Калькулятор жады

Қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы: 5 «Ә» Сабақты өту мерзімі: 11. 04. 2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Калькулятор жады
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сандық ақпараттарды өңдеуге арналған калькулятор программасы батырмаларының қызметтерін таныстыру, калькулятор жадымен жұмыс істеуді үйрету, алған білімдерін өмірде дұрыс қолдана білуге бағыт беру;
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақ түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: «Математика», «Информатика және ЕТ негіздері», «Геометрия», «Ағылшын тілі»
Табыс критерийлері:
- Калькуляторды іске қосу, түрлерін ажыра білу;
- Калькулятор батырмаларының қызметтерін білу, қолдана алу;
- Калькулятор жадымен жұмыс жасауды меңгеру;
- Теориялық білімді практикамен ұштастыру;
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар калькулятор бағдарламасы туралы толық ақпарат алады, батырмалардың атқаратын қызметтерін түсінеді, калькулятор жадымен жұмыс жасай алады, санның пайызы мен кері мәнін есептеуді үйренеді.
Түйінді идеялар: Бірлескен топтық жұмыс - оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың, АКТ құралдарын қолдану - оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Мұғалім іс - әрекетінің тәсілі:
- Сабақты ұйымдастыру, бағыт беру;
- Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру;
- Жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында нақты мысалдар көрсету;
- Оқушыларға компьютерде тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру;
- Сабақ барысында оқушыларға сұрақтар қоюға мүмкіндік беру;
Оқушыда дағды қалыптастыру:
- Жаңа тақырыпты игеру;
- Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау;
- Жаңа тақырыпты практикада қолдану мақсатында ұсынылған деңгейлік тапсырмаларды өз бетімен орындау;
- Топтық жұмыстарға ат салысу;
- Жұптық, топтық диалог орната білу, сұрақтар қою және берілген сұрақтарға жауап беру;
- Өзгелерге көмектесу, сабақта барынша белсенділік таныту;
Дереккөздер: «Информатика» 5-сынып оқулығы «Арман-ПВ» баспасы, 2013 ж; www. google. kz сайты.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер : ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, топқа бөлу, сиқырлы таяқша, «Батырманы басасың, қандай істі ашасың?» суреттер сөйлейді, «Алтын балық аулау» ойыны, дамыту сұрақтары, деңгейлік тапсырмалы практикалық жұмыс, Т кестесі, қабырға газеті, «Жұбым қайды?», «Рубрика» әдісі арқылы бағалау, кері байланыс «Жетістіктер сатысы».
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
Әдістемелік көрнекіліктер:
- Үлестірмелі материалдар
- Слайд көрсетілімі
- Тосын сұрақтар
- Бағалау парақшасы
Техникалық құралдар:
- Ноутбуктер
- Интербелсенді тақта
- Active Pen қаламсабы
- А3 форматты қағазы
- Маркерлер, стикерлер
- Сиқырлы таяқша т. б.
Кіріспе.
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту. Ынтымақтас-тық ортаны қалыптастыру.
Мұғалім оқушыларды тақтаға шығарып, бір-біріне қарама - қарсы тұрғызады. Оқушыларда өзіндік «Менін» оятады. Оқушылар көздерін жұмып, мұғалімнің сөздерін қайталайды. «Мен мектептемін, мен сабақта отырмын, менің көңіл-күйім жақсы, мен ақылдымын, терең білімге қол жеткізем, мұғалімді зейін қойып тыңдаймын, мен сабаққа дайынмын!». («Көктем» әуені ойнап тұрады) .
Оқушылар көзерін ашып, хормен тақтада ұсынылған өлең жолдарын айтады.
Күлім қағып қолымды,
Бір, екі, үш деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бір қысайын.
Қызығушылықты ояту.
Топқа бөлу.
«Шатаспақ» әдісі
Жемістерге әр топ атының бас әрпін жазып, оқушыларға таратады. Оқушыларды топтастырып, топ басшысын сайлатады.
Рубрика әдісі арқылы бағалау критерийлерімен таныстырып өтеді.
Оқушылар жемістерді таңдап, ондағы әріптер бойынша топтасады.
І топ « Б локнот »
ІІ топ « К алькулятор »
ІІІ топ « W ordPad »
Топ басшысын сайлайды. Бағалау парақшасымен танысады.
Үй тапсырмасын сұрау.
«Бақытты сәт» ойыны
Әр топқа түрлі тапсырма ұсынады. Тапсырмада калькулятор, блокнот бағдарламаларының батырмалары көрсетілген.
Үй жұмысын бекіту және бағалау.
3-гейм. «Алтын балық аулау» ойыны. Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс
Оқушыларға интербелсенді тақта арқылы қозғалыстағы балықтарды ұсынады. Олардың ішінен тек алтын балықтарды ұстауды тапсырады. Әр балықта белгілі сұрақ жасырылған.
Қорытынды сөз айтады, сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалайды.
Балықтарды ұстау арқылы шыққан сұрақтарға жауап береді.
Мұғаліммен бірлесе үй тапсырмасын қорытындылайды.
Жаңа тақырыпқа кіріспе. Көпір.
«Ойнайық та, ойлайық» (дамыту сұрақтары)
- Бір-бірімен жарысқан,
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді? (сегіз)
- Дүкеннен мен сабын алдым,
Және оның қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі,
Қанша болды қолда бары (алты)
Жұмбақты ұсына отырып, адамның жады мен калькулятор жадына тоқталады.
Негізгі бөлім.
Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады.
Интербелсенді тақта арқылы жаңа тақырыпты түсіндіреді. Калькуляторды қолданып, мысалдар көрсетеді.
MS (Memory Store) - индикатордағы санды жадқа жазады.
MR (Memory Recall) - жадтағы санды индикаторға шығарып жазады.
МС (Memory Clear) - жадты тазартады.
М+ (Memory +) -жадтағы санға индикатордағы санды қосады.
М- (Memory -) -жадтағы саннан индикатордағы санды азайтады.
%-санның пайызын есептейді.
ⱱ-квадрат түбірді есептейді.
1/х-индикация өрісіндегі санның кері мәнін есептейді.
Калькулятор тарихына тоқталады.
Деңгейлік тапсырмалар ұсынады.
Міндетті деңгей
1) 756, 87+849, 03= ж: 1605, 9
2) 112* 67:16= ж:469
3) 79-8*(12-7) = ж:39
4) 64-тің квадрат түбірін табу. ж:8
Лайықты деңгей
1) 207+65-(54+32) *2= ж:100
2) 6*(45+5-21) +9= ж:183
3) 16, 8 : (3, 080 + 1, 12) = ж:4
4) √49*144 өрнегінің мәні неге тең? ж: 84
5) Сыныптағы 28 оқушының 75 %-ы спортпен айналысуды ұнатады. Сыныптағы оқушылардың нешеуі спортпен айналысуды ұнатады ?
28 * 75 %= ж: 21
Жоғары деңгей
1) (56 -34) +(45/5) = ж:31
2) ( 41* 134+ 11978) : ( 1211-899) = ж:56
3) Мына сандардың квадрат түбірін тап:
144= 529= 169
ж: 12, 23, 13
4) 140 кг шөп бар еді. Әр сиырға 3 кг шөп бергенде, 20 кг шөп қалды. Сиырдың санын есепте. ж: 40
5) 25 санының кері мәнін есепте. ж:0, 04
Шығармашылық деңгей
1) Дүкенде 3 күн бойы 42000 теңгеге тауар сатылды. Бірінші күні - 22000 теңгеге, ал екінші күні одан 2 есе аз суммаға. Үшінші күні қалған тауар сатылды. Үшінші күні сатылған тауардың суммасын табыңыз. 42000-(22000+(22000:2) ) = ж: 9000
Қорытынды бөлім.
Сабақты бекіту.
1-топқа: Т-кестесі. Проблеммалық мәселені шешу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz