ЭЕМ-нің даму тарихы

ЭЕМ-нің даму тарихы
Сабақтың тақырыбы: ЭЕМ-нің даму тарихы
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы
Уақыты: 90 мин.
Сабақтың педагогикалық мақсаты:
- Ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім берудің сапасын арттыру;
- Интерактивті технология әдісі мен электронды оқулықты қолданудың маңыздылығын көрсету;
- Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік шеберліктерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;
- Интерактивті тақтаны қолдану арқылы студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын арттыру;
- Ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту;
- Пәнаралық және пәнішілік байланысты тереңдету;
- Пәнге деген қызығушылығын ояту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- а) Жаңа сабақты меңгерту барысында студенттерге компьютер жайлы жалпы мағлұмат беру;
- б) Студенттерді ЭЕМ-нің буындарымен таныстыру;
- в) Студенттердің өзіне қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастыру, өз бетінше білім алу, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.
Дамытушылық:
- а) Студенттерді өз мамандығына деген қызығушылықпен, сүйіспеншілікпен қарауға баулу;
- б) Жаңа заман талабына сай технологиялармен жұмыс жасауға, тиімді пайдалануға, іздемпаздыққа тәрбиелеу;
- в) Техниканың заман талабына сай қажеттілігін түсіндіру, өз бетінше жұмыс жасауға бағыттау.
Тәрбиелік:
- а) Студенттерді компьютермен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету;
- б) Студенттерді колледждің техникалық құрал жабдақтарын және дүние-мүліктерді ұқыптап ұстауға үйрету;
- в) Шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге қалыптастыру;
- г) Ұжымдық ауызбіршілікке баулып, шағын топта жұмыс істеуге үйрету;
- д) Дүниетаным шеңберін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Студент білуі керек:
- Студенттерге есептеу техникасының шығу тарихын түсіндіру;
- Есептеу машинасы қай елде, кімнің негізінде пайда бола бастады;
- ЭЕМ-нің буындарын;
- Компьютердің қай жылдан бастап өндіріске енгенін;
- Қазіргі таңда компьютердің қажеттілігін
Студент істей алуы керек:
- Есептеу машинасымен жұмыс жасауды;
- Ғылымның соңғы жетістіктерін, техниканың түрлерін және мүмкіндіктерін.
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар : Оқытудың компьютерлік, ақпараттық, д амыта оқыту, бақылау бағалау, деңгейлеп оқыту және интерактивті технологиясы.
Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
Сабақтың әдісі - іздену, сұрыптау, сараптау, өзін-өзі бақылау, ынталандыру, даралап оқыту, тапсырмалар, білім мен тәжірибені байланыстыру.
Пәнішілік байланыс:
- Құзыреттілік аймағы А, оқыту модулі А1 ДК-дің пайдалану және қауіпсіздік ережесін сақтау.
- Құзіреттілік аймағы Б, оқыту модулі Б1 ДК-дің негізгі құрылғыларының конфигурациясы.
Пәндер аралық байланыс (қамтитын, қамтылатын пәндер)
Қамтитын пәндер:
- Физика (Конденсатордың құрылысы және түрлері Кронгарт, В. Кем, Н. Қойшыбаев 10 класс 252-256 беттер)
- Математика (Маматематикалық ұғым Т. Қ. Оспанов, Ш. Х. Құрманалина, С. Қ. Құрманалина 62-66 беттер)
Қамтылатын пәндер:
- Психалогия (Психика мен сананың дамуы К. Жұмасов 36 бет)
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекті құралдар:
- Слайдтар;
- Электронды оқу құралы;
Үлестірме материалдар:
- Тапсырма.
Техникалық оқу құралдары:
- Компьютер;
- Интерактивті тақта;
- LCD TV (сұйық кристалды теледидар) ;
- CD, DVD дискілер.
Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:
- Қазақстан Республикасының ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халақты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал // К. Б. Есекеев, Г. Қ. Нұрғалиева Алматы, ҰАО АҚ, 2007 -136 б. //
Қолданылған негізгі әдебиеттер
1. Симоновича С. В. Информатика 2-е издание 2004.
- Рапаков Г. Г. Ржеуцкая С. Ю. «Программирование на языке паскаль». 2005
- Салливан Ф., Уайт Дж. С. Основы медицинской информатики
- Бөрібаев Б. Информатика және компьютер, - Алматы « Білім » 1995
Қосымша әдебиеттер
1. Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А. Б. « Новые информационные технология» - Алматы-2003
2. Голобуцкий О., Шевчук О «Электронное правительство».
3. К. Б. Есекеева, Г. К. Нургалиевой «Учебно методическое пособие по обучению население компьютерной грамотности» Алматы 2007
4. Макарова Н. В., Матвеев А., Бройдо В. Л. и др. Информатика -2003
WEB сайттар тізімі
1. algorifm@mail. kz
2. infojournal@mail. ru
3. e-gov@mail. kz
4. Ustaz@ mail. kz
5. Softzone@ mail. kz
6. Sabaktar@mail. ru
7. Inust@mail. kz
8. Savefrom@mail. net
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі (2 минут) - Студенттерді түгелдеу, аудитория тазалығына, оқушылардың сырт келбетіне көңіл бөлу. Студенттердің зейінін сабаққа аудару.
2 Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (3 мин) - Тақырыпқа мотивациялық, сипаттама беру, маңыздылығын түсіндіру. Студенттерді сабақтың жоспарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.
Сабақ жоспары мен хронокартасы
3 Студенттердің информатика пәніне деген қызығушылығын ояту (5-10 мин) ;
І - нұсқа
1. Компьютердің алдында қалай дұрыс отыру керек:
a) Арқаңыз тік, иықтарыңыз босаң, шынтақтарыңыз жатық орналасуы тиіс
b) Иықтарыңыз еркін, басыңыз шамалы солға еңкейіп орналасуы тиіс
c) Арқаңыз тік, иықтарыңыз босаң, шынтақтарыңыз тік бұрыш жасап бүгілген, басыңыз шамалы алға еңкейіп түзу орналасу керек
d) ықтарыңыз еркін, басыңыз шамалы оңға еңкейіп орналасуы тиіс
e) Өзіңізге жайлы отыруыңыз керек
2. . Компьютерде жұмыс істейтін адам мен монитор бейне беті арасының ең аз қашықтығы . . . болуы тиіс.
a) 70
b) 150
c) 30
d) 2, 20
e) 100
3. Көзді неше секун жыпылықтатады.
a) 10-15
b) 5-10
c) 20-30
d) 25-30
e) 30-45
4. Көзді қанша секунд қол саусақтарымен уқалау керек
a) 10 секунд
b) 30 секунд
c) 15 секунд
d) 20 секунд
e) 60 секунд
5. Кеңсірікке қарап неше рет терең демалады.
a) 10
b) 5
c) 1
d) 3
e) 2
6. Монитор алдында жұмыс істегенде ересек адамдар қанша сағат үзіліс жасауы керек.
a) 2 сағат
b) жарты сағат
c) 1 сағат
d) 45 минут
e) 30 минут
7. Көз талған кезде жасалатын жаттығулар саны
a) 6
b) 5
c) 7
d) 4
e) 10
8. Қауіпсіздік сақтаудың неше талап талаптары бар.
a) 6
b) 8
c) 40
d) 20
e) 10
9. Күйген жерге қандай дәрі-дәрмек қолдану қажет.
a) иод
b) винилин
c) тетракцилин
d) синафлан
e) оксалин
10. Кеңсірікке қарап неше рет терең демалады.
a) 10
b) 5
c) 1
d) 3
e) 2
ІІ-нұсқа
1. Компьютерде жұмыс істейтін мен монитор бейне беті арасының ең аз қашықтығы . . . болуы тиіс.
a) 70
b) 150
c) 30
d) 2, 20
e) 100
2. Көзді қанша секунд саусақтарымен уқалау керек
a) 10 секунд
b) 30 секунд
c) 15 секунд
d) 20 секунд
e) 60 секунд
3. Монитор алдында жұмыс істегенде ересек адамдар қанша сағат үзіліс жасауы керек
a) 2 сағат
b) жарты сағат
c) 1 сағат
d) 45 минут
e) 10
- Қауіпсіздік сақтаудың неше талаптары бар.
a) 6
b) 8
c) 40
d) 20
e) 10
- Көз жаттығуларын қалайә жасау қажет.
a) компьютер алдында отырып жасау
b) төмен қарап жасау
c) шалқайып жасау
d) еңкейіп жасау
e) басты көтермей жасау
6. Күйген жерге қандай дәрі-дәрмек қолдану қажет.
a) иод
b) винилин
c) тетрациклин
d) синафлан
e) оксалин
- Көз талған кезде жасалатын жаттығулар саны.
a) 10
b) 5
c) 1
d) 3
e) 2
- Кеңірсікке қарап неше рет терең демалады.
a) 10
b) 5
c) 1
d) 3
e) 2
- Көзді неше секунд жыпылықтатады.
a) 10-15
b) 5-10
c) 20-30
d) 25-30
e) 30-45
- Компьютерлің алдында қалай дұрыс отыру керек:
a) Арқаңыз тік, иықтарыңыз босаң, шынтақтарыңыз жатық орналасуы тиіс
b) Иықтарыңыз еркін, басыңыз шамалы солға еңкейіп орналасуы тиіс
c) Арқаңыз тік, иықтарыңыз босаң, шынтақтарыңыз тік бұрыш жасап бүгілген басыңыз шамалы алға еңкейіп түзу орналасу керек
d) 3 иықтарыңыз еркін, басыңыз шамалы оңға еңкейіп орналасу керек
e) өзіңізге жайлы отыруыңыз керек.
Тест эталоны:
I - нұсқа II - нұсқа
1. c 1. a
2. a 2. b
3. c 3. c
4. b 4. e
5. d 5. a
6. c 6. b
7. c 7. c
8. e 8. d
9. b 9. c
10. a 10. c
10 дұрыс жауап «5»
9 - 8 дұрыс жауап «4»
7 - 6 дұрыс жауап «3»
5 және ↓дұрыс жауап «2»
4 Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру (40-45 мин) ;
Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы:
Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашанда мүқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде оған, аяқ-кол саусақтары секілді қарапайым қүралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жүмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар - абак, есепшот, арифмометр, арнаулы математикалык кестелер шығарыла бастады. Бірақ үстіміздегі ғасырдың 40 жылдарында, ядролық физиканьщ даму ерекшеліктеріне байланысты, қолмен есептеу істері көптеген материалдық ресурстарды және адамның тікелей араласуын талап ете бастады.
Дәрістің тезистері:
1. ЭЕМ тарихы
2. ЭЕМ буындары
ЭЕМ тарихы
Есепшоттың пайда болған уақытын ешкім де дәл айта алмайды. Деректерге қарағанда есепшоттың жасы 2000-5000 жыл болуы мүмкін. Ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс Европалықтар «Абак», қытайлықтар «Суанпан», жапондықтар «Серобян» деп атаған. Бұл құралды оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын араластыру және жылжыту арқылы пайдаланған. Тастар піл сүйегінен, түрлі-түсті әйнектерден, металдан жасалған. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.
ХҮІІ ғасырдың басында Шотландиялық математик Джон Непер «логарифм» түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Ал 1761 жылы ағылшын Д. Робертсон жылжымасы бар әр түрлі есептеулер жүргізуге арналған логарифмдік сызғышын жасады.
Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылы Исаак Ньютон ұсынған болатын.
1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзі бойынша бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын жасады. Мұнда көп мәнді сандарды қосу мүмкін болды.
1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасы - арифмометрді құрастырды
Есептеуіш машиналардың қарқынды дамуы ХІХ ғасырдан бастау алды.
«Адамсыз есептеулер автоматының» авторы ағылшын оқымыстысы Чарльз Бэббидж еді, оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды.
1833 жылы ол программа арқылы басқарылатын «Аналитикалық машина» жобасын жасады
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz