Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Етістік туралы

Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты: Оқушының етістік туралы алған білімін
пысықтай
отырып, ауызша
тапсырмалар арқылы оқу
дағдысын қалыптастыру,
қойылған сұрақтарға
толық жауап беруге
үйрету.
Түзету мақсаты : Жазбаша тапсырма арқылы сауаттылығын
арттыру, ойлау, есте
сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Үлестірмелі топшамалар, қима сөздер,
кубик.

Сабақ түрі: Қайталау сабағы

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу;
- Назарларын сабаққа аудару;

ІІ Өткен сабақты қайталау.

Сабақ бастамас бұрын, есімізге түсіріп жіберейік.
Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем
- Көктемнің қай айы?
- Наурыз айы
- Наурыздың бүгін нешінші күні?
- Наурыздың жиырма төрті

Жарайсың, Гүлсезім!
Сабақ бастамас бұрын саған қима әріптер беремін солардан сөздер құрау
қажет.
ЖИНАДЫ, ӨСЕДІ, БИЛЕ

Қай сөз табына жатады? Етістік
Етістік дегеніміз не?
Етістік сұрақтары қандай?

1 – тапсырма Етістіктерді мағыналарына қарай топтап жаз.
Көгерді, әңгімеледі, мұздады,көктеді, баяндады, қарады, амандасты, тоңды,
сәлемдесті, көрді.
Көгерді, көктеді. Әңгімелді, баяндады.

2 – тапсырма Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді тауып жаз.

1. Мәди компьютермен..... 2. Үсен ағасын мерекемен....... 3.Дәурен дойбыдан
жарысқа........ 4. Айнұр әжесін ....... 5. Бекнұр досына........

3- тапсырма Берілген сөздерден етістіктерді тауып көшір.
Қуаныш, қуанды, түзу,түзеледі, дүрсілдеді, әңгіме, әңгімеледі,жинады,
көкшіл, көктеді.

4 – тапсырма « Кубик ойыны»
Кубикті лақтырып, әр жағында сұрақтар беріледі.
1. Етістік дегеніміз не?
2. Етістіктің сұрақтары қандай?
3. Етістіктің түрлерін ата.
4. Күрделі етістікті дараға айналдырып жаз.

Өтетін күні: 06.11.2015ж
Қатысатын бала саны: 1. Қалығалиева А
2. Қалығалиева А
Сабақтың тақырыбы: Ағаштар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағаштар туралы түсінік
беру. Ағаш түрлері
туралы мағұлмат беру.
Олардың білімін
пысықтау, тиянақтау.

.
Түзету мақсаты : Түрлі тапсырмалар арқылы оқу дағдыларын

қалыптастыру, есте сақтау,
қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, үлестірмелі топшама.

Сабақ түрі: Топтық сабақ.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу;
- Назарларын сабаққа аудару;

ІІ Жана сабақ
Балалар сабағымызды бастамас бұрын көңіл күйімізді көтеріп алайық, қане
балалар ортаға шығайық. Күн сияқты дөңгеленіп тұра қалайық.
Менің айтқанымды қимылмен көрсетеміз.
Алақан – алақанмен
Қане алақандарымызбен сәлемдесейік
Иық иықпен
Қане, иықтарымызбен сәлемдесейік
Құлақ – құлақпен
Арқа – арқамен
Аяқ – аяқпен
Мұрын - мұрынмен
- балалар көңіл күйіміз көтерілдіме қалай?
- Олай болса балалар осы көңіл күймен орнымызға отырайық.

Балалар бізде болып жатқан қандай мезгіл?
- Күз
Өте жақсы
Күз мезгілінде неше ай бар?
- Үш ай бар.
Дұрыс айтасыңдар.
Ендеше балалар күз туралы қандай жұмбақтар білесіңдер?

Жазда жатсаң, көлеңкесін алады.
Қыста жақсаң, жаның рахат табады. ( Ағаш)

Ендеше балалар біздің жаңа сабағымыз Ағаштар
Мен сендерге балалар ағаштар туралы мағұлмат айтып өтейн.
Адам таза ауамен дем алады. Адам демімен шыққан ауа қайтып жұтуға
жарамсыздау болады. Біз үнемі тазасын жұтып отыратындықтан, егер таза ауа
бір жақтан келіп тұрмаса, жер үстінде жұтуға жарамды ауа қалмас еді.

Сонда таза ауа қайдан келеді деп ойлайсыңдар? Дұрысы – таза ауа
ешқайдан келмейді. Айналамыздағы ағаштар біздің демімізден шыққан жарамсыз
ауаны жұтып, ондағы біздің дем алуымызға зиянды, бірақ өзі үшін қажетті
иісті ұстап қалып, онымен қоректенеді де, ауаны тазартып, қайтадан
шығарады.
Біздің үйіміздің айналасында, көшеде, аулада өсіп, жапырақ жайып тұрған
ағаштар неғұрлым көп болса, соғұрлым ауа таза болады. Таза ауамен демалған
адамның дені сау, көңіл хош болып ұзақ өмір сүруге мүмкіндік алады.
Ағаштар да басқа өсімдіктер тәрізді. Бірақ олар бір ғана маусым емес,
бірнеше жыл, кейде бірнеше ғасырға дейін өмір сүреді. Ағаштардың түрлері
көп. Емен, шырша қайың болып бірнеше түрге бөлінеді.

Емен - діңі жуан әрі мықты, биік болып өсетін ағаш. Емен ағашы таулы
аймақтарда өседі. Еменнің жапырағы мен жаңғағы өте әдемі. Емен ағашы
үлкен болып өсетіндіктен өзге өсімдіктерді жақын екпейді. Емен 800-1000
жылға дейін өмір сүреді.

Шырша – қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты мәңгі жасыл ағаш.
Шыршаның биіктігі 30-50 м баяу өсетін ағаш.

Қайың – ақ түсті қабығымен ерекшеленетін әдемі ағаш. Өмір ұзақтығы – 100-
150 Ол көктемде ерте бүршік жарып, кеш жапырақ түсіретіндігімен
ерекшеленеді. Табиғатта қайыңның 140 түрі бар.

1- тапсырма Топтастыру.
Бірнеше суреттер беріледі. Солардың қайысы дала өсімдіктері қайысы бөлме
өсімдіктері екенін топтастыру.

2- тапсырма «Дәптермен жұмыс»
Сөздерді сәйкестендіріп, сөйлем құра.

Шырша Емен
Қайың Жасыл
Қатты Ақ
Үй Ну
Гүл Әдемі
Қалың Биік
Орман Дәптер
3- тапсырма
Әріптердің орнын ауыстыру арқылы жаңа сөз құра.

Алуа - аула
Нота - Отан
Орақ - қора
Лақ - кал
Азат - таза
Қала - алқа
4- тапсырма
Қарлығашқа балапандарына баруға көмектес.
Қарлығаштың жыл мезгілдерінің ішіндегі көктем, жаз, күз мезгілдерінің
қолайсыз кезеңдерінде балапандарына жетуі.

[pic]

[pic]Міне балалар көрдіңіз Бе. Жер шарындағы жер ана өзі жаратқан ағаш,
су, гүл,

Қорытынды:
Сонымен оқушылар сабақ сендерге ұнадыма?
Ағаштар тақырыбына арналған тапсырмалар оңай болды ма?

Шырша Емен
Қайың Жасыл
Қатты Ақ
Үй Ну
Гүл Әдемі
Қалың Биік
Орман Дәптер

Алуа - аула
Нота - Отан
Орақ - қора
Лақ - кал
Азат - таза
Қала - алқа

-----------------------
Суық жел

Көктем, жаз, күз

Бұлтты күн

Қара жаңбыр

Найзағайдың жарқылы

Ыстық леп

Тұманды
күн

Қара суық

Дауылды күн

Күннің тұтылуы

Күннің күркіреуі

Ұқсас жұмыстар
Етістікті бекіту сабағы. 6-сынып
Қазақ тілі. Сын есімнен өткенді қайталау
Қазақ тілі 4 сынып. "етістік"
Етістікті табу
Туынды етістіктерді теріп жаз
Тұйық етістік. мемлекеттік тіл. 8 сынып
Көсемше етістіктерді ата
Ұлттық ойындар. етістік
Етістік 1 – 6 жаттығу
Үй жануарлары. 6 сынып
Пәндер