Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақтың сәтті өтуін қалай қамтамасыз етуге болады?


Сабақтың сәтті өтуін қалай қамтамасыз етуге болады ?

Оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақ. Сабақ -оқу үрдісіндегі
шешуші буын ,күрделі еңбекті ізденуді талап ететін іс , сан алуан
қызмет атқаратын педагогикалық үрдіс.
Оқу үрдісін талапқа сай жүргізуде мұғалім -басты тұлға .Сондықтан да
шығар қазіргі сабақ қандай болу керек ,оның қандай жақтары
жеткіліксіз ,қай саласына көп мән бөлу керек ,күнделікті сабақтың
сәтті өтуін қалай қамтамасыз етуге болады деген сан алуан сұрақтар
әрқайсымызды толғандырып жүргені сөзсіз.

Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат --оқушының сабаққа деген
қызығушылығын арттырып ,бүгінгі заман талабына сай білім
беру.Сабақтың сәтті өтуі біріншіден ,мұғалімнің біліміне ,іскерлігіне
,тәжірибесіне байланысты болса , екіншіден , сабақ материалына, ал
үшіншіден, сынып типіне, төртіншіден мұғалім мен оқушының көңіл –
күйіне де байланысты .
Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп
ізденуді ,білімділікті ,қабілеттілікті ж/е тапқырлықты қажет етеді.
Менің ойымша, сабақты сәтті ұйымдастырудың бірнеше алғышарттары бар.
Олар:
-Сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау . Сабақ жоспары
нақтылы жүзеге асатындай етіп жасалынуы қажет . Дұрыс құрылмаған
сабақ жоспары жақсы нәтиже бермейді.
- Тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілдерін түрлендіріп
отыру.
-Қосымша материалдарды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп ала
білу.
-Дидактикалық , техникалық құралдарды , электрондық оқулықтарды
мақсатқа сай , оқушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану.
-Сабақта алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа технологияларды
пайдалану.
Бұл орайда инновациялық технологияларды пән бойынша қандай тарауға
қай тақырыпқа пайдалану тиімді болатынына зерттеу, салыстырып
жүргізіп отыру қажет деп ойлайммын . Сонымен бірге оқушының
бастапқы білім деңгейін ,жаңа технологияны пайдалану барысында
қаншалықты білім алып шыққанын ,не үйренгенін айқындап ,
диагностикалап отыру да артық болмайды . Өйткені мұғалім тарапынан
білімі мен іскерлігі тексерілмеген оқушылар біртіндеп үлгермеушілер
қатарына қосылады . Бұл өз кезегінде сабақтың сәтті өтуіне зианын
тигізбей қоймайды .
Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық
ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту
әдіс-тәсілдерінің бәріне де екркін игеріп , әрбір нақтылы жағдайларға орай
ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре
тиімді , үйлесімді , әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сатті өтуінің
кепілі.Сондай тәсілдердің бірі – СТО барлықтарыңыздарға аян .География
пәнінен 8-11 сыныптарға өткен ашық сабағым СТО стратегиясын пайдаланғанда
өте сәтті отті. Тақырыбы: Сарыарқа-Қазақтың ұсақ шоқысы: тірек сөздер ,
аквариум , диктант , автор орындағы , инсерт стратегиясын қолдандым.
Сөзімді қорытындылай келе мына мәселелерге баса назар аударғым келеді.

1. Мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін
іздеуге әрекет жасау керек.
2. Білім мен тәрбие берудегі ізгілендіру , жариялылық , педагогикалық ,
ынтымақтастық , ғылыми-әдістемелік , тың ізденістерге сүйене отырып
жаңашылдыққа талпыну қажет.
3. Мұғалім күнділекті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек.
Өйткені , сабақ-мұғалімнің өнері , шығармасы. Сондықтан әр сабақты
тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын , қабілетін арттыратын
жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймыз.

Ожанова Қ.Б
Семей қаласы, Т.Аманов атындағы №16 орта
мектептің география пәні мұғалімі

Ұқсас жұмыстар
Жолаушылардың міндеттері
Жаңа форматтағы педагог деген кім
Презентациялар технологиясы
Оқытудың түрлі әдістемелері
Ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану (баяндама)
Модульдік технология
Автокөлік составына, қозғалысына диспетчерлік басқару
Рационал сандарға амалдар қолдану. Сабақты технологиялық картаға сай өткізу
Интерактивті құрылғыларды тиімді қолдану -заман талабы
Қазақстан Республикасы мен ресей федерациясының әскери-саяси бағыттағы ынтымақтастығы
Пәндер