Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Сөздің буындық құрылысын дамыту

Тақырыбы: Сөздің буындық құрылысын дамыту.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дұрыс тыныс алуын,сөздің буындық,ритмикалық
құрылысын қалыптастыру.
Түзеу мақсаты: Диафрагмалды тыныс алуын, ұсақ моторикасын, ырғақпен
сөйлеуін дамыту.Сөздік қорын молайту.
Көрнекілігі: айна,мақта,көбелек,гүл,буындар,суреттер,топшама.

Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
- Оқушылармен амандасу
- Назарларын сабаққа аудару.
- Сабаққа дайындау (сөйлеу ережесін еске түсіру).

ІІ. Логопедиялық жаттығулар.
1.Босаңсу жаттығулары:
а) «Кеме»жаттығуы.
б) «Иілу»жаттығуы.
2.Тыныс алу жаттығулары.
а) Дем алу, дем шығару жаттығулары:
- Мұрынмен дем алу, мұрыннан дем шығару.
- Мұрынмен дем алу, ауызбен дем шығару,
- Ауызбен дем алу, мұрыннан дем шығару.
-Ауызбен дем алу, ауыздан дем шығару.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақта буын және сөздің буындық құрылысын анықтауға,ырғақ бойынша
дыбыстарды,буындарды анық айтуға үйренеміз.Ол үшін берілген тапсырмаларды
жақсы орындауымыз керек.

А)Дауысты дыбыстарды ритм бойынша айту.

А-а, аа-а, аа - аа,ааа - аа, а - аа,ааа - а
Оо - о,оо - оо,о - оо,ооо - о, оо - ооо
У-у,уу - уу,у - ууу,ууу - у,уу - у
Ә)Буындарды ырғақпен айт.

са-са –са-са то-
тооотооо-то
са-саасаа -са
тааатаа-та-та-та
зоозооо-зо до-
до-доодоодооо
зо-зооозооо-зо
дааадааа-да-да-да

Б)Буындарды жоғары және төмен дауыспен оқу.

До
Зо
Да Та
За Са
То То
Со Со
Та Да
Са За

1. Буындардан сөз құра.

-Оқушыларға бірнеше буындар беріледі, буындарды сәйкестендіріп сөз
құрауы керек.
Пи (яз) Ал (ма,мұрт)
Сә (біз)
Ба (нан)
Қи (яр)
Жү (зім)
Қау (ын) Ши
(е)
Қар (быз) Ли
(мон)

2. «Кубизм»ойыны

Ойын шарты: кубиктің әр қырында нүктелер бар .Бала кубикті
домалатады.Неше нүкте түссе, сонша буында сөз айтады.
(бір буынды, екі буынды, үщ буынды, төрт буынды сөздер болуы мүмкін:
нан, бал, алма, анар, қарақат, шабдалы, асқабақ, орамжапырақ т.б.)
3. «Қажетті сөзді тап».

(Алма суреті) қызыл, ал (қияр суреті) жасыл.
(Банан суреті) тәтті, ал (лимон суреті) қышқыл
Шие (ағаш суреті) өседі.
(Сәбіз суреті) бақшада піседі.

4. Топшамамен жұмыс. (графомоториканы дамыту).

Тапсырма: қоян мен кірпіге үзік сызықтарды жалғау арқылы қорегіне жетуге
көмектес.

(Қоян суреті) - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
- - - - - (сәбіз суреті)
(Кірпі суреті )- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
- - - - - - ( алма суреті).
-Жарайсыңдар,балалар!

ІІІ. Қорытынды.
-Сабақта не үйрендік?
- Сабақ қызықты болды ма?

ІV.Үйге тапсырма: Буындардан сөз құра.

V. Бағалау.

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.

Сабақтың тақырыбы: Дыбыстар әлемі
Сабақтың мақсаты: Дыбыстар туралы түсінігін кеңейту, дұрыс тыныс
алуын қалыптастыру.
Түзеу мақсаты: Есту арқылы қабылдауын, дыбыстарды ажырату қабілеттерін
арттыру. Сөздік қорларын молайту. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.

Көрнекілігі: айна, мазмұнды -заттық суреттер, доп, топшама.

Сабақ барысы:
І.Ұймыдастыру бөлімі.
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Сөйлеу ережесі (сөйлегенде асығыстық жасама,әрдайым деміңді шығарып
сөйле.)

ІІ. Аутотренинг.
- Әуен ырғағымен босаңсу және тыныс алу жаттығуларын орындату.
- «Иілу»жаттығуы.
- «Сүңгігіштер»жаттығуы.
- «Кеме» жаттығуы.
- «Дем алу,дем шығару» жаттығуы

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі сабағымызда «Дыбыстар әлеміне» саяхат жасаймыз.
- Ендеше, балалар дыбыстарды тыңдайық. (үнтаспадан дыбыстарды тыңдату)
- Қандай дыбыстарды естідік?
- Біз әр түрлі дыбыстарды естідік. (судың сылдыры,құстардың үні,
желдің гуілдеуі т.б.)
- Осы дыбыстарды қай мүшемізбен тыңдадық? (құлақпен).
- Дыбыстарды айтамыз және естиміз.

- Ал, енді мен сендерге «Қоңыр қошақан» атты шағын әңгімені сурет
бойынша әңгімелеп берейін. Зейін қойып, мұқият тыңдаймыз.
- Қуаныш күнде қоңыр қошақанына сүт беріп,көк орай шөпке
жайып,қамқорлық жасап жүреді. Бір күні қоңыр қошақаны тоғайда
жүрген қойларға қосылып кетеді.
Қуаныш қошақанын іздеп тоғайға келеді. Қатты жел соғады.
- Жел соққанда қандай дыбыс естіледі?
- Жел уілдейді: у-у-у-у-у-у-у-у-у-у-у
- Желдің әсерінен ағаштың жапырақтары шулайды.
- Қандай дыбыс естіледі?
- Ш-ш-ш-ш-ш-ш-ш-ш-ш
- Тоғай ішінде жүру өте қиын. Маса да ызыңдап мазасын алды.
- Маса қандай дыбыс шығарады?
- З-з-з-з-з-з-з-з-з-з-з-з-з
- Қуаныш артынан еріп келе жатқан иттің ырылдаған дауысын
естиді?
- Ит қандай дыбыс шығарады?
- Р-р-р-р-р-р-р-р-р-р-р
- Қуаныш айналасына қарады. Шөп арасынан басын көтеріп,итке қарай
айбат шегіп тұрған жыланды байқады. Жылын итке ысылдап тұр
екен: -с-с-с-с-с-с-с-с.
Жыланды көрген Қуаныш қорқып кетіп қарағаш түбіне шегінді.
Жоғарыдан ыжылдаған дыбысты құлағы шалды.Ол қарағаш бұтағына
орналасқан араның ұясын көрді.
- Аралар қандай дыбыс шығарады?
- Ж-ж-ж-ж-ж-ж-ж-ж-ж-ж
- Жақын жерден қошақанның маңыраған дауысы естілді.
- -мә-мә-мә-мә-мә.
- Сөйтіп, Қуаныш қошақанын тауып,үйіне апарады.
?. Келесі сұрақтар қойылады:
- Жел соққанда қандай дыбыс естіледі?
- Желмен шайқалған ағаш жапырақтарының дыбысы қандай?
- Маса қалай ызыңдайды?
- Ит қалай ырылдайды?
- Жылан қалай ысылдайды?
- Ара қалай ыжылдайды?
- Қошақан қалай маңырайды?

Жарайсыңдар,балалар!
Қане,енді дыбыстарға байланысты тапсырмаларды орындайық.
1- тапсырма.

«Ойланып табайық, анық айтайық».
Суретте бейнеленген заттың жарты бейнесін және сол зат
атауындағы жоғалған дыбыстың әріптік таңбасын табу.

2- тапсырма
«Сөз құра».
Зат атауларының алғашқы дыбыстарынан сөз құрап, дыбыс санын
анықтау.

3- тапсырма.
«Доппен ойнаймыз»
Шарты: Мен сендерге бірнеше буындар айтамын, «с-ш» және «р-л»
дыбыстары бар буындарды естігенде допты ұстап аласыңдар.
Та-да-са-за
Зо-шо-шу-жу
Да-ра-ла-та
Ро-ғо-ло-қо (т.б. буындар)

4- тапсырма
«Мазмұнды сурет құрастырып әңгімеле...»
Шарты: алдарыңа берілген заттық суреттерден мазмұнды сурет
құрастырып әңгімелеп беріңдер. ( көктем мен жаз мезгілі)

ІV.Қорытынды.

- Қандай дыбыстарды тыңдадық?
- Әңгімеде не туралы айтылды?
- Сабақ ұнады ма?

V.Бағалау: Балалар сабаққа жақсы қатыса отырып, дыбыстар туралы
білімдеріңді көрсете білдіңдер!
Сабақ аяқталды!
Сау болыңдар!

Ұқсас жұмыстар
Ұұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
П әрпі мен дыбысы. 1 сынып
Ө дыбысы мен әріпі. 1 сынып
Дағдыларды дамыту
Қатыстырып сөз, сөйлем құрату
Ф дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі жайлы ақпарат
Ж дыбысы және әрпі
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, 1 сынып, әліппе
Пәндер