Жер қыртысын құрайтын тау жыныстары мен пайдалы қазбалар

Сабақтың тақырыбы:
Жер қыртысын түзетін тау жыныстары
Мақсаты:
Оқушыларға шөгінді тау жыныстары туралы түсінік қалыптастыру. Олардың таралу аймақтарын түсіндіру. Өз бетінше іздеп табуына бағыт - бағдар беру.
Үй тапсырмасын сұрау Жердің ішкі құрлысы тақырыбына сұрақ-жауап алу, дәптермен жұмыс.
Жаңа сабақ: Жер қыртысын түзетін тау жыныстары
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап
Сабаққа пайдалану: стикерлер, оқулық, компьютер, интерактивті тақта, плакаттар.
Ойлаудың жіктелуі
( Б. Блум бойынша )
Баға
.
Жер қыртысы түгелдей дерлік тау жыныстарынан тұрады:бор, кәдімгі тас көмір, гранит.
Тау жыныстары тығыз және майда болып екіге бөлінеді
Пайдалы қазбалар түріне тоқталыңдар.
Тұрмыста қолданылуын түсіндіріңдер
Пайдалы қазбалар дегеніміз - Минералдар мен олардың қосылыстарының жер қыртысындағы табиғи жолмен шоғырланған, өндіруге тиімді мөлшері.
Еліміз Вольфрам қорынан әлемде 1 орын, хромит пен фосфор кенінен 2 орынға, марганец кені бойынша 3 орынға, қорғасын мен молибденнен 4 орынға, темір қорынан 8 орын, алтын қоры бойынша 6 орынға ие.
Пайдалы қазбалар жанатын, рудалы және рудасыз болып бөлінеді
Өзіміз күнделікті сыныпта қолданып жүрген бор, отын қылып жағып жүрген тас көмірді айтуымызға болады.
Мәтінмен, картамен жұмыс жасау
Мына пайдалы қазбалар кен орындарын картадан көрсет :
Көмір
Темір
Алюминий
Хром
Оқушылар дүние жүзінің физикалық картасынан аталған пайдалы қазбаларды көрсетеді
Шөгінді тау жыныстары қалай пайда болады?
Магмалық тау жынысы қалай пайда болады?
Өзендер сарқырап аға отырып өзімен бірге тас, құм, саз өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын ағызып теңіздерге жеткізеді. Олар мұхиттар мен теңіздерге тұнады. Ұзақ жылдар бойы түрлі тұңбалардың қалың қабаты жинақталады. Уақыт өте келе олар тығыздалып, шөгінді тау жыныстарына айналады.
Жердің терең қойнауында температура өте жоғары, зор қысым әсерінен барлық заттар балқып магмаға айналады. Магма жер бетіне шығып немесе жер қойнауында суынып тау жынысына айналады, оны магмалық тау жынысы деп атайды.
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
6 сынып
Пән мұғалімі: Атамбаев Н. Т
2015 - 2016 оқу жылы