Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Тәуелсіз елім - ұлы өлкем

Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы «Төлеби
ауданының мамандандырылған мектеп – интернаты» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына
орай өтілетін ашық сабағы

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім - ұлы өлкем»

Өткізілетін орны: Ленгір қаласы, «Ғарыш» кинотеатры, сағат 12 -00

Мақсаты:

1.1986 жылы болған жастардың шеруі туралы түсінік беру, шерудің болу
себептері жайлы мағлұмат беру, ерліктерін өнеге ету.

2.Оқушылардың өмірде болып жатқан оқиғаларды саналы қабылдай білуге, оны
шешуде терең ойлауға, өз жасаған жұмысына жараса жауап бере білуге және
оқушыларды сахналық мәдениетке үйрету , қазақтың тіл өнерін оқушы бойына
сіңіру, шешен сөйлеуге тәриелеу.

3. Отанын, елін, жерін сүюге, қорғауға, адалдыққа, шындыққа тәрбиелеу.
Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын ұлағаттау.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, тақырып аясындағы баннер, қазақтың ұлттық
киімдері, нақыл сөздер, шарлар.

Сахына сыртында жүргізушілер оқиды:

1-жүргізуші:

Мен-қазақпын мың өліп мың тірілген.
Жүрегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Интерактивті тақтада «Тәуелсіздік жолының соқпақтары» сөзі көрініс табады.
(Содан кейін 550 жылдыққа байланысты бейнекөрініс көрсетіледі.)

Көрініс: (Жоңғарларды жеңіп, Тәукеханның жарлығы оқылады)

Уақыттың өткендігі туралы бейнекөрініс интербелсенді тақтада көрсетіледі.

1916 жылдан бастап 1986 жылға дейінгі кездерден бейнекөрініс көрсетіліп,
оқушылардың көрінісімен ұласады.

(Көрініс: Сот процесі. Көрініс соңында «Желтоқсан желі» әуені қосылады 1-
куплет)

2 жүргізуші

Қақаған қыстың ызғары,
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қара көз қазақ қыздарын
ОМОН-дар бастан тепкен күн.
Қариялар итке таланып,
Ер басын күрке шапқан күн.
Аппақ қар қанға боянып,
Қып –қызыл мұз боп жатқан күн.
Қайғы езіп елдің еңсесін,
Жаншыдау жанын батқан күн.
Енді қайтып келмесін,
Сол бір қарғыс атқан күн.

«Сіздер жасаған ерлік мәңгі жадымызда» (Интербелсенді тақтада жазу шығады,
желтоқсан құрбандарының суреттерімен бірге)

1-жүргізуші

Бостандық құтты болсын ерікті ел,
Айдын ел, көк майсалы көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырларды
Әруағына бас ұрып, тәу еткін ел.
Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

(1991-2016жылдар аралығындағы Қазақстанның баянды бақыты бейнекөрініс.)

2-жүргізуші:

Қазақстан – Республикам, мақтанышым,
Мен сені жырлаймын мақтан үшін
Құдайым маған құйттай жүрек берген,
Лүпілдеп сені сүйіп, сақтау үшін!
1-жүргізуші:

Мекендеп ғаламшардың кең даласын
Ұлы деп үлгі тұтқан ер бабасын
Мен үшін бақыт, байлық мақтаныш та
Қазағым қайсар елім , сен ғанасың

Ән «Қазағым» орындайтын 9 сынып оқушысы Исақ Қуаныш

2-жүргізуші:

Атыңнан айналайын Егемен ел
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын Қазақстан
Ғасырлар тойы болшы келе берер!

(Қыздар шашу шашады. Осы сәтте ұлдар ұлттық киімде домбырамен шығып,
домбыра үні ойналып тұрады)

Мақтан қазағым!
Шаттан қазағым!
Қазақтың нағыз шырқаған кезі.
Мақтанса бүгін, мақтансын қазақ.
Төбесі көкке тимей тұр аз-ақ!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!

1-жүргізуші:

Би «Тойға шашу» орындайтын қыздар тобы 8 а сынып оқушылары

2-жүргізуші:

Ел болдық егеменді, теңдік алып
Бар әлем қазақ елін болды танып
Қойнауы кенге толы қазақ елі
Жыл сайын келед өсіп, қанат жайып.
1-жүргізуші:

Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады

Ән «Елбасы» орындайтын Байдулла Самал (интербелсенді тақтада
Н.Назарбаев туралы бейнекөрініс көрсетіледі)

2-жүргізуші:

Мұрагерміз тіліне анамыздың,
Өлеңдерін айтамыз данамыздың.
Ел тілінде сөйлесек жарасады,
Сәні кірер елім мен қаламыздың.
Көркем сөз

1. Махамеджан Алия
2. Отынбаева Аружан
3. Қаппар Камиланың оқуында.
1-жүргізуші:

Менің елім –Қазақстан жүрегім,
Тек өзіңсің Отан ана тірегім.
Аман болсын елім, жерім, ұрпақтар,
Тәңірден осы менің тілерім.
2-жүргізуші:

Менің елім – Қазақстан Отаным,
Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.
Мәңгілікке қымбаттысың туған ел,
Арта берсін абыройың, атағың!

Ән: «Отаным сен үшін» Орындайтын- 8 сынып оқушылары: Мырзақұл Аружан,
Мұсағалиқызы Шұғыла (Интербелсенді тақтада Астана туралы слайдтар
көрсетіліп тұрады)

2-жүргізуші:

Еркін елдің ұл-қызы,
Жарқыраған жұлдызы.
Би билейміз бәріміз,
Айдай толқын нұр жүзі
1-жүргізуші:

Би 7 сынып қыздарының орындауында

2-жүргізуші

Тәуелсіздік - менің байтақ Отаным,

Бір өзіңсің Мұхтар , Абай, Шоқаным,

Тәуелсіздік- сәбилердің шаттығы,

Тәуелсіздік –ақ батасы атаның.

Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр-әнім,

Ән «Тәуелсіздік» орындайтын Қыдыр Аружан, Ерханова Балжан 8а сынып
оқушылары

1-жүргізуші:

Өзіңдікі елің де,

Өзіңдікі жерің де,

Жаса, Қазақстаным,

Тәуелсіздік төрінде!

Ән: «Жаса Қазақстан» орындайтын Мергенбай Нұрбек

(Барлық оқушылар шар, жалауша алып сахнаға ортаға шығады, корермендер де
көк түсті шарларды көтеріп «Алға, Қазақстан!» - деген ұран сөздерін
айтады.)

Жүргізушілердің қорытынды сөзі
Қазақстан – елім менің, Отаным,
Қазақстан – еркін елім, еңселі.
Қазақстан кірлетпейік атағын,
Қазақстан –Ата Заңым бүгінгі.
Қазақстан – болсын мәңгі ғұмырлы,
Қазақстан –жері қазақ елімнің!
Қош сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
«ертеңім елім- елбасы !» атты патриоттық ән-би байқау сценарийі
Әй, жарайсың!
Менің елім - Қазақстаным
Туған жердің тағдыры толғандырады
ЕЛІМ ТУҒАН ЖЕРІМ
Тәуелсіз елім
Орал қаласы
Астана жаңа қала
Патриоттық әндер байқауы сценарийі
Түпқараған ауданы
Пәндер