Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақ табандылықтың қалыптасуының алдын алу

Сабақтың тақырыбы :Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақ табандылықтың қалыптасуының алдын алу.
№ 9 Зертханалық жұмыс:Организмнің өсу мен даму деңгейін антропометриялік әдіспен анықтау.
Сабақтың мақсаты:білімділік: оқушыларға тірек-қимыл жүйесі дене сымбатының және жалпақ табандылықтың алдын ала білуге жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын өмір сүру үшін бағалы байлық денсаулық екендігін түсіндіру;
дамытушылық: оқушылардың жеке гигиена талаптары туралы түсініктерін кеңейту,
аурудың алдын алуды үйрену, оқушының санитарлық -гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту;
тәрбиелік :сұлулыққа, адамгершілікке, тазалыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтыру мен айналысу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі:топтық жұмыс, ақпарат беру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнефильм, ақ парақтар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі . Сыныпты сабаққа дайындау, оқу құралдарын, қатынасты тексеру.
Сыныпты топқа бөлу, топқа ат қою, топбасшы сайлау.
I топ Алғыр
II топ Білгір
III топ Тапқыр
II. Үй жұмысын сұрау
«Постер» қорғау
«Алғыр»тобына
Бас пен мойын бұлшықеттері туралы.
«Білгір тобына»
Тұлға бұлшықеттері туралы
«Тапқыр » тобына
Қол мен аяқ бұлшықеттері туралы
«Мағынаны ашу»
III Жаңа тақырып
1. Анықтау (сымбат, жалпақтабандылық)
2. Бұзылу сатысы (сымбат, жалпақтабандылық)
3. Пайда болу себептері (сымбат, жалпақтабандылық)
4. Алдын алу (сымбат, жалпақтабандылық)
Сымбат - қалыпты жағдайда және жұмыс кезінде адамның күнделікті әдетпен өз денесін ұстай білуі.
Бұзылу сатысы
Күжірейген арқа.
Омыртқаның кеуде жағындағы жоғарғы бөлігі көбірек қисайып кетеді. Иықтары қусырылып, арқасы күжірейіп, қарны шартиып салбырап тұрады.
Еңкіш дене
. Адамның бойында өте жиі кездесетін мін. Мұндай жағдайда жалпы кеуде сүйегінің қисайып кеткендігі байқалады. Әдетте, еңкіш адамның жауырыны томпайып, төсі ішке қабысып, иық пен бас алға еңкейеді, қарны қампиып тұрады. Еңкіш адам бойын тік ұстап көп жүре алмайды, себебі бұлай жүргенде тез шаршап қалады.
Қайқы бел.
Дене құрылысының бұзылуы. Дененің мұндай кемістігінде мойын, кеуде, бел омыртқалардың анатомиялық қисықтығы айқын болып тұрады. Дененің бұл кемістігінің себептері, біріншіден - омыртқаның бүгіліп - жазылып тұратын бұлшық еттерінің дұрыс жетілмеуі және мешел ауруының белгісі. Екіншіден, адамның жамбасы сыртқа шығып тұрады.
Сколиоз -
омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы (туа және жүре пайда болады)
Лордоз
- омыртқа бағанасының алға қарай майысып, қисаюымен сипатталады
Бүкірлік, кифоз
- омыртқа бағанасының (әдетте кеуде бөлімінің) дөңестеніп қисаюы.
Пайда болу себебі
Дұрыс отырмаудан, жүруден
Ішкі мүшелердің ауруынан
Салмақты бір жаққа түсіруден
Үнемі жұмақ төсекке жатудан
Қозғалыстың аз болуына
Алдын алу
o Дұрыс бірқалыпты отыруға дағдылану
o Емдік массаждар қабылдау
o Салмақты омыртқа жотасына бірдей түсіру
o Ауыр жүкті бір қолмен көтермеу
o Түзу жүру
o Иықтың бір деңгейде болуы
o Тазалықты сақтау
o Дұрыс тамақтану
o Шынығу
o Көңілді жүру
o Сәнді киіну
Жалпақтабандылық
- адам табанындағы ойыстың түгелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі.
Бұзылу сатысы
1, 2, 3 дәрежелі жалпақтабандылық
Пайда болу себебі
o Үнемі биік өкшелі аяқ - киім кию
o Тар аяқ - киім кию
o Аз қозғалыс
o Артық салмақ
Алдын алу
Аяқ - киімді таңдап кию
Жалаң аяқ жүру
Арнайы массаждар қабылдау
Шынығу
Гиподинамия - аз қозғалу, жеткiлiксiз қимыл белсендiлiгi.
№ 9 Зертханалық жұмыс:Организмнің өсу мен даму деңсгейін антропометриялік әдіспен анықтау.
Мақсаты:өз ағзаңның бөлімдеріне өлшеу жүргізу, ағзаның даму деңгейін анықтау.
Құрал-жабдықтар:бойөлшегіш, сантиметрлік таспа.
Қорытынды:
IV. Сабақты бекіту
«Білгенге- маржан»
«Алғыр »тобына
1. Сымбат деген не?
2. Омыртқа жотасы не себепті қисаяды?
«Білгір »тобына
1. Омыртқа жотасының қисаюынан қандай аурулар пайда болады?
2. Жалпақтабандылық неден пайда болады?
«Тапқыр » тобына
1. Сколиоз ауруы қалай емделеді?
2. Жалпақтабандылықты қалай емдейді?
«Ойтолғау»
«Алғыр»тобына
Ардақ үнемі шелекті оң жағымен көтеріп су тасиды. Ол қандай
аурумен ауруы мүмкін ? Ойыңды дәлелде?
«Білгір » тобына
Адамның жүрісі дене сымбатымен де байланысты деген дұрыс па?
Ойыңды дәлелде.
«Тапқыр»тобына
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz