Сабақ жоспары :: Информатика
Файл қосу
Қарапайым графикалық редакторы. Сурет салу, ашу, сақтау
Күні: 07.12.2015ж.
Сыныбы: 5
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Сурет салу, ашу, сақтау
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: PAINT графикалық редакторын бағыттауды, қосуды, сурет салу
және сақтауды үйрету;
ә) дамытушылық: Оқушыларды PAINT графикалық редакторын толық меңгеруіне
көмек бере отырып, сабақ үстінде жылдам, әрі тиянақты жұмыс істеу
қабілеттерін дамыту.
б) тәрбиелік: Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтай отырып,
жауапкершілікке, шапшаңдыққа, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Оқушылар үйренуі тиіс: PAINT графикалық редакторын ашуды, сурет салуды,
сурет өлшемін орнатуды, сақтауды, түстер политрасын іске қосуды, қылқалам,
қарындаш,
сызық, масштаб құралдарын қолдануды.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, слайд, практикалық
жұмыс парағы.
Пән аралық байланыс: бейнелеу, ағылшын тілі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:
Сурет салам – гүл саламын,
«Гүлге толып тұрса алаңым».
Сурет салам күн саламын,
«Күндей күліп тұрса маңым».
Сурет салам – қала салам,
«Болсын барлық баласы аман».
Сурет салам – Адам салам,
«Қорған болсын маған, саған».
(Жарайсыңдар балалар, олай болса топқа бөлінеміз. Топқа дербес компьютердің
негізгі және қосымша құрылғылары болып екі топқа бөлінеміз. Бүгін кезекші
кім, сыныпта кім жоқ, үйге қандай тапсырма берілді?)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Өткенді қайталау.
1. Қандай техника қауіпсіздік ережелерін білеміз?
2. Техника қауіпсіздік ережесін неше білікке бөлеміз?
3. Ақпарат дегеніміз не?
4. Ақпараттың қабылдау қасиеттері қандай?
5. Нысан дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
6. Жиын дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
7. Ақпаратты қалай қайда сақтаймыз.
8. Ерте заманда адамадар ақпаратты қалай сақтаған?
Өткен сабақты қорыту:
Сөзжұмбақ арқылы өткен сабақты қорыту және жаңа тақырыпты сөзжұмбақ арқылы
ашып алу.
1 P a g e U p
3
2 C a p s L o c k
S h i f t
4 E n d
5 D e l e t e
Сұрақтар: (ерекшелігі: жауаптары тек қана ағылшын әріптерімен жазылады.
Барлық сұрақтар пернетақтаның пернелеріне байланысты қойылады).
1. Меңзерді бір бетке жоғары жылжыту пернесі. (PageUp)
2. Бұл пернені бір рет бассаңыз біріңғай үлкен әріптер, екінші рет басылса
біріңғай кіші әріптер теріледі. Бұл қандай перне? (CapsLock)
3. Енгізу пернесі. Бұл пернемен әріпті қатар бассаңыз үлкен әріппен,
басылмаса кіші әріппен жазылатын пернесі. (Shift)
4. Меңзерді жолдың соңына ауыстыру пернесі. (End)
5. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді. Қандай перне?
(Delete)
(Жарайсыңдар өте жақсы балалар, үй тапсырмасы өте жақсы дайындалып
келіпісіңдер. Жарайды олай болса, дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күннің
жадын жазып, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «PAINT графикалық редакторы. Сурет
салу, сақтау және ашу», жазып аламыз).
ІІІ. Жаңа сабақ:
Мұғалім сөзі: Балалар біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? (ХХІ ғасыр) 1
ғасырда неше жыл бар? (100 жыл). Балалар 50 жылда ел жаңа дегендей әр
жылдың, ғасырдың өз жаңалығы, жетістігі бар. ХХІ ғасыр – ақпарат заманы
болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауатылықтың
алғашқы баспалдағы мектептен басталады. (Мұндай сабақтардың оқушылардың
информатикадан алған білімдерін жетілдіріп, суреттер салу, пән аралық
байланысты нығайтуға тигізер пайдасы зор.) PAINT графикалық редакторы сурет
салуға арналған арнайы программа, PAINT графикалық редакторында сурет
саламыз және сол салған суретті өңдейде аламыз.
Компьютерде графикалық ақпаратты құру құралдарына жататындар:
- Енгізу құрылғылары (сканер, тышқан, графикалық планшет және т.б.);
- Графикамен жұмыс істеуге арналған программалар (графикалық редакторлар);
Графикалық редактор – графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған
арнайы программа.
Paint (ағылшынша сурет, сурет салу) – бұл расторлық (нүктелерден тұратын)
бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.
Пиксель – расторлық бейненің ең кішкентай элементі.
PAINT графикалық редакторының іске қосу әрекетінің тізбегі.
Қазақшасы:
Бастау (Мәзір) - Барлық бағдарламалар – Стандарттық - PAINT графикалық
редакторын таңдау
1. көшіріп, қою;
2. суретті бұру, көлемін өзгерту;
3. құрал саймандар;
4. қыл қаламдар;
5. әр түрлі фигуралар;
6. жіңішкерту, қалыңдату;
7. түстер қатары;
Сақтау жолы: Файлдың пішімін таңдау жолы. Палитраның түсін өзгерту терезесі
Дүйсенбіде доп ойнадық далада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік клубта.
Жексенбіде үйде болдық демалдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
IV. Қосымша тапсырма: А, В, С деңгей тапсырмаларын орындаймыз.
Практикалық жұмыс №1
А деңгейі:
1. PAINT графикалық редакторының іске қосыңдар
2. Сүйікті ойыншығыңның суретін салыңдар.
3. Салған ойыншығыңның түсін бояңдар.
4. Суретті ойыншық.bmp деген атпен сақтаңдар.
В деңгейі:
1. А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
2. Қар бүріккіштер бейнесін қосыңдар.
С деңгейі:
1. В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
2. Суретке мәтін қосыңдар.
3. Суретті ойыншық деген атпен «jpeg»
пішінде сақтаңдар.
Практикалық жұмыс №2
А деңгейі:
1. PAINT графикалық редакторының іске қосамыз.
2. Аққаланың суретін саламыз.
3. Салған суреттің мөлшерін үлкейтеміз.
4. Ашық көкке аққаланы, басындағысын қызылға, мұрынын сары түске бояймыз.
5. Суретті аққала деген атпен «bmp» пішінде сақтаңдар.
В деңгейі:
1. А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
2. Аққаланың қасына шыршаның суретін саламыз.
3. Шыршаның түсін бояп, әдемілеп ойыншықтарын саламыз.
4. Суретті жаңа жыл деген атпен «bmp» пішінде сақтаңдар.
С деңгейі:
1. А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
2. «Жаңа жылқы жылы жақсылыққа жеткізсін» мәтінін
жазамыз.
3. Суреттің астына аты жөніңді сыныбыңды жазып
қойыңдар.
4. Суретті құттықтау деген атпен «jpeg» пішінде сақтаңдар.
Енді балалар шаршап қалған шығармыз, олай болса көз жаттығуын жасап алайық.
Көз жаттығуы:
( Бір нүктеге 2-3 минут көз алмай қарап тұрамыз.
( Көзіміздің қарашығын жоғары, төмен, оңға, солға қозғалту арқылы көзімізді
жаттықтырып аламыз.
V. Шығармашылық тапсырма.
№1 «Қарақшы» тапсырмасы
а) Қарақшының суретін саламыз.
1. Дөңгелек, төртбұрыш, түзу сызық фигураларын пайдалана отырып сурретті
саламыз.
2. Таңдап алып, салып отырған фигуралардың барлығын қанық түспен бояймыз.
ә) Қарақшы суретінің көшірмесін жасаймыз.
б) Көшірмесінің көлемін үлкейтеміз.
№2 «Суретші» тапсырмасы
Бұл суретті үшбұрыш, төртбұрыш, түзу сызық фигураларының көмегімен саламыз.
VI. Сабақты қорытындылау: Сонымен «PAINT графикалық редакторы. Сурет салу,
сақтау және ашу» тақырыбы бойынша не білгенімізді, үйренгенімізді тақтаға
топтастырамыз.
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің.
Семантикалық кесте
Сабақтан алған әсерің, не үйрендің? Сабақ барысында не ұнады? Есте
сақтаймын
VIІ. Оқушыларды бағалау.
VIІІ. Үйге тапсырма. Қарапайым графикалық редакторы. Сурет салу, ашу,
сақтау

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz