Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Мергендік немесе шеңбер жасап ату ойындары

Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Асық ойындары - Қазақ
халқының ұлттық ойындарының
бірі. «Мергендік немесе шеңбер
жасап ату» ойындары.
Сынып: 6 «Ә»
Пән мұғалімі: Тлеужанов Бағлан Нұржанұлы
2016-2017 оқу жылы
Сыныбы: 6 «Ә» Дене шынықтыру Күні:
Сабақтың тақырыбы:
Асық ойындары - Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. «Мергендік немесе шеңбер жасап ату» ойындары.
Мақсаты: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту.
Жаңа сабақ: Асық ойындары - Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. «Ханталапай» және «Мергендік немесе шеңбер жасап ату» ойындары
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын Тұрғысынан Ойлау стратегиялары, сұрақ-жауап
Сабаққа пайдалану: асық, оқулық т. б.
Ойлаудың жіктелуі
Блум бойынша
- Асық туралы не білеміз?
- Асық ойындарында асықтың жатысын қалай атайды?
- Ал егер асық төбесімен, не екі «аяғымен» тік тұрса - оны не деп атайды.
- Асық ойынын қай уақытта ойнауға болады ?
- Асық ойынының қандай түрлерін білеміз ?
- Асық - қазақ халқының ұлттық ойыны- Асық қазақ халқының, ырымдарында қадірлі сүйектің бірі.- Баласының ермегі, ойыншығы, сүйікті ойыны болған
- «бүк», «шік», тәйкі», «алшы»
- Омпы түсу
- Күндізгісі -мергендікке, түнгісі -ептіліккебаулиды.
- жарып алу, бестас, мергендік немесе шеңбер жасап ату, хан талапай, асық қағу, алшы т. б
- Асық ойындары туралы мұғалім сипаттама береді.
Асық түрлерін көрсету
2. Сақа - арқардың асығы
3. Жабайт - еліктің асығы
4. Асық - қой мен ешкінің асық жілігінен
5. Шүкімайт - қозы мен лақтың асығы
А. Келінінің аяғы ауырлап босануға тақағанда, енесі не атасы ырымдап асық жинап жүреді. Атаның құдай ұл берсе деп тілегені. Оны жасырып оңаша келінге сездірмеуі мүмкін. Ондағы ойлары көз тимесін, келін аман - есен, босанса екен деп тілек тілеуінің бір тәсілі.
Ә. Ер баланың бесігіне қасқырдың асығын, тырнағын тағуы мүмкін, ауырмасын - көз тимесін және айбатты, қайтпас қайсар, болсын дегені. Қыз баланың бесігіне - еліктің асығын, әдемі сұлу ел қызығар көркі болсын дегені.
Б. Ерте кездегі табиғаттың қатал, аңдардың олжаға оңай ілікпейтіндігін, аңшының адал еңбегі, ер азаматтың қайраты мен жау жүректілігі екендігін жақсы білеміз. Сондықтан да аңның асығы қадірлі болады.
«Ханталапай», «Мергендік немесе шеңбер жасап ату»
Ойындарын ойнату
1. Ойынды жүргізуші педагог ойынды бастар алдында «Талапай -ау, талапай, табылды ойын алақай» деп өзі айтады және балалар бірге қайталап, қоржындағы асықтарды отырған балалардың алдына шашады. Балалар жарыса «ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып бөліп алады
2. Ойынға 10 бала қатыса алады. Ойынның шарты бойынша ойынды бастаушыны анықтау үшін балалардың сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бірінші алшы түссе сол ойынды бастаушы болып саналады. Одан ары қарай ортаға диаметрі 1, 5-2 метрлік шеңбер сызылады. Шеңбердің ішіне ойынға қатысушы балалар санына баланысты асықтар сызық бойымен тізіліп қойылады. Шеңбер мен ойыншылардың арасы 2-5 метр шамасында болады. Ойынды бастаушы бірінші болып өз сақасымен асықтарды құлатуға тырысады. Құлатып шеңберден шығарса асықты өз пайдасына алады, шығара алмаса немесе қателессе келесі ойыншы ойынды жалғастырады.
Баға беру
жекелей бағалау
жинаған асық санына байланысты
Бағаланады
Меңгереді
Құлжа- Арқардың аталығының асығы Жабайт- еліктің асығы
Асық - қой жілігінің асығы Шүкімайт - қозы мен лақтың асығы
Шүкімайт - қозы мен лақтың асығы
«Хан талапай»
Бұл отырып ойналатын, негізінен қыз балаларға арналған ойын. Оған төрт - бес үміткерден қатысады. Ойын үшін он асық таңдап алынады. Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл, не көк) боялған болуы шарт бір - бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі. Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек. Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады. Себебі, хан алшы түссе, барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды, хан талапай жасауы тиіс. Хан кімнің қолында кетсе, келесі үйірі кезегі соған беріледі екен, хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады.
Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін, алшысымен - алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір - біріне соғып, кенейлер бір - біріне тимей қалғанша ұпай жинайды. Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе, немесе бөгде асықты қозғап қалса да, ойынның бұзылғаны. Онда кезек келесі ойыншыға беріледі. Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды.
Межелі ұпай санын (100 не 50 немесе 80 - 40) ойын жүргізуші алдын ала белгілейді. Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz