Н.И.Вавиловтың мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары туралы ілімі

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

ІІІ Интернационал ауылы

№108 орта мектептің биология және химия пәндерінің мұғалімі,

педагогика ғылымдарының магистрі

Сағынбаева Мария Дәулетқызы

Сыныбы: 10

Пәні: биология

Сабақтың тақырыбы:

Н. И. Вавиловтың мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары туралы ілімі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға мәни өсімдіктердің шыққан орталықтарын, селекционер - Н. И. Вавиловпен таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың біліктілігін арттыру, танымдылық қабілетін шыңдау, оқу материалдарын толық меңгерту қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ меңгеру

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: СТО

Сабақтың пәнаралық байланысы: селекция, ботаника

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Оқушыларды жетон арылы бағалау.

  1. Ой қозғау (Есеп шығару) .

А) Қызыл жемісті бүлдіргенді ақ жемісті бүлдіргенмен будандастырғанда алынған ұрпақтың жартысы ақ жемісті болып шыққан. Ата - енесінің генотипін табуға бола ма?

В) Әкесі және ұлы гемофилик, анасының қаны қалыпты. Ата - анасының және баланың генотиптері қандай болуы мүмкін?

С) Қаны АВ тобына жататын дальтоник жігіт, қаны О тобына жататын қалыпты көретін қызға үйленген. Қыздың әкесі дальтоник, қаны А тобына жатады; Осы некеден қаны А тобына жататын қалыпты көретін қыз бала дүниеге келген. Барлық отбасы мүшелерінің генотиптерін анықтаңдар. Осы некеден дальтоник балалар дүниеге келуі мүмкін бе?

  1. Сөздіктер сыр шертеді.

Ботаника - өсімдіктерді зерттейтін ғылым.

Зоология - жануарларды зерттейтін ғылым.

Цитология - жасушаны зерттейтін ғылым.

Генетика - тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым.

Селекция - «сұрыптау» деген мағынаны білдіреді. Оның басты міндеті - үй жануарларының, өсімдіктер мен микроорганизмдердің жоғары өнімді жаңа түрлерін шығару және олардың эволюциясын зерттеу.

ІІІ. Жаңа сабақ баяндау.

генетик ботаник

мәдени орталық саяхатшы

1887-1943 300 мың

Мәдени өсімдіктердіц шығу орталықтары

1. Оңтүстік Азиялық тропиктік орталық
Баклажан, шай, күріш, қияр, лимон, апельсин, қант қамысы, манго, банан (50%) .
1. Оңтүстік Азиялық тропиктік орталық: 2. Шығыс Азиялық
Баклажан, шай, күріш, қияр, лимон, апельсин, қант қамысы, манго, банан (50%) .: Соя, тары, қытай алмасы, құрма, алмұрт, алхоры, қарақұмық және т. б. (20%)
1. Оңтүстік Азиялық тропиктік орталық: 3. Онтүстік - Батыс Азиялык орталық
Баклажан, шай, күріш, қияр, лимон, апельсин, қант қамысы, манго, банан (50%) .: Жұмсақ бидай, аласа бидай, домалақ дәнді бидай, асбұршақ, жасымық, зығыр, кендір, сәбіз, сарымсақ, жүзім, алхоры, атбұршақ (чина), ноқат, мақта, алмұрт (14%) .
1. Оңтүстік Азиялық тропиктік орталық: 4. Жерорта тенізі
Баклажан, шай, күріш, қияр, лимон, апельсин, қант қамысы, манго, банан (50%) .: Орамжапырақ, зәйтүн, қызылша, бақша дақылдары (11%) .
1. Оңтүстік Азиялық тропиктік орталық: 5. Абиссиния (Эфиопия)
Баклажан, шай, күріш, қияр, лимон, апельсин, қант қамысы, манго, банан (50%) .: Қатты бидай, арпа, кофе ағашы, зығыр, пияз, кырыққабат, сәбіз, жүзім, қызылша, тарна, банан (1%) .
1. Оңтүстік Азиялық тропиктік орталық: 6. Орталық Америка
Баклажан, шай, күріш, қияр, лимон, апельсин, қант қамысы, манго, банан (50%) .: Жүгері, Америка үрмебүршағы, асқабақ, бұрыш, какао, темекі, батат, күнбағыс (3%) .
1. Оңтүстік Азиялық тропиктік орталық: 7. Оңтүстік Америка (Анд) орталығы
Баклажан, шай, күріш, қияр, лимон, апельсин, қант қамысы, манго, банан (50%) .: Картоп, темекі, ананас, жержаңғақ (арахис), қызанақ (помидор), какао, жүгері, мақта, хина ағашы (1%) .

Өсімдіктер селекциясындағы қол жеткен табыстар. Қоғамның өндіргіш күштерін арттырып, экономиканы нығайтуда сұрыптау жұмыстарының маңызы зор. Бұл тұрғыда, әлемдік селекцияда көптеген қол жеткен табыстар бар. Соның ішінде, орыс селекционері И. В. Мичуринді ерекше атауға болады. Ол өзі ойлап тапқан телу әдісін және т. б. будандастыру әдістерін қолдана отырып, жеміс-жидектердің суыққа, ауруға төзімді, жемістері сапалы көптеген сорттарын шығарды. Сонымен қатар орыс селекционерлері В. С. Пустовойт күнбағыстың майлы сорттарын, П. П. Лукьяненко бидайдың гектарына 50 центнерге дейін өнім беретін Безостоя - 1 сортын, В. Н. Ремесло мол өнімді Мироновская - 264, 208 және т. б. сорттарын алды. Селекционерлер - А. П. Шехурдин мен В. Н. Маманов шығарған жаздық бидайдын Саратов - 29 сорты жоғары сапалылығымен ерекшеленеді. Бұл аталған сорттар Қазақстанның eric алқаптарына егіледі. Мұндай жетістіктер басқа елдерде де бар. Мысалы, Украинада қант қызылшасының, Беларусьта картоптың, Өзбекстанда мақтаның көптеген мол өнімді сорттары шығарылған. Бұл салада Қазақстан селекционерлерінің де кол жеткен елеулі табыстары бар. Қазіргі кезде елімізде Қазақстандық селекционерлер шығарған әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарының 200 - ден астам сорттары бар. Соның ішінде дәнді дақылдардың 20 - дан астам, мал азықтық дақылдардың 40 - қа жуық, техникалық және майлы дақылдардың - 15, жеміс - жидек және жүзімнің 80 - ге жуық сорттары бар. Сол сияқты қазақстандық ғалымдар І. Ә. Әбуғалиев, Ш. Н. Илялетдинов және М. Х. Мұратов қант қызылшасының өнімді көп беретін «Қазақстан полигибрид - 24» және «Қазақстан» сорттарын алды. Атақты қазақстандық рекордшылар - Ыбырай Жақаев күріштің әр гектарынан 171 центнерге дейін, тарышы Шығанақ Берсиев 201 центнердей түсім алып, еліміздің ауыл шаруашылығын өркендетуге үлкен үлес қосқан болатын.

ІV. Пысықтау 1. Тест тапсырмасы

1. Селекцияның теориялық негізі қай ғылым?

а) ботаника ә) цитология б) генетика в) гистология

2. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын анықтауға зор еңбегін сіңірген ғалым кім?

а) И. В. Мичурин ә) Н. И. Вавилов б) Г. Д. Карпеченко в) М. Ф. Иванов

3. Жүгері, мақта, какао өсімдіктерінің отаны қайсы?

А) Анд орталығы ә) Жерорта теңіз орталығы

Б) Орталық Америка орталығы в) Абиссиния орталығы

4. Тары, қарақұмықтың отаны

а) ШығысАзия ә) Абиссиния б) Орт Америка в) Оңт Америка

5. Картоптың отаны

а) ШығысАзия ә) Абиссиния б) Орт Америка в) Оңт Америка

6. Телу әдісін ойлап тапқан ғалым

а) И. В. Мичурин ә) Н. И. Вавилов б) Г. Д. Карпеченко в) М. Ф. Иванов

7. Н. И. Вавиловтың генетикалық материалдары қазіргі кезде қай жерде сақталған

а) Москва ә) Новосибирск б) Астана в) Санкт - Петербург

8. Орамжапырақтың отаны

А) Анд орталығы ә) Жерорта теңіз орталығы Б) Орталық Америка в) Абиссиния орталығы

9. Бидайдың отаны

А) Анд орталығы ә) Жерорта теңіз орталығы Б) Оңт Батыс Азия орталығы в) Абиссиния

10. Мақта, асқабақтың отаны


Ұқсас жұмыстар
Сабақ мақсаттары. Сабақ барысы
Мәдени орталық
Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары
Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі
Жабық тұқымды өсімдіктер
Жыныс жасушаларының бөлінуі
Харди-Вайнберг заңы
Информатикадан тест тапсырмалары. 9-сынып
Табиғи сұрыпталу-эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші
Раушангүл тұқымдасына жататыны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz