Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Жақсы қасиет отбасынан дариды

Тақырыбы: «Жақсы қасиет отбасынан дариды»

Мақсаты: Студенттерді азаматтыққа, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке,
үлкенге құрмет, кішіге ізетпен қарауға баулу және жігері шындалған,
әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру, өзін-өзі танып білуге үйрету. Ата-
анасына құрметпен қарауға, Отанын сүюге және ұлттық рух пен қазақы
мәдениетті жоғары деңгейде көрсететін азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, слайдтар, кітаптар.
Түрі: Конференция, пікір-алысу, баяндау.

1. Жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған қадірменді қонақтар,
ұстаздар және студенттер! Бүгін сіздердің назарларыңызға 90 топ студенттері
дайындаған «Жақсы қасиет отбасынан дариды» атты тақырыбындағы мәдени
шарамызға қош келдіңіздер.

2. Жүргізуші: Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге
болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер
айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік,
қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне
сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.
Сабыр деген - әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпей талмай талап ізденеді,
Осыдан кеп шығады адамшылық- дей келе ендігі кезекте.
Баяндама: «Адамгершілік-адамның рухани байлығы»!

«Баяндама»
Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік
бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік
тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Жақсымен жолдас болсаң-
жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...» «Жаман дос,
жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер,
жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау
адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет
барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы
беріледі.
Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас
ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың
басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің
қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында.
Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін
қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең
бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ
тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-
жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп
тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Адамгершілік тәрбиесінің
әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын
ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-
жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім
берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі
үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе,
ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы-
балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын,
не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден
көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең
үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның
айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ..
Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны
белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке
деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды
еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.
Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың
да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті
азамат қалыптасады.
Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге
айналған. Отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау
дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың
тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті,
қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді.
Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді
сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні
өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иман жүзді,
жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі»
деп құрметтеп сыйлаған. Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық
педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік
тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы
қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің
берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы. Өйткені
адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен,
қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім
арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті,
қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.

1. Жүргізуші: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп » ұлы ақын атамыз Абай
айтқан екен.Адамзат – бүкіл адам баласы деген сөз. Адамды сүю адам танудан
басталады.Адам тану – адамзат арасындағы қарым – қатынас мейірімнен
басталады. Ал адамға деген сүйіспеншілік , мейірімділік қайырымдылық – ең
әуелі әркімнің отбасынан басталады. Әр үйдің ішіндегі адамдар сол отбасының
мүшелері болып саналады.

Өмір деген тұрады таң мен кештен
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен
Құпия,жұмбақ,сырлы дүниеге
Адамдар арман келіп, арман кешкен
Өмір деген екі өзен, мұң-қуаныш
Толқыны шындық-жалған, күлкі намыс

Бір таяздап өмірде бір тереңдеп

Бір лайланып өмірде бір тұнамын

2. Жүргізуші: «Адам – әдебімен көрікті» деген халық даналығы босқа
айтылмаса керек. Осы тұрғыдан алғанда әр азаматтың өзін-өзі жас ұрпақ
алдында жақсы, ұнамды әдебі жағынан көрсете білуге ұмтылып, оны жақсылыққа,
адамгершіліктің жоғары қасиеттеріне баулу, болашағымызға сенімді болу деген
сөз. Болашақ ұрпағымыздың бойындағы жаман
қасиеттерді жиып-тере бермей, солардың бойындағы жақсылықты іздеу. Адам
өмірге келгенен кейін оның ең қымбат адамдары болады екен.
Құт береке атаң қымбат,
Мейірімді әжең қымбат,
Асқар тауың әкең қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат-дей келе ендігі кезекте.
Баяндама: «Туыстар арасында әдептілік қатынасы»!

«Баяндама»
Қоғамдағы ең бағалы адам – әдепті адам. Әдепті адамдар – коғамның баға
жетпес байлығы, әрі мәртебесі. Қай қоғамда әдеп жоғары қойылса, сол
қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы да бақуатты болады. Бір адамның қандай да
бір әдепсіздік ісі міндетті түрде айналасына күйедей жұғып, қоғамға зор
зиянын келтіреді. Халықтың: «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді», –
дейтіні сондықтан болса керек. Әдеп белгілі бір қоғамның рухани кажеттілігі
негізінде пайда болып, өзіндік белгілері, сипаттары арқылы сол қоғамды
құрайтын адамдарды біріктірудің куатты құралы қызметін атқарады. Демек,
әдеп – қоғамдағы келісімді іс-қимылды ажарландыратын тетік, адамдар арасын
адамгершілік негізде байланыстыратын қоғамдық құрал. Сондықтан да адамның
әдептілігі оның адамдар арасындағы жүріс-тұрысынан, басқалармен қарым-
қатынасынан көрінеді. Халық: «Жақсы-жақсы дерсің, ісің түссе білерсің», –
деп бекерге айтпаған ғой. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы
жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ.
Туыстық әдептілік – туысқан арасындағы қарым-қатынас. Ата-ананың
адамгершілік бейнесі – балаларды әдептілікке тәрбиелеу ісіндегі негізгі
көз. Туыс адамдар бір-біріне сыйластықпен қарау керек, себебі олардың
арасындағы қатынас бүкіл сол отбасының қатынасының айғағы деп есептеледі.
Олар бір-біріне кешірімшіл, бір-бірінің қателерін түзеп, дұрыс бағыт
сілтеуші болулары керек. Үлкені кішісін, кішісі үлкендеріне әдептілік
танытып, сыйластық қатынасын көрсету керек. Ата-ана да қателесетін,
жаңылысатын, ағаттық жіберетін кездері болады. Бала ондай кезде зіркілдеп,
дауыс көтеріп шыға келмейді, ал үлкенді балағаттау – бала тұрмақ жасы кіші
адамның ісі емес. Үлкендердің әлдеқалай істеген ісі, сөзі жанына қатты
батса
да, сабыр етіп, өзіңді дүниеге әкеп, әлпештеп өсіргенін есіңе түсіруің,
кешірімді болуың міндет. Ұл-қыз әдептілігінің негізі – ата-ананы риза
қылып, үнемі алғыс батасын алуында. Сонда ғана үлкендердің мерейі
көтеріліп, ұл-қыздардың өркені өспек.
Әдептілік барлық адамға жарасатын қасиет. Бұл адамның бала жасынан алған
тәрбиесіне, өскен ортасына, төңіректегі адамдардың қарым-қатынасына
байланысты қалыптасқан қасиет. Қыз баланың әдептілігі оның сөйлеген
сөзінен, істеген ісінен, мінез-құлқынан, әр түрлі жағдайда өзін ұстай
білуінен, құрбы-құрдастарымен және өзге адамдармен арақатынасынан көрініп
тұрады.
Әдептілік қағидалары – мінез-құлық нормасы болып табылады. Ал, мінез-құлық
– адам бойына сүтпен кіріп, сүйекпен шығатын қасиет. Олай болса, адамды
әдептілікке жастайынан баулу керек. Әуелі адам әдептіліктің не екенін жақсы
біліп, ол жайында жеткілікті түсінікке ие болуы қажет. Адам әдептілік
туралы дүрыс түсінік пен білімге канық болғанда ғана оның нормаларына бой
ұсынудың қажеттілігіне көз жеткізеді. Әдеп арқылы жеке адамның адамдар
арасындағы қадір-қасиеті арта түседі. Ол елге осылайша сыйлы болады. Мұндай
әдепті адам істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін жүзеге
асырар кезінде оның елге ұнау-ұнамау жағына баса назар аударады. Ал, ел мен
жұртты ойламай, тек жеке басының камын ғана ойлап іс қылған адам халық
алдында сүйкімсіз болады. Олай болса, әркім әдептілікке осы тұрғыдан
қарағаны абзал. Яғни, халық үшін жан пида дей алу үшін әуелі әдептілікке
бой ұру керек. Олай болса, әдеп ең бірінші кезекте кісінің жеке басында
орнауға тиіс.

1. Жүргізуші: Ендігі кезекте бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын мәселе
«Жақсы қасиет отбасынан дариды» - деп алып, осы тақырып төңірегінде
сіздерге сұрақ қою арқылы пікір алысу отырысын бастағалы отырмыз. Олай
болса алғашқы сұрағымызды қою арқылы бүгінгі шарамызды ашық деп
жариялаймыз.

1. Отбасы бақыты деген не?
2. Сендер үшін өмір несімен қымбат?
3. Баланы отбасында Отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу үшін ата-ана

не істеу керек?
4. Қиын бала деген кім? Қиын баланың пайда болуына не немесе кім ықпал
етеді?

5. Ата – анаңның қадірін, балалы болғанда білерсің деген сөздің мағынасын
қалай түсінесіңдер?
6. Бала тәрбиені ата-әжесінен алғаны дұрыспа, әлде өз ата-анасынан алғаны
дұрыспа?
7. Ата-анаңды Меккеге үш рет жайау арқалап апарсаңда өз парызыңнан
құтылмайсың деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
8. Достық дегенді қалай түсінеміз?
9. Болашақта сен ата-ана болсаң өз балаңды қалай тәрбиелер едің?
Өз пікірің.
10. Ата-ана махаббаты дегенді қалай түсінесіздер?
11. Қазақстан болашағын қандай болғанын қалар едің?
Оқушылар осы сұрақтарға өз беттерінше пікірлерін білдіріп, ойларын-
көзқарастарын ортаға салады.
2. Жүргізуші: Пікірлеріңізге көп-көп рахмет. «Балапан ұяда не көрсе,
ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы-
балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын,
не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден
көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең
үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның
айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ...
1. Жүргізуші: Қадірлі бүгінгі кеш қонақтары осымен кешімізді аяқтай келе
сөз кезегін Атырау медицина колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары Талғат Сүлейменұлына және «емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі
Алия Серанқызына береміз.

А т ы р а у м е д и ц и н а к о л л е д ж і

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:«Жақсы қасиет отбасынан дариды»

Жауапты: «Емдеу ісі» 90 топ студенттері

Ұқсас жұмыстар
Сыпайылық ассоцация
Тәртіп-тәрбие бастауы, тәртіпсіздік- өміріңнің қас жауы
Өнеге отбасынан
Менің анам шығарма жазу
Жаман қасиеттер
Ана махаббатымен әлем тербелген..
Армысың ару - нұр көктем
Толеранттық тәрбие отбасынан басталады
Ендігі тамашалайтындарыңыз өнер сайысы
Аялайық аналарды әрдайым
Пәндер