Қазақ даласындағы ән-күй өнері

Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сыныбы: 5 «к»
Мұғалім : Кудасова Алтын Имашевна
Өткізілу мерзімі :
Сабақтың тақырыбы : Қазақ даласындағы ән-күй өнері .
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру .
Дамытушылық : Рухани мәдениетке деген көзқарастарын қалыптастыру, өз беттерінше мәдени құндылықтарды түсіне білу және оларды бағалай білу қабілеттерін дамыту .
Тәрбиелік : Рухани құндылықты құрметтеуге үйрету, халқымыздын ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс .
Пәнаралық байланыс: әдебиет .
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, кесте, лездік сұрақтар, нақыл сөздер, тест .
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі ( амандасу, сыныпты түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару )
Үй тапсырмасын сұрау :
1-ТОП : 1. Дәстүрлі әдет-ғұрыптар бойынша сипатта .
2. Әдет-ғұрыптар қандай тармақтарға бөлінеді .
3. Халық арасында сәбидің дүниеге келгенінен бастап өтетін мерекелерді ата .
2-ТОП : 1. Наурыз мейрамының қазақша мағынасы қалай ?
2. Наурыз мейрамы қалай тойланады ?
3. Наурызға қатысты қандай бата-тілектер білесіндер және «Ұлыстың ұлы күні» деп қандай күнді айтамыз ?
3-ТОП : 1. Қазақтын қандай дәстүрлі ұлттық ойындарын білесіндер ?
2. Наурыз мерекесін қазақ халқы қай кезден бастап тойлады ?
3. Наурыз көже қанша түрлі тағамнан жасалады ?
Әр топтан бір-бір оқушы : жарапазан, бата, салт-дастүрге байланысты слайд көрсетеді .
Жаңа сабақтың жоспары :
1. Дала әуендері :
2. Ұлттық музыка аспаптары :
3. Ән -куй өнеріндегі белгілі тұлғалар :
Оқушылар сабақтың мақсаты мен таныстырылады.
Мұғалім сөзі және қосымша мағұлмат .
Музыка өнері халқымыздың дамыған ежелгі рухани мәдениеттерінің бір саласы болып табылады . Халқымызда ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша адам дүниеге келіп (бесік жыры ) о дүниеге әнмен яғни
(жоқтау ) рәсімі арқылы дүниеден өтеді .
Музыка өнері қазақ халкымен бірге жасасып келеді .
Күй өнері - орындау мәнері бойынша төкпе және шертпе күй болып 2-ге бөлдінеді . Күй өнерінің майталмандары :Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанқап, Сүгір, Ықылас, Дина Нурпейісова .
Қазақ халқының ән өнеріне келетін болсақ, арғы замандағы ән өнері туралы дерек аз.
Біз соған байланысты тек 19 ғасырлардағы Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Майра, Сара, Естай сияқты ұлы өнерпаздарды білеміз .
Әр топтын оқушыларына мәтінмен жұмыс жасатамын :
1-ТОП :1. Төкпе күйдің майталманын ата :
2. Қазақтын ән өнерінің аса дамыған орынын ата :
3. Күй атасы - Қорқыт туралы не білесін ?
2-ТОП :1. Атақты күйшілерді ата :
2. Күйлер неше түрге бөлінеді және қандай ?
3 . Құрманғазының шәкірті кім ?
3-ТОП :1. Қазақтын музыкалық аспаптарын ата және домбыра, қобыздын құрылысын суретте .
2. Аса көрнекті композитор Дәулеткерей Шығайұлының нешеге жуық күйлері сақталған және халықтың несін бейнелей жазған .
3. Тәттімбеттін кандай күйлері бар ?
Жаңа сабақты бекіту : Әр топқа шағын тест .
1-ТОП :1. Қобыз атасы кім ?
А) Құрманғазы В) Майра С) Қорқыт Д) Тәттімбет
2. Ықылас Дүкенұлы қай жылы өмір сурген ?
А) 1843-1916жж В) 1806-1879жж С) 1815-1862жж Д) 1820-1887жж
3. Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Майра қай ғасырдың өнерпаздары ?
А) 20ғ В) 19ғ С) 18ғ Д) 19ғ
2-ТОП:1. Қорқыт ата 9-10ғ. ғ. өмір сүрген, қандай тайпадан шықты ?
А) Қимақ В) Оғыз С) сақ Д) Ғұн
2. Көбік шашқан, Қайран шешем, Түрмеден қашқан күйлері кімдікі ?
А) Тәттімбеттің В) Динаның С) Құрманғазының Д) Ықыластың
3. Шертпе күйдің тамаша үлгісін жасаған кім ?
А) Қазанқап В) Шора С) Сүгір Д) Тәттімбет
3-ТОП:1. Ықылас Дүкенұлының күйін тап :
А) Жез Киік В) Ақсақ Киік С) Сылқылдақ Д) Саржайлау
2. Жаяу Мұсаның әндері қандай ?
А) Ақ сиса В) Балқадиша С) Гәкку Д) Жиырма бес
3. 1871ж қазіргі Алматы обылысының Қапал -Ақсу өңірінде Біржан Қожағылұлы (сал ) кіммен айтысты ?
А) Айнұрмен В) Сара мен С) Ринатпен Д) Ақан Серімен
Өзін-өзі бағалау :
Үйге тапсырма: 1-тапсырма 21-парагрфты оқу
2-тапсырма ; Белгілі әнші мен куйшілердің шығармаларын жазып келу .
Өскемен қаласы әкімдігінің «№6 орта мектебі» КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Қазақ даласындағы ән- күй өнері»
Тарих пәнінінің мұғалімі:
Кудасова. А. И.
5-К сыныбы
Өскемен қаласы 2016жыл
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz