Модуль Жеке адамға қатысты іс қағаздары (Өмірбаян, түйіндеме рәсімдеу)

СМЖ Н. 05-05

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ “Жоғары медициналық колледж” МКК

Ашық сабақ жоспары

Тақырыбы : Модуль «Жеке адамға қатысты іс қағаздары»

(Өмірбаян, түйіндеме рәсімдеу)

Пәні: Кәсіби қазақ тілі

Құрастырған оқытушылар: Құлмұқанова С. К.


Тақырыбы: Модуль
«Жеке адамға қатысты іс қағаздары»

(Өмірбаян, түйіндеме рәсімдеу)

Сабаққа бөлінген уақыт: 80 мин

Сабақтың типі: Тәжірибелік сабақ, жаңа сабақты түсіндіру

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, жеке, екеуара, топта жұмыс істеу, пікір алмасу, мәтінмен жұмыс.

Көрнекілік: құжат үлгілері (мінездеме, өмірбаян, түйіндеме), интерактивті тақта(лексико-грамматикалық тест, теориялық мәлімет, кестелер), маркер, электрондық оқулық «Ресми іс қағаздары»

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Іс-қағаздарымен жұмыс істеуде сөздік қорын толықтыру, сөйлеуге жаттықтыру, сауатты жаза білуге дағдыландыру арқылы жеке адам өміріне қатысты құжаттар рәсімдеу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Іс-әрекет алгоритмі арқылы білім алушылардың шығармашылық біліктілігін арттыру, алған білімдерін әрі қарай дамыта отырып өзіндік ойлауға, мәнерлі сөйлеп, сауатты жазуға баулу.

Тәрбиелік: Білім алушыларды қарым-қатынас жасау әдебіне, тіл мәдениетіне тәрбиелеу, топтасып жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа, бірін-бірі сыйлауға, ой-пікірін тыңдай білуге баулу.

Күтілетін нәтиже: Білім алушылардың сөздік қоры молаяды, бірлесе жұмыс істеу арқұылы меңгерген ақпараттарды қолдана және жарата білуге үйренеді.

Сабақтың құрылымы (хронокартасы) :

Сабақ кезеңдері
Уақыт (мин. )
№: 1
Сабақ кезеңдері:
  1. Дидактикалық кезең.

Ұйымдастыру бөлімі.

Уақыт (мин. ): 3
№: 2
Сабақ кезеңдері:
  1. Дидактикалық кезең.

Білім деңгейін тексеру.

Өздік жұмыс.

Уақыт (мин. ): 24
№: 3
Сабақ кезеңдері:
  1. Дидактикалық кезең (Жаңа тақырыпты түсіндіру)

Оқытушының білім алушылармен жұмысы

Уақыт (мин. ): 21
№: 4
Сабақ кезеңдері:
  1. Дидактикалық кезең.

Пысықтау.

Қорытынды бағалау.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Рефлексия.

Уақыт (мин. ): 32

Сабақтың барысы:

І. Дидактикалық кезең: (3`)

  1. Мұғалім сөзі:

Балалар, қайырлы таң! Сабағымызды бастайық. Мен бүгін сіздермен кездескеніме, бірлесе жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Таңертең тұрған бетте отбасы мүшелеріне, таныстарыңа, достарыңа қандай жақсы тілек, жылы сөз айтқандарыңызды еске түсіріңіздер. Қазір сабақты бір-бірімізге жылы сөз айтудан бастайық. Мен бастаймын:

  • . . .

Ал бүгінгі сабаққа келген қонақтарға не айтамыз?

  • Қош келдіңіздер! Сіздермен кездескенімізге өте қуаныштымыз.

. . . . . .

Ендеше алдарыңда жатқан «Көңіл-күй картасын» ашып, өздеріңнің көңіл-күйлеріңізді анықтаңыздар.

Сабақ басталғанда:

Қобалжып отырмын: Қобалжып отырмын
Қуаныштымын: Қуаныштымын
Жұмыс істеуге дайынмын: Жұмыс істеуге дайынмын

Сабақ аяқталғанда:

Қобалжып отырмын: Қобалжып отырмын
Қуаныштымын: Қуаныштымын
Жұмыс істеуге дайынмын: Жұмыс істеуге дайынмын

ІІ. Дидактикалық кезең:

  1. Білім алушыларды топқа бөлу (1`)
  2. Үй тапсырмасын тексеру (20`)

а) І топ - Құжат ұғымы

ІІ топ - Мінездеме

ә) Лексико-грамматикалық тест (қосымша 2)

б) Қатесін тап (электрондық оқулық, мінездеме үлгісі) (3`)

ІІІ. Дидактикалық кезең:

Жаңа сабақ

а) Мұғалім сөзі «Жеке адамға байланысты іс қағаздары» модуліне кіріспе

Сабақтың мақсаттары мен міндеттерін хабарлау (3`)

ә) Ой қозғау (2`)

Оқытушы сөзі: (проектор арқылы сөз көрсетілді, №1 қосымша)

  • Балалар, кестені мұқият оқып шығыңыздар. Осы кестеге қандай атау берер едіңіздер?
  • «Жұмысқа қабылдау барысында рәсімделетін құжат түрлері», . . .
  • Осы іс қағаздарының қайсысымен біз жақсы таныспыз?
  • . . .
  • Бүгін біз өмірбаян рәсімдеу үлгісімен танысамыз.

(Сабақ мақсаты айтылады)

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Міндеті: жаңа ұғым беру

а) Ой қозғау (8`)

«Өмірбаян» ұғымы бойынша дәптерге өз ойларыңды жазыңдар.

ә) Жұппен жұмыс

Көршіңмен ой бөліс, ортақ тізім жаса (топпен ортақ кластер жасау)

Проектор бойынша білім алушыларға жаңа теориялық мәлімет ұсынылады (5`)

(№3 қосымша)

  • мазмұнымен танысып, дәптерге түртіп алады
Бұрыннан не білдім?: Бұрыннан не білдім?
Қандай жаңа мәлімет алдым?: Қандай жаңа мәлімет алдым?
Бұрыннан не білдім?:
Қандай жаңа мәлімет алдым?:
Бұрыннан не білдім?:
Қандай жаңа мәлімет алдым?:
Бұрыннан не білдім?:
Қандай жаңа мәлімет алдым?:
Бұрыннан не білдім?:
Қандай жаңа мәлімет алдым?:
Бұрыннан не білдім?:
Қандай жаңа мәлімет алдым?:
Бұрыннан не білдім?:
Қандай жаңа мәлімет алдым?:
Бұрыннан не білдім?:
Қандай жаңа мәлімет алдым?:
  • Теориялық мәліметтерді дәптерге сызба түрінде жазып алу (3`)

Оқуға түсу; - хабарлы - өмір жолы - құжат түрінің

Жаңа қызметке - 1 жақта - іскерлік қасиеттері атауы;

орналасу - автордың аты-жөні, и туған жылы, күні, и туған жері

т - ұлты

- білімі, оқыған оқу м орындары

- қоғамдық-саяси

қызметі, марапатталуы

- ата-анасы, жұбайы, м балалары туралы

мәлімет

- қазіргі жұмысы,

мекенжайы, телефоны

- қолы

IV. Дидактикалық кезең:

а) Өмірбаян үлгісімен танысу (№5, 7қосымша) (6`)

ә) Өмірбаян-түйіндеме мәтінмен жұмыс (№8 қосымша) (5`)

б) Үллгісімен танысу (№9 қосымша) (5`)

в) Грамматикалық жағдаяттық тапсырмалар арқылы жаңа сабақты пысықтау (9`)

г) Пікір айту «Іс қағаздарын толтыра білу қажеттілік пе?» (3`)

Бағалау: (1`)

Білім алушылардың істеген жұмысын бағалау (білім алушылардың пікірін есепке алу)

Үйге тапсырма: (1`)

  • Өзінің танысың туралы мәліметтер жинап, оның өмірбаянын жаз.
  • Теориялық мәліметтер бойынша сұрақ-жауапқа дайындал.

Рефлексия (сабақты қорытындылау) (2`)

  • Бүгін сабақта не үйрендік?
  • Сабақ ұнады ма? «Көңіл-күй картасын» анықтау

Қолданылған әдебиеттер:

  • Ә. Хазимова «Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу»
  • А. Алдашева, . . . «Ресми іс қағаздары»

Қосымша әдебиеттер:

  • Д. Ақанова, . . . «Ресми іскери қазақ тілі»
  • М. Басақов «Делопроизводство и корреспонденция»

№1 қосымша

№2 қосымша

  1. «Квалифицированный специалист» тіркесінің қазақша баламасы:

а) өз ісін жетік білетін, білімді

ә) өз ісін жетік білетін, үлгілі

б) өз ісін жетік білетін, білікті

в) өз ісін жетік білетін, беделді

  1. «Білікті» сөзінің синонимі:

а) өз ісіне ұқыпты

ә) өз ісін жетік білетін

б) тиянақты

в) жоғары білімді

  1. Мінездеме . . . . . . . мақсатында беріледі:

а) кезекті еңбек демалысын беру

ә) қол қою

б) кәсіби біліктілігін көтеру

в) түсінік беру

  1. Бөлім бастығы қызметіне ұсыну үшін жазылатын ресми құжат түрі

а) хаттама, бұйрық

ә) арыз, түсінікхат

б) өмірбаян, жеке іс парағы

в) мінездеме, ұсынысхат

  1. Мінездеме жазуда қолданылатын етістіктің шағы:

а) нақ осы шақ

ә) келер шағы

б) ауыспалы осы шақ

в) өткен шағы

  1. «Өз әріптестері» тіркесінің орыс тіліндегі баламасы:

а) среди своих коллег

ә) своих коллег

б) своими коллегами

в) среди коллег

  1. Сөйлемдерді толықтыр:

2001-2004 . . . . . . орыс колледжде аға оқытушы болып жұмыс істеді.

а) жылдардын кейін

ә) жыл соңында

б) жылдар аралығында

в) жылдар өткенде

  1. Сөйлемді аяқта:

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін . . . . . .

а) бітірсе

ә) бітіруде

б) бітірмейтін

в) бітірген

  1. Қатыстық сын есімдер:

а) сыйлы, беделді

ә) үлкен

б) ашық, қызық

в) меңгерген, білікті

  1. Қосымшасының жазылуы дұрыс нұсқасы:

а) 22-сінен бастап

ә) 22-не бастап

б) 22-де бастап

в) 22-мен бастап

  1. Мінездемеде көрсетілген міндетті мәліметтер:

а) денсаулығы, қызмет орны, мінезі, жеке басының қасиеттері, лауазымы

ә) жеке адам туралы негізгі мәліметтер, қызмет орны, жеке басының қасиеттері, не үшін берілді

б) отбасы жағдайы, жеке басының іскерлігі, еңбекақысы, не үшін берілгені

в) кәсіби деңгейі, ұлты, азаматтығы, мекеме басшысының аты-жөні

Сауалнама кілті

  1. б
  2. ә
  3. б
  4. в
  5. в
  6. ә
  7. б
  8. в
  9. а
  10. а
  11. ә

№3 қосымша

Өмірбаян-ақпараттық-анықтамалық құжат түрі. Жекеадамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылатын ресми құжат. Өмірбаянның арнайы типтік үлгісі жоқ, ерікті түрде жазылады. Бірақ өмірбаян рәсімдеуде міндетті түрде көрсетілетін мәліметтер бар. Олар:

  • құжат түрінің атауы;
  • аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, күні, туған жері;
  • ұлты;
  • білімі, оқыған оқу орындары;
  • қоғамдық саяси қызметі;
  • ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет (аты-жөні, қызметі) ;
  • қазіргі жұмысы;
  • мекенжайы, телефоны;
  • қолы.

Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс.

Өмірбаян әдетте оқуға түсу, жұмысқа орналасу кезінде жазылады. Құжат А4 форматта немесе арнайы бланкте рәсімделеді. Жазылу нысаны - хабарлы, 1 жақта.

Автордың өмір жолы, іскерлік біліктілігі және қоғамдық-саяси қызметі хронологиялық тәртіпте беріледі.

Негізгі сөздік:

Өмірбаян - автобиография

Ұлт - национальность

Білім - образование

Жоғары білім - высшее образование

Орта білім - среднее образование

Ата-ана - родители

Үйленгенмін - женат

Жұбай - супруг(супруга)

Үйленбегенмін - не женат

Ажырасқанмын - разведен

Әскери қызметте міндеттімін - обязяан к воинской службе

Әскери қызмет - воинская служба

Қосымша мәліметтер - дополнительные сведения

Мекенжай - адрес

Туу - родиться

Оқу - учиться

Түсу - поступать

Бітіру - окончить, закончить

Жұмыс істеу - работать

Ауысу - перейти

Міндетті - обязан

Әскери қызметті өтеу - выполнять воинскую службу

№4 қосымша

Үтірдің қолданылуы:

Запятая ставится:

  • для разделения однородных членов предложения;

Применение:

  • Запятая не ставится переджәне, мен (бен, пен), если они6 соединяя однородные члены предложения, используются один раз.
  • для разделения соединительных (ыңғайлас, салалас сөйлем),
  • разделительных, разъяснительных (толғаулы салалас сөйлем), последовательных (кезектес салалас сөйлем), причинных (себептес салалас сөйлем), сложносочиненных предложений:
  • для разделения компонентов сложноподчиненных предложений;
  • перед повторяющимися союзами;
  • для выделения вводных слов и вводных предложений;
  • для отделения обрашений.

Тире

Сызықша

Тире ставится:

  • между подлежащим и сказуемым в предложениях, типаБұл - адам. Астана - Қазақстанның астанасы.
  • после однородных членов предложения перед обощающим словом (жалпылауыш сөз) ;
  • при цитации;
  • при оформлении диалогов.

Двоеточие

Қос нүкте

Двоеточие ставится:

  • после обобщающего слова перед однородными членами предложения;
  • после слов автора перед цитатой;
  • между компонентами бессоюзного причинно-сочинительного (себептес салалас сөйлем) предложения;
  • между компонентами разъяснительного (түсіндірме салалас сөйлем) предложения.

Цитация

Бөгде сөз

Цитата приводится в кавычках, которые выделюят ее с двух сторон. Слова автора могут находится в начале, середине и конце цитаты. Знаки препинания при этом ставятся следующим образом:

«Шырағым, бұл кішкентай жәндіктердің еңбегі - саған үлгі. Өрмекші, маса, шыбынға тұзақ құрып жүр. Ұстап алған соң, оны өзіне азық етеді» - бұл Ы. Алтынсариннің «Өрмекші, Құмырсқа, Қарлығаш» деген әңгімесінен алынған.

№ 5 қосымша

ӨМІРБАЯН

Мен, Қуаныш Өмірбекұлы, 1963 жылы 1 мамырда Семей облысы, Аягоз ауданы, Баршатас ауылында тудым. Ұлтым - қазақ. 1970 жылдан 1980 жылға дейін Баршатас орыс орта мектебінде оқыдым. 1980 жылы Қазақ политехника институтының компьютерлік техника факультетіне оқуға түстім. Институтты бітіргеннен кейін 1985-88 жылдар аралығында Ғылыми - жобалау институтында жұмыс істедім. 1988 жылғы 1 қыркүйекте Қазақ политехника институтының металургия өнеркәсібі кафедрасына ауыстым. Қазір осы кафедраның аға мұғалімін.

Ата - анам бар: әкем - Өмірбек Қадыров - Ұлы Отан соғысының ардагері, құрметті зейнеткер; анам - Хадиша Қасымовна - ұзақ жылдар бойы Баршатас орыс мектебінде мұғалім болып істеді, қазір зейнеткер.

Жұбайым - Жазира Дүйсенбайқызы, жоғары білімді маман, дәрігер. Үш балам бар, олар мектепке оқиды.

Әскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенант атағым бар.

Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білемін, компьютерлік бағлармаларын толық меңгергенмін, Интернетте жұмыс істей аламын.

Мекенжайым: Алматы қаласы, «Қазақфильм» шағын ауданы, 47-үй.

Мерзімі Қолы

№ 7 қосымша


Ұқсас жұмыстар
Жұмысқа қабылдау туралы өтініш
Бұйрық қандай құжат
Жеке құрам бойынша құжаттар
Қатынас қағазының мазмұны
Жұмысқа орналасу
Күнтізбелік жоспар. Жаратылыстану- математикалық бағыт жайлы ақпарат. 10 сынып
Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер
Өмірбаян қандай құжат
Дің және этикет
Іс-қағаздар стилінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz