Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Ана-отбасы жүрегі, мейрімділік тірегі

Қарағанды облысы, Октябрь ауданы
№ 7 Жамбыл Жабаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған
мектеп интернаттың тәрбиешісі
Абилкасова Балжан Толегеновна

Тақырыбы: «Ана-отбасы жүрегі, мейрімділік тірегі»
Мақсаты: Көктемнің алғашқы күнімен сәйкес келетін осы қасиетті сөздің
мағнасын ашу. Аналарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Түрі: сыныптан тыс шара
Көрнекілік: үнтаспа, бейнежазба, презентация, сөздер жазылған плакаттар,
гүлдер, шарлар.
(сыныптағы барлық ұл балалар ақ көйлек, қара шалбар,8 ұл- сары бабочка,
сары шлаяпа, 8 ұл-қызыл бабочка, қызыл шляпа)
Абильмансур
Құрметті ата-аналар, оқушылар. Көгілдір көктемнің алғашқы күнімен бірге
келетін жайдары да нәзіктік мерекесі болып саналатын 8 наурыз мерекесімен
құттықтаймыз. Сіздерге арналған «Ана-отбасы жүрегі, мейрімділік тірегі»
тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Көктемгі даланың сәні,
адамның жыр-әні болған жауқазын, яғни қыр қызғалдақтарын ортаға шақырайық.
Би: «Қызғалдақтар»
Ербол
Анашым-осы қасиетті сөзді естегін әрбір жанда жүрегінде мейірім, көзінде
шаттық болары сөзсіз. Жер беті ешбір анасыз құлпырған емес. Әлемнің бар
гүлін сыйласақ та, аспандағы күнді сыйласақта сіздерге аздық етеді. Бірақ
кішкене сәби жүрегімізден сыйлаған осы бір ақ тілекті қабыл алыңыздар.
Арлан
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.
Дәмер
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,
Лунара
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар
Ержан
Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Жігер
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Аида
Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, -
Нурдаулет
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Оразмұхаммед
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Абильмансур
Ана-осы үш әріпті қасиетті сөзде барша ғаламның табынушысы, барша елдің
ардақтысы барын кім білген. Мейіріммен ізеттілік, кішіпейілділік пен
инабаттылық та осы сөздің құшағына сыйған. Неткен керемет десеңші! Жүзіңді
әжім шалмай, шашыңа ақ түспей, ардақты аналарым ортамызда жүре
беріңіздерші. Анамыздың шашына ақтың түсетінін көрейік.
Автор-Қыдырәлі
Миша анасының басынан үш тал ақ шаш көрді.
Миша-Дәмер
-Мама, басыңда үш тал ақ шаш бар екен,-деді.
Автор:
Мамасы езу тартып күлді де қойды. Бірнеше күн өткен соң Миша шешесінің
басынан төрт тал ақ шаш түскенін байқады.
Миша:
-Мама, басыңда ақ шаш төртеу болыпты. Бұрын үшеу ғана еді ғой. Неге тағы
біреуі ағарып кеткен?
Анасы-Лунара
- Ауырғаннан, ананың жүрегі ауырса, шашы ағарып кетеді.
Миша:
-Жүрегің неден ауырады?
Анасы:
-Есіңдеме, сен өте биік ағаштың басына өрмелеп шықтың ғой. Мен оны
терезеден көріп тұрғанмын. Сенің жіп-жіңішке бұтақ үстінде тербеліп
тұрғаныңды көріп, жүрегім ауырып кетті. Содан шашым да ағарды.
Автор:
Миша ұзақ ойланып отырды. Содан соң шешесіне келіп, оны құшақтап.
Миша:
-Мама, егер мен жуан бұтаққа отырсам, шашың ағармас па еді?
Автор:
Құрметті достар, ананың жүрегі ауырып, қабағын түйетін әрекеттер жасамайық.
Ана жүрегі біздің әрбір жаман әдеттерімізден ауырады. Сондықтан жақсы
оқушы, жақсы бала болайық.
Ербол
Анашым- тербелеген өмір бесігінің айнасы, қуанышымыздың айғағысыз. Сіз
қуансаңыз барша әлем қуанады, сіз жымисаңыз әлемдегі барлық жабық есіктер
ашылады. Сіз мен үшін баға жетпес асылсыз. Барша аналар сіздердің
қабақтарыңызға ешқашан қайғы кірмесін. Тек қуаныштан ғана күліңіздер дегім
келеді. Келесі ақ тілекті өлеңіміз өздеріңізге арналады.
Ән: «Құттықтаймын мама, туған күніңмен!»

Нұрзат
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
Айғаным
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Ибраһим
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
Жанель
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Ернар
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар.
Али
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
Ақзер
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Динмухамед
Сен қуансаң мен бірге қуанам
Саған ғага сенемін, жұбанам
Аспандағы ай-күнімсің маған
Баға жетпес байлығымсың ана
Ардақты анам, аяулы мама
Абильмансур
Ақын-жазушылардың әнімен өлеңіне арқау болған кім? Ана! Иә, бір қолымен
әлемді тербеткен, екінші қолымен баласын тербеткен жан біткенге жақсылық
жасаушы, басқаның баласын өз баласындай жақсы көретін-Ана! Ана-ғұмырлы
өмірің әрқашан ұзақ болсын. Табиғатың нәзік, жүрегің кең сендей абзал жанды
бұл жалғанда алақанымызға салып өту біз секілді перзенттеріңіздің борышы.
Аман болыңыздар аналар! Келесі әдемі би сіздердің құрметтеріңізге.
Би: «Флэшмоб» (ұлдар биі)
Ербол
Табиғатта осы көктемінің алғашқы мерекесін құшақ жая қарсы алады екен. Оның
бір дәлелі, табиғат қыста қатып тылысым өмір мұздап жатса. Бұл күндері жер
бетінде жасыл шөптер жайқалып, гүлдер өсіп шығады екен. Құрметті аналар
кәне, біз сіздермен сіздер қандай ағаш екендіктеріңізді тексерейік. Сол
себепті аналарымыздың жүзін экранға бұрсақ. Мұқият тыңдаңыздар.
(осы кезде экранда әр ананың өзінің туған күні бойынша жинақталған ағаштар
жазылып, сол ағаштар туралы түсінік болады)
Абильмансур
Сіздерді жайқалған ағашқа теңеп жатқанымыз. Ағаш тамырдан өсіп өнеді.
Тамыры тереңге жайылған ағаштай қысы, жазы ыстық пен суыққа шыдап жүретін
сіздердің төзімділіктеріңізге риза болғандықтан деп біліңіздер. Осындай
керемет көңіл күйді, менің келесі достарым жалғастырса. Достарымның жүрек
жарды ақ тілекті өлеңдерін қабыл алыңыздар.
Хасан
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,
Отанымның өзі сенен басталып.
Жауларыма жеткен жерден бітеді.
Мен саған желсіз де жетемін.
Бұлбұл
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Расул
Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз
Айзерек
Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!
Қыдырәлі
Мәңгі жарық күн сыйлаған маған
Бір адам бар ол өзіңсің ана
Мейірімге бір өзіңнен қанам
Жылуды да жүрегіңнен алам
Ардақты ана, аяулы мама
Шырайлым
Ана десем, алғыс алам халқымнан
Ана десем, теңіз болам шалқыған.
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын.
(барлық оқушы шығып, аналарға дайындаған ашық хаттарын сыйлайды)
Ербол
Құрметті ата-аналар, достар! Бүгінгі көктеммен бірге келген осы керемет
мерекемізге арқау болып отырған біздің сыныптың сұлу қыздары. Мерекелеріңіз
құтты болсын. Сіздерге өмірде тек қана жақсылық пен сәттілік тілеймін.
Сабақта алда болып, денсаулықтарың мықты болсын деген тілекпен, біздің
сыныптың ұлдары атынан сыйлайтын сыйлығымызды қабыл алыңыздар.
(ұлдар қыздарға сыйлық береді)
Абильмансур
Шырайлы мерекеміздің сәнін келтіріп отырған аналар! Әр күндеріңіз дәл
бүгінгі күндей сәнді де, мәнді болсын. Жүректеріңіз ешуақытта ауырмай,
шаштарыңызға ақ түспесін. Біздей ұрпақтың ақылды да байсалды анасы болып,
мәңгі жанымызда болыңыздар деген балалы жүрегімнен шыққан ақ тілегімді
қабыл алыңыздар. Ендігі сөз кезегі Әсем Батталқызына беріледі.
Ербол-Абильмансур
Қымбатты аналар! Осымен сіздерге арналған «Ана-отбасы жүрегі, мейрімділік
тірегі» кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше күн жақсы болсын.

|Туған күндері |аналардың аттары |Жұлдызнама |ағаштары |
| | |(зодиак) | |
|ақпан-февраль |Жанар (Хасан) |суқұйғыш |Балқарағай (кедр) |
|(13.02) | |(водолей) | |
|наурыз-март |Гүлнұр (Шырайлымның анасы) |балық (рыба) |Қызылтал (ива) |
|(8.03) | | | |
|наурыз-марта |Анаргүл (Бұлбұлдың анасы) |тоқты (овен) |Ағаш жаңғағы (дерево |
|(23.03) | | |орех) |
|сәуір-апрель |Гүлмира (Динмухамедтің анасы)|тоқты (овен) |Алма ағашы (яблоня) |
|(05.04.) | | | |
|сәуір-апрель |Жанар (Арланның анасы) |тоқты (овен) |Үйеңкі (клен) |
|(16.04.) | | | |
|сәуір-апрель |Гүлсім (Оразмұхамедтің анасы)|тоқты (овен) |Үйеңкі (клен) |
|(17.04.) | | | |
|сәуір-апрель |Құндыз (Нұрзаттың анасы) |торпақ (телец) |Ағаш жаңғағы (дерево |
|(25.04) | | |орех) |
|мамыр-май |Жанагүл (Расулдың анасы) |торпақ (телец) |Терек (топаль) |
|(14.05) | | | |
|маусым–июнь |Гүлнұр (Айзерек анасы) |егіздер |Қызылқайың (красная |
|(06.06) | |(близнецы) |береза) |
|маусым–июнь |Гүлдана (Дәмердің анасы) |шаян (рак) |Інжір (инжир) |
|(23.06) | | | |
|маусым-июнь |Гүлзада (Ақзердің анасы) |шаян (рак) |Алма ағашы (яблоня) |
|(27.06.) | | | |
|шілде-июль |Гүлім (Қыдырәлінің анасы) |шаян (рак) |Шегіршін (вяз) |
|(21.07) | | | |
|тамыз-август |Айжан (Ержанның анасы) |бикеш (дева) |Қарағай (сосна) |
|(26.08.) | | | |
|тамыз-август |Жанар (Абильмансурдың анасы) |бикеш (дева) |Қарағай (сосна) |
|(28.08) | | | |
|қыркүйек-сентяб|Мархаббат (Аиданың анасы) |бикеш (дева) |Алма ағашы (яблоня) |
|рь (1.09) | | | |
|қыркүйек-сентяб|Нұргүл (Алидің анасы) |бикеш (дева) |Жөке ағашы (липа) |
|рь (11.09.) | | | |
|қыркүйек-сентяб|Жанагүл (Жанельдің анасы) |бикеш (дева) |Жөке ағашы (липа) |
|рь (18.09) | | | |
|қыркүйек-сентяб|Амина (Ернардың анасы) |таразы (весы) |Ағаш жаңғағы (дерево |
|рь (24.09) | | |орех) |
|қазан-октябрь |Дарижан (Ерболдың анасы) |таразы (весы) |Ағаш жаңғағы (дерево |
|(02.10) | | |орех) |
|қазан-октябрь |Сержан (Жігердің анасы) |таразы (весы) |Алма ағашы (яблоня) |
|(04.10) | | | |
|қазан-октябрь |Гүлнар (Нурдаулеттің анасы) |таразы (весы) |Алма ағашы (яблоня) |
|(07.10) | | | |
|қараша-ноябрь |Гаухар (Ибраһимнің анасы) |сарышаян |Емен (дуб) |
|(16.11) | |(скорпион) | |
|желтоқсан-декаб|Мадина (Лунараның анасы) |мерген (стрелец)|Қызылқайың (красная |
|рь (07.12) | | |береза) |
|желтоқсан-декаб|Орал (Айғанымның анасы) |мерген (стрелец)|Қызылқайың (красная |
|рь (11.12) | | |береза) |

Балқарағай-байсалды, көрікті, салмақты. Маңызды және бойшаң ағаш. Ерекше
сымабатты адамдар. Денсаулығы мықты. Өзіне сенімді, өзін сыйлата алады.
Еңбекқор және шығармашылық қабілеті бар. Серіктестері оның сенімінен нәр
алады. Күй таңдағыш және талғампаз. Қызметте басшылыққа бейім. Музыка
тыңдағанды ұнатады.
Алма ағашы-сымбаты мен сүйкімділігімен баурап алатын адам. Өмірін
шытырмандар мен албырттыққа жұмсауға дайын, бірақ отбасылық өмірден қанағат
тапса, барлық қызығушылығынан бас таруға дайын. Керек болса, соңғы тиынын
да бере салады. Оның осы мейірбандылығын пайдаланып кететіндер де көп.
Ғылымға қабілеті бар. Қызықты, қызу, қозғалысқа толы өмір сүреді.
Үйеңкі-бір тумалылығымен ерекше. Бұл адам жасқаншақ, ұялшақ, ынжық, өте
сақ. Тәкаппарлығы мен өзін жақсы көретіндігімен ерекшеленеді. Алайда көбіне
салғырт. Ерекше ақылды және зерек, есте сақтау қабілеті жақсы. Махаббатта
қиын адам, өзін сыйлата білгісі келеді. Сонымен қатар серігінде үрей
турдырады.
Терек-сәнді, көрнекті, қартаймайтын ағаш. Бұл белгінің астында туылған
адамдар өзіне сенімсіз, әрдайым біреудің тілектестік білдіруіне зәрі.
Мінезі қыңыр, кірпияз және талғампаз, өте әсершіл. Сондықтан адамдармен
қарым-қатынаста қиын. Жүрегі үлкен махаббатты қалайды. Бірақ сезімге
әрдайым көңілі толмайды. Қиын-қыстау сәттерде серігіне қорған бола алады.
Інжір-мықты тұлға. Ой-пікірін білдіруге тәуелсіз, отбасылық өмірді жақсы
көреді. Балалар мен жануарларға мейірімі ерекше. Зерек, кемелденген,
қабелетті, білімді, зиялы. Жалқаулығы басым. Әзіл-қалжыңға құмар.
Шегіршін-салмақты, байсалды, шыдамды, өзін еркін билейтін, өзіне көп талап
қоятын және өзгенің кемшіліг мен қателіктерін көтере алмайтын адам.
Денсаулығы төзімді, мейірімді, бауырмал жан, бірақ кейде озбырлық танытуы
да мүмкін. Өз өмірін саналы түрде жоспарлайды. Әзіл-қалжыңға жақын.
Қарағай-мұндай адамдар өзінің сұлулығына сенімді. Көбіне өзін жақсы көреді.
айналасында өзіне ұнайтын адамдар жүргенін қалайды. Дөрекілікке дейін бара
алатын қайсар. Жақсы серіктес, бірақ көңілі тез қалады. Жұмыстан қанағат
таба алады, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары.
Жөке ағашы-мұндай адамның мінезі жақсы. Жолы болғыш, сыйлы және сүйікті.
Көпшілік ортаны жақсы көреді. Тиянақты және көнгіш. Көбі қызғаншақ және
ішітар болады.
Ағаш жаңғағы-мұндай адам сыпайы және көп көзге түспейді. Алайда
айналасындағыларға ықпал ете алады. Жеке сүйкімділігі мен көзтартарлығының
арқасында мақсатына жетеді. Айналасындағылармен өте жайдары. Көпшіліктің
ортасында жүргенді қалайды. Ақылды, білімді, зиялы. Түйсігі жақсы дамыған.
Емен-физикалық тұрғыда да, адмагершілік тұрғыда да өміршең, ержүрек, мықты
адам. Дәрі-дәрмек, сырқаттану, қыңқылды ұнатпайды. Кезкелген жағдайда
ержүректік танытады. Махаббатта бір көзқарастан-ақ ғашық болып, қарым-
қатынастың өмірлік екеніне сенеді. Әркеттің адамы.
Қайың-әдемі, сымбатты ағаш. Жиын, отырыстарда ешкімге салмақ салмауды
қалайды. Серіктерінің қалтасын қағып алуды ойламайды. Көп нәрсе талап
етпейді. Әдепсіздікті жек көреді. Қиын жағдайларда өзін мықты ұстайды.
Сезімге адал. Ақылды, еңбекқор, қиялға жүйрік, сондықтан да елге сыйлы.
Бүк ағашы- сырт келбетінің мінсіздігіне ұмтылады. Кейде батыл өмірлік
жоспарларын құрып, оларды іске асыруға барын салады. Бүк ағашының
белгісінде туылған адамдар үнемшіл, тіпті кейде сараң. Махаббатта қиял
жетіспейді. Алайда, ол қамқор күйеу және үй күшік.
Қызылтал-адамдармен қарым-қатынаста тым сезімтел және тым әсершіл.
Саяхаттағанды жақсы көреді. Оның бойында екі болмыс бар.
1.Сезімтал.
2.Уайымшыл, құбылмалы. Мінезі мейірбан, бірақ онымен өмір сүру оңай емес.
Ол кірпияз, талапшыл, кейде долы. Жеке өмірінде азаптанады. Өзін түсініксіз
адам деп есептейді. Көпке ұнаймын деп ойлайды.
Қызылқайың-түр-сымбатына көп мән береді. Парасатты және тәртіпті өмір
салтын ұстанады. Сүйкімді, адал және өте ұқыпты. Атақты болуды армандайды.
Көпке сыйлы, үлгілі болуды қалайды. Жұрттың оған масаттана қарағанын жек
көреді. Махабатта ерекше бір сезімді бастан кешіргісі келеді. Көбіне өзі
ғашық болғаннан, оған ғашық болатындар көп. Жеке өмірі жайлы көп сыр
ашпайды.
Ағаш жаңғағы- берік ағаш және кереғарлыққа толы. Адамдармен қарым-қатынаста
көбіне қатал және мейірімсіз. Күтпеген әрекеттерге барып жатады және шектен
тыс талапшыл болатыны бар. Жағдайға байланысты икемделе алмайды. Абыроайлы,
сыйлы, алайда көпке ұнамсыз. Өзі демалмайды және өзгелерді демалтпайды. Ой-
өрісі кең және жан-жақты білімді. Онымен кездескен адамдар тым көп
жақсылығына немесе мүлдем жауласып кетеді.
Шырша-қатал тұрпаттағы сымбатты адам. Алайда әрдайым сырбаз және біртума.
Қоғамда адмагершілігмен және байлсалдылығымен ерекшеленеді. Ұзақ өмір
сүреді. Қыңыр және кірпияз. Заманауи өмір мен қарым-қатнас үшін мінезі
икемсіз. Атаққұмар, намысқор. Атаққа жеңіл жетеді.
Талшын-әділеттілікке жаны құмар. Кезкелген сұрақтың шешімін табады.
махабатта талғампаздыққа ұрынып, өзіне лайық серік табуда қиналады. Көбіне
бір рет қана сүйеді. Отбасылық өмірде адал, тапқыр, өнертапқыш, пысық,
парасатты, ақылды. Оның тағдыры жағдайларға байланысты немесе биікке
көтеріледі. Кейде өмір бойы кедергілермен алысып өтеді.
Сауырағаш-сымбатты, берік және ағаш салмағындай мінезге ие. Бақытты болуына
көп нәрсе қажет емес, кезкелген жағдайға дән риза, өмірі оптимизмге толы.
Жалғыздықты сүймейді, жанында әрдайым жақындары болғанын қалайды. Өзіне
бағынышты адамдарға қаталдық траныстады. қызметте ретсіз, желікпелі.
Игілікті, жайдары, достыққа адал.
Зәйтүн ағашы- адамдармен қарым-қатынаста сүйкімділігмен, зерделілігімен
және әдіптілігімен көзге түседі. Мінезі салмақты және жайлы. Терең
ойланғанды, кітаптар, қоғамдық орта, ақылды адамдарды жақсы көреді. Үйдің
берекесін келтіретін адам.
Шетен ағашы-сырт келбетінің нәзіктігі мен жіңішкелігіне қарамастан, берік,
мықты және төзімді ағаш. Бұл белгінің астында тулығандар философияға құмар,
суретшілік дарыны бар. Адамға үйір.
Шаған-сүйікті, талапшыл, армандаған мақсатына оңай жетеді. Бірақ егер
қолынан келмесе көлеңкеде жасырынуды қалайды. Зерек, қабілетті, ашық
жарқын. Атаққұмар, алғыр, оның жанында тасада жүру өте ыңғайлы, тіпті
кезкелген қиындықтан оңай құтылуға болады. Бірегей адам, алайда кейде
өзімшіл.

Ұқсас жұмыстар
Тәрбие тал бесіктен басталады. 9 сынып
Мейірімділік - асыл қасиет.
Отбасы - өмір аясы
Ата бәйтерек, бала жапырақ
Отбасындағы бала
Тәрбиенің тамаша мектебі - отбасы
ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Қуантамын әкемді
Отбасы жарастығы
Отбасынан алған өнегелі тәрбие - ұрпақ үшін баға жетпес байлық
Пәндер