Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Жаңа жыл туралы
Би: «Аяз атаның биі»
1- жүр: Армысыздар, құрметті ата – аналар, қымбатты ұстаздар,
оқушылар.
2-жүр: Есенсіздер ме қадірменді ауыл тұрғындары. Жаңа жыл шыршасына
қош келдіңіздер.
1-жүр: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
2-жүр: Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Мерекеміз көп болсын Жаңа жылда.
1-жүр: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
2-жүр: Жаңа жыл – қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Жаңа жылды бірігіп қарсы аламыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып
1 – ж: Кел жаңа жыл, төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме.
Үміт артып апмандаған аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің бізді де
2 - ж: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге –дей келе құттықтау сөз
кезегін ауыл әкімі Нұрғабай ағайға, мектеп директоры Жәния
апайға, мәдениет меңгерушісі Ералы ағайға береміз.
1 – ж: Әншіде құс үні бар,
Кірсең кештің сәні бар
Салайықшы шырқатып
Жаңа жылдың әні бар.
Ән: «Жаңа жыл» Орындайтын: Абзал, Қобылан
Флешмоб
2 – ж: Құтты болсын жаңа жыл, барша халық
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Ортаға «Байқа» атты әніменен
Икенбаев Елдосты қарсы алайық!
Ән: «Байқа» Орындайтын: Икенбаев Елдос
1 - ж: Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық, бірлік туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.
Ән: «Аулдың аруы» Орындайтын: Нұрлыбек
Би: Өзбек биі
Жаршы(Бексұлтан): Уа, халайық жарандар. Біздің ханның жарлығына
қараңдар. 31 желтоқсан 2016 мешін жылының табалдырығымыздан аттағалы
тұрған шағында Хан жалғыз ұлы Севастиянға жар таңдау мақсатында кеш
өткізбекші. Кешке келуге өнерімен, биязылығымен ханзаданы таң қалдырам
деген әр арудың мүмкіндігі бар. Кімнің бағы жанады, кім ханшайым
болатынын бірге көрейік.
Ән: «Бол жанымда» Орындайтын: Жолдасбек
Хан мен ханым және олардың ұлы Севастян келеді.
Жаршы(Бексұлтан): Уа хан ием. Бұйрығыңыз орындалды. Жарлығыңыздан алыс
– жақын түгелдей хабардар болды.Сарай іші ханшайымдарды қарсы алуға
дайын.
Хан қолын сілтеп кете бер дегендей белгі жасайды
Севастян(Зәуре): Әке, осыншама әурешіліктің не керегі бар еді?
Хан(Шах - Раушан): Бұл әурешілік емес ұлым. Сен әлі түсінбеген
екенсің. Сен менің жалғыз мұрагерімсің. Мына байлық, мына сарай
барлығы саған қалады. Саған лайықты жар тауып қуанышыңды көргім
келеді.
Ханым(Ферхун - Гүлзада): Балам бүгін саған жар болу үшін әлемнің
түпкір – түпкірінен ханшайымдар жиналмақшы.Сен текті, атақты әулеттен
шыққан ұлсың. Болашақ жарың да текті жерден болуы тиіс. Ханшайымдарға
мұқият зер салғайсың.
Достары(Елдос, Қобылан ): О достым сені бүгін өзіне жар болатын
ханшайым таңдайды деп естіп осы дүбірге біз де қосылайық деп келдік.
Бірақ әлі үміткерлер келе қоймаған сияқты. Олай болса тым – тырыс
отырмай біз өнерімізді ортаға салайық.
Ән: «Үміт үзбеймін». Орындайтын: Елдос
Елдос: Досым, біз ханшайымдарды сырттан күтейік. Мүмкін біздің де
бағымыз жанып, осы кештен ханшаймыдарымыз табылып қалар. (шығып
кетеді)
Жеңгесі(Жапырақ): Ханзада өзіңе жар іздеудегі талабың оң болсын. Халық
та жиналып қалған екен олай болса хан сарайына осы ауыл тұрғындарын
да шақырсақ қайтеді? Қанеки ауыл жастарынан осы дүбірлі тойдың куәгері
болғысы келетін адамдар бар ма? Бар болса ортаға шықсын. Шықпаса: Олай
болса мен сіздерге азғантай сұрақтар қояйын соған жауап беріңіздер.
1. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Нені бірінші
тұтатасың?(Шырпы)
2. Менің жалғыз інім бар. Інімнің де жалғыз ғана әпкесі бар. Әпкесінің
аты кім?(Жапырақ)
3. Адам қандай жағдайда бөлмеде басы жоқ бола алады?(Терезеден басын
шығарғанда)
4. Бұтақта 10 қияр өсіп тұр. Оның үшеуін жеп қойсақ қанша қияр
қалады?(бұтақта қияр өспейді)
5. Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге
бола ма? (Жоқ себебі 48 сағаттан кейін қайта түн болады)
Ойын «Жүк көтеруші»
Сұрақтар:
Жеңгесі(Жапырақ): Ханзада ханшайымдардың бағын сынауға батылдары
жетпей тұрған сияқты. Сен мұңайма. Сенің көңіліңді көтеру үшін мен бір
ән салып берейін.
Ән: «Жаңа жыл». Орындайтын: Жапырақ
(Жапырақ ән айтып жатқанда көрермендер жаққа байдың әйелі және оның
екі қызы, кедей қызы келеді. Қыздар хан сарайына келіп бақ сынауға
дайындалып жата ды)
Қыздардың анасы(Мария - Толқынай): Ей, күлше қыз біз хан сарайына
кешке барамыз. Ал сен болсаң біз келгенше мына кірдің бәрін жуып,
үйді тазалап қой. Менің сұлу қыздарым ханшайым атанып қалар. Ханзада
сендердей сұлу қыздарды көрмесе көзінің соқыр болғаны.
(Назгүл) - Әрине менің бағым жанады мен оны сезіп тұрмын. Егерде мен
ханшайым атанып кетіп жатсам мына көйлекті жумай – ақ сен ала сал
күлше қыз. Саған естелік болсын.
Екінші қыз(Аругүл): Дәмеленбе әпкетай, менің сенен сұлу екенімді
мойында. Күлше қыз сенің емес менің көйлегімді киетін шығар.(Сыртқа
шығып кетеді)
Хабаршы(Бексұлтан): Ханзада, ханзада, Мария ханым өз ханшайымдарын
ертіп сарайға кіріп келеді.
Толқынай: Армысыз хан ием. Бүгінгі дүбірлі тойыңыздың хабарын естіп
біз де өз бағымызды сынымаққа келіп қалдық.Қыздарым амандасыңдар.
Қыздарым өзіңіз көріп тұрғандай сұлу, әрі өнерден де құралақан емес.
Ханзадаңызға ұнайтынына сенімдімін. Ал ендеше рұқсат болса қыздарым
кезекпен кезек өз өнерлерін ортаға салып ханзаданың жүрегін жаулап
көрсін.
Ханым: Көрсек көрейік. Қыздарыңыздың сұлулығына көз сүйсінеді екен.
Енді өнер жағынан да байқап көрейік.
Бірінші ханшайым өз өнерін көрсетеді.
Назгүл: Олай болса үйдің үлкені ретінде өнерімді мен бірінші болып
көрсетейін.
Ән: «» Назгүл
Сиқыршы күлше қызға келеді.
Сиқыршы: О, күлше қыз мұнда жалғыздан жалғыз неге мұңайып отырсың? Мен
сиқыршымын. Қазір – ақ сенің көңіл – күйіңді көтере аламын.
Күлше қыз(Элизаветта - Аққал): Несін айтайын? Барлығы әдемі киініп
ханзадаға жар болу үшін бақтарын сынауға хан сарайына кетті. Ал менде
ондай мүмкіндік те жоқ.
Сиқыршы: Неге олай дейсің? Мені саған осы мүмкіндікті сыйлау үшін
құдайдың өзі жіберген сияқты. Мен сені ханшайымға айналдыра аламын.
Бірақ сиқырдың күші жаңа жыл келген кезде аяқталады.
Күлше қыз(Аққал): Рас айтасыз ба? Мен мына көйлектің қайсысын
киейін?(екі көйлекті кезек ұстап)
Сиқыршы: Әрине рас, айтамын. Бірақ бұл көйлектерді киюдің қажеті жоқ.
Сен ол жердегі ең әдемі ханшайым боласың.Менімен бірге еріп жүре ғой.
(шығып кетеді)
Екінші қыз өз өнерін көрсетеді.
Ән: «Жаңа жыл». Орындайтын: Байжанова Аругүл
Ән аяқталуға жақындағанда күлше қыз бен сиқыршы көрермендер жақтан
шығады. Күлше қыз өзінің көйлегіне таңқалған кейіпте. Сиқыршы күлше
қызға сиқырдың күші 12 де аяқталатынын ескертіп сарайға кіргізеді.
Күлше қыз аң – таң болып сарайға кіреді.
Мария ханым мен қыздары оны түртпектей бастайды.
Хабаршы: Ханшайым біздің сарайымызға қош келдіңіз. Бізді, ханзаданы
таңқалдыратындай өнеріңіз болса ортаға салыңыз.
Күлше қыз өз өнерін көрсетеді.
Ән: «Аппақ гүлдер» Орындайтын: Қазиханова Аққал
Күлше қыз сиқырдың күші біте бастағанын сезіп аяқ киімін алмай қашып
кетеді. Ханзада күлше қыздың аяқ киімін ұстап отырып қалады.
Жеңгесі: Ханзада неменеге мұңайып отырсың? Осы жерде небір сұлу қыздар
бар, таңдағаның сенікі. Оны қой, ойлама. Жын ба жоқ болып кеткені
несі?! Бәлесінен аулақ. Тұр, келесі ханшайымдарды қарайық. Әне бір
ханшайым келді. Өнерін көрсетпекші.
Хабаршы: Халайық, сарайға Маргарита ханым мен оның қыздары келе
жатыр. Қарсы алыңыздар!
Келесі қыздар шешесімен келеді.(Фариза, Гүлбаршын, Қаламқас)
Фариза: Амансыздарма. Біз де бүгін жарлықты естіп өнерімізді ортаға
салып бағымызды сынамаққа келіп қалдық. Менің үкілеп өсірген қызым
ханшайым болуға лайықты деп ойлаймын. Қыздарымның қолынан бәрі келеді.
Би десең би, ән десең ән салады. Қазір сіздерге тамылжыған әсем
дауысымен ән салып береді.
Ән: «Армансыз күнім болмайды» Гүлбаршын
Фариза: Бұл менің үлкен қызым енді екінші қызымның өнерін көріңіздер
Би: «Испан» Қаламқас
Хан: -Маргарита ханым қыздарыңыз шыныменде өзіңіз айтқандай өнерлі
екен. Мен тәнті болдым. Бірақ бұл кештің шарты маған ұнау емес,
ханзаданың көңілінен шығу. Ханзада шешім шығарғанша күте тұрыңыздар.
Фариза: Ханзада менің қызымды таңдаса дұрыс шешім деп біліңіз. Біз
күтуден жалықпаймыз.
(Фариза, Гүлбаршын, Қаламқас шығып кетеді. Ханзада басқа жаққа қарап
тұрады)
Жеңгесі: Ханзада сен үшін небір сұлу, өнерлі ханшайымдар өнер көрсетіп
жатыр. Сенің көңілің неге далаға ауып тұр? Манағы жын пері қызға
көңілің кетіп тұрғаннан сау ма?
Ханзада: Иә жеңге. Мен соны ғана өзімнің ханшайымым еткім келеді. Оны
маған табуға көмектесіңіздерші.
Жеңгесі: Менің қолымнан келетін не бар дейсің ханзада.
Хабаршы: Уа, халайық баршаңызға жар саламын! 2016 мешін жылының басты
қонағы Аяз ата мен Қарша қызды қарсы алуға хан сарайына жиналыңыздар!
Сырнайлатып, кернейлетіп қарсы алайық!
Музыка жіберіліп Аяз ата мен Қарша қыз келеді
Хан: Қош келдіңдер Аяз ата, Қарша қыз!
Аяз ата: Қош көрдік Хан! Дүбірлеген тойдың дыбысын естіп ат басын
бұрып едік. Біз ойлағандай емес басқа тойға түскен сияктымыз.
Хан: Жоқ Аяз ата қателескен жоқсыз, біз де сізді күтіп отырмыз. Бұл
тойдың негізгі мақсаты сіз келгенше ұлыма ханшайым табу болатын.
Ханым: Әттең ол мақсатымыз орындалмай жатыр.Ханзадамыздың көңілінен
шығатын ханшайым әлі кездесе қойған жоқ.
1 – ж: Сізді көрген халықтың қуанышында шек жоқ. «Қонақпен бірге құт
келеді» деген Ханшайымның табылуына әлі де үміт жоқ емес. Ендігі сөз
кезегі Аяз ата өзіңізде.
Аяз ата: Дұрыс айтасың, жақсылықтың ерте кеші жоқ. Тойларың тойға
ұласады әлі де. Уа, көпшілік өткен жылға өкпелерің жоқ шығар. Қысы
жылы, жазы жайдарлы болды. Басымызға бас қосылды. Еліміз тыныш болды.
Өткен қой жылына рахметімізді айта отырып, келер жыл мешін жылы да
осындай берекелі де мерекелі жыл болсын деп тілейміз.
Қарша қыз: Әумин, айтқаныңыз келсін ата. Ынтымағы мен берекесі
жарасқан Сам ауылына мешін жылының құт әкелеріне күмәнім жоқ.
Тақпақ...................
Ханзада: Аяз ата, мен сіздің армандарды орындайтыныңызға бала кезімнен
бері сенетін едім. Бүгінгі той мен үшін менің болашақ ханшайымымды
табу үшін жасалған болатын. Бүгінгі жиналған ханшайымдардың бәрі
әдемі, барлығы өнерлі. Бірақ менің көңілімнен шыққан ханшайым көзден
ғайып болды. Одан жалғыз естелік ретінде қалған міне мына туфлиі ғана.
Енді осы туфлидің иесін маған тауып беріңізші.
Аяз ата: Ай, балам мен құдіретті күш иесі емеспін. Мен тек
армандардың орындалатынына сендіре аламын. Несіне уайымдайсың
қолыңдағы туфлиіңді осында жиналған ханшайымдарға кигізіп көр. Егер
кімнің аяғына болса сол сенің ханшайымың болғаны. Кәне балам бар.
(Ханзада ханшайымдарға туфліді кигізіп көреді.)
Ханзада: Әке, ана!Міне, менің таңдауым осы, осы менің ханшайымым
Жеңгесі: Ханзада мына кеште небір түрлі көз сүріндірер сұлулар
тұрғанда сенің таңдауың күлше қыз болды ма? Ел – жұрт не дейді?
Хан: Жетер! Ел – жұрт не десе о десін. Ханзаданың таңдауы осы болса
ханшайымға лайықты болғаны. Таңдауыңа қарсы емеспін балам.
Ханым: Олай болса мен әкеңнен асып қайда барайын. Келін той қамына
кірісіп, ханшайымға лайықты киіндіріп әкеліңдер.
Елдос: Уа, халайық бұл кеш те өз мәресіне жетті. Досымыз өз ханшайымын
тапты. Осындай қуанышта қалайша ән салмай тұра аламыз?! Досым қане,
өнеріңді көрсет.
Ән: « ». Орындайтын: Қобылан
(Ханшайымды әкеледі)
Хан: Аяз ата, армандар орындалады деп сендіріп едіңіз. Арманымыз
орындалды . Енді батаңызды беріңіз.
Аяз ата: (бата) Ал олай болса батамды мен берейін
Үстем болсын мерейің.
Тәңірі жарылқасын,
Ауылың тарықпасын
Бақ -дәулетің шарықтасын.
Тойың тойға ұлассын.
Ұл қыздарың аман болсын
Берекелі заман болсын!
Жаңа жылмен құт келсін.
Жақсылықты мол берсін. Аумин!
Жаршы: Уа, халайық бүгінгі той осымен аяқталғанымен той әлі жалғасын
табады. Тойға келіңіздер ағайын
1 - жүр: Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға,
Мерейін, мәртебесін биікке асыр.
2 – жүр: Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір.
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл.
1 – ж: Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым,
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың.
2 – ж: Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс
пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл башамызға
берекелі, мерекелі жыл болсын.Келесі жаңа жылда кездескенше аман – сау
болайық.
Ән: «Жаңа жыл» хормен

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz