Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Табыс септігі табыс септігінің өзіндік белгілері және анықтамасымен таныстыру

Қазақ тілі Ашық сабақ

Тақырыбы: Табыс септігі:

Мақсаты: білімділігі: табыс септігінің өзіндік белгілері және анықтамасымен
таныстыру.

Сөздерді сөз құрамына талдап, ажырата
білу дағдыларын

қалыптастыру.

Дамытушылығы: сабақ барысында түрлі тапсырмаларды орындату арқылы

ойлау және есте сақтау қабілеттерін
дамыту.

Тәрбиелігі: сабақ барысында адамгершілік, отансүйгіштік, ұлттық тәрбие
беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс - тәсілдері: борттық журнал, топтық жұмыс, ішіне-сыртына
әдісі,сергіту сәті,ойын, «сен маған, мен саған» әдісі.

Көрнекілігі: слайд, ақ парақ, оқулық

Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру. І.Топқа бөлу. Атау септігі тобы, ілік септігі
тобы, барыс септігі тобы.

ІІ Поэзия минуты:

Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл -қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім,
ІІІ. Борттық журнал ашу, мақсатын түсіндіру.
IV. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру. «Театрда» тақырыбында әңгіме
жазу.
«Сен маған, мен саған» әдісі бойынша топтар бір- біріне сұрақтар
қояды.

V. Топтық жұмыс:
Атау септігі: зат есім ойлау.
Ілік септігі: сол зат есімді көпше түрге айналдыру.
Барыс септігі: зат есімді тәуелдеу.
VI. Тірек сызба бойынша өткен сабақты бекіту.

VII. Математикалық ойын арқылы жаңа сабақты шығарып алу.
VIII. Күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазу. Көркем жазу. Оо Отан
отбасынан
басталады.
IX. Көру диктанты 48- жаттығу. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына
талдау.
Х. Ережені қорыту, талдау.
ХІ. Мысал келтіру. Жас (нені?) жұлма, ( жемісті)
Жас (кімді?) ұрма. (баланы)
Нені? қамыс өлтіреді, (қоянды)
Кімді? намыс өлтіреді. (батырды)
ХІІ. Жатқа жаз 49- жаттығу. Табыс септіктегі сөздерді тауып, сөз құрамына
талдау.
ХІІІ. 50- жаттығу Сөздерді топтау.
«Ішіне, сыртына» әдісі бойынша табыс септігіндегі сөздерді
дөңгелектің ішіне жазу.
ХІ V. Сергіту сәті: І. «Қимылмен өрнекте, сырын ұқ» Берілген сөздерді
қимылмен ұғындыру. Жер қазу, доп тебу, жер қазу, айна.
ІІ. Самалбекқызы Наргиздің өнерін тамашалау.
Х V. 52- жаттығу. Шығармашылық тапсырма. Сөздерді табыс септігіне қойып,
сөйлем құрау.
Х VІ.

ол нені? кімді? сұрағына жауап береді.

Бұл табыс септіктегі сөз,

өйткені,

ол сөйлемде тұрлаусыз мүше болады.

ХVII. 51- жаттығу. Берілген сөздерге табыс септігін жалғау.Әр сөздің
мағынасын түсіну.

ХVIII. Сабақты бекіту. Борттық журналдың соңғы бетін ашу.

Бүгін қандай септік түрімен таныстық? Табыс септігі жайында
не білдік?

ХIX. Кері байланыс: Кемені үш түспен бояу. Қызыл түс: сабақ ұнамады, ештеңе
ұнамады.

Сары түс: әлі де білерім көп. Жасыл түс: бәрін ұқтым, сабақ
жақсы өтті.

ХХ.Үйге тапсырма беру. 54-жаттығу Сурет бойынша әңгіме құрау. Биылғы жылдың
универсиадасы туралы әңгімелеу. Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Табыс септік
Табыс септік туралы
Барыс септігі
Сөйлемді көшіріп жазу
Көмектес септік
Менің сүйікті тағамым. Табыс септігі
"Сабақты етістік пен салт етістік."
Зат есімнің септелуі жайлы ақпарат
Шығыс септік. 332-336 жаттығу
Зат есімнің септелуі
Пәндер