Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Мәңгілік ел-болашағы біртұтас ел

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
[pic]

Дайындаған: Музыка кафедра
Оқытушылары Қ.Б.Ишанбергенова
А.А.Батырханова

Орал 2016
Тәрбие сағатының тақырыбы:

“Мәңгілік ел-болашағы біртұтас ел!”

Мақсаты: Терезесі тең, керегесі кең, шаңырағы биік еліміздің тарихы
мен мәңгілік елдің ірге тасын қалап кеткен Керей мен Жәнібектен бастау
алған қазақ елінің мәңгілік ел болуы үшін бірлік пен ынтымақты сақтай
біліп, еліміздің тарихы мен мәдениетін құрметтеуге, жетістіктерін мақтан
тұтып, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға,
елімізді өркендетуге болашақ ұрпақты тәрбиелеу.
Міндеті: оқушының сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-
өрісін кеңейту, жас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, елін,
жерін сүйіп, құрметтеуге жетелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Интерактивті тақта, газет,журнал қиындылары,
кітаптар көрмесі, компьютер.Жолдау туралы слайд және Астана туралы слайд
көрсету.
Түрі: ашық тәрбие сағаты.
Әдісі: «Сөзсіз амандасу» сәлемдесу, «Ел жалаулары»топтарға бөліну,
«Блиц-турнир» сұрақ-жауап стратегиясы, "Ауыспалы бекет" стратегиясы,
әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру.
Тәрбие сағатының барысы:
«Сөзсіз амандасу»
Әр топ мүшелері бір-біріне- жест, мимика, бас ию, қол былғау т.б. ,
невербалдық сәлемдесу, немесе әр түрлі әлеуметтік, этникалық топтардың
әдістерін қолданып амандасады (жапондық иенкейу, пионерлер салютін), сәлем
алушылар оларға сәлемдемін қайтару қажет.

«Ел жалаулары» топтарға бөлу
Студенттерге пазлдарға бөлінген 3 ұлт жалау суреттерін (Қазақстан,
Қырғызстан, Ресей) құрастыру арқылы 3топқа бөлініп отырады.

1-жүргізуші:
- 2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің
2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария етті. Басты мақсат -
Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік
Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің  кемел
келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық – тұңғыш
мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл
ҚР ұлттық идеясынан келген түйін –тұжырым. 
2-жүргізуші:
- Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, Тәуелсіз еліміздің
жас ұрпақтары! Бүгінгі "Мәңгілік ел - болашағы біртұтас ел" тақырыбындағы
тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
(ҚР Мемлекеттік Әнұран орындалады).

І. Қызығушылықты ояту. Әр топқа «Блиц-турнир» стратегиясы арқылы бұрыннан
білетін ақпараттарын еске түсіру. (Слайдта сұрақтарға көмек көрсетіліп
жатады).
1-жүргізуші: «Қазақстан» тобына:
1.Қазақстан Тәуелсіздігін қашан алды ? (1991 жылы 16 желтоқсан)
2.Мемлекеттік рәміздер? (Ту, Әнұран, Елтаңба).
3. Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов).
4.Қазақстан республикасының президенті? (Н.Ә.Назарбаев)

2-жүргізуші: «Қырғызстан» тобына:
1.Қазақстан қанша облыстан тұрады? (17 облыс)
2. Алматының орталық алаңындағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші қай
жылы, кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз? (1996ж. 16 желтоқсанда).
3.БҚО регионына қалаларын атаңыз?— —Актөбе облысы (Актобе), Атырау облысы
(Атырау), Западно-Казахстанская область (Уральск), Манғыстау облысы
(Актау).
4. Қазақстанның бірінші астанасы – (Орынбор қаласы 1919 - 1925жж).

1-жүргізуші: «Ресей» тобына:
2-жүргізуші:
«Белоруссия» тобына:
1.Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)
2.Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл? (1995ж. 30 тамызда, 16 жыл)
3. Астана қаласының алдында қай қала астана болды? (Алматы қаласы. 1929 -
1997жж)
4.Ақмола қаласы Астана деп қашан атанды? (1997ж).

Жаскелен Ғайсағалиев, Ерікқали Ахметов «Астана» әні.

1-жүргізуші: Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға,
бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала,
бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция»
деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап,
дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан
ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы
көңілге қонымды.

2-жүргізуші: Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты
болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау,
балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу
мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл
Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған
мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.

«Туған ел» әні

1-жүргізуші: Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан - 2050» Стратегиясы
Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты.
Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт –
бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда.

2-жүргізуші: 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының
президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір
жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын
жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына
қосылуы. Ол — "Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын
жаңа дәуірдің кемел келбеті",- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген
жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының
жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-
тұжырым.

ІІ. Мағынаны тану.
Шарамызды одан әрі жалғастырып, жаңа мағлұматты өтуде өздеріңе белгілі
СТО жобасының "Ауыспалы бекет" стратегиясын пайдаланамыз. 3топқа
төмендегідей мәтін тапсырмаларымен жұмыс жасаймыз:

1. "Мәңгілік ел - болашағы біртұтас ел".
2. "Ел жетістігі - ЭКСПО - 2017".
3. «Қазақстан халық Ассамблеясына 20жыл»

1 блок: Оқытушының белгісімен әр топ берілген мәтін бойынша топта
тақырыптарын талдайды, түсіндіреді, білгендерін бөлісіп, уақыт өткен соң
оқытушы белгісімен әр топ басшысы келесі топқа ауысып өз тақырыбы туралы
ақпаратты жеткізеді.

2 блок: Әр топқа берілген уақытта келесі топтан алған ақпарат бойынша
презентация қорғайды. Ақпарат берген топ презентацияны «Бір тілек-бір
жұлдыз» арқылы бағалап, ұсыныс-пікірлерін айтады, бір музыкалық нөмір
орындайды.

1 студент: Мәңгілік ел –бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы
тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не
көрмедік, қанша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып
кету, тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-
біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне
осының өзі –ақ мәңгі ел керегесі.        

     2 студент:      550 жыл бойына көрген қиындығымызға ешкімді жазғырмай,
біреуді кінәләмай, қайғы көрсек тереңіне батып кетпей, қуанышқа асып-таспай
бүгінгі күнге аман-есен жеткеніміз біз үшін үлкен бақыт!, құрылуы осының
айғағы. Мен үшін Мәңгілік ел осы кезеңнен бастау алды.                   

    3 студент:      Әлемде жерінің кеңдігі жөнінен бірінші ондықта
орналасқан қазақ жерін, қазақ елін  мәңгілік ел  болып қалуы үшін батыр
ұлдарымыз жоңғарлармен бетпе-бет келіп Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы
Бөгенбай, Шапырашты  Наурызбай қазақтың ұлтарақтай жерін жауға бермей,
қызғыштай қорғап, халық қорғаны  бола білді.

     4 студент:    Қолдан жасалған ашаршылықтың өзі қаншама қазақты
қырғанымен қоймай, бір-біріне жауыз, ашкөз жәндіктей қылып, бірінің етін
біріне жегізіп қазақтың санын кемітіп, қала берсе басқа мемлекеттерге ауып
кетіп,тарихи отанын кітаптардан оқитын тарыдай шашылған қазақтардың
бытырауына себепкер де болды емес пе?! Оның біреуін де көрмеген біз қандай
бақытты ұрпақ едік!..

    5 студент: Бұдан кейінгі жылдарда да Тәуелсіздік үшін болған
көтерілісте де жеңіске жетіп, 1991 жылы әупірімдеп Қазақ елі тәуелсіздігіне
де қолын жеткізді. Бұл күн біз үшін, бүкіл қазақ халқы үшін ұмытылмас,
асқан бір мейрам (ақ түйенің қарны жарылған күн)  да болды, қайсар жастарын
жоғалтқан қаралы күн де болды. Бұлт артынан күн шығады деп қазақ барлық
қайғыны ұмытты да, осы күнге шүкірлігін айтты...

«Қазақ елі!» әні орындалады.
ІІІ. Толғаныс:

Оқытушы: Қазақы киіз үйіміздің керегесі кең, терезесі тең болуы, Мәңгілік
елдің болашағы - жастар, сендердің қолдарыңызда!

1-жүргізуші: Осы тәрбие сағатымыздан қандай ақпарат алдыңдарыңызды
түйіндейік.
-Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қашан құрылды? (1995 жыл, 1 наурыз).

2-жүргізуші:
-ЕХРО - 2017 халықаралық көрменің қай жерде өткізілуі қай уақытта
анықталды?

(2012 жылы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас
ассамблеясының 121-ші отырысында Астананы ресми таныстырылымы болды).

1-жүргізуші:
-Елбасының "Қазақстан жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты
Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы?

("Мәңгілік ел" ұлттық идеясы жарияланды).

Оқытушы:

Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.
Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен
Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған
«Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының
мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің
терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Мәңгілік Ел ұлттық
идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани
құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге
де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы
қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. Мәңгілік Ел ұлттық идеясы
дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету!

Қорытынды:

1-жүргізуші: Иә, ендігі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем
 мойындады. Біз енді тар жол, тайғақ  кешулерден өттік. Жеріміздің
кеңдігіндей   көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің
берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бақуатты, түтіні
түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз
ұлтпыз. Алда да солай болатынына сенімдіміз!

2-жүргізуші: Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол
жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана
қаламызды тұрғыздық. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше,
Қазақ елінің Ұлттық Идеясы (екі жүргізуші бірге) – Мәңгілік ел!
1-жүргізуші: Тәрбие сағатымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!

«Қазағым-ау» әні
-----------------------
Тәрбие сағатының тақырыбы:

“Мәңгілік ел-болашағы біртұтас ел!”

Ұқсас жұмыстар
Мен өз Отанымның патриотымын
Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық-бір ел- бір тағдыр туралы ақпарат
Ұлт тарихын баяндайтын слайдтар, фотогалереялар негізінде сол ұлттың Қазақстандағы өмірін баяндау
Отан - өлкең астанаң
Елбасының жолдауынан хабардар етіп, алда қойылған мақсат - міндеттер туралы мағлұмат беру
Қазақстан, мәңгілік жансын бағың!
Білімді жастар – Мәңгілік Ел болашағы
Менің елім, менің Қазақстаным
Ата-ана мен ұстаз, білім мекемесі арасында байланысты нығайту және ұстаз беделін арттыру
Құтты болсын қадамың, Құтты болсын талабың
Пәндер