Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жігіттің сұлтаны сайысы жайлы

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Сайрам ауданы,
№ 31 Бәйдібек жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Демеуова Камила Алпысбаевна

[pic]

[pic]

«Жігіттің сұлтаны» сайысы
Қатысушылар: даярлық сыныбының ұлдары
Жүргізуші: Қазақ қашанда қара басынан гөрі ұрпақ қамын ойлаған бала десе
бауыр еті елжіреп аузындағысын жырып берген халық .Бұл артында
ізім қалсын ұрпақ жалғассын деген игілікті ниеттің көрінісі
Денең икемді болса,келбетің сүйкімді болады демекші баланы ойдағыдай
етіп өсіру жан-жақты тәрбиеге байланысты.Бүгін сыныбымызда өнері озған
сегіз қырлы бір сырлы балғындардың өнерін тамашалаймыз.
Асылзат
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрлы сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.- деп Абай атамыз айтқандай жас ұландарды
қарсы алайық !
Әуенмен қыздар жігіттерді алып келеді.
Сіздерді жігітің сұлтаны атты сайысымыздың бағдарламасымен
таныстырып өтейін.
1 Өзін өзі таныстыру
Бұл бөлімде балалар өздерін таныстырады.
2 Мәнерлеп өлең оқу
Мұнда ақын Қадір Мырзалиевтің мысал өлеңдерін оқу.
3 Өнерлі өрге жүзеді
Сайыскерлер өз өнерін көрсетеді.
4 Бата беру сайысы
Балалар ата салтымен бата беру үлгілерін жатқа айтады.
5 Жұмбақ сайысы
Жұмбақтың шешуін табады.
6 Ситуатциялық сұрақтар
Жеті атасын жатқа айтқызу.
7 Күш сынасу сайысы - Білек күші
Сайысымызды бағалайтын қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Сайысымыз 5 баллды жүйемен бағаланады.Балаларға өз кезегі жеребе
арқылы таңдатылады .Алдарыңызға сыныбымыздың биші қыздарын
шақырамыз.

Аянат
Армысыздар жалпыңыз,
Сәлем беру салтымыз.
Жеті өнер аз жігітке деген сөз бар,
Баға берші сынай қарап халқымыз.
Мақтанам дәстүрі бар жұртымызға,
Сан жүйрік сынға түсті сайысуға.
Дем берген тәуелсыздік арқасында,
Қайта оралдық қазағымның төл салтына.- деп танысу кезеңін
бастаймыз.
1 Таныстыру
Мінәс Ақарыс
Ассалаумағалейкум алтын ұям,
Салт -дәстүр мен өнерді бойға жиям.
Мінәс тегі Ақарыс әкем Нүркен ,
Ауылыңның аты Ақарыс жағасы өзен.
Ұстазым Кәмила апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған.
Осындай ұстазымның арқасында,
Көпшіліктің көңілі таяр маған.
Роланұлы Руслан
Сөз әдебі сөз басы сәлем деген,
Қамымды ойлап көпшілік елеңдеген.
Роланұлы Руслан мен боламын,
Алдыңызда бас иіп сәлем берген.
Халықтың ұлы болу ізгі арманым,
Өзі үлгілі әдепті жақсы бала,
Жігіттердің сұлтаны мен боламын.
Талибитдинов Нұрасыл
Армысыздар жиналған көпшілік қауым,
Атым Нұрасыл болады сұрасаңыз.
Қоңырат екен кешегі бір атамыз,
Әкем Ақжол,анам Набира,
Пана болып біздерге 100 жасаңыз.
Сапарқұл Нұрлан
Армысың амансыңба алты алашым,
Армысың әділ қазы ұстаздарым.
Байқаудың бүгін келіп жетті,
Алдыңда тұр иіліп сұлу жігіт.
Мен Нұрланмын тегімді сұрасаңыз ,
Мен айтайын орта жүзден тараған.
Қоңыраттың қоңыраты ішінде ,
Қара көсе мен боламын мен ендеше.
Мен мақтанамын мен әкемді,
Тәртібін беріп отыр осы күнгі .
Әкем Жұмабек шешем Ұлбосын,
Мен Нұрлан болам.

Серікбаев Абдурашид
Ассалаумағалейкум халқым менің,
Амандасу сөз басы салтым менің.
Сәлем бердім қазылар алқасына,
Әділ баға берсін деп баршасына.
Серікбаев Абдурашид мен боламын,
Руым жаныс шыққанбыз ұлы жүзден.
Әрқашан әділдікке басымды ием,
Байтерегім саялы Балбота анам.
Асқар таудай аялы Жеңіс әкем,
Сүйікті ұлы болу бір қалауым.
Мақсатым биіктерден көріну,
Сол үшін тер төгемін аянбаймын .
Амангелді Алихан
Құшағында құлпырып,
Достарменен бірге өскен .
Сыныбының 8 қырлы 1 сырлы,
Ағымен көздің қарасы.
Сыныптың жігіт сұлтаны ,
Қорғап келген намысын .
Өнерге қарсы аттанған ,
Алихан балаң мен болам.
Жолдасбек Нұрбек
Ассалаумағалейкум ардақты елім,
Қорғаған қасиетті туған жерін.
Жігіттер сұлтаны байқауына,
Бел шеніп түріп менде келдім .
Байқауға алғашқы рет келіп тұрмын ,
Сабақпен спортқа да жақын жүрмін.
Әкемнің аты Ахан,
Анамның аты Рахия.
Солардың келешегі бақытымын,
Нұрбек атым менің таныстырсам .
Ұлы жүздің Аққойлы руынанмын,
Немересі боламын Жолдасбектің,
Аллаға шүкір етем тілге баймын.
Әділ қазы армысың,
Төрт көзің түгел саумысың.
Ұлыңа қанат бітірген,
Өздерің берген алғысың.
Музыкалық үзіліс қазақ биі
Әділқазылар алқасының 1 кезең бойынша ЖІГІТТЕРГЕ қояр бағасы.
2 мәнерлеп оқу
Мұнда ақын Қадір Мырзалиевтің мысалы өлеңдерін оқу.
Нұрасыл
ЖИРАФ пен ПІЛ
Ұзын менің бойымда,
Ұзын менің мойным да .
Деді Жираф бір Пілге,
Әлі өсу бар ойымда.
Өсіп досым екі айда ,
Маған десең жеті айға .
Бірақ жерге жетпейтін,
Сол мойныңнан не пайда .
Руслан
САҚАЛ МҰРТ пен ҰСТАРА
Досым мінің көп тегі,
Мақтасада сені жұрт .
Бізсіз күнің жоқ деді,
Ұстараға сақал мұрт .
Болды сүйтіп масқара ,
Орынсыз дау бастады .
Сақал мұртты ұстара,
Күзеді де тастады .
Нұрлан
БҰЗАУ МЕН ТОҚТЫ
Бұзауға қарны ашқан соң Тоқты келіп,
Шөбіңнен бір жейтіндей берші деді.
Ал Бұзау өтірікті соқты келіп ,
Сұраған сенен бұрын көрші деді.
Япырай қандай сараң шырақ едің,
Бұлай деп ойласамшы деді Тоқты.
Әншейін сынайын деп сұрап едім,
Берсең де алғым келіп тұрған жоқты .

Ақарыс
АЛПАУЫТ ПЕН ҚАПТЕСЕР
Кебежеден бал тауып,
Урлап жатты алпауыт.
Коріп қалды қап тесер,
Кез осы ғой шап десер.
Ортақтастыр олжаңа,
Айтпесе мен қожаңа.
Сасып қалған алпауыт,
Коршім паида қал тауып.
Муқтаж асың бал ма еді,
Керегіңше ал деді.
АЛИХАН
ӨШІРГІШ ПЕН ҚАРЫНДАШ
Кемшілікті сүймеймін ,
Ешкімге бас имемін.
Бұрысыңды өшірем,
Дұрысыңа тймеймін.
Деді ошіргіш досына,
Сен не дисің осыма.
Бұрысты рас сүймейсін,
Дұрысқа рас тимеисін.
Сол дұрысты бірақ та,
Мақтауды да білмейсің.
Деді сонда қарындаш,
Ойласаңдар бұл да рас.
НҰРБЕК
ҚАСИЕТТСІЗ ҚАМҚОРЛЫҚ
Кун бағарға реңді,
Бұлт былай деп шіренді.
Тас бауыр жан демегің,
Қашан да әзір көмегім.
Күн көзінен сарғайып ,
Кетесің ғой қорғайық.
Жапты сөйтіп күн көзін,
Қамқоршымын деді өзін.
Айлап аспан ашылмай,
Жауды жаңбыр басылмай.
Сәуле болмай жан бағар,
Піспей қалды күн бағар.
АБДУРАШИТ
ШАРАЙНА МЕН ШҮБЕРЕК
Қарамай тіпті өзіне,
Көрікті түгіл албасты .
Кір жұғып мөлді көзіне,
Айнаның бетін шаң басты .
Кәдеге талай жараған ,
Айнаға жан мән береді.
Алдына келіп қараған ,
Адамдар өзін көрмеді.
Айталық енді қысқартып,
Ұзаққа созып не керек.
Айнаны аяп іш тартып,
Тазалап сүртті Шүберек .
Ал өзі содан шаң болды,
Шаң болмасқа бар айла.
Әй салақтық деп оны,
Кінәлап тұрды Шарайна.
Музыкалық үзіліс ӘН БОТА
3 Өнерлі өрге жүзеді
ЖАНСАЯ
Өнерлі өрге жүзеді,
Кім өнерлі білейік.
Балалардың өнерін,
Тамашалап көрейік.
Әділқазылар алқасының 3 ші кезең бойынша ЖІГІТЕРГЕ қояр бағасы
Музыкалық үзіліс Адинаның орындауында ән
4 Бата беру сайысы
ЭЛДЬДАНА
Бата бата баталар,
Бата берген аталар.
Аталардан үлгі алып,
Бата бере балалар.
Музыкалық үзіліс БИ өзбек биі
Әділқазылар алқасының 4 ші кезең бойынша ЖІГІТТЕРГЕ қояр бағасы
5. Жұмбақ сайысы
АНЕЛ
Тапқыр болсаң талантты,
Ойланбай жұмбақ шешесің.
Жігіттер енді өнерін,
Жұмбақ шешіп көрсетсін.
Қыздар ұлдарға жұмбақ жасырады Ұлдар шешуін табады Әр үміткерге 2
жұмбақтан
Аружан
Бұдан кір қорқады
Судан бұл қорқады Сабын
Тақия толған сөк
Азанда тұрсам дымда жоқ Жұлдыз

Асылзат
Сырт сырт соғады уақыт озады Сағат
Күнді жабады
Жаңбыр болып жауады Бұлт
Гүлсезім
Мамықтай ұлпа
Қанаттай ақ
Қыста жер бетін басады
Жазда сайға қашады Қар
Тікен тікен тік пісте
Қыс жазы бір түсте Шырша
Камила
Айдалада ақ отау
Аузы мұрны жоқ отау Жұмыртқа
Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең ұнатады Пияз
Бота
Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды Күннің көзі
Аяғы біреу қолы жоқ
Шиыр шиыр жолы көп
Өзі сөйлей білмейді
Салған ізі сөйлейді Қарындаш
Элдана
Қара дейін десем қап қатты
Тас дейін десем тәп тәтті Қант
Жылт жылт етеді жылғадан өткен Су
Еркежан
Апан апан
Ескі шапа
Иір қобыз
Жарық жұлдыз Түйе
Ти десем тимейді
Тиме десем тиеді Ерін
Әділқазылар алқасының 5ші кезен бойынша ЖІГІТТЕРГЕ қояр бағасы
6. ситуациалық сұрақтар жеті атасын жатқа айту
Ақару
Жанұяда орны бөлек әкенің,
Ойлайтұғын ұлының ертенін.
Сұрақтар қойып сынамаққа бекіндік,
Әкелердің тәрбелік икемін.
Жеті атасын білмеген ұл жетесіз,
Жеті атаңды ұлдар білер ме екенбіз.
Санамалап қане айтып беріндер,
Деп айтайық ұлдар қане.
Дайындалған ба екенбіз,
Әділқазылар алқасының 6 ші кезені бойынша ЖІГІТЕРГЕ қояр бағасы
7. Күш сынасу сайысы
Камила
Білекті бірді жығады
Күш атасын танымас
Ал жігіттер қайдасың
Бір біріңмен күш сынас деп
Білек сайысы кезеңін бастаймыз
Музыкалық сүймелдеу
Әділқазылар алқасының 7ші кезен бойынша ЖІГІТТЕРГЕ қояр бағасы
Кәусар
Бүгінгі күн әр шаңырақтың,
Той басы деп саналады.
Балалардың есімі әулеттерге таралады,
Ырым етіп сауықтан.
Байқауымыздың соңында,
Ақ тілекпен баршаға әділқазы сөз алар.

Жігіттер сұлтанына қатысқан оқушылардың әділқазылардың бағасы.

Ұқсас жұмыстар
Жігіт сұлтаны туралы ақпарат
Сыныптағы жігіттің сұлтаны сайысы
Жігіт сұлтаны жайлы ақпарат
Жігіт сұлтаны байқауы
Жігіт сұлтаны сайысы
Қазақ ғарышкері кім
ЖЫЛ ТАРЛАНЫ-2016
Жігіттің сұлтаны
Жігіт сұлтаны. 2 сынып
«сиқырлы генетика» сайысы 10-11 сыныптар
Пәндер