ОЖЖ резидуалды-органикалық бұзылысы (спастикалық диплегия) бар оқушыға арналған массаж арқылы бұлшықеттерді түзету-дамыту сабақ жоспары

Оқушы:

Диагноз: ОЖЖ резидуалды-органикалық бұзылысы. БЦС. Спастикалық диплагиясы. F-70. ЖТК-3 деңгейі. Көз торларының ангиопатиясы.

Сабақтың тақырыбы: «Массаж арқылы бұлшықеттерін дамыту»

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Түзеу мақсаты: Оқушының буындарын, қимыл-қозғалыстарын дамыту, тепе-теңдік сақтауға үйрету және бұлшықеттерін босату.

  1. Ұйымдастыру бөлімі

Сәлеметсіңбе Бүгін біз саған массаж жасаймыз. Массаждан сен рахат алып, керемет болып қаласын. Олай болса массажымызды бастайық, (алдымен массаж жасамас бұрын қолымызды дұрыстап спиртпен сүртуіміз немесе сабындап жууымыз керек. Қолдарымыздың тырнақтары және сақиналар болмауын қадағалауымыз керек)

  1. Массаждың түрлері

1. Уқалау массажы ( бүкіл денемізді уқалап қыздырып аламыз. Жаттығу 2 минутқа созылады )

2. Айналдыру ( көп қатты баспай саусағымыздың басымен, сағат бағытымен айналдырамыз. Жаттығу 2 минутқа созылады )

3. Қайтадан уқалау массажы ( денемізді уқалап бір қалыпқа келтіреміз. Жаттығу 1 минутқа созылады )

4. Тырмалау ( саусақтарымыздың бастарымен арқасын ауыртпай тырмалаймыз, тырмалаған кезде оқушының қыдығы келу керек. Жаттығу 2 минутқа созылады )

5. Қайтадан уқалау массажы ( денемізді уқалап бір қалыпқа келтіреміз. Жаттығу 1 минутқа созылады )

6. Дірілдеткіш ( саусақтарымызды арқасының әрбір жеріне қойып терісін қатты баспай дірілдетеміз. Жаттығу 2 минутқа созылады )

7. Қайтадан уқалау массажы ( денемізді уқалап бір қалыпқа келтіреміз. Жаттығу 1 минутқа созылады )

8. Шапалақтау ( бір қолымызды бөтеке тұсына қойып, ал екінші қолымызбен арқасын басамыз, басқан кезде аузынан ауа шығады, бірақ қатты басуға болмайды. Жаттығу 2 минутқа созылады )

9. Қайтадан уқалау массажы ( денемізді уқалап бір қалыпқа келтіреміз. Жаттығу 1 минутқа созылады )

III. Ойын

Қолымызға допты алып, алақанымызға өздігінен айналдыруға көмек беріп себетке қарай лақтыртамыз. Көпіргішті оқушыға беріп, үріп шариктер шығарту. Тігінен тұрғызып, аяғымен допты теуіп қақпаға салу. (Орындаған сайын оқушыны мадақтап тұру) .

IV. Аяқ буындарына

  1. Сипалау( ең алдымен оқушымыздың аяқтарын уқалап қыздырып аламыз. Жаттығу 2 минутқа созылады )
  2. Аяқтың басына( бір қолымызбен аяқтың басынан ұстап, ал екінші қолымызбен аяқ бұлшықетінен ұстап сағат бағытына қарай айналдырамыз және кері. Жаттығу 2 минутқа созылады)
  3. Тізеге( саусақтарымызбен тізесінің чашкасының жандарын уқалаймыз, екі қолымызбен бұлшықеттерінен ұстап аяғын бүгіп және кері жазамыз. Жаттығу 2 минутқа созылады)
  4. Шапқа( екі қолымызбен аяқ бұлшықеттерінен ұстап, аяғын бүгеміз және кері жазамыз. Жаттығу 2 минутқа созылады )

V. Батутпен

  1. Батуттың үстіне оқушыны арқасымен жатқызамыз, екі қолымызбен оқушыны ұстап тұрамыз, алға-артқа батутты жүргіземіз. ( 2 мин. )
  2. Батуттың үстіне оқушыны етбетімен жатқызып, екі қолымызбен оқушыны ұстап тұрамыз, алға-артқа батутты жүргіземіз. ( 2 мин. )

Бұл жаттығулар оқушының омырқаларын созуға көмектеседі және омыртқалардың қимыл-қозғалыстарын жеңілдетеді.

VI. Қорытынды

Тынықтыру массажын жасау арқылы және ата-анасына үйден жасауға болатын жаттығулардың түрлерін көрсетіп қорытындылау.

Бекітілді

Бөкей ордасы ауданының

ППТК КММ меңгерушісі

А. Қ. Атаева

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Массаж арқылы бұлшықеттерін дамыту»

Өткізген: ЕДШ маманы Сисенов М. У.


Ұқсас жұмыстар
Органикалық ОЖЖ зақымдануы және ДЦП бар оқушыға арналған Р дыбысын қайталау бойынша психологиялық-педагогикалық түзету сабақ жоспары
Буындарға арналған гимнастикалық массаж: қайталау сабағы
Зиятында ауытқушылығы бар балаларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау және түзету
Дизартрия: психологиялық аспектілер мен мектепке дейінгі балаларға арналған түзету принциптері
Қысқа мерзімді психологиялық түзету-дамыту сабақ жоспары: Мен өмірге құштармын
Органикалық заттардың ерекшеліктері: 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Органикалық дүниенің даму тарихы: геохронологиялық кезеңдер мен макроэволюцияға арналған сабақ жоспары
Оқушыға арналған жеке сабақ жоспары: А дыбысын шығару және дағдыландыру
Оқушылар арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтарды ойын арқылы түзету: тренингтік сабақ жоспары
Тілінде кемістігі бар балаларға арналған ритмика: қозғалыс үйлесімділігін дамытуға бағытталған түзете-дамыту сабақ үлгісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz