9-сынып физика: §22 Энергия - сабақ жоспары, теория және есептер

Күні: 24. 11. 16
Сыныбы: 9
Пәні:физика
- Энергия жайлы мағлұмат беру
- Энергия формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
- Өзін-өзі бағалауға баулу
- Энергия жайлы мағлұмат алады
- Энергия формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
- Өзін-өзі бағалай алатын болады
Үй тапсырмасын тексеру.
І. Толықтыру тесті
1. Дене импульсі … . . . әріпімен белгіленеді, өлшем бірлігі . . . , . . . формуласымен есептеледі.
2. Дене импульсінің өзгерісі … . . . тең, өлшем бірлігі . . . , . . . формуласымен есептеледі.
ІІ. Сәйкестендіру тесті
ІІІ. Балама жауаптары бар тесті
1. Күш импульсінің өлшем бірлігі Ньютон ба?
Ия жоқ
2. Дене импульсін F әріпімен белгілейміз ба?
Ия жоқ
3. Импульстің сақталу заңы техникада, табиғатта кездеседі ма?
Ия жоқ
Кубизм әдісі
- Реактивті қозғалыс дегеніміз не?
- Зымыранның жылдамдығын есептейтін формула қандай?
- Ғарышқа алғашқы қадам жасау туралы кімнің еңбектерінде көрініс тапты?
- Тұңғыш жасанды Жер серігі қайдан, қашан, кім ұшты?
- Тұңғыш қазақ ғарышкерлері кімдер?
Жаңа сабақ:
Механикалық энергия деп дененің механикалық жұмыс жасай алу қабілетін айтады. Энергияның өлшем бірлігі джоуль болып табылады.
Қозғалып келе жатқан дененің энергиясын кинетикалық энергия деп атайды.
Потенциалдық энергия дегеніміз -денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия.
Механикалық жұмыс -бұл энергия өзгерісінің өлшемі.
Топтық жұмыс
- Қай жағдайда резеңкенің потенциалдық энергиясы көп ?
А. Резеңке созылмаған кезде
Б. Резеңке жартылай созылған кезде
В. Резеңке қатты созылған кезде
Жаубыңызды түсіндіріңіз
![]()
- Қай жағдайда шариктің потенциалдық энергиясы басқа жағдайлармен салыстырғанда артық ?
А. Парта үстіндегі жәшіктің үстінде тұрғанда
Б. Парта үстінде тұрғанда
В. Жерде жатқанда
Жауабыңызды түсіндіріңіз.
![]()
- Жылдамдықтары бірдей ал массалары әр түрлі әуеде екі ұшақ ұшып барады. Ұшақтардың қайсысының кинетикалық энергиясы артығырақ ?
А. Массасы кішісінің
Б. Массасы артығының
Жауабыңызды түсіндіріңіз.
![]()
Жеке жұмыс.
Бекіту есептері
№1
36 км/сағ жылдамдықпен қозғалған массасы 20 т дененің кинетикалық энергиясы қандай?
№2
Қатаңдығы 400 Н/м серіппені 10 см-ге созғандағы дененің потенциалдық энергиясы қандай?
№3
Стакандағы судың массасы 300г, столдың биіктігі 80 см. Стакандағы судың еден деңгейіне қатысты потенциалдық энергиясы қандай?
№4
Массасы 3 кг еркін құлаған дененің Жер бетінен 6, 6 м қашықтықтағы потенциалдық энергиясы қандай?