Сабақ жоспары :: Психология

Файл қосу

Бақытым да,байлығым да-отбасым ( тренинг сабақ)

№ 107 орта мектебі

«Бақытым да,байлығым да-отбасым»
( тренинг сабақ)

Мектептің педагог-психологы:Нұрмағанбетова Меруерт

Тақырыбы: « Бақытым да,байлығым да-отбасым» .

Мақсаты : Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Балаға
еркін сөйлеу ,өз ойын ашық айтуға үйрету. Күнделікті қарым-қатынаста
түсінісіп, мейірімділікке , кішіпейілділікке , адамгершілік қасиеттерге
тәрбиелеу.

Міндеті:
1. Бала өміріне үнемі қолдау жасап, тәрбиелей отырып , келешекте өз
жемісін күту;
2. Қоғам тарапынан көмек, психологиялық кеңес, әртүрлі қолдаулар
арқылы ата-ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген
сенімділігін нығайту;

Сабақ формасы: Тренинг

Көрнекілігі: әйнек , гуашь , стикер , ай аты жазылған парақшалар, шам ,
жаднамалар;

Тренинг бағдарламасы:

1. Танысу тренингі
2. Әйнекпен жұмыс.
3. «Отбасы оқиғалары» жаттығуы.
3. «Тілек шамы».
4. Ой- толғаныс.
6. Бейнебаян тамашалау.
Тренинг барысы:

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.
Қош келдіңіздер құрметті ата – аналар мен ұстаздар! Бүгінгі
біздің өткізгелі отырған
« Бақытым да,байлығым да-отбасым» тақырыбындағы тренинг сабағымызға белсене
араласуға шақырамын.

II Негізгі бөлім.

Танысу тренингі 1. Уақыт мерзімі (Линия времений)
Мақсаты: топқа қарым – қатынасты нығайту, танысу арқылы бір – бірімен
жағымды сәттерін бөлісу.
Шарты:Қатысушылардың әр қайсысына стикер таратылады. Стикерге тақтаға
ілінген соңғы
3 ай көлеміндегі мысалыға (15-31 қаңтар; 12-28 ақпан; 1-31 наурыз) көңілді
сәттерінің бірін сурет ретінде салып, сол уақыттың астына жабыстырады.
Талқылау: Жүргізуші тақтаға ілінген суреттерді кезегімен бейнеленгені
бойынша айтып кімнің салғанын сұрайды, сурет иесі алдымен өзін толық
таныстырып өтіп суретімен бөліседі.
Барлық қатысушылардың суреті талқыланып болғаннан кейін қатысушылар шеңбер
бойына отырып, доп арқылы бір – бірін қуанышымен құттықтап өтеді.

2. Әйнекпен жұмыс (Работа на стикле)
Мақсаты: ерлі – зайыптылардың бір – бірін қаншалықты түсінетіндігін
анықтау.
Шарты: клиентке әйнекті вертикально ұстатып, гуашь, кисточканың
көмегімен ең жағымсыз болған жағдайын салу немесе екі партнер бір – бірімен
келіспей әйнекті шеңбер салып алып, ортасына сурет сала бастау келісімсіз
және сөзсіз.
Мәселе клиенттің өзін қалай ұстауына, мысалыға красканы бүлдіріп алса
немесе т.б.с.сияқты болса ол кісі бір нәрсеге алаңдаулы. Соңында клиентке
әйнектегі суретті сумен жууын тапсыру, ол кісі сумен жуғанда барлық уайым –
қайғысы да сумен жуылып кететінін айту.
Талдау: Қазір өзімізді қалай сеземіз? Сурет салу барасында қандай
қиындықтар болды ма?
(круг удача, круг здоровья, круг семья «мой порадный портрет зеркалье»).

3.«Отбасы оқиғалары» жаттығуы.

Жаттығуды орындау үшін үлкен қағаз парақтары және түрлі-түсті
қарындаштар немесе фломастерлер қажет болады.
Әрбір қатысушы қағазды екіге бөледі де,екі отбасылық естеліктің
суретін салады-бақытты және жағымсыз құбылыстардың бір ғана отбасы ішінде
болатынын жағдайлары бейнеленеді.Сурет салып болғаннан кейін әр
қатысушы топқа өз суретін көрсетіп,онда салынған оқиғаны түсіндіріп береді.

4. «Тілек шамы».

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
-Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар
арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға
тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы»
атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін
сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек
шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге
мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп,
тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде
айтуларыңызды сұраймын.

5. Ой-толғаныс. (әртүрлі белгілер таратылып беріледі)

Осы белгілер бойынша ата-анаға, оқушыға, мұғалімге өз ұсыныстарыңызды
немесе ой-пікірлеріңізді жазуыңызға болады.
Тренингтен алған әсерлеріңіз ,ұнаған және ұнамаған жақтарын ,
ұсыныстарыңызбен тілектеріңізді жазасыздар..

6. Бейнебаян тамашалау.

Ұқсас жұмыстар
Бақытым да, байлығым да - денсаулығым
Денсаулық тазалық сақтау
Тубркулез тақырыбына тренинг
Отбасының ұйытқысы кім
Жанұя бақыты жаттығу
Біз еліміздің ертеңіміз
Бейнебаян Бала тәрбиесі
« менің отбасым – сыйластық, жарастық орнаған ортам» атты 8 сынып ата-аналар үшін семинар-тренинг
Салауатты өмір салтымыз
Қуанышты отбасы тыныштық сәті
Пәндер