Сабақ жоспары :: Психология
Файл қосу
Отбасы жылуы ата- аналармен әдістемелік тренинг
«Отбасы жылуы» ата- аналармен әдістемелік тренинг.
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,
Майқайың кенті,
№2 Майқайың жалпы
орта білім беру мектебі
Педагог- психолог: Каирбаева А.К.
Мақсаты: Баланың эмоциялық тұрақтылығын қалыптастыру, белсенділігін
арттыру, балалардың ата- аналарымен өзара қарым- қатынастарын, қоршаған
ортаға, өз-өзіне деген сенімділігін, топтағы қарым-қатынасты ата-аналары
арқылы дамыту.
Құрал жабдытар: түрлі-түсті бояулар, қылқалам, әуе шары, баяу әуен.
Қатысушылар: 1 сынып ата- аналары мен балалары.
Жұмыс уақыты: 1 сағат.
Жүргізу жолы:
Сәлеметсіздер ме құрметті ата- аналар және балалар! “Ата-аналар баланы
тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек,олар баланы
өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының
өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары
болатынын ұмытпаған жөн” М.Жұмабаев “ХХІ ғасырда әрбір отбасы тату,білімді
әрі өнерлі болуы тиіс.” Н.Назарбаев
Тақырыбы: «Бумба- Юмба тайпасы»- сәлемдесу ойыны.
Жүргізу жолы: Біз Бумба- юмба тайпасына келдік деп көз алдыңа
елестетіңдер. Олардың дәстүрі бойынша сәлем берейік. Олар дене мүшелерін
бір- біріне тигізіп амандасады екен. Мен қазір шапалақпен сигнал беріп
қалай амандасу керек екенін айтып отырамын «Бастаймыз» мұрынды- мұрынға,
құлақты- құлаққа; тізені- тізеге; иықты- иыққа; иекті- иекке; өкшені-
өкшеге; маңдайды- маңдайға; арқаны- арқаға; шынтақты- шынтаққа; қолды-
қолға.
Талдау: ұнады мабумба- юмба тайпасының дәстүрі бойынша амандасу? Несі
ұнады?
Тақырыбы: «Еркелетіп шақыр» ойыны.
Жүргізу жолы: Анасы мен баласы бір- біріне қарама- қарсы тұрады. Бір-
біріне еркелететін жылы сөздер айтып әр сөзде бір қадам жасап бір- біріне
жету керек.
Тақырыбы: «Арқада сурет салу» тренингі.
Жүргізу жолы: Балалар аналарымен екі – екіден бөлінеді: біреуі
екіншісінің арқасында саусақпен геометриялық фигуралар, қарапайым бейнелер,
баспа әріптерін салады, екінші адам оны ойлап табуы керек.
Тақырыбы: «Досыңды тап» тренингі.
Жүргізу жолы: Бұл жаттығу балалар арасында және баламен ата- ана
арасында жүргізіледі. Бір баланы ортаға шығарып көзін байлаймыз да барлық
тізіліп тұрған ата- аналардың қолдарын сипау арқылы кім екенін табады. Кім
екенін тапқанда ойыншылар орындарымен ауысады.
Тақырыбы: «Мен саған сенемін» ойыны.
Мақсаты: Баланың өзіне, қоршаған ортаға, ата-анасына деген сенімділігін
арттыру. Бойындағы қорқынышты жеңе білуге көмектесу.
Барысы: Балалар мен ата-аналар екі шеңберге тұрады.
Ішкі шеңбердегі балалар, жүргізуші командасы мен сыртқы шеңбердегі
аналарының қолына көзді жұмып, бойына күш жинап, бойын тік ұстап, сыртқы
шеңбердегі аналарының қолына тік құлауы тиіс.
Нәтиже: Қорқыныш сезіменен арылу.
Тақырыбы: «Біріккен сурет» тренингі.
Жүргізу жолы: Ата- анасы баласымен үстелге отырады. Оларға бір ақ қағаз
және бір щеткасымен акварель бояуы беріледі. Олар әрқайссысы қандай сурет
салатындарын бір- бірімен келіспейді. Бірінші біреуі қолын щетканың
үстінен, ал екіншісі астынан қойып суретті салады. Одан кейін ол парақ
алынып, басқа парақ беріледі де екеуі қолдарын ауыстырады. Аяқтағаннан
кейін екеуі суреттерін көрсетіп әрқайссысы қандай сурет салғылары келгенін
және қандай қиыншылықтар болғаны талқыланады
«Суретші» (Боди-арт терапия)
Мақсаты: Бала өзін қабылдауға, өз денесін сүюге, өз-өзіне қанағатануға,
тынышталу сезіміне бөленуге мүмкіндік беру.
Барысы: Ана мен бала жұптасып, өзара келсіп бірінші баланың денесіне немесе
ананың қолы, аяғы, арқасы, бетіне т.б. дене мүшелеріне сурет салуға
мүмкіндік беруі керек.
Бірінші жақ бітсе, екінші қатысушыға сурет салу әдісі қайталанады.
Талдау: Суретте нені бейнеледің, ол сурет сізге ұнады ма, сурет салу
барысында қандай сезімде болдыңыздар?
Нәтиже: Бойдағы жағымды және жағымсыз эмоцияларды шығаруға мүмкіндік беру.
Қорытындылау: Сіздерге бүгінгі тренинг ұнады ма? Қандай қиыншылықтар
болды? Енді тренингімізді ата- ана мен баласы бір- біріне қарап бір- біріне
тілек айтып аяқтаймыз.
«Тілек шары»
Мақсаты: Балалар мен ата-аналардың өз сезімдерін білдіріп, ата-аналары мен
бірге тілектерін ауе шарына жазып, көк аспанға ұшыруына мүмкіндік беру.
Барысы: Жүрекше бейнесіндегі ауе шарларын әрбір жұпқа үлестіріп, әрбір бала
мен ана өздерінің арман тілектерін жазып, көк аспанға ұшыруы тиіс.
Нәтиже: өз бойындағы арман, тілектері мен жақсы сезімдерге жол ашу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz