандарды
тауып жазуды,есепті ойлап шығара білуді меңгерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тапсырмаларды орындап, өз беттерімен
6 санын жазып үйренулері.

Қаратөбе ауданы

Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің
мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Ажимова Райгул Қобланқызы.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Сауат ашу
Тақырыбы: «Ж» дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Балаларды «Ж» дыбысы және әрпімен таныстыру,буындарды қосып оқуға
үйрету. Қолдарын жаттықтыру.
Әдіс- тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын
Қажетті көрнекі құралдар: «Ж» әрпі, «ж»дыбысына байланысты суреттер
Қос тілділік компонент: әріп-буква, дыбыс-звук

| | | |
|Іс-әрекет |Тәрбиешенің іс-әрекеті |Балалардың іс-әрекеті |
|кезеңдері | | |
| |Жылулық шеңбері | |
|Себепті |-Қане, балалар,бәріміз бір-біріміздің | |
|қызығушылы|қолымыздан ұстап,үлкен шеңбер құрып |Балалар тәрбиешімен бірге|
|ғын ояту |көрейікші!Қандай тамашаІ Шеңбер күн сияқты|өлең жолдарын айтып, қол |
|кезеңі |жылы,дөңгелек. Шеңберде біз бір-біріміздің|ұстасып шеңбер құрады |
| |бет- жүзімізді, көімізді, күлкімізді көре | |
| |аламыз. | |
| |-Жарайсыңдар, балалар! Ендіорнымызға | |
| |отырайық | |
| | | |
| |Жаңа тақырып |Қимылмен көрсетіп, |
| |Дыбысты айтып жаттығамыз |дыбыстарды салады |
| |-Дауыл соқты, ағаштар тербелді |-ш-ш-ш-ш-ш |
| |Ш-ш-ш-ш-ш | |
| |-Қоңыздар ұшып келді |Ж-ж-ж-ж-ж |
| |Ж-ж-ж-ж-ж | |
| |-Қандай дыбыс айттыңдар? | |
| |-Күн көтеріліп шуағын шашты,жылуын берді | |
| |-«Жылу» дегенде бірінші қандай дыбыс | |
| |естіледі? |-«ж» дыбысы естіледі |
| | | |
| |Артикуляциялық жаттығу | |
| |-«ж» дыбысын айтқанад тіл жоғары | |
| |көтеріліптаңдайға темей тұрады. Тіліміз |«ж» мен «ш» дыбыстарын |
| |ауаның шығуына кедергі жасайтындықтан «ж» |салыстырып айтады |
| |дыбысын дауыссыз дыбыс дейміз, көк түсті | |
| |дөңгелекпен белгілейміз | |
| | | |
|Ұйымдастыр|Тіл ұстарту жаттығуы | |
|ушылық |-Осы дауыссыз дыбыстарды дауысты |«ж» дыбысынан басталатын |
|ізденіс |дыбыстармен қосып айтамыз |буындарды айтады |
|кезеңі |Жа-жо-же-жи-жу-жы | |
| | | |
| |Дидактикалық ойын: «Дұрыс қайтала,топтан | |
| |қалма» |Естігендерін қайталап |
| |Жа-жа-жа-ға-ағ-ға- жаға |айтады |
| |Ша-ша-ша-на-на-на- шана | |
| |Са-са-са-ға-ға-ға- саға | |
| |Сергіту сәті |Шеңбер бойымен дөңгеленіп|
| |-«ж» дыбысынан басталатын сөздіестігенде |жүреді, «ж» дыбысы бар |
| |тоқтай қалңдар. |сөзді естігенде тоқтай |
| |Балалар дөңглгне жүреді, тәрбиеші сөз |қалады |
| |айтып тұрады: | |
| |шана,сана,шаң,заң,(жаңа)дегенде | |
| |балалартоқтай қалуы тиіс. Себебі бұл сөзде| |
| |«ж» дыбысы бар. Ойын әрі қарай осы ретпен | |
| |жалғасады | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
|Іс-әрекетт|Дәптермен жұмыс | |
|ің бағалау|-Суреттерді атап шық, «ж» дыбысы |Суреттерді атап шығады, |
|кезеңі |кездесетін суреттеді қоршап қой |«ж» дыбысы кездесетін |
| |Мысалы: жылан, қой, ата, жаңбыр |сөздерді қоршап қояды |
| | | |
| |«Ж» дыбысы кездесетін өлең шумақтарын | |
| |айтып көрейік | |
| |Көйлекке кәдімгі |Қайталап айтып, жаттап |
| |Қарасаңыз анықтап |алады |
| |Жаны бар «ж» ұшып жүр | |
| |Жайдары күз, жарқын күз | |
| |Жарқырайды жапырақ | |
| | | |
| |Қорыту | |
| |Не үйрендіңдер? Қандай дыбыспен жұмыс |«Ж» дыбысымен жұмыстандық|
| |жасадық | |
| | | |
| | | |
| | | |

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: «ж» дыбысынан басталатын сөздерді таба біледі, дауысты,
дауыссыз дыбыстарды ажырата біледі

Қандай түсініктерді меңгерді: «ж» дыбысының сөздегі орнының әртүрлі
болатынын

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: «ж» дыбысын «ш» дыбысымен шатастырмай
дұрыс айта білуді

Қаратөбе ауданы

Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін
мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Ажимова Райгул Қобланқызы.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Құрастыру
Тақырыбы:Жиһаз
Мақсаты: Балаларға құрастыру туралы түсінік беру. Құрастырудың түрлерімен
таныстыру, пайдалануға жарамсыз заттармен жұмыс істеуге үйрету.
Еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын
Қажетті көрнекі құралдар: Ағащ конструктор, сіріңке қорабы,түсті картон,әр
түрлі жиһаздар т.б.
Қос тілділік компонент: жиһаз- мебель
| | | |
|Іс-әрекет |Тәрбиешенің іс-әрекеті |Балалардың іс-әрекеті |
|кезеңдері | | |
| |Ойын ойнату: | |
|Себепті |Есік қағылады. Тәрбиеші кім келгенін | |
|қызығушылы|айтады. | |
|ғын ояту |-Балалар бізге Гүлнар , Сәуле, Айсұлу атты|Қуыршақтарды қарсылап, |
|кезеңі |қуыршақтар қонаққа келіпті. Олар бізге |құрмет көрсетеді |
| |өздеріне орындықтар, үстел және төсектер | |
| |сияқты жиһаздар жасап беруімізді өтінеді. | |
| |Балалар, біз оларға жиһаз жасап берейік. | |
| |Ол үшін біз сендермен «Жиһаз жасайтын | |
| |шеберхана» ашып, құрастыру жұмысын | |
| |юастаймыз. | |
| |Әңгімелесу: | |
| |Құрастыру дегеніміз не? Бұл әр түрлі |Тәрбиешімен |
| |заттардан бұйымдар жасай білу шеберлігі. |әңгімелесіп,қойылған |
| |Біз керекті материалдарды табиғаттан |сұрақтарға жауап береді. |
| |аламыз. Олар- бүр, еменжапырақ, бұтақ, | |
| |ағаш, құстың қауырсыны т.б. сол сияқты | |
| |пайдалануға жарамсыз заттар бар, оны | |
| |лақтырып тастағанымен бізге қайтадан қажет| |
| |болады. Олар сіріңке қорабы, әр түрлі | |
| |заттың қорабы, пластик шөлмектер, | |
| |стакандар т.б. | |
| |Бой сергіту. | |
| |Қыздар мен балалар доп сияқты секіреді, |Бой сергіту жаттығуын |
| |қолдарын шапалақтайды, аяқтарын |орындайды |
| |топылдатады, көздерін жыпылықтатады, тыныш| |
| |отырып демалады. | |
| | | |
|Ұйымдастыр|Үлгіні қарау( бөліктің атауы, оны | |
|ушылық |біріктіру тәсілдері) |«ж» дыбысынан басталатын |
|ізденіс | |буындарды айтады |
|кезеңі |Балалардың өз беттерімен құрастыру жұмысы.| |
| |-Балалар қонақ қуыршақтар сендерге жұмбақ |Жұмбақтардың шешуін |
| |жасырғылары келеді екен: |табады |
| |Жұмбақтар: | |
| |Жайылған дүниеге бір ғажайып |Орыныдық |
| |Тік көтеріп отырар адамдарды | |
| |Ағайынды төрт батыр |Үстел |
| |Көтергені бір шатыр | |
| |Арқасында азығы |Үстел |
| |Бауырында қазығы | |
| |Қойған тамақ «үйінде » |Тоңазытқыш |
| |Тұратын мұздай күйінде | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
|Іс-әрекетт|«Ағаш шебері» өлеңімен қорытындылау | |
|ің бағалау|Бұрқыратып иісін | |
|кезеңі |Тақтай тілем ағаштан |Өлең жолдарын жаттап |
| |Безендірем үй ішін |алады |
| |Жабдықтармен жарасқан | |
| |Болсын берік, көрікті | |
| |Пәтерлердің жасауы | |
| |Соған лайық ең мықты | |
| |Келер жиһаз жасағым | |
| | | |
| |-Балалардың жұмыстарын талдау |Балалар өз жұмыстарына |
| | |баға береді |
| |-Қуыршақтарға ұсынып, шығарып салу |Қуыршақтарға жұмыстарын |
| | |ұсынып, шығарып салады |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қажетсіз затарды пайдалана біледі

Қандай түсініктерді меңгерді: Сіріңке қораптарынан, катушкадан жиһаз
құрастыруды

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қуыршақтарға жиһаз жасап, құрметтей
білулері

Қаратөбе ауданы

Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің
мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Ажимова Райгул Қобланқызы.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Валеология
Тақырыбы: Күн, су, ауа- біздің достарымыз
Мақсаты: Балаларға адамдар, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігі үшін ауаның,
судың, күннің қаншалықты маңызы бар екенін түсіндіру. Таза су табиғаттың
баға жетпес сыйы екенін айту.
Әдіс- тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын
Қажетті көрнекі құралдар: Тірі жіне өлі табиғат суреттері
Қос тілділік компонент: күн- солнце, су- вода, ауа- воздух

| | | |
|Іс-әрекет |Тәрбиешенің іс-әрекеті |Балалардың іс-әрекеті |
|кезеңдері | | |
| |Әңгімелесу : | |
|Себепті |-Балалар біз немен демаламыз? |-Ауамен |
|қызығушылы|-Қане, ауаны жұтайық . Ауа қайда барады? |-мұрынға |
|ғын ояту |-Дұрыс, ол тамаққа келіп түсіп , тыныс | |
|кезеңі |жолдарына содан кейін ауатамырлар арқылы | |
| |өкпеге барады. | |
| |-Балалар, қане, тәжірибе жесеп көрейік (Әр|Тәжірибе жасап көреді |
| |балаға екі шардан таратып береді. Балалар | |
| |шарды үрлейді , ауасын шығарады) | |
| |- Міне, өкпе осылай жұмыс жасайды. | |
| |-Балалар, егер ауа жоқ болса не болар еді?|Өмір сүре алмас едік |
| |Тәжірибе жасап көрейік: | |
| |Алақанымызбен ауызды жауып , саусағымызбен|Ауыздарын жауып, |
| |мұрнымызды қысайық. |мұрындарын қысады |
| |-Таза ауа қалай келеді? |Бізге өсімдіктер арқылы |
| | |береді |
| |-Ал, өсімдіктер өмір сүру үшін оларға не |Су мен жарық |
| |қажет? | |
| |Жұмбақтар: | |
| |Ақ сандығым ашылды |Күн |
| |Ішінен жібек шашылды | |
| |Дәмі де жоқ, түсі жоқ |Су |
| |Пайдаланбас кісі жоқ | |
| |Өмірде одан мол ештеңе болмайды |Ауа |
| |Құшақтасаң, құшағың тек толмайды | |
| |-Балалар күн, су, ауа қандай табиғатқа |Жансыз табиғатқа жатады |
| |жатады? | |
| | | |
|Ұйымдастыр|«Таңғажайып сәт» | |
|ушылық |-Есік қағылып қозы кіреді. Ол үсті лас , | |
|ізденіс |өзі жылап, жөтеліп тұр. | |
|кезеңі |- Балалар өзі лас, өзі мұңды болып тұрған |-қозы |
| |кім? | |
| |Қозы: | |
| |-Мен өзен жағалап сендерге қонаққа келе |Қозы тыңдайды, жанашырлық|
| |жаттым. Күн ысып кеткенде өзенге шомылып |білдіреді |
| |алмақшы болдым. Суға түсіп, сыртқа | |
| |шыққанда осындай болдым. | |
| |-Балалар, маған не болғанын, мүмкін сендер|-жоқ |
| |білетін боларсыңдар? | |
| |- Ой, менің есіме енді түсті ! Өзен | |
| |жағасына зауыттан тартылып жатқан ұзын | |
| |құбырды көрдім. Ол құбырдан өзенге су | |
| |құйылып жатты. Мен түтін араласқан ауаны | |
| |жұттым. – Балалар қозыға қандай кеңес | |
| |береміз? | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
|Іс-әрекетт|-Жақсылап демал. Таза су іш. Таза су |Қозыға кеңес береді |
|ің бағалау|ішіп, шөп жесең жазылып кетесін деп қозыға| |
|кезеңі |қораға барып жатуды өтінеді. |Суға қалдық заттарды |
| |-Балалар қозы сияты мұндай жағдайларға тап|тастамау керек. |
| |болмау үшін не істеуіміз керек? |Табиғатқа зиян келтірмеу |
| | |керек |
| | | |
| |«Нені атағанымыд көрсет» дидактикалық | |
| |ойыны |Жанда және жансыз |
| |Жанды және жансыз табиғатты атап |табиғатты атап көрсетеді |
| |көрсету. | |
| |Мысалы: Адам- жанды табиғат | |
| |Күн- жансыз табиғат | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Күн, су, ауаның адамға қаншалықты қажет екенін біледі.

Қандай түсініктерді меңгерді: Табиғатқа қамқар бола білуді, зиян
келтірмеуді меңгерді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қозыға деген аяушылық сезімдерін
білдіріп, көмек көрсетулері.

Қаратөбе ауданы

Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды даярлық топ
тәрбиешісі Ажимова Райгул Қобланқызы.

Ұқсас жұмыстар
"Құстар қалай қыстайды?."
Үй жануарларының қысқы тіршілігі
Құстар қалай қыстайды Оқушыларға жалпы құстар жайында олардың қысқы тіршілігі жайында толық түсінік беру
Аңдардың қысқы тіршілігі
Орман жануарлары
Құстардың көктемгі тіршілігі (сабақ жоспары)
Көңілді қыс
Табиғат тылсымы
Табиғат тіршілігі құстар
Өсімдіктер мен аңдардың қысқы тіршілігі
Пәндер