Тапқырлар сайыс

Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

(8 сынып)

Өткізген: Э. В. Давлетчарова

2016-2017 оқу жылы

«Тапқырлар» сайыс

Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру; тапқырлыққа, есепқұмарлыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру, қарым-қатынастарын нығайту.

Көрнекілігі : безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі : топтық сайыс сағаты.

Типі: Ойын түрінде

Жоспары:

1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі.

2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер) .

3. Біліктілікс сайысы (есептер шығару) .

4. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)

5. «Қас-қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ) .

Ойын барысы:

- Ауыздан - ауызға таратылып, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауызша есептері бүгінгі заманымызда да өңін түсірген жоқ. Бұл есептер логикалық шымырлығымен, ой ұшқырлығымен, қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Оларды шығаруда негізінен адамның жас ерекшеліктері емес, ең негізгі адам ойының ұшқырлығы ескеріледі.

Қолданылған нақыл сөздер:

Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К. Гаусс)

Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. (М. В. Ломоносов)

Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы, қажет те. (Р. Бэкон)

жүргізуші:

Ойнайық, ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада.

Уақытты тектен-текке жоймайық.

Ойнайық, ойлайық!

Білімділік көрсетейік, сынайық.

Жеңсен де, жеңбесең де, ренішсіз болайық,

Қаймықпай көңілді болып тарайық!

жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Баршаңыз да «Тапқырлар» сайысына қош келіпсіздер! (Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. )

жүргізуші:

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.

8-сынып оқушылары ортада. Сөз кезегін топ басшыларына береміз. Кезекте амандасу рәсімі.

«Алғырлар тобы»:

Шақырып жарыстарға сан - салалы,

Алғырлар топ жарғалы зер салады!

Ту етіп достық пенен татулықты

Тапқырлар командасын қарсы алады!

Тапқырлар биіктерде қалықтасын!

Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.

Жеңіс туың желбіреп алауласын,

Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.

«Әділқазыларға сәлем»:

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем!

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!

«Тапқырлар тобы»:

Осындай алғыр достар кез - келгенде,

Жетсін - ау, жарыстарда жеңгенге - не?

Қарсылас болғаныменен құрбысыңдар,

Тілейміз ізгі тілек сендерге де!

Құрметпен алғырларда ой - саналы,

Тапқырлар сәлем беріп ән салады.

Бүгінгі сайыстан достарына,

Қашанда тапқыр бол деп ән салады.

«Әділқазыларға сәлем»:

Достықпенен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едік талай сында.

Қара қылды қақ жарып әділқазым,

Еңбегін «Тапқырлардың» әділ сына.

Әділқазы алқасынан 1-ші сайыстың қорытындысын сұраймыз

жүргізуші:

Мықты болсаң - алдағыны басып оз,

Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт, - деп келесі сайысымыз «Тапқырлық» сайысына кезек береміз. (Бұл сайыста әр топқа ауызша есептеуге логикалық есептер беріледі. )

жүргізуші: 1-ші топқа

1. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)

2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

3. Ардақ, Кәрім, Айгүл үшеуі дойбы ойнады. Егер әрқайсысы екі партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойнады? (6 партия)

2-ші топқа

1. Сәуледе 6 сақина бар, оның 5-еуінің массасы бірдей, 1-еуі жеңіл. Таразыға екі рет қана өлшеп, жеңіл сақинаны қалай анықтауға болады?

2. Ағаш үстінде 10 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды? (1 торғай)

3. Үш әке мен алты бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына 6-дан алма тиді. Бұл қалай болғаны? (1 ата, 2 әке, 4-немере)

Әділқазы алқасынан 2-ші сайыстың қорытындысын сұраймыз.

жүргізуші:

Айыра біл, жақсы менен жаманды,

Айыра біл, қарындаш пен қаламды.

Айыра біл, соқпағында өмірдің,

Айыра біл тапсырманды алдағы - деп кезекті «Біліктілік» сайысына береміз. (Бұл сайыста әр топқа теңдеу құрып есептеуге есептер беріледі. )

Қозы мен лақ.

5 қозының салмағы 6 лақтың салмағына қарағанда ауыр болады. Егер бір қозыны лақтарға, бір лақты қозыларға қосса, онда олардың салмақтары бірдей. Сонда барлығының салмағын қосқанда 152 килограмм болса бір қозы мен бір лақтың салмағы қанша болады? 5х+6у=152 4х+у=5у+х 3х=4у х=16 у=12 лақ 12 кг, қозы 16 кг

Екі мақтаншақ.

Бір мақтаншақ екіншісіне:

  • Егер сен маған 100 қой берсең, онда мен сенен 2 есе бай боламын.

Сонда екіншісі:

  • Егер сен маған 10 қой берсең, онда мен сенен 6 есе бай боламын-деп жауап беріпті.

Олардың әрқайсысында қанша қой бар?

х+100=2(у-100)

у+10=6(х-10) 40; 170

Дәлелдеу

11 6 +14 6 -13 3 -өрнегiн мәнi 10-ға еселiк екенiн дәлелдеңдер.
Шешуi: 11 6 саны 1 цифрымен аяқталады. 14 6 саны 6 цифрымен, 13 3 - саны 7 цифрымен аяқталады. Демек берiлген өрнек нөлмен аяқталады, яғни 10-ға еселiк.

жүргізуші: Келесі кезекте «Ойымды жалғастыр. . » сайысы (Әр команда шапшаң жауап беруі керек. )

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл. )

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Жүз сомын болғанша, (жүз досың болсын)

6. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды)

7. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

8. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады.

жүргізуші: Келесі кезекте «Қас-қағым сәт» сайысы. (Бұл сайыста әр команда тез жауап беру арқылы балл жинайды)

1) 80-нің 25 проценті (20)

2) 3 кесіндіден құралған фигура (Үшбұрыш)

3) 180 градусқа тең бұрыш қалай аталады? (Жазыңқы)

4) Бестен екіге кері сан (екіден бес)

5) Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық (Радиус)

6) Екі қатынастың теңдігі (Пропорция)

7) 729 нешенің квадраты (27)

8) 11 жай сан ба, құрама сан ба? (Жай)

9) Дөңгелектің ауданын табуға арналған формула

10) 10 мен 15-тің ең кіші ортақ еселігі (30)

11) 17 санының квадраты (289)

12) Ең кіші натурал сан (1)

13) Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура (Бұрыш)

14) Екі санның бөліндісін басқаша қалай атайды? (Қатынас)

15) Параллелепипедтің үш өлшемі (Биіктігі, ұзындығы, ені)

16) Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының көбейтіндісі неге тең? (Осы өрнектің квадраттарының айырымына)

17) Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырғасының аты (Гипотенуза)

18) Үштің нешінші дәрежесі 729-ға тең? (Алтыншы)

19) Екінің жетінші дәрежесі нешеге тең? (128)

20) Нешенің квадраты 324-ке тең? (18)

21) Бұрышты тең екіге бөлетін сәуле (Биссектриса)

22) 19 санының квадраты (361)

23) Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу (Жанама)

24) 90 градустық бұрыштың косинусы неге тең? (Нөлге)

25) Тәуліктің төрттен бір бөлігі (6 сағат)

26) Жарты алманың жартысы неге тең? (Төрттен біріне)

27) Ең алғашқы әйел математик (С. Ковалевская)

28) Екі қабырғасы өзара параллель төртбұрыш (Трапеция)


Ұқсас жұмыстар
Тапқыр достар (Интелектуалды ойын - жарыс)
Көңілді тапқырлар туралы ақпарат
Тапқыр достар. 7-сыныптар
Математикалық сайыс интеллектуалдық ойын-сайысы
Ана тілі - білімнің кілті
Математика. Тапқырлар сайысы
Сыныптан тыс жұмыс "кім білгір"
Логика әлемі
Жұмбақ жарыс
Жылу құбылысына шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz